Қазақша реферат: Жаңа заман мəдениетi |

0






Егер антикалық жəне ортағасырлық мəдениеттен рухани құндылықтардың бiрiншi қатарда тұрғанын көрсек, Жаңа заман адам өмiрiнiң мəнi мен мақсаттарын мүлдем басқа бағыттарға бұрды. Жаңа замандық еуропалық адам өзiнiң барлық күш- қуатын табиғатты меңгеруге жұмсады. Еуропа мен Америка өркениетi əлемдегi ең жетiлген индустриялық-капиталистiк жүйенi қалыптастырды. Бұл кезде ғылым мен техника бұрын болмаған дəрежеге көтерiