Қазақша реферат: Жастық кезеңдер реті |

0






Тән-дене, сондай-ақ ақыл дамуы адамның жастық кезеңдерімен тығыз байланыста екендігі ежелгі дәуірден белгілі болған. Бұл өзінен-өзі айқын шындық дәлелді қажет етпейді: адам неғұрлым ұзақ өмір сүрсе — бойы өседі, денесі қатаяды, жастың келуімен даналық қонады, тәжірибе топталады, білім қоры ұлғаяды. Әр жас кезеңінің өзіне тән дене, психикалық және әлеуметтік даму деңгейі болады. Әлбетте, бұл сәйкестік жалпы және тұтастай жас кезеңдеріне тура келеді, ал нақты адамның дамуы қандай да ауытқулармен қабаттаса жүруі мүмкін. Даму үдерісін дұрыс басқару үшін педагогтар ертеден-ақ, адам өмірінің кезеңдерін белгілі уақыт топтарына жіктеуге тырысқан. Бұл іспен өз замандарында ғалым-педагогтар: Ко-менский, Штрац, Бюллер, Горлок, Левитов, Эльконин, Пршиго-да, Ванек, Шванцара және т.б. айналысып, жастық кезеңдерге бөлістірудің бірнеше ондаған сұлбасын ұсынған. Солардың ішінде педагогтардың көпшілігінің қолдауын тапқан бір сұлбаға назар аударайық.
Кезеңге бөлістіру жас ерекшеліктеріне негізделеді. Жастық ерекшеліктер — деп нақты өмір дәуіріне тән анатомиялық, физиологиялық және психологиялық сапаларды атаймыз. Жастықерекшеліктер мәні адамныңтән — дене дамуынан айқын көрінеді. Бойдың өсуі, салмақ қосылуы, алғашқы тістердің пайда болуы, кейін олардың түсіп, ауысуы, жыныстық жетілу және басқа да биологиялық үдерістер елеусіз ауытқуларымен әртүрлі жас кезеңдерінде жүріп жатады. Адамның биологиялық және рухани дамуы өзара тығыз байланыста болғандықтан, психикалық аймақтағы өзгерістер де белгілі жас кезеңдеріне сәйкес келеді. Биологиялық өзгерістер сияқты қатаң белгілі бір жас кезеңіне сәйкес болмаса да, әлеуметтік пісіп-жетілу көрініс береді, тұлғаның рухани даму динамикасы да өз кезегімен орындалып жатады. Осылардың бәрі адам дамуы мен оның жастық кезеңдерін белгілі сатыларға бөлуде табиғи нөгіз қызметін атқарады.
Дамудың толық кезеңдестігі (периодизациясы) адамның бүкіл өмірін белгілі дәуірлерімен қоса қамтиды. Ал шамалап (частичные) сатыларға бөлу нақты ғылым саласын қызықтырған өмірдің бір бөлігін өз ішіне алады. Бастауыш мектеп педагогикасын баланың мектепке дейінгі және кіші мек-теп жасындағы өмір және даму кезеңдері қызықтырады. Бұл баланың туылғанынан он, он бір жасқа дейінгі өмір аралығы. Психология аймағында да балалардың психикалық даму кезеңдерін айырады, бірақ психологиялық кезеңдерге бөлу педагогикалықжас кезеңдерімен бірдей сәйкес бола бермейді, себебі психика дамуы ананың жатырында басталады, ал бала тәрбиесі оның дүниеге келген мезетінен басталады. Бала дамуы ерекшеліктерін әр жас кезеңіне байланыстыра түсіну үшін төмендегі салыстырма кестеге назар аударыңыз: Педагогикалық кезеңдерге бөлудің негізін, бір жағынан, дене және психикалық даму сатылары құраса, екінші жағынан, бұл тәрбие жүріп жатқан жағдайларға байланысты келеді.
