Қазақстанның солтүстік-батысында Ресей билігінің күшеюі

0

МАЗМҰНЫ 

І. Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………3-5

І — Тарау. Қазақстанның солтүстік – батысында Ресей билігінің күшеюі (ХУІІІ – ғасырдың ортасы мен ХІХ ғасырдың бірінші ширегі).

1.1. ХУІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей І Петр жүргізген

реформалар мен өзгерістердің  жемісін тата бастауы……………………………………….6 — 7

1.2. ХУІІІ ғасырдың екінші жартысындағы  қазақ қоғамында біртұтас  және орталықтандырылған  билік пен мемелекет проблемасы……………………………………8-9

1.3. 1748 жылдың қазан айында Орынбор әкімшілігінің жәрдемімен Нұралы сұлтанның хан сайлануы………………………………………………………………………………10-12

ІІ —  Тарау.  Нұралы хан билік еткен  жылдардағы  Кіші жүздегі

                                саяси жағдай (1749-1786жж). 

2.1. Нұралыны хан сайлаған кездегі  сұлтандар мен ақсақалдардың

арасындағы пайда болған алауыздық……………………………………………………………13-15

2.2. Нұралы ханның Хиуа хандығымен қатынасты дұрыс жолға қоя алмауы…..16-19

2.3. Қазақтардың Е.И. Пугачев көтерілісіне үн қосуы, Нұралы хан тұсында

Кіші жүздегі қайшылықтардың шиелене түсуі……………………………………………….20-26

ІІІ. Қорытынды……………………………………………………………………………………………27-28 

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………………..30

Кіріспе

          Тақырыптың  өзектілігі.

XVIII ғасырдың екінші жартысында казақ коғамында біртұтас және орталықтандырылған билік пен мемлекет проблемасы өткір қойылды. Билік иелері арасындағы түрлі топтардың үстемдік үшін күресі 1748 жылы Әбілқайыр ханның өлтірілуіне әкеп соқты. Осы арқылы қазақ жүздерін біріктіру жолындағы күш-жігер едәуір дәрежеде әлсіретілді. Жаңа тарихтың әр түрлі кезеңдерінде бұл мәселе түйінді мәселелердің бірі болып келді. XVIII ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының ыдырауына себепші болған іріткі салушы күштер басым бола бастады. Әбілқайыр қаза тапқаннан кейін Орта жүз иеліктері оның мирасқорларынан аулақтап кетті. Кіші жүздің өзінде де билік таласы асқына түсті. 1748 жылдың қазан айында Орынбор әкімшілігінің жәрдемімен Нұралы сұлтанды хан атағына сайлау өткізілді. Бұл мәселені шешу үшін Ақсақалдар кеңесі жиналды. 1000-ға жуық адам қатысты. Олардың арасында Кіші жүз бен Орта жүздің әр алуан руларының билері, батырлары, сұлтандары болды. Сайлаудың өзі «бұрынғысынша жария өткізілген жоқ, барлық рулардан таңдалған 10 адам, атақты билер ғана қатыстырылып, оның өзінде ханның үйінде өтті… Соның бәрінде барлық билер мен атақты ақсақалдар және ханшайымның төңірегіндегі қазақтар бәрін оған, Нұралы сұлтанның еркіне салды, сонан соң барлығы, әр түрлі шенді 1000-нан астам адам келесі күні тарап кетті». Нұралы өз жағдайының солқылдақтығын сезініп, сайлаудан кейін бірден патша үкіметіне өзін хан атағына бекітуге өтініш жасады. Сонымен бірге 1748 жылдың аяғында Нұралы ханға жылына 600 сом мөлшерінде мемлекеттік айлық тағайындалды.  Нұралының саяси қайшылықтары осыдан көрінді — ол қазақ хандарынан бұл атаққа бірінші болып бекітілді, сондықтан да өз қызметінде патша үкіметіне толық тәуелді болды. Нұралыны хан сайлаған кезде сұлтандар мен ру аксақалдары арасында пайда болған алауыздық ондаған жылдарға созылды, соның салдарынан ру шонжарларының Нұралы билігін шектеуге әрекет жасауы тыйылмады.

Тақырыптың   мақсаты  мен   міндеті

XVIII   ғасырдың   ІІ  ші  жартысында  қазақ  қоғамында    бір  тұтас   және  орталықтандырылған  билікпен  мемлекет  өткір  қойылды.   Билік  иелері  арасында    түрлі  үстемдік  үшін  күресі    1748 жылы  Әбілқайыр ханның   өлтірілуіне   әкеп  соқты   осы  арқылы    қазақ  жүздерін  біріктіру  жолвндағы    күш  жігер     едәуір  дәрежеде  әлсіретілді.   Жаңа  тарихтың    әр  түрлі  кезеңдерінде  бұл  мәселе  түйінді   мәселелердің  бірі  болып келеді.  XVIII   ғасырдың    қазақ  хандығының    ыдырауына  себепші  болған  іріткі  салушы   күштер  басым  бола  бастады.   Әбілқайыр   қаза  тапқаннан  кейін Орта   жүз  иеліктері   оның  мирасқорларының  аулақтап  кетті.  Кіші  жүздің  өздерінде  де   билік  таласы  асқына  түсті.  Сонымен    1748 жылдың  қазан айында  Орынбор   әкімшілігінің   жәрдемімен  Нұралы  сұлтанды  хан  атағына   сайлауға  өткізілді. Сонымен  бұл  тақырыптың    міндеті  Нұралы  ханның   билік  еткен  жылдардағы   саяси  жағдайлары  өте  қатты  шиеленісіп кетті.

Тақырыптың Хранологиялық  шегі.

XVIII ғасырдың  ортасы  мен  ХІХ ғасырдың  бірінші    ширегін  қамтыды.   Бұл  дегеніміз  1749  және  1786   жылдар аралығын  қамтыды.

Тақырыптың  құрылымы:

Жұмыс  ІІІ  бөлімнен  тұрады: 1 Кіріспе , 2 Негізгі  бөлім, 3 қорытынды.

Негізгі  бөлім  екі  тарауға  бөлінген  1  тараудың  бірінші  мәселесі  XVIII  ғасырды  екінші жартысындағы  Ресей  бірінші  Петр  жүргізген   реформалармен  өзгерістердің    жемісін тата  бастауы. Бірінші  тараудың   екінші  мәселесі  1748 жылы    қазан  айында  Орынбор   әкімшілігінің    жәрдемімен   Нұралы  сұлттаның   хан  сайлануы.

Екінші   тараудың бірінші  мәселесі  Нұралы  хан  сайлаған кездегі  сұлттандар  мен  ақсақалдар  арасындағы   пайда  болған  алауыздық.

Екінші  тараудың  екінші    мәселесі  Кіші жүздегі   қайшылықтардың  шиелене  түсуі.

Үшінші  бөлім  қорытынды

Пайдаланылған  әдебиеттерден

Сілтемелер

Түйін. Кіші жүздегі саны мейлінше көп және ықпалды  әлім ұлы руы  бірлестігінің көпшілік  бөлігі Нұралығы тәуелсіз болды. Сонымен Нұралы хан өз билік еткен жылдар ішінде мемлекет қайраткер қасиетін көрсете алмады, әдетте ол оқиғалардың жетегінде кетіп өз тарапынан  ешбір өзгеріс  енгізе алмады.

І — Тарау. Қазақстанның солтүстік – батысында Ресей билігінің күшеюі  (ХVІІІ – ғасырдың ортасы мен ХІХ ғасырдың бірінші ширегі).

1.1. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей І Петр жүргізген  реформалар мен өзгерістердің  жемісін тата бастауы.

XVIII ғасырдың екінші жартысында Ресей I Петр жүргізген реформалар мен өзгерістердің жемісін тата бастады. Соңғы жылдарда I Петр реформаларының орны мен маңыздылығы туралы пікірсайыс өріс алды. Бірақ Ресейдің ішкі өміріндегі бір нәрсе — мемлекеттілік пен оның идеяларының жаңа, неғұрлым жоғары деңгейге көтерілуі айқындала түсті. Өз кезегінде, Ресей мемлекеттігі идеяларының орыс қоғамының барлық топтарына кеңінен ену бұл идеяларды Ресей мемлекетін кеңейту тұжырымдамасы етіп кең көлемде жаңғыртуға жөне оның идеологиясының жақын жатқан Казақстан аймақтарына енуіне әкеп соқтырады. Тарихшылар Ресейдің орталығындағы ірі экономикалық немесе саяси сілкіністің қандайы болсын қоныстандырудың жаңа толкынына әкеп сокқанын атап өтті. Ал халықтын қалың бұкарасын қоныс аудару үшін жаңа үлкен аумақтар, оның үстіне шаруашылық жағынан игерілген аумақтар керек болды. Жер туралы мәселенің Батыс Қазақстан аумағында XVIII ғасырдың екінші жартысында ең басты мәселе болғаны нақ сондықтан. Жоңғар басқыншылы-ғына ойдағыдай тойтарыс бергеннен кейін Қазақстан бірыңғай және біртұтас мемлекет ретінде бабалары мұраға қалдырған дәстүрлі шекте өзінің шаруашылық өмірін қайтадан дамыта бастады. Алайда XVIII ғасырдың 30-жылдарының орта шенінен бастап Ресей мемлекеті қазақтардың жеріне де, империяның бодандары ретінде қазақтардың өздеріне де орыс мемлекеттілігі идеологиясы тұрғысында көз тіге бастады. Өлкенің әрбір әкімшісі Ресей империясының толық және шексіз билігіне көшкен жерді ұлғайта түсуге өз үлесін қосуға ұмтылды. Осы саясатты жүзеге асыру барысында қазақтар, қалмақтар, башқұрттар дербестігінің қалдықтары толық жойылды, бұл орайда ресми өкімет орындары жергілікті халықтың қайтпас қарсылығына душар болды. Сондықтан оны бөлшектеу, халықтарды қырқыстыру, халықтың барлық топтарында өз агентурасын құру, отарлаудың басты күші ретінде қазақтарды біржолата бағындырып, оларды осы мақсатта пайдалану жөнінде әртүрлі әдістер қолданыла бастады. Бұл саясатты. И. Неплюевтің «запастағы» жоспары түрінде қалыптасып, империяның Қазақстандағы бүкіл үстемдігі шеңберінде әр түрлі нұсқауларда жүргізіліп отырды. Алдыменен империяның шекарасына өте жақын орналасқан аймақ ретінде Батыс Қазақстанда мейлінше толық жүзеге аса бастады. Қазақ рулары мен бүкіл Кіші жүздің билік құрылымдарындағы қайшылықтар да, ұлт-азаттық козғалысының күрделілігі де, Ішкі Орданы (Бөкей Ордасын) Ресей әкімшілігінің қайта бағындыруы да міне осыдан.

XVIII ғасырдың екінші жартысында казақ коғамында біртұтас және орталықтандырылған билік пен мемлекет проблемасы өткір қойылды. Билік иелері арасындағы түрлі топтардың үстемдік үшін күресі 1748 жылы Әбілқайыр ханның өлтірілуіне әкеп соқты. Осы арқылы қазақ жүздерін біріктіру жолындағы күш-жігер едәуір дәрежеде әлсіретілді. Жаңа тарихтың әр түрлі кезеңдерінде бұл мәселе түйінді мәселелердің бірі болып келді. XVIII ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының ыдырауына себепші болған іріткі салушы күштер басым бола бастады. Әбілқайыр қаза тапқаннан кейін Орта жүз иеліктері оның мирасқорларынан аулақтап кетті. Кіші жүздің өзінде де билік таласы асқына түсті. 1748 жылдың қазан айында Орынбор әкімшілігінің жәрдемімен Нұралы сұлтанды хан атағына сайлау өткізілді. Бұл мәселені шешу үшін Ақсақалдар кеңесі жиналды. 1000-ға жуық адам қатысты. Олардың арасында Кіші жүз бен Орта жүздің әр алуан руларының билері, батырлары, сұлтандары болды. Сайлаудың өзі «бұрынғысынша жария өткізілген жоқ, барлық рулардан таңдалған 10 адам, атақты билер ғана қатыстырылып, оның өзінде ханның үйінде өтті… Соның бәрінде барлық билер мен атақты ақсақалдар және ханшайымның төңірегіндегі қазақтар бәрін оған, Нұралы сұлтанның еркіне салды, сонан соң барлығы, әр түрлі шенді 1000-нан астам адам келесі күні тарап кетті». Нұралы өз жағдайының солқылдақтығын сезініп, сайлаудан кейін бірден патша үкіметіне өзін хан атағына бекітуге өтініш жасады. Сонымен бірге 1748 жылдың аяғында Нұралы ханға жылына 600 сом мөлшерінде мемлекеттік айлық тағайындалды /1/.

 

1.2. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы  қазақ қоғамында біртұтас  және орталықтандырылған  билік пен мемелекет проблемасы.

XVIII ғасырдың екінші жартысында казақ коғамында біртұтас және орталықтандырылған билік пен мемлекет проблемасы өткір қойылды. Билік иелері арасындағы түрлі топтардың үстемдік үшін күресі 1748 жылы Әбілқайыр ханның өлтірілуіне әкеп соқты. Осы арқылы қазақ жүздерін біріктіру жолындағы күш-жігер едәуір дәрежеде әлсіретілді. Жаңа тарихтың әр түрлі кезеңдерінде бұл мәселе түйінді мәселелердің бірі болып келді. XVIII ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының ыдырауына себепші болған іріткі салушы күштер басым бола бастады. Әбілқайыр қаза тапқаннан кейін Орта жүз иеліктері оның мирасқорларынан аулақтап кетті. Кіші жүздің өзінде де билік таласы асқына түсті. 1748 жылдың қазан айында Орынбор әкімшілігінің жәрдемімен Нұралы сұлтанды хан атағына сайлау өткізілді. Бұл мәселені шешу үшін Ақсақалдар кеңесі жиналды. 1000-ға жуық адам қатысты. Олардың арасында Кіші жүз бен Орта жүздің әр алуан руларының билері, батырлары, сұлтандары болды. Сайлаудың өзі «бұрынғысынша жария өткізілген жоқ, барлық рулардан таңдалған 10 адам, атақты билер ғана қатыстырылып, оның өзінде ханның үйінде өтті… Соның бәрінде барлық билер мен атақты ақсақалдар және ханшайымның төңірегіндегі қазақтар бәрін оған, Нұралы сұлтанның еркіне салды, сонан соң барлығы, әр түрлі шенді 1000-нан астам адам келесі күні тарап кетті». Нұралы өз жағдайының солқылдақтығын сезініп, сайлаудан кейін бірден патша үкіметіне өзін хан атағына бекітуге өтініш жасады. Сонымен бірге 1748 жылдың аяғында Нұралы ханға жылына 600 сом мөлшерінде мемлекеттік айлық тағайындалды /2/.

Нұралының саяси қайшылықтары осыдан кәрінді — ол қазақ хандарынан бұл атаққа бірінші болып бекітілді, сондықтан да өз қызметінде патша үкіметіне толық тәуелді болды. Нұралыны хан сайлаған кезде сұлтандар мен ру аксақалдары арасында пайда болған алауыздық ондаған жылдарға созылды, соның салдарынан ру шонжарларының Нұралы билігін шектеуге әрекет жасауы тыйылмады /3/.

Нұралы тіпті Кіші жүздің өзінде әкесінің барлық иеліктерін сақтап қала алмады. Шектілер Батырды өздерінің ханы деп мойындады. Нұралының інілері Айшуақ пен Ералы тәуелсіз болуға ұмтылды. Сырдарияның төменгі ағысын-дағы коныстарды иеленген Ералы өзін Нұралыға тәуелсізбін деп сезінді.Батыр сұлтан өзіне бағынышты рулармен Сырдарияның төменгі ағысы мен солтүстік Арал өңіріндегі жайылымдарды иемденді. Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін оны хан деп жариялауға әзірлік жасалды, олар формальді түрде оны жариялады да, оның иелігіне шекті, шөмекей, төртқара рулары ауылдарының бір бөлігі қарады. Батыр ханның баласы бір кездерде Хиуаның ханы болды.

Нұралы ханның ішкі жағдайы да тұрақты болмады. Оның беделі едәуір дәрежеде елдің ақсақалдарымен қатынастарға тәуелді еді. Батыр ханмен бақталастық қауіпті болды, сондықтан Нұралы сырттан қолдауды қажет етті. Оған Хиуа да, Бұхара да мұндай қолдау көрсетпеді. Сөйтіп бұл жағынан ол патша әкімшілігіне иек артты. Сонымен бірге Нұралы алғашкы кезде өзінің барлық қазақ жүздерінің аға ханы болып сайлануы туралы қияли ойға берілді. Нұралының мұндай көтерілуіне қазақ хандары мен сұлтандары тарапынан да, патша өкіметі тарапынан да нақты қолдау жасалмады. Нұралы ханның парлары және олардың нақтылығы жөнінде тарихшы М. П. Вяткин иеліктерінің патшалык Ресейге вассалдық қатынастарын нығайтуға ғана жетті, бірақ феодалдық негізде қазақ хандығының бірігуін қайта жаңаруына жете алмады»,—деп дұрыс атап айтқан. Шындығында, Нұралының би иеліктері Жем мен Жайықарасында көшіп жүретін қазақтармен, байұлы және жетіру руларымен ғана шектелді. Кіші жүздегі саны мейлінше көп және ықпалды әлімұлы рулық бірлестігінің көпшілік бөлігі Нұралыға тәуелсіз болды. Ықпалды шекті руы да одан аулақтап кетті /4/.

 

 

 

 

1.3. 1748 жылдың қазан айында Орынбор әкімшілігінің жәрдемімен Нұралы сұлтанның хан сайлануы.

1748 жылдың қазан айында Орынбор әкімшілігінің жәрдемімен Нұралы сұлтанды хан атағына сайлау өткізілді. Бұл мәселені шешу үшін Ақсақалдар кеңесі жиналды. 1000-ға жуық адам қатысты. Олардың арасында Кіші жүз бен Орта жүздің әр алуан руларының билері, батырлары, сұлтандары болды. Сайлаудың өзі «бұрынғысынша жария өткізілген жоқ, барлық рулардан таңдалған 10 адам, атақты билер ғана қатыстырылып, оның өзінде ханның үйінде өтті… Соның бәрінде барлық билер мен атақты ақсақалдар және ханшайымның төңірегіндегі қазақтар бәрін оған, Нұралы сұлтанның еркіне салды, сонан соң барлығы, әр түрлі шенді 1000-нан астам адам келесі күні тарап кетті». Нұралы өз жағдайының солқылдақтығын сезініп, сайлаудан кейін бірден патша үкіметіне өзін хан атағына бекітуге өтініш жасады. Сонымен бірге 1748 жылдың аяғында Нұралы ханға жылына 600 сом мөлшерінде мемлекеттік айлық тағайындалды.Нұралының саяси қайшылықтары осыдан көрінді — ол қазақ хандарынан бұл атаққа бірінші болып бекітілді, сондықтан да өз қызметінде патша үкіметіне толық тәуелді болды. Нұралыны хан сайлаған кезде сұлтандар мен ру аксақалдары арасында пайда болған алауыздық ондаған жылдарға созылды, соның салдарынан ру шонжарларының Нұралы билігін шектеуге әрекет жасауы тыйылмады./5/.

Нұралы тіпті Кіші жүздің өзінде әкесінің барлық иеліктерін сақтап қала алмады. Шектілер Батырды өздерінің ханы деп мойындады. Нұралының інілері Айшуақ пен Ералы тәуелсіз болуға ұмтылды. Сырдарияның төменгі ағысын-дағы коныстарды иеленген Ералы өзін Нұралыға тәуелсізбін деп сезінді Ішкі кикілжіндер сыртқы саяси жағдайдан көрініс тапты. Нұралы ханның патша әкімшілігімен қатынастары екі түрлі тоқтамға құрылды: бір жағынан патша өкіметінің көмегімен өз билігін нығайтқысы келді, екінші жағынан Ресей ықпалының күшеюіне қазақ қоғамының қарсыласуы ескерілді/6/.

1760 жылдың қыркүйегінде Ресей геологиялық барлау партиясының адамдары ханның жиені Мәмбетәлі сұлтан мен қазақтың ықпалды 20 ақсақалын  далада жүргенде өлтіріп кетті. Бұл Кіші жүздің әр түрлі рулары арасында ашынған наразылық туғызды, соның ізінше Орынбордағы  губернато ауыстырылды. Жаңа губернатор Д. В. Волков билігі әлсіз ханды  қолдау қажет деп санады, мұның өзі қазақ даласын бейбіт отарлауға жәрдемдесетін еді. Орынборда тұткында жатқан аманаттарды Ресей бағдарын жақтаушылар ету қажет  болды. Қазақ-орыс саудасын кеңейтуге күш салу, қазақтар арасындағы егіншілікті көтермелеу ұсынылды. 1763 жылы Нұралы ханның, Айшуақ сұлтанның және губернатордың кездесуі кезінде сауда-саттық мәселелері, керуендерді күзету туралы мәселе талқыланды. Керуендер күзетін және оларға көшбасшы беруді хан өз мойнына алды. Мұның бөрінде нақты жүзеге асырылатын жоспарлардан гөрі ізгі ниеттер көбірек болды: бір-бірінің керуендерін талап-тонау сирек кездеспейтін құбылыс еді. Түрікмендер, қарақалпақтар, өзбектер мен қазақтар солай істеді, әрине өздерінің ру билеушілерінің мүдделерін көздеп істеді. Бұл жағдайларда шекаралық барымта, дәлірек айтқанда, бір-бірінің малын айдап әкету де отаршылдық экспансияның көрінісі және оған қарсы ресей-қазақ шептеріндегі күрес сияқты өкімет орындарының реттеуіне илікпеді. Жайықты бойлай орналасқан Ресей шекаралық отрядтары бейбіт қазақ ауылдарына жиі шапқын жасады. Өздеріне тыйым жоқ екенін көрген Ресей шекаралық күзет блімдері үшін далаға шығып, қазақ ауылдарына шабуыл жасау біртіндеп баю көзіне айналды. Олардың бастамашылары көбінесе Орал қазақ әскерінің старшиналары болды. М. В. Вяткиннің дұрыс ескертуі бойынша, Ресей шекаралық күзетінің барымтасы «отаршылдық тонау нысандарының біріне айналды»/7/.

Нұралы хан өз саясатында осы факторлардың бәрін ескермей отыра алмады, алайда оның өзі және оның төңірегіндегілер патша әкімшілігімен ұстануды жалғастыра берді. Оның орнықсыз жағдайы соны талап етті: Нұралы ханның көшетін қонысы шекаралық шепке қарай қысылды, оларды Сырдарияның төменгі ағысы мен солтүстік Арал өңірінен Батыр және Досалы  сұлтандардың көшуі ығыстырып шығарды. Кіші жүз үшін маңызды мәселелердің бірі «ішкі жаққа», яғни Жайық пен Еділдің төменгі ағыстары арасындағы кеңістікке көшіп бару туралы мәселе болды. 1756 жылы патша жарлығы шығып, ол бойынша қазақтардың кыс кезінде өз малын Жайықтың батыс жағына айдап апаруына тыйым салынды. Жаз  кезінде Жайықтың сол жағасы бойындағы жұтаң жайылымдарды мал таптап тастайтын, қыскы қыстау үшін қамыс, ағаш және шөп өскен жер болмады. Қысқы дауылдар мен борандар кезінде мал жаппай қырылып қалатын. Нұралы ханды, билер мен сұлтандарды орын алған жағдай қатты алаңдатты. Бұл мәселе хан мен ру аксақалдарының, ірі байлардың қатынасын қиындатты. Патша жарлығына ресми түсініктеме қазақтар мен қалмақтар арасында қақтығыстар болады және өзара барымта күшейеді дегенге келіп сайды. Алайда бұл жарлықтың басқада мағынасы: қазақ қауымдарын экономикалық жағынан әлсірету, оларды сыртқы ықпалдан оқшаулап тастау мағынасы да бар еді. Қалыптасқан жағдай жер пайдалану мәселелері жөніндегі шиеленісті күшейтті. Жайылымның тапшылығынан, қысқы ауыр жағдайлардан ең алдымен малшы қазақтар зардап шекті. Жерді иелену жолындағы рулық қырқыстар қатардағы малшы қазақтарға еңсе көтертпес ауыртпалық болып түсті, олардың жайылымдық учаскелері кесіп алынды, көшу жолдары қысқартылды немесе одан да жаманы — олар жылдан-жылға өзгеріске түсіп, шатыса берді /8/.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ —  Тарау.  Нұралы хан билік еткен  жылдардағы 

Кіші жүздегі саяси жағдай (1749-1786жж).

2.1. Нұралыны хан сайлаған кездегі  сұлтандар мен ақсақалдардың

арасындағы пайда болған алауыздық.

Нұралыны хан сайлаған кезде сұлтандар мен ру аксақалдары арасында пайда болған алауыздық ондаған жылдарға созылды, соның салдарынан ру шонжар-ларының Нұралы билігін шектеуге әрекет жасауы тыйылмады.

Қазақ билеушілері «ішкі жаққа» көшу құқығына қол жеткізу қажеттігі туралы мәселеде бірауызды болды. Осы ниеттерді білдіре отырып, Нұралы сол жерлерді қазақтардың пайдалануына рұқсат ету туралы патша әкімшілігіне ұзақ уақыт хат жазып, көптеген етініштер жолдады. Хат жазысумен және келіссөздермен қатар, қазақтар бұған жасырын кешу жолымен қол жеткізді. Мәселен, 1759 жылдың қысында саны едәуір қазақтар Жайықтан өтті. Алайда олар мұнда қалмақтарға тап болып, қалмақтар олардың саны 40 мындай әр түрлі малын қолға түсірді, мұның өзі екі жақты соғыс жағдайына әкеп соқты.

Патша әкімшілігін жеңілдіктер жасауға мәжбүр етуге басқа да әрекеттер жасалды. Мысалы, Ералы сұлтан Бұхара мен Хиуадан Орынборға бара жатқан керуендерді ұстап алды. Алайда бұл сауда байланыстарын тоқтатып қана қоймай, Орталық Азияның Ресеймен қарым-қатынасын да тоқтатып тастады. Сайып келгенде патша әкімшілігінің Кіші жүз билеушілерімен қатынастары шиеленісті. Патша өкіметінің өкілдері қазақтардың «ішкі жаққа» көшуіне түрліше қарады. Мәселен, бір кезде П. Рычков пен А. Тевкелев арқылы Орынбор әкімшілігі қазақтарды Ресей өкімет орындары жағына шығару оларды жеңілдіктер жасай отырып, тарту арқылы мүмкін болады деп санады.

Бұл әкімшілер Жайықтың оң жағасына көшіп баруға байсалдылықпен қарады. Бірақ Орынбор губернаторы А. Р. Давыдов ешқандай ымыраға жол бермеді. Бірыңғай пікірге келу керек болды. Императрица қазақтар жағдайының қиындығын байыптап жатпай, қаншіерге қатаң түрде былай деп ұсынды: «Маған қырғыз-қайсақ ханына оның өз малымен Жайықтан өтуге рұқсат беру туралы қоймай қойған өтінішіне оңай жауап қайтаруға болатын тәрізді. Ол Ресей бодандығын мойындайды, демек ол тындайтын болады және өз малымен өзі сұраған жерге бармайды, кез келген Ресей боданы сияқты өзіне рұқсат етілмеген жерге өте алмайды.

Ал егер оларда мал азығы аз болса, (мейлі) ақшаға сатып немесе тауарға айырбастап алсын немесе қысқа қор жасасын, оларға осыны істеуге де кеңес беріңіз». Ресей мен қазақ жүздерінің ортақ шекарасы құрылуына және олардың неғұрлымт ығыз жанасуына байланысты құлдардың Ресей шегіне қашу реттері көбейді. Қазақтарда патриархаттық құлдық ерте заманнан бері бар еді. Тұтқындар соғыстан кейін құлдыққа түсті, олар сатып алынды, сыйға тартылды және ауқатты қожалыктарға демеу болды.

Патша өкімшілігі оларды христиан дініне кіру шартын қойып қабылдады. Қашқан құлдардың бәрі іс жүзінде қайтып берілмеді. Олар бос жатқан жерлерге жіберілді, жер жұмыстарына пайданылды, рекруттарға алынды, көпшілігі дәулетті адамдарға қызмет етуге ілікті. Байлар мен сұлтандар таусылмайтын хат жазып, құлдардың қайтарылуын сұрады, алайда патша үкіметі бұған көнбеді /9/.

Жайылымның тапшылығы Кіші жүз қазақ руларының бір бөлігін Жайық Сағыз өңірінен Жем жағасына, Сырдарияның төменгі ағысына көшіп баруға мәжбүр етті. Онда қазақ қауымдары бұрын да шашырап жүрген еді. Нұралы адамдардың кең кеңістікке көп тарап кететіндігі, қарақалпақтарды түрікмендермен қақтығыстар болу мүмкіндігі себепті бұл аудандарға келіп кетуден қауіптенді. Оның үстіне, қазақтардың оңтүстікке жаппай көшуінен кауіптенген патшалық өкімет орындары ханды шеп маңында ұстады, өйткені бұлар оларға өз ықпалын жоғалтып алатын және қазақтардың Орта Азия хандықтарымен байланысы күшейетін еді. Қазақтар үдере көшпегенімен, олардың бір бөлігі дегенмен де оңтүстік шектерге өтіп кетті.

Нұралының ойлағаны Кіші жүздің көшіп жүруі үшін жер іздеу болды. Жоңғар хаңдығы біржола ыдыраған жылы Жоңғарияның кең-байтақ  бос жайылымдарын пайдалану туралы мәселе туды. Енді бұл жерлер Кытайдың  билігінде еді /10/.

Нұралы хан сол жерлерді иелену жоспарларын ойластырды. Осыған байланысты алдын ала уағдаластық бойынша императрица Елизавета Петровна арнайы грамота арқылы Кіші жүздің ханы мен сұлтандарына 30 мың әскер Жоңғария шегіне кіруге әзір тұруды ұсынды. Ералы сұлтанның арада жүруі арқылы Қытаймен белгілі бір дипломатиялық қатынастар орнатылды. Алайда бұл ниеттер мен келіссөздер іс жүзінде нәтиже бермеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Нұралы ханның Хиуа хандығымен қатынасты дұрыс

жолға қоя алмауы.

Нұралы Хиуа хандығымен қатынасты жолға қоя алмады. Хиуа ханы Қайып Нұралымен жауласып жүрген өз әкесі Бараққа ашық қолдау көрсетті. Жер тапшылығы Жайықтың сол жағасы мен Сырдарияның төменгі ағысы бойынша ғана болып қойған жоқ. XVIII ғасырдың екінші жартысында бұл жерлер қарақалпақтардың Жанадарияға қарай жылжу үрдісі күшейді. Бұл арада олар Жанадария мен Қуандария бойындағы алқапты игеріп, Әмударияның төменгі ағысына дейін жетті. Қарақалпақтардың бір бөлігі Еділдің төменгі ағысына сол жағасына шықты. Қазақпен қаракалпақ халықтарының этникалық және мәдени ортақтығына қарамастан, Кіші жүздің қазақ руларының жекелеген қауымдары мен оңтүстіктегі көршілері арасында шиеленістер пайда болды. 1762 жылы Ералы сұлтан бастаған 20 мыңдай қазақ қарақалпақтарға қарсы аттанды. Өзара қырқыстар барысында қазақ сұлтаны Бура өлтірілді, қазақтың сауда керуені тоналды. Арасына уақыт салған әр түрлі өзара қырқыстарда екі жақта зардап шекті. Екі халықтың тарихи тағдырластығын мынадай жәйіт де дәлелдейді: XVІІІ ғасырдың екінші жартысында бірнеше қазақ сұлтаны қарақалпақтарға хан болды.

1766 жылы Кіші жүз қазақтары бір бөлігінің солтүстік түрікмен жәуміттермен қатынастары шиеленісті, әскери қақтығыстарға Нұралы, Есім,  Ералы, Айшуақ хандар араласты. 1767 жылы түрікмен-жәуміттер қазақтардың қоныстарына тағы да шапқыншылық жасады,  алайда қазақтар олардың шапқыншылығына тойтарыс берді, ал сәл кейініректе бірқатар қазақ сұлтандары түрікмендерге де хан болды. Көршілес екі халық ұзақ уақыт бойы бір —  бірімен шаруашылық байланыс жасап тұрды /11/.

Кіші жүз қазақтары мен башкұрттар арасындағы қатынастар күрделі болмады. Башқұрттардың Батырша басшылық еткен көтерілісі кезеңінде патша әкімшілігі бір халықты екіншісіне айдап салуды қолданды. Татар мырзаларына башкұрттарды тонау ұсынылды. Патша өскерлерінің тегеуірініне шыдамай, 50 мындай башқұрт Қазақстанға көшті. Олардың көпшілігі Кіші жүз шегіне келді. Көтерілісшілер қазақтармен бірігіп, патша өкіметіне қарсы күресті жалғастырмақ ниетінде болған еді.

Орынбор өлкесінің наместнигі И. И. Неплюев қазақтың хандары мен сұлтандарына башқұрттарды ұстап беруді ұсынды. Орта жүз бұл талапты құлаққа ілмеді. Алайда Кіші жүзде Ералы, Айшуақ, Нұралы және олардың төңірегіндегілер башқұрттарға қысым көрсете бастады, қолға түскен башқұрттардың көбі байлар мен сұлтандарға бөліп берілді. Алайда бұған қарама-қарсы мысалдар да болды. Жетіру руының кейбір ауылдарында башқұрттар достық пейілмен қарсы алынды, тіпті шекаралық шептерге бірлесіп шабуыл жасау үшін ортақ жасақтар ұйымдастырылды. Бұл оқиғалар екі халықтың қатынастарына көп жылдарға созылған ізін қалдырды. Екі халық-тың қатынастары Батырша бастаған көтеріліс кезіндегі ұсақ қақтығыстармен немесе оқиғалармен сипатталған емес. Оларды туыстық, шаруашылық және мәдени өзара қатынастардың ондаған жылдары байланыстырып жатқан еді.

Батыс аймақта қазақтар мен қалмақтар арасында бейбіт қатынас қалыптасты, алайда оқиғалардың барысы XVIII ғасырдың 70-жылдарыңда өзгеріп кетті. 1761 жылдың өзінде-ақ Калмақ хандығына мың шаңырағымен торғауыттардың басшысы Церен келіп, тарихи отаны — Жонғарияға қайтып оралуға үгіт жүргізе бастағанды. Церен бұрынғы Жоңғар хандығының орнында ойраттардың тәуелсіз мемлекетін қалпына келтіруді мақсат етті. Үміт қызықтырарлықтай еді, бірақ бастапқыда ол қолдау таппады /12/.

Патша үкіметі калмақ ханының билік құқығын ашықтан-ашық елемей, Убаши ханнан Түркиямен соғысқа қатысу үшін саны айтарлықтай әскер бөлуді талап етті. Ресей қысымының ықпалымен және діни факторларға байланысты Убаши хан мен оның төңірегіндегілер қоныс аударуға біртіндеп ойыса берді. Жоспар мейлінше құпия ұсталды, оның үстіне бұл кезде қалмақтардың башқұрттармен, қазақтармен және Солтүстік Кавказ халықтарымен қатынастары өте шиеленіскен жағдайда еді. 1771 жылдың қаңтарында Убаши хан Іле өлкесін иелену мақсатымен Жонғарияға көшу туралы бұйрық берді. Әр түрлі авторлардың мәліметтері бойынша, Еділдің оң жағасында қалған 11 мыңнан астам шаңырақты есептемегенде, қазақ даласы арқылы кеткен қалмақтар саны 30 мыңнан 33 мыңғадейін шаңырақ болған.

Қалмақтар Жайықтан өтіп, өз табындарымен Жемді бойлай жүрді. Бұл жерде Жаманқара бастаған қазақтар қалмақтарға қарсы шықты, бірақ тойтарыс тапты. Бұл жөнінде Убаши хан қазақ ханы Нұралыға: «Қалмақтар қырғыз-қайсақтармен жалпы тату тұрды, ал енді олар қалмақтарды ренжітпеуге тиіс», — деп жазды.» Алайда Жем өзенінде және Мұғалжар тауларында Нұралы ханның жасақтарымен қақтығыстар кезінде калмақтар зор шығынға ұшырады. Патша үкіметі қалмақтарды қайтару үшін асығыс әскер отрядын жіберді. Алайда генерал Траубенбергтің отряды қалмақтардың қазақ даласынатереңдеп өтіп кеткенін сылтау етіп,оларды қууға онша күш салмады. Сол арқылы патша өкіметінің арандатушылық рөлі айқын көрінді /13/.

Солтүстік Балқаш өңірінде, Мойынты өзенінің бойында қалмақтарды Абылай бастаған жасақ, Нұралы ханның, Орыс, Әділ сұлтандардың жасақтары қоршап алды. Үш күндік уақытша бітім туралы уағдаластық жасалды.

Үшінші тәулік бітуге жақындағанда Убаши өз жауынгерлерімен қоршаудан шығып, Балқашка қарай ілгерілей бастады. Сонан соңолар Қастек, Каскелең ауданына өтті. Қалмақтардың Танжи тайшы бастаған, 20 мың жауынгерден тұратын екінші бөлігі Балқаштың солтүстік жағалауымен, Аягөз, Лепс өзендері арқылы жүрді. Алайда оларды өкшелеп келе жатқан казақ әскерлер оларды зор шығынға ұшыратты, соның салдарынан Қытай шекарасына қалмақтардың болмашы бөлігі ғана жетті. Жалпы алғанда, Қытай шегіне Еділді төменгі ағысынан шыққандардың оннан бір бөлігі ғана кірді. Шекарадан өткеннен кейін қалмақтар әр түрлі қауымдарға бытыратылып жіберілді, олар бір кездегі каһарлы Жоңғарияның бұрынғы жауынгерлік рухынан әлдеқашан-ақ айырылған еді.

Тарихи әдебиетте қалмақтардың соңғы көшуі теріс түсіндіріліп келді, оңда ол қорғансыз, қаруланбаған, бейбіт көш деп көрсетіледі. Шынына келгенде М. Мағауиннің деректері бойынша, көшіп шыққан 170—180 мың қалмақтар арасында жақсы қаруланған және жақсы дайындықтан өткен, ұрыска сақада сай 40 мыңнан астам жауынгер болған. Екі халықтың екі ғасырлық соғыс тағ таласын ескерген қалмақтардың қазақтармен алда соғыс қақтығыстары бол; тынын білмеуі мүмкін емес еді. Сондықтан Абылай бастаған қазақ сұлтанда- рының табысын «…Жоңғар-қазақ соғысындағы казақтардың  түпкілікті жеңіс деп карастыру керек.

Алайда Нұралы ханның қазақ  сұлтандарының көмегімен соғыста жеткен табыстары, патша әкімшілігінің алдында жағымпаздануы оның қазақ коғамын- дағы жағдайын өзгертпеді. Кіші жүздегі саяси билік дағдарысы айқын болды.

Нұралының жағдайы жөнінде губернатор О. А. Игельстром 1785 жылғы хабарламаларының бірінде казақ аксақалдарының ой-ниеттері туралы былай деп жазған: «Олардың бірден-бір тілегі қазір өздерінің жалпы халыктық игілі мен тыныштығы үшін Нұралы ханды олардын халқын басқарудан тайдыру болып отыр. Олардың депутаттары бүкіл қоғам атынан маған осы өтініш ауызша растап берді. Мен бар мүмкіндігімді салып, оларды ханмен татуласты- руға тырыстым, бірақ ешқандай үгіт оларды басқаша ойға келтіре алмады. Олар маған қазір өздерінің бағынуға берген антын ескере отырып, ханға қарсы өз тілектеріне оңай жетуге болатындай шаралар қолданудан тартынып отырғанын хабарлады».

Сонымен Нұралы хан өзі билік еткен жылдар ішінде мемлекет қайраткер қасиетін көрсете алмады, әдетте ол оқиғалардың жетегінде кетіп, өз тарапынан ешбір өзгеріс енгізе алмады.

 

2.3. Қазақтардың Е.И. Пугачев көтерілісіне үн қосуы, Нұралы хан тұсында Кіші жүздегі қайшылықтардың шиелене түсуі.

Қазақ  даласының батысыңдағы, солтүстігіндегі және солтүстік-шығысын-дағы кең-байтақ кеңістікте патша өкіметі бекініс шептерін құрды, олар әскери база ғана емес, сонымен қатар патшалық Ресейдің отаршылдық мақсаттарын жүзеге асыруындағы тірегі де болды. Қазақ даласы жағына қарай кеңейе отырып, орнығып алған қазақ әскерлері шептері қазақтардың көшіп жүретін аудандарын шектеді. Сондықтан өздерінің ежелгі жерлерінен ығыстырып шығарылып, қуылған қазақтар Жайық пен Ертістің оң жағасына өз бетімен өтуге мәжбүр болды.

XVIII ғасырдың 30-40-жылдарында Верхнеяицкіден Звериноголов бекінісіне дейін созылып жатқан Үй бекініс шебі салынды. Оның жалпы ұзындығы 770 шақырым болатын. Наксол жылдары ұзындығы 930 шақырым болатын Ертіс шебі салынды. 1752—55 жылдарда жаңа Есіл шебі салынды, оның ұзындығы — 662 шакырымға жетті. Олар қазақтардың кешіп жүретін қоныстарын шектеп тастады.

