Қазақша реферат: Жұмат Шанин атындағы театр |

0






Жұмат Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры 1934-ші жылдың сәуір айында құрылды. Қазақтың кәсіби актерлерінің жоқтығы және ол кезгі облыс көлемінде бірде-бір көркемөнерпаздар үйірмелерінің болмауы театрдың еңсе көтеруіне барынша қиыншылықтар туғызды. Әйткенмен де, ауыл аралап, өздерін театр өнеріне арнағысы келетін қабілетті жастарды іздестіріп, өнерге баулу — театрдың басты міндеті болды. Алғашқы қабылданып алынған көп жастардың жиырма-жиырма бестейінің сахналык қабілет-қарымдарының нашарлығынан, олардың театрдан шығып қалуы салдарынан шығармашылық қүрамды қайта толықтырудың өзіне екі жылдай уақыт кетті. Нәтижесінде, тек 1936-шы жылы ғана өз дәрежесінде тұрақты жұмыс істей алатын шығармашылық үжым пайда болды, Егер 1934-35-ші жылдары театр көркемөнерпаздар үйірмесінің дэрежесінде ғана болып. Жасақбаевтың «Заман заңы», Ерденаевтың «Малқамбай» атты шағын пьесаларын қойған болса, ал 1939-шы жылы М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегі» мен «Түнгі сарынын» аталмыш үжым үлкен табыспен қойып шықты.

1938-ші жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) сахна өнерінің техникумын бітірген жиырма екі шәкірт театрға қабылданды. Техникум бітірген жас актерлердің келуі, оның кұрамында Ж.Серікбаева, Ғ.Хайруллина, Х.Бөкеева, Х.Шәженов, Ә.Ерғожинова (бертінде, Өмірзақова) сынды аса дарынды мамандардың болуы театр ұжымының профессионалдық деңгейін көтере түсті.

1938-39-шы жылдардағы маусым — театрдың алғашқы кезеңіндегі жүмыстарының ең табысты маусымы болып есептеледі. Қазақ драматургиясымен ғана нәрленіп келген театр репертуарына Нева өзені жағалауынан оқып келген жастар Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат», К. Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметші», А.Островскийдің «Кешіккен махаббат» секілді шетелдік және орыс классикалық шығармаларын кемеліне келтіре сахналаған еді. Оған көмек қолдарын созған атақты үстаз-режиссерлер В.В.Меркурьев пен И.В.Мейерхольд еді.












.





.

Сондай-ақ, театр қүрылған кездерден қызмет істеп келе жатқан И.Тәуірбалин, Т.Мәдіқожаев, А.Дэукенова, Е.Досымбетов секілді өнер иелері де еш аянып қалған жоқ-тын. Ж.Шаниннің «Шахтасы» мен С.Сейфуллиннің «Қызыл сүңқарларын» бедерлеуде тәжірибесіздік көрсеткен жас үжым, кезінде, орыс режиссері Г.Зорин қойған А.Корнейчуктің «Платон Кречетінде» шығармашылық зор қайрат, шексіз ынта-жігер танытты. Пьесаны қазақшалаған Ж.Шанин болатын. ¥лы Отан соғысы жылдарында театр артистерінің көбі қасиетті Отан шекарасын қорғау жолында қан майданға аттанып жатты. Соғысқа кеткен жастардың дені сүрапыл майдан даласында жан тапсырып, туған жерге, сүйікті театрларына қайтып оралмады. Солардың ішінде аса талантты актер-режиссер Х.Шэженов те шейіт болған еді. Соғыс кезіндегі ауыртпалықтар театр жүмысына залалын тигізсе-дағы оны мүлдем тоқтата алмады. Театр — тірі ағза. Ол өзінің ырғақты шығармашылық өмірін тоқтатпауға барын салды. Театр басшылығы майданға аттанған талантты
актерлердің орнына көркемөнерпаздар үйірмелерінен келген талапты жастарды үдайы тэрбиелеп, үжым қатарына қосып отырды. Оңтүстік өлкесінің сахнасында эр жылдары ірі-ірі спектакльдер қойылып, кесек-кесек көркем бейнелер өмірге келді. Үжымның ілгерілуіне мол үлес қосқан Г. Дүйсеков, Р.Бэйкенов, Ә.Шанин, М.Шанина, Ә.Мұхамедьяров, Ж.Түрсынов, Р. Досжанова, А. Абдуллина, Ж. Серікбаева, С. Ерғалиев, М. Өтебаев, Қ. Шанин, С.Досмағамбетов, М.Найманбаев, Х.Сазантаева, Е.Садақбаева, О.Жүмабеков, А.Ысрайылов сынды тағы басқа да актерлер легін атап кету парыз. Күні бүгінге дейін сахна сайысынан шет қалмай, өнер додасында жарыса келе жатқан А.Қалмырзаев, О.Рахымов, М.Әлиясқаров, С.Өтемісов, А.Жүмабекова, Қ.Рахманбердиева, Р.Салова, М.Шэкіров секілді талантты орындаушылар тобы алдыңғы аға, ата артистердің жақсы дэстүрлерін сәтімен жалғастыруда. Өсу-өрлеу жолындағы жайқалған жастар тобы тағы бар.

