Қазақша реферат: Жеміс-жидек өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері |

0






Әлемде жеміс-жидек дақылдарының мыңдаған түрлері өсіріледі. Олар 60-тан астам тұқымдастар мен 200-дей туыстарға бірігеді. Қазақстанда жеміс-жидек дақылдарының 22 түрі өсіріледі, олардың 10-12-сі негізгілері болып табылады. Қазақстандағы жеміс-жидек дақылдарының 90%-дан астамы мына өсімдіктерден тұрады: алма, алмұрт, шие, алхоры, өрік, шабдалы. Биологиялық белгілері бойынша жеміс-жидек дақылдарының 95%-ы раушан гүлділер тұқымдасына жатады.
Жеміс-жидек дақылдары шығу тегіне, жемісінің құрылымына, биологиялық және өндірістік ерекшеліктеріне қарай мынадай топтарға бөлінеді: шекілдеуікті, сүйекті жемістілер, жаңғақты, жемісті, жидекті жемістілер, субтропиктік және тропиктік дақылдар.
Шекілдеуіктілер тобына мынадай жемістер кіреді: алма, алмүрт, беке, шетен, долана, ырғай, мушмула, ңара жемісті арония. Бүл өсімдіктер раушан гүлділер (Еозасеае </г/8§) түңымдасына жатады.
Қазаңстанда шекілдеуікті дақылдар (негізінен алма, алмүрт) жеміс-жидек өсімдіктерінің 74,6% -ын қүрайды. Алма — Қазақстанда ең көп тараған дақыл. Malus Mill туысына алманың 50 түрі кіреді. Негізгі түрлеріне мыналар жатады: орман алмасы, кавказ алмасы, қытай алмасы, жидек алмасы, Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы, аласа өсетін алма, ңырғыз алмасы. Алманың сорттары негізінен алманың осы түрлерінен алынған. Қазақстанда Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы, қырғыз алмасы өсіріледі. Дүние жүзінде адам қолымен өсірілетін алманың барлың сорттары бір мәдени түрге — үй алмасына (Malus domestica Borkh) жатады. Алма ағашы тіршілігінің ұзақтығы телітушіге және сортына байланысты 20 жылдан 100 жылға дейін созылады. Алма ағашы түқымдық телітушілерде 30-дан 50 жылға дейін, ал вегетативтік телітушілерде 15-25 жыл тіршілік етеді. Өнімді орта есеппен 10-30 жыл береді. Интенсивті бақта әр гектардан 300-ден 500 центнерге дейін өнім алынады. Телітушіге және сортңа байланысты жемісті 2-3 жыл-да сала бастайды.
Алма ағашы өсу қуатына байланысты биік өсетін (8-12 м), орташа өсетін(5-8м), аласаөсетін(2-4м)болып бөлінеді.
Қазақстанда алмадан өндірістік өнім беретін негізгі аудандар — Қазаңстанның оңтүстік және оңтүстік іпы-ғыс аймаңтары: Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл. Соңғы жылдары алма дақылы Қостанай, Батыс Қазаң-стан, Аңмола облыстарына кеңінен таралып келеді. Дүние жүзінде алма дақылының 20 мыңға жуың сорты аудандастырылған, ал Қазақстанда 40-тан астам сорты тараған.
Алмцрт (туысы — Pyrus L.)
Pyrus L. туысына алмүрттың 60 түрі енеді. Негізгі түрлеріне мыналар жатады: кәдімгі алмүрт, уссурий ал-мүрты, жиде жапырақты алмүрт, қар түсті алмүрт. Қазаңстанда кәдімгі алмүрт пен жиде жапыраңты алмүрт кең таралған. Алмүрттың сорттары негізінен алмүрттың осы түрлерінен алынған.
Дүние жүзінде өсірілетін алмүрттың барлың сортта-ры алмүрттың мәдени түрі — үй алмүртына (Pyrus domestica Medik) жатады. Алмүрттың тіршілік үзақ-тыры телітушіге және сортына байланысты 30 жылдан 100 жылға дейін созылады. Өнімді 15-30 жыл береді. Әр гектардан орта есеппен 100-150 ц өнім алынады. Отыр-ғызылШннан кейін 3-8 жылда жеміс салады.
Мәдени алмүрт ағашының биіктігі 4-15 м болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде алмүрттың 10 мыңға жуық сорты бар. Қазаңстанның оңтүстік шығысында 10 сор-ты өсіріледі.
Алмүрт агашы алма ағашымен салыстырғанда қысңы суыңңа төзімсіз. Қазаңстанда оңтүстік және оңтүстік шырыс аймаңтарда өсіріледі. Алмүрт ағашы тау етегін-де жақсы өседі.
Беке (туысы — Cydonia Mill.)
Cydonia Mill, туысына бір түр — көдімгі беке (Cydonia oblonga Mill) жатады. Беке — бағалы жеміс даңылы, ол 4 мың жылдан бері өсіріледі.
Қазақстанда беке Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік аудандарында және тау етегінде өсіріледі.