1742, 1755, 1756, 1765 жылдардағы толып жатқан заң  актілері бойынша қазақтардың Жайық пен Еділ арасындағы, Есілдің, Тобылдың жоғарғы ағыстарындағы жерлерге, Каспий теңізінің солтүстік жағалауы бойына көшіп баруына тыйым салынды. Бұл жерлер қазақтарға берілді немесе мемлекеттік қор етіп тіркелді. Бұл қазақ қоғамдарының өздеріне көші-қон өрісін тандауына мүмкіндік бермеді.

Жайықтан өтуге тыйым салуды патшалық өкімет орындары қалмақтармен қақтығыстарға жол бермеу тілегімен түсіндірді. Ал іс жүзінде бұл ақталмады. Жекелеген ықпалды сұлтандар мен билерге рұқсат етілгенімен, қазақтардың бұл жерлерді пайдалануға рұқсат ету туралы әр түрлі өтініштері табысқа жетпеді.

Патша өкіметі сауданың дамуын да өзінің саяси мақсаттарына пайдалануға тырысты. Дәулетті қазақтар мен ірі көпестер приказчиктерінің қызметі шептер маңындағы немесе бекіністердегі айырбаспен шектелмеді. Далаға тереңдей еніп барып, саудагерлер баламасыз сауда жасады. Құжаттардың бірінде баламасызсауда айырбас туралы былай делінген: «жарлықтарда жылқы сатудан алынатын баж қалаларда және сауда-саттық-та сатылатын кезде жинап алынады деп көрсетілгенімен, компанейшиктер уезді аралап жүріп, бейне бір техникалық алымдар деген түрмен шоқынғандармен басқа діндегілер деревняларынан тұрғындар санына қарай он-он бес сомды жымқырып кетеді».

«Әскери» іздеулер» деп аталып кеткен, «барымташы қырғыздарды (қазақтарды)жазалау» сылтауымен жасалған әскери шапқыншылықтар да, шын мәнінде, сол мақсатка қызмет етті. Әр түрлі шапқыншылықтар қазақтарды зор материалдық шығынға ұшыратты және қауымдарды әлсіретті. Ал мұндай әрекеттер патша өкіметінің Қазақстандағы отарлау саясатының алысты көздейтін мақсаттарына сәйкес келді.

Қазақтардың Е. И. Пугачев көтерілісіне үн қосуына қазақ жүздеріндегі ішкі саяси жағдай да себеп болды. Нұралы хан тұсында Кіші жүздегі қайшылықтар шиеленісе түсті. Қатардағы шаруалар мен көптеген ақсакалдар ханның саясатына риза болмады. Нұралы ханның патша әкімшілігінен Жем өзені ауданында өзіне арнап бекініс салуды және өзін күзету үшін қазақ әскерінің отрядын бөлуді сұрағаны кездейсоқ емес.

Орта жүздегі жағдайдың күрделілігі де кем болмады. Осының бәрімен, сондай-ақ патша өкіметінің отаршылдық саясатының қатайтылып, күшейтіле түсуімен қатар қазақ қоғамы ішінде, оның әр түрлі топтарында патша үкіметінің саясатына наразылық пісіп-жетілді. Қатардағы малшы шаруалар-дың отаршылдық саясатқа наразылығы патша үкіметінің белгілі бір жеңілдіктерін пайдаланған қазақ ақсақалдарына, рубасыларына, сұлтандар мен хандарға еселене түскен өшпенділікке ұштасты. Бұл ойды жақтаушылар бейшаралық халге түскен көшпелі қазақтар еді.

1773-74 жылдардағы шаруалар соғысына 1772 жылғы жайық қазақтарының көтерілісі жол ашып берді. Егер бой көрсетулердің себептері ортақ болса, қозғалыстардың ұйымдық негізі мен идеологиясы әр түрлі еді.

1772 жылғы бой көрсету кейінгі окиғалардың негізгі белгілерін ғана айқындады. Көтеріліс басталғанға дейін Нұралы хан өкілінің Пугачев төңірегінді адамдармен кездесуі болды. Алдын ала кездесу кезінде көтеріліс басталғаннан кейін қазақтардың көтерілісшілер жағында қимылдауы туралы сөз етілді. Сондықтан Пугачев Кіші жүз қазақтарының қолдайтынына сенімді болды.  «осында көшіп жүрген орда бізге қуанатын болады және ол бізді қарсы алға  шығарып салады» деді.

Пугачев пен оның төңірегіндегілер қазақ даласындағы істің жайынан хабардар еді, патша өкіметінің саясатына өрши түскен наразылықты түсінді. Олар мұны өз мүдделеріне пайдаланғысы келді. Пугачевтің отряды Жайық қалашығына аттанар алдында Жоғарғы Богдан бекінісі жанындағы Көшім сайында оған Нұралы ханнан сыйлықтар алып, Забир молда мен қазақ Оразгелді Аманов барды. Осында 1773 жылғы 6 қыркүйекте Е. И. Пугачевтің Кіші» ханы Нұралыға арналған қазақтарға манифесі жазылды. Онда былай делінген: «Мен сендердің бәріңді қалдырмай, адал, алдамай жер, су мен шөп, азық — түлік, жылғалар мен өзендер, тұз бен нан, қорғасын беремін, бастан аяққа дейін киіндіремін». Ол 200 адамнан тұратын жауынгерлік қосын жіберуді  сұрады.

Пугачев Жайық қалашығына келіп, өзін III Петрмін деп жариялады. Қазақтар өз патшасына адалдыққа ант берді. Пугачевтің төңірегіне оның сыбайластары мен серіктері: И. Зарубин-Чика, А. Овчинников, А. Витасин В.Меркульев, М. Логинов, Т. Мясников, Г. Бородин, Я. Пономарев, А. Гу нов, М.Шигаев, И. Почиталин, Б. Караваев және басқалар топтасты.

20 қьіркүйекке қарай Нұралы хан адам саны 1000-ға жуық жасағымен Жайық қалашығына келді. Осы жасақпен бірге Пугачевке Нұралы ханнан мына хат жетті: «Сіз жолдаған хабар маған жетті. Мен сіздердің хабарларыңы: білу үшін Жайык қалашағына келдім. Егер сіз бізге бұрын да патша боі ңыз,өз күшім қаншаға жетсе — сезсіз қызмет ететін боламын».22 Казақ ха ның ордасындағылар жаңа патшаның жалған атты жамылушы екенін түс жөне окиғалардың калай өрбитіні өлі белгісіз болатын. Сондықтан хаш жасағы Жайық каласына шабуыл жасамакшы болған жоқ, оның үстіне қ; шыкты коршау да созылып кетті.

Осындай жағдайда Нұралы хан Е. И. Пугачевке ашық көмек көрсету тартынды. Казақ ханы, сұлтандар мен оның төңірегіндегілер көп кешікпей Жайық калашығын тастап кетіп қалды. Кұжатта бұл туралы былай делінген: «Сондықтан қарақшы Досалы сұлтанды жеке өзі керуге, қарақшы оны Ресейдің әскери қолымен жасалған әрекет өзімен, қарақшымен бірге жүруге шақырды, Досалы сұлтан онымен бірге жүрді. Алайда қазақтардың Жайық қалашығына оның, қарақшының шабуылы кезінде екі жақта табысқа жетпеді. Сондықтан қаракшы осы қаладан Досалы сұлтанды өзінен босатып жіберді».

Көп кешікпей сұлтандар мен билер патшаның отаршыл өкімет орындары-на өз қызметін үсынды. Осы аркылы ханның ғана емес, көпшілік сұлтандар-дың да бүкіл кәтеріліс кезеңіндегі мінез-кұлқының бағыты айкындадды. Нұралы ханға келетін болсақ, ол орал әскерінің атаманы М. Бородинге, орал қалашығының коменданты Симоновкажөне Орынбор губернаторы И. А. Рейнсдорфка өз қызметін ұсынды.

1773 жылғы 20 қыркүйекте Пугачев қазақтарға жаңа манифест арнады: «Менің адал қызметшілеріме де, әскерлерге де жариялансын: менен еріктілерге де жөне мені құрметтейтін менің барлық еріксіздеріме де әмірім, сендердің әскерлерің қарсыласпасын, мен солар үшін ренжіп тұрмын, сөйтіп олар мен, ұлы патша ағзам үшін тырысатын болсын. Олардың тындамайтындарын қазір де, алдағы кезде де жазалайтын боламын».