Жүйке-жүйөсін және дене мүшелерін біріктірген ағзаның биологиялық пісіп жетілуі және онымен бірге жүрөтін танымдық қабілеттердің даму сатылары өз бетінше жасайтын шынайы, табиғи құбылыс болса, ал саналы құрылған тәрбие үдерісі жас кезеңдері ерекшеліктеріне икемдесуі және оларға негізделуі қажет. Педагогикада дамудың жастық сатыларын мойындамау әрекеттері де болған. Тіпті, орайлас әдістөме табылса, қалаған 3-4 жастағы баланы жоғары математикаға, басқа да дерексіз (абстракт) түсініктерге үйретіп, кез-келген әлеуметтік тәжірибені, білімдерді, тәжірибелік өптіліктөр мен дағдыларды игертуге болады деген теориялар да пайда болған. Бірақ бұл мүмкін емес. Бәлкім, бала өте күрделі сөздерді де дұрыс айтуға үйренер, бірақ оның мағынасын ұғуға оған әлі ерте. Жас кезеі-щері шектеулерін осы күнгі балалардың шапшаң дамуы мен олардың сөздік және түсінік қорының кеңдігімен шатастыруға болмайды. Бұл құбылыс әлеуметтік дамудың жедөлдеуімен, әрқилы ақпараттық дерек көздеріне кең жол ашылуымен, балалардың көп нәрседен хабардар болуымен түсіндіріледі. Даму үдерісінің жеделдеу мүмкіндіктері кеңеюдө, бірақ шексіз өмес. Жас кезеңі дамуды мезгілінен тыс жаздырып жібермей, өз билігін таңады. Бұл саладағы ықпал жасаушы заңдылықтар даму мүмкіндіктерінің шама-шарқын белгілеп береді. Оқу-тәрбие жұмысында балалардың жас ерекшеліктерін өскеруді өз заманында Я.А.Коменский талап еткен. Әр нәрсенің табиғатта өз мезетінде болатынындай, тәрбие де өз кезегімен — уақытында және ретімен алып ба-рылуы тиіс. Сол жағдайда ғана адамға ізгілік сапалар табиғи жұғысты келіп, ақыл есінің жетілуіне байланысты ол болмыс шындығын толық, мән-мағынасымен түсінөді. «Игерілуі қажет болғандардың бәрі жас сатыларына сәйкес бөлініп, әр жас кезөңіне түсініктілөрі ғана оқып-үйрену үшін ұсынылуы шарт» — деп жазған Я.А.Коменский.
Жас ерекшеліктерін ескеру іргелі педагогикалық принциптөрдің бірі. Оны арқау ете отырып, мұғалімдер оқу жүктемесін ретке келтіреді, әрқилы еңбек түрлөрінің көлеміне негіздеме береді, даму үшін қолайлы күн тәртібін, еңбекпен ай-налысу және демалу уақыттарын белгілейді. Жас ерекшелік-тері оқу пәндерінің және әр пәндегі оқу материалдарының ірік-телуі мен оқу бағдарламасында жайғасуына орай мәселелерді дұрыс шешуге міндеттейді. Оқу-тәрбие қызметінің формалары мен әдістерін таңдау да осы принципке тәуелді.
Қазіргі дәуірде жас топтары арасындағы шектерді қайта қарастыруға себепші болатын және бір құбылыс педагогтар-ды толғандыруда. Бұл акселерация (лат. сөзі — жеделдеу), — яғни балалық және жасөспірімдік шақта тән-дене, кей жағдайда психикалық дамудың ерекше жедел алуы. Аксе-лерацияны биологтар ағзаның физиологиялық жетілуімен, психологтар — психикалық функциялардың іске қосылуымен байланыстырады, ал педагогтар тұлғаның рухани дамуы мен әлеуметтенуінен деп түсіндіреді. Педагогтардың пікірінше, акселерация физикалық дамудың салдары емес, ол ағзада жүріп жатқан физиологиялық жетілу үдерістөрі мөн тұлғаның әлеуметтенуі арасындағы қайшылықтардан.
60-70 жылдарға дейін балалар мөн жасөспірімдердің тән-дене және рухани даму тепе-теңдігі бір қалыпта болды. Ал бұдан кейінгі дәуірде пайда болған акселерация нәтижесінде ағзаның физиологиялық жетілуі ақыл-ес, психикалық, әлеуметтік дамудан әлдеқайда қарқынды болды. Даму сәйкессіздігі қылаң берді. Адамның ақыл, әлеуметтік, ізгілік сапаларының негізі болған психикалық қызметтерден гөрі тән-дене, сүйек құрылымдарының өсуі жылдамдады. Осыдан, баланы артық психологиялық жүктемегө түсіретін жағдайлар пайда болды, яғни бала өзінің ақыл-есі жетпейтін істерге асы-латынды шығарды. Акселерация үдерісі балалардың өздеріне ғана әр түрлі қиындықтар тудырып қоймастан, мұғалімдер мен ата-аналардың тәрбиеге байланысты материалдық және руха-ни мәселелерін туындатты.
Акселерацияның негізгі себептері — өмірдің қарқынды да-муы, материалдық жағдайлардың, тамақ және медициналық қызмет сапаларының көтерілуі, ерте жастан балалар күтімінің оң сипат алуы, көптеген бала сырқаттарының жойылуы.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!