Беке — жарың және жылу сүйгіш, ыстықңа төзімді даңыл. Бекенің ағаш тәрізді және бүта тәрізді түрлері кездеседі. Бекенің ағаш тәрізді түрінің биіктігі 5-6 метр, ал бүта тәрізді түрінің биіктігі 1-2 м болады. Жемісті ерте және жыл сайын салады. Отырғызылғаннан кейін 3-5 жыл-дан соң жеміс сала бастайды. Әр гектардан орта есеппен 150-180 ц өнім береді.
Жемістері ңатты, сағақсыз, жас күйінде жеуге жара-майды. Жемістерінің өзіне тән хош иісі бар. Жемістері өңдегеннен кейін өте бағалы. Беке ағашы 30-50 жылға дейін жеміс береді. Қазаңстанда бекенің 3 сорты аудан-дастырылған. Суйекті жемістілер тобы
Бүл топтың қүрамына шие, төтті шие, алхоры, алша, өрік, шабдалы, шырғанақ (тікен жиде) кіреді. Сүйекті жемістілер тобына жататын өсімдіктердің шырғанаңтан басқасы, раушан гүлділер түңымдасына (Rosaceae L.) жатады. Сүйекті жемістілер жеміс-жидек даңылдары-ның 8,6%-ын қүрайды.
Шие (туысы — Cezasus L.)
Cerasus L. туысына шиенің 200-ге жуың түрі кіреді. Шиенің негізгі түрлеріне мыналар жатады: дала шиесі, қүм шиесі, түкті шие, магалеб шиесі (антипка).
Шие сыртқы түріне және жеміс салу типіне ңарай бүта тәріздес жөне ағаш тәріздес болып бөлінеді.
Бүта тәріздес ағаштардың бірнеше діңі болады. Олар-дың бойының биіктігі 3 м-ге жетеді, тіршілік үзақтығы -15-20 жыл. Жемістерінің түсі ңара ңоңыр, шырыны түсті. Мүндай жемістерді морель немесе гриот деп атай-ды. Отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жеміс бере бас-тайды.
Шиенің ағаш тәріздес түрінің биіктігі 5-7 м болады. Өсу қуаты мен жеміс салу сипаты бойынша тәтті шиеге жақын болады. Гүлді бүршіктері төмен температураға төзімсіз келеді, сондыңтан шиенің бүл тобы оңтүстік аудандарда тараған. Олардың жемістерінің түсі қызғылт, шырыны түссіз. Ондай жемістерді аморель деп атайды.
Шие Қазақстанның барлың аймақтарында өсіріледі. Шие — сүйекті жемістілердің ішіндегі қысқа ең төзімді даңыл. Қүрғақшыльщқа төзімділігі жоғары. Шиенің жемістері жас күйінде және өңделген күйінде тағам ре-тінде пайдаланылады. Ағаш тәріздес шиенің тіршілік үзақтыры — 20-30 жыл. Отыргызылғаннан кейін 4-5 жыл-да жеміс сала бастайды.Тәтті шиенің барлық сорттары Cerasus avium Moench түрінен пайда болған. Тәтті шиенің биіктігі 8-12 м-ге дейін жетеді. Ағаштарының тіршілік үзаңтығы — 50-80 жыл. Отырғызылғаннан кейін 4-6 жылда жеміс сала бастайды. Әр гектардан орта есеппен 100-150 ц алынады.
Алхоры (туысы -Prunus L.)
Prunus L. туысына алхорының 40 түрі жатады. Алхо-рының негізгі түрлеріне мыналар жатады: үй алхоры-сы, уссурий алхорысы, канада алхорысы, алша, шо-мырт, шомырт өрік.
Алхорының ең көп тараған түрі — үй алхорысы (Prunus domestica L.). Үй алхорысының биіктігі 6-12 м-ге жетеді, баңта өсіргенде оның бойын 3,5-4 м-ге дейін шектейді.
Үй алхорысының тіршілік үзақтығы — 25-30 жыл. Отырғызылғаннан кейін 3-5 жылда жеміс сала бастай-ды. Әр гектардан орта есеппен 200 ц өнім алынады.
Өрік (туысы — Armeniaca Mill)
Өріктің көптеген сорттары кәдімгі өріктің (Armeniaca vulgaris Lam) түрінен пайда болған. Өрік -Оңтүстік Қазақстан облысында кеңінен тараған даңыл. Өрік ағашы биік (5-8 м) немесе өте биік (10-15 м) болып өседі. Өнімді отырғызылғаннан кейін 3-5 жылда бере бастайды. Өнім беру үзаңтығы — 20-30 жыл. 40-80 жыл тіршілік етеді. Әр гектардан орта есеппен 100-120 ц өнім береді. Өрік — жарың пен жылу сүйгіш дақыл және көктемде басңа жеміс ағаштарына ңарағанда ерте гүлдейді. Қүрғақшылыққатөзімді. Қазаңстанда өріктің 6 сорты аудандастырылған, оның үшеуі еуропалық жөне үшеуі Орта Азиялық сорттар.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!