Пугачев Жайық қалашығына тікелей шабуыл жасап ала алмады. Оны қоршау үшін шағын отряд қалдырып, негізгі күштері Орынборға кетті. Жол-жөнекей Чернореченск және Татищево бекіністерін алды. Қазақтарға үндеуінде Пугачев өзін «ұлы патша Петр Федорович» деп атады. Ол помещиктерді жазалауға, дін ұстану бостандығы құқығын қайтаруға, ал қазақтарға, басқаларының бәріне коса, ақшалай айлық төлеуге уәде берді.

Е. И. Пугачевтің қазақтарға алғашқы үндеулері мен манифестері қауымдар мен жүздерде қолдау тапты. Патша өкіметі мен қазақтардың қазақтар жөніндегі әрекеттері дала жақтан шептерге, станицалар мен кордондарға шапқыншылықтар жасауды жандандыра түсті. Құжаттардың дәлелдеуінше, өз еркімен құрылған қазақ жасақтары Жайық қалашығына, Озерная, Сахарная бекіністеріне, Кожехаровский форпосына, Красногорди станциясының бекіністері мен форпостарына жақындады, Жайық өзенінен өтіп адамдарды тұтқынға алды,  даланың бір шетіне мал айдап әкетті.

1773 жылғы 5 қазанда Орынборды қоршау басталып, ол бес ай бойы — 1774 жылдың наурызына дейін созылды. Орынборды қоршағанда Пугачев әскерінің құрамында шамамен 500 жайық, 300 елек, 600 орынбор қазақтары, 400 қарғалы және сақмар татарлары, 700 башқұрт, көптеген қалмақтар болды. Барлығы үш мыңдай адам қатысты.

XVIII ғасырдың 80-жылдарында Орынборда «кез келген адамдар, ал көпшілік бөлігі бойынша қызмет ететін әскери және штаттағы шенді» 2866 адам тұратын үйлер болды. Олардың арасында көпестер — 2061 адам. Соның ішінде саудагер татарлар — 1986 адам, «ал оның үстіне орынбор қазақтарына да, оларда ауқатты адамдар көп, сауда жасауға рұқсат етілген және олар сауданы аз жасамайды». Орынбор қазақтары жылына 15 сомнан, жүзбасылар -30 сомнан, жасаулдар — 50 сомнан айлық алып тұрды. Бекіністе дуалдарға 55 зеңбірек орналастырылған еді, ал қаланың өзінде дала зеңбіректері көп болатын. 6 қазанда Орынборды тікелей шабуылмен алуға әрекет жасалды, алайда ол табысқа жеткізбеді.

Пугачевтің 1773 жылғы қазан айының басындағы станицаларды алу және үкімет әскерлерімен қақтығыстар кезіндегі табыстары халықтың көтерілісшілерге тілектестігінің өсуіне себепші болды. Қазақтардың бір бөлігі Жайыққа қарай, Верхнеяицк және Нижнеяицк шептеріне ұмтылды. Қазан қараша айларында Орынбордың оңтүстік жағындағы бекіністерге барымта жасалған көптеген жағдайлар орын алды. Қазақтар Жайықтың арғы бетіне жаппай өтті, бұған 1764 жылы арнаулы жарлықпен тыйым салынған еді. Черный яр маңында қазақ көштері пайда болды. Астрахан губернаторы 1000 дон қазағын шақырды. Нижнеяицк шебіне 300 қазақ шақырылды.

1773 жылғы қарашаның басында құрамында 1467 солдат және 5 зеңбі бар генерал-майор Қардың отряды Қазан жолымен көтерілісші армияға қарсы соғыс қимылдарын жүргізуге аттаңды. Батыстан Самара жолымен 3468 адамнан тұратын полковник Чернышевтің отряды келе жатты. Шығыстан бөлімдерімен бригадир Корф, ал оның артынан генерал-поручик Декалонг Орынборға  бет  алды.

Оларға қарсы Пугачев атамандар Овчинников пен Зарубин-Чиканың көтерілісші отрядтарын аттандырды. Шайқаста жазалаушылар тас-талқан етілді. Генерал Кар қашып құтылды. Үкімет әскерлерінің 15 зеңбірегі бар, адам саны 2000-дай солдаттан тұратын басқа отряды да соның кебін киді. Сақмар өзенінің жағасында көтерілісшілер үкімет әскерін қршап алудың сәтін түсірді, содан кейін солдаттар мен қазақтар өз командирлерін байлап тастап, бәрі көтерілісшілер жағына өтті.

Алайда көтеріліс басшылары Орынборды алу мен қорғаудың немесе Мәскеуге тез арада жорық жасаудың бірыңғай нақты жоспарын әзірлей алмады. Ал уақытты өткізіп алу оларға зиянды еді. Оқиғалар созыла берді. 1773 жылдың аяғы — 1774 жылдың басында Ресей империясының әр түрлі бөліктерінде бейшаралық халге түскен және езілген әлеуметтік төменгі топтар өздеріне Пугачев пен оның армиясының келуін күтіп отырды. Оралда, Алтайда, Дон және Запорожье қазақтарында осылай болды. Орталық Ресейде де аласапыран кезең орнады.

1774 жылдың наурызында қазақтардың үлкен жасағы Өзен арқылы  даламен жүріп өтіп, Еділ ауданында осында пугачевшілер келген жағдайға арнап, қойылған бекіністерді шапты. Олар тіпті Еділдің оң ағасында да қимыл жасады. Олар жүздеген емес, бір жарым мың адам еді. Еділдің сол жағында да  шағынырақ жасақтар қимыл жасады.

1774 жылдың сәуірінде Орынбордың генерал-губернаторы Рейнсдфорд Нұралы және Абылай хандарға, Айшуақ және Досалы сұлтандарға жазған хаттарында Пугачев әскерлері оңтүстік жаққа, қазақ даласына кетіп, ілгерілеген жағдайда шаралар қолдануды және соған дайындалуды сұрады. Келесі айда патшалық өкімет орындары 100 адамнан тұратын пугачевшіл-калмақтар жасағын ұстап беруге өтініш жасады. Мұндай өтініш Абылай хан мен Құлсары батырға жіберілді. Пугачевшіл-қалмақтарды Орыс сұлтан мен оның нөкерлері тұткынға алды. Барлық көтерілісшілер құлдыққа берілді. Патша өкіметі бір халықты екіншісіне қарсы пайдалануға тырысты. Казақ қоғамындағы әлеуметтік тұрақтылықтың бұзылуынан қорыққан қазақ қоғамының әлеуметтік үстем тобы самодержавиеге көмектесуге мүдделі болды.

Көтерілісшілер әскерінің Орал тауы және Еділ бойы аудандарына беттеуіне байланысты Пугачевтің өзі Звериноголов немесе Петропавл бекінісінде екен деген лақап таралды. Орынбор және Сібір әкімшілігіне жағдайдың  қауіпті екені, «тым күмәнді» жағдайдағы казақ қоныстарының «жауызбен жақсы тіл табысқаны» және оған көрінеу «ыңғай» көрсеткені айқын болды.

1774 жылдың маусымында Орта жүз қазақтары Звериноголов және Петропавл бекіністерінің арасында орналасқан Алабұға редутын талқандады. Қазақтардың жасағы редут гарнизонын толық құрамында тұтқынға алды.

1774 жылдың тамызында болыс старшыны Дайыр сұлтан 3 мындай қазақтарды жинап, Преснегорьков және Петропавл бекіністерін шабуға ниеттенді. Алайда кейін өз жоспарын өзгертіп, Троицк бекінісіне беттеді. Содан соң Кенжеғали және Жағалбайлы болыстарының старшыны Құдайменді басшылық еткен 50 адамнан тұратын жасақ Кабанья немесе Преснегорьков бекінісіне шабуыл жасады. Редутке жасалған шабуылдарға Құлсары батырдың басшылығымен Саржетім-шақшақ болысының қазақтары, Итек, Алғабай старшындар, Дәуітбай тархан басшылық еткен Қыпшақ және Қарауыл болыстарының қазақтары қатысты. Осындай жағдайларда Абылай мен сұлтандар патшалық  өкімет орындарына өздерінің қол астындағы ауылдарды бағыныста ұстай алмай отырғанын мәлімдеді. Бекіністер мен редуттарға шапқыншылық жасау себептерін хан Пугачевтің «араласуынын» әсерімен түсіндірді.

