Қазақша реферат: Жануарлар физиологиясының дамуы |
Жануарлар функциялары туралы алғашқы деректер оларды сою, емдеу кезінде немесе пішу, тұяқ тазалау сияқты мал дәрігерлік жәрдемдер үстінде жинақталған. Ерте Қытай мен Үндістанда малды әртүрлі дәрі шөптермен, ине шаншу әдістерімен емдегені жайында деректер бар. Бірақ ұзақ уақыт адам мен жануарлар физиологиясы бір сала ретінде дамыды. Негізгі деректер мал мен үй құстарына жүргізілген тәжірибелер арқылы жинақталды.
Жануарлар физиологиясы дара ғылым ретінде тек XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басында қалыптасты. Оған мал шаруашылығының қарқынды дамуы себеп болды. Мал басын аман сақтап, оның өнімділігін арттыру, түрлі ауруларды тарат-пау, мал дәрігерлік кәсіпті үйрету үшін жануарлар организмінде жүретін процестердің мәнін терең біліп, түсіну мұқтаждығы туды. Мал дәрігерлік білімнің отаны Ресей болып табылады. Онда 1735 жылы мал дәрігерлерін дайындайтын тұңғыш арнаулы мектеп ашылды. XVIII ғасырдың 60-70 — жылдарында мал дәрігерлік мектептер Францияда (Лионда, Альфортта), Италияда (Туринде), Германияда (Ганноверде, Дрезденде), Данияда (Копенгагенде) ашылды. XIX ғасырдың басында Ресейде бірнеше мал дәрігерлік училищелер жұмыс істеді, Мәскеу, Харьков, Виленск, Қазан университеттерінің медицина факультеттерінде мал дәрігерлік кафедралар құрылды. Осы кезде Петербор мен Мәскеу медицина-хирургиялық академияларында жоғары білімді мал дәрігерлерін дайындайтын бөлімдер ашылды.
XIX ғасырдың 40-50 — жылдарында Варшава мен Харьков-те мал дэрігерлік мектептер құрылып, олар кейін институттарға айналды. Бұл институттарда басқа кафедралармен қатар салыстырмалы немесе зоофизиология жэне гистология кафедралары ашылды. Ғалым мал мамандары 1835 жылы ашылған Горн — Горецк жоғары ауыл шаруашылығы мектебінде (қазіргі Беларусь ауыл шаруашылығы академиясы), 1865 жылы ашылған Петрдің жер өңдеу және орман шаруашылығы академиясында (қазіргі Мэс-кеудің К. А. Тимирязов атындағы ауыл шаруашылығы академиясы) дайындалды. Бұл оқу орындарында физиологиядан дәріс оқылып, азықтандыру мен мал өсіру мәселелері анатомиялық-физиологиялық негізде түсіндіріле бастады.
XIX ғасырдың ортасында Ресей мен Батыс Еуропада алғашқы малдәрігерлік және малшаруашылық ғылыми-зерттеу институттары пайда болды. Бүл физиология ғылымының дамуына зор ықпал жасады да, XIX ғасырдың аяғында Францияда, Германияда, Ресейде физиологиялық ғылыми мектептер (бағыттар) қалыптасты. К. Бернар жылқылардың сілекей бөлу ерекшеліктері жайында еңбек жазып, тауықтың ұйқы безінің сөлін арнаулы тәжірибелер арқылы зерттеді (1851). Физиологияның дамуына француз ғалымдары Ж. Лассень, Т. Шово, Ж. Колен зор үлес қосты. Олардың көптеген еңбектері жануарлардың ас қорыту процестерін зерттеуге арналды. Т. Шово мен М. Марей 1861 жылы алғаш рет жылқы жүрегіне ойыс вена арқылы сүңгі (зонд) жіберіп, оның жұмысын жазу әдісін ұсынды. Ж. Колен жануарлардың салыстырмалы физиологиясы жайында түңғыш кітапты жазды. Неміс ғалымы В. Элленбергер мен оның оқушылары К. Шейнерт, А. Траутман жануарлардың ас қорыту процесін жан-жақты зерттеп, малды тиімді азықтандырудың физиологиялық негіздерін қалады. Физиологияны дамытуда ағылшын ғалымдары Дж. Баркрофт, Дж. Хэммонд, А. Филлипсон, Д. Льюис, К. Блекстер, И. Мак-Дональд, америка ғалымдары А. Шалк, Р. Амодон, Ц. Тернер, т.б. да рөлі зор.
Ресейде физиология И. П. Павлов үсынған принциптер мен әдістердің ықпалымен дамыды. Оның басшылығымен тұңғыш рет көбек қою әдісі арқылы күйіс малының сілекей бездері мен ұлтабарының қызметтері зерттелді (Н. В. Рязанцев, 1898, В. В. Савич, И. П. Тихомиров, 1910; И. И. Бельговский, 1912). Мал физиологиясын қалыптастырып дамытуда профессорлар А. В. Леонтович (1869-1943), К. Р. Викторов (1879-1955), Н.Ф.Попов (1886-1974), Г. И. Азимов (1891-1978), A. A. Кудрявцев (1903-1970), А. Д. Синещеков (1906-1971), Д. Я. Криницын (1904-1985), т.б. зор үлес қосты. Аталған ғалымдардың еңбектері ас қорыту, тыныс алу, сүттену процестерінің, ішкі секреция бездері мен орталық жүйке жүйесі қызметінің сырларын ашуға арналған. Жануарлар физиологиясының түрлі салаларын дамытуда ресейлік ғалымдар А. А. Алиев, В. И. Георгиевский, В. Ф. Вракин, И. П. Духин, Т. Е. Костина, В. Ф. Лысов, т.б. табысты еңбек еткенін атап кеткен жөн.