Театр өзінің сексен жылдық баянды жүмыстарында көрермен талабын үнемі ескерумен келеді. Қазақстанның бар өлкелерін гастрольдік сапарлармен түгел аралаған аталмыш театр үжьшы Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Қарақалпақстан жерлерін ерсілі-қарсылы сан рет шарлап өтті десе де болғандай. Қалалар мен ауыл еңбекшілеріне сан жанрлы көркем спектакльдер көрсетіп, миллиондаған көрермендер талабын риясыз қанағаттандырды. Қойылымдар өз алдына, қаншама концерттер берілді десеңізші. Шымкент театры артистерінің әншілігі де дүйім жұртқа баяғыдан мәлім. Сонымен бірге, театр ұжымы Ж.Арғынбаев, Х.Шэженов, Ғ.Хайруллина, Ә.Ордабаев, ТӨтебаев, Ж.Омаров, Ә.Қүлданов, Е.Оразымбетов секілді дарынды режиссерлермен де бірлесе қызмет жасады.

Бұл ретте, қазақ театрының дамуына қомақты үлес қосқан Г.Зорин, Ю.Рутковский, М.Насонов, В.Дьяков сынды орыс режиссерлерінің де есімдерін қүрметпен атай кеткен жөн. Сондай-ақ, сахиа декорациясын қүлпырта бояған сан қылқалам шеберлерінің де еңбектері ұмыт қалмақ емес. Театр тағдырында көптеген ұйымдастырушы директорлар еңбегінің де өшпес ізі қалды. Театр репертуарынан берік орын алған кезеңдік қойылымдар өнер тарихынан өзіндік бедел еншілегенін жақсы білеміз. «Ақан сері-Ақтоқты», «Шоқан Уәлиханов», «Исатай Махамбет», «Абай», «Ревизор», «Америка даусы», «Еңлік-Кебек», «Зұлымдық пен махаббат», «Ұлан асу», «Марғау», «Шие бағы», «Құхтар фестивалі», «Мүңлық-Зарлық» іспетті тағы да басқа біраз спектакльдердің өз кезеңінде көрермендер тарапынан әр түрлі қызығушылықтар туғызғаны белгілі. Театр соңғы он жылдықтар бедерінде Ыстамбұл шәһарын-да өткен түркі тілдес халықтардың фестиваліне, Тэшкен, Әндіжан қалаларында өткен Азия елдері театрларының фестиваліне сондай-ақ, Петропавловск, Оралда Ғ. Мүсіреповтің, М.Өтемісовтің мерейтойларына орай өткізілген республикалық өнер сайыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Театрдың қазіргі көркемдік жетекшісінің міндетін атқарушы — И.Сапаров. Сексен жылдық ғүмыры бар Оңтүстік өлкесі байырғы театрының бүкіл өнер жолын шағын мақалаға сыйдыру мүмкін еместігі әбден түсінікті. Біз тек аталмыш өнер отауының қайсыбір кезеңдерінен азын-аулақ мәлімет беруді мұрат санадық.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!