Қазақ жасақтарының Үй шебіне шабуыл жасауы сирек кездеспейтін. 1774 жылдың жазындағы Кіші жүз қазақтарының шабуылдары неғұрлым белсенді болды. Шағын отрядтар Орынбор түбінен, Рассыпная, Татишев бекіністерінін маңынан мал айдап әкетіп, адамдарды колға түсірді. Кояицк форпосы, Шаған хуторлары, Коловертное алқабы шабуылға ұшырады. Сол жылы пугачевшіл көтерілісшілер қазақ жасактарымен бірге патшалық бекіністерге, форпостар мен редуттерге 240 шабуыл жасады. Жекелеген жағдайларда қазақтар орыстардан, тіпті қазақтардан да мылтык, оқ-дәрі, қорғасын сатып алып жүрді. Елек қорғанысына көшіп барған Нұралы хан патшалық өкіметорындарынан өзін корғауды сұрады.

Әрине бұл шапқыншылықтардың бәрін қазақтарға Пугачевтің шақыруларының әсері деп қарастыруға болмайды. Алайда бұл шапқыншылықтардың бір бөлігі шаруалар соғысының ықпалымен жасалды, ал кейбіреулері онымен ұйымдастырылуы жағынан байланысты болды.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Қорыта айтқанда, Нұралы билік еткен жылдардағы  Кіші жүздегі саяси жағдай,  1748 жылдың қазан айында Орынбор әкімшілігінің жәрдемімен Нұралы сұлтанды хан атағына сайлау өткізілді. Бұл мәселені шешу үшін Ақсақалдар кеңесі жиналды. 1000-ға жуық адам қатысты. Олардың арасында Кіші жүз бен Орта жүздің әр алуан руларының билері, батырлары, сұлтандары болды. Сайлаудың өзі «бұрынғысынша жария өткізілген жоқ, барлық рулардан таңдалған 10 адам, атақты билер ғана қатыстырылып, оның өзінде ханның үйінде өтті… Соның бәрінде барлық билер мен атақты ақсақалдар және ханшайымның төңірегіндегі қазақтар бәрін оған, Нұралы сұлтанның еркіне салды, сонан соң барлығы, әр түрлі шенді 1000-нан астам адам келесі күні тарап кетті». Нұралы өз жағдайының солқылдақтығын сезініп, сайлаудан кейін бірден патша үкіметіне өзін хан атағына бекітуге өтініш жасады. Сонымен бірге 1748 жылдың аяғында Нұралы ханға жылына 600 сом мөлшерінде мемлекеттік айлық тағайындалды.

Нұралының саяси қайшылықтары осыдан көрінді — ол қазақ хандарынан бұл атаққа бірінші болып бекітілді, сондықтан да өз қызметінде патша үкіметіне толық тәуелді болды. Нұралыны хан сайлаған кезде сұлтандар мен ру аксақалдары арасында пайда болған алауыздық ондаған жылдарға созылды, соның салдарынан ру шонжарларының Нұралы билігін шектеуге әрекет жасауы тыйылмады.

Нұралы тіпті Кіші жүздің өзінде әкесінің барлық иеліктерін сақтап қала алмады. Шектілер Батырды өздерінің ханы деп мойындады. Нұралының інілері Айшуақ пен Ералы тәуелсіз болуға ұмтылды. Сырдарияның төменгі ағысын-дағы коныстарды иеленген Ералы өзін Нұралыға тәуелсізбін деп сезінді.

Нұралы ханның ішкі жағдайы да тұрақты болмады. Оның беделі едәуір дәрежеде елдің ақсақалдарымен қатынастарға тәуелді еді. Батыр ханмен бақталастық қауіпті болды, сондықтан Нұралы сырттан қолдауды қажет етті. Оған Хиуа да, Бұхара да мұндай қолдау көрсетпеді. Сөйтіп бұл жағынан ол патша әкімшілігіне иек артты. Сонымен бірге Нұралы алғашкы кезде өзінің барлық қазақ жүздерінің аға ханы болып сайлануы туралы қияли ойға берілді. Нұралының мұндай көтерілуіне қазақ хандары мен сұлтандары тарапынан да, патша өкіметі тарапынан да нақты қолдау жасалмады. Нұралы ханның парлары және олардың нақтылығы жөнінде тарихшы М. П. Вяткин иеліктерінің патшалык Ресейге вассалдық қатынастарын нығайтуға ғана жетті, бірақ феодалдық негізде қазақ хандығының бірігуін қайта жаңаруына жете алмады»,—деп дұрыс атап айтқан. Шындығында, Нұралының би иеліктері Жем мен Жайықарасында көшіп жүретін қазақтармен, байұлы және жетіру руларымен ғана шектелді. Кіші жүздегі саны мейлінше көп және ықпалды әлімұлы рулық бірлестігінің көпшілік бөлігі Нұралыға тәуелсіз болды. Ықпалды шекті руы да одан аулақтап кетті.

Алайда Нұралы ханның қазақ  сұлтандарының көмегімен соғыста жеткен табыстары, патша әкімшілігінің алдында жағымпаздануы оның қазақ коғамын- дағы жағдайын өзгертпеді. Кіші жүздегі саяси билік дағдарысы айқын болды.

Нұралының жағдайы жөнінде губернатор О. А. Игельстром 1785 жылғы хабарламаларының бірінде казақ аксақалдарының ой-ниеттері туралы былай деп жазған: «Олардың бірден-бір тілегі қазір өздерінің жалпы халыктық игілі мен тыныштығы үшін Нұралы ханды олардын халқын басқарудан тайдыру болып отыр. Олардың депутаттары бүкіл қоғам атынан маған осы өтініш ауызша растап берді. Мен бар мүмкіндігімді салып, оларды ханмен татуласты- руға тырыстым, бірақ ешқандай үгіт оларды басқаша ойға келтіре алмады. Олар маған қазір өздерінің бағынуға берген антын ескере отырып, ханға қарсы өз тілектеріне оңай жетуге болатындай шаралар қолданудан тартынып отырғанын хабарлады». Сонымен Нұралы хан өзі билік еткен жылдар ішінде мемлекет қайраткер қасиетін көрсете алмады, әдетте ол оқиғалардың жетегінде кетіп, өз тарапынан ешбір өзгеріс енгізе алмады. 

Сілтемелер:

  1. Бекмаханова Н. Қазақ ССР тарихы. 229-238 беттер.

—————————-

  1. Жамбылов Д. «Тәуелсіздік және саяси сана» 146 -149 беттер.

—————————-

3.Мәлімбаев С., «Патшалық Ресейдің отарлық саясаты» 15-25 беттер.

—————————-

  1. 4. Мадашев Х «Қазақ халқының арғы бергі тарихы» 97-107 беттер.

—————————-

  1. 5. Қозыбаев М. Қазақстан тарихы очерктері. 213 – 219 беттер.

—————————-

6.Қозыбаев М.,  «Жауды шаптым ту байлап»  99-111 беттер.

—————————-

  1. Сабырханов А., «Ұлы бетбұрыс» 214-217 беттер.

—————————-

8.Тлепов Ж. «Елім деп еніреген ерлер жыры» 219-223 беттер.

—————————-

9.Қазақстан тарихы. 3 том.  207-245 беттер.

—————————-

  1. Тынышбаев М «Ақтабан — шұбырынды» А, 471-474 беттер.

—————————-

  1. 12. Тынышбаев М. «История казахского народа» 118-122 беттер

—————————-

  1. Вяткин М.П. «очерки по истории Казахской ССР» 217, 242 ст.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Бекмаханова Н. Қазақ ССР тарихы. Алматы, 1991 ж.
  2. Жамбылов Д. «Тәуелсіздік және саяси сана» Алматы,1999ж.

3.Мәлімбаев С., «Патшалық Ресейдің отарлық саясаты» Алматы,1994ж.

4.Мадашев Х «Қазақ халқының арғы бергі тарихы»  Алматы, 1995ж.

  1. Мағауин М. «Қазақ тарихының әліппесі» А, 1995ж
  2. Қазақстан тарихы. 1 том. Алматы, 2001 ж.
  3. Қазақстан тарихы. 3 том. Алматы, 2001 ж.
  4. Қазақстанның көне тарихы. Алматы, 1993 ж.
  5. Қозыбаев М. Қазақстан тарихы очерктері. Алматы, 1994 ж.
  6. «Қазақ совет энциклопедиясы», І,ІІ-том.

11.Қозыбаев М.,  «Жауды шаптым ту байлап» Алматы, 1994ж.

  1. Сабырханов А., «Ұлы бетбұрыс»Алматы, «Мектеп»1981ж

13.Тлепов Ж. «Елім деп еніреген ерлер жыры» Алматы, 1995ж.

  1. Тынышбаев М «Ақтабан — шұбырынды» А, 1993ж.
  2. Тынышбаев М. «История казахского народа» 1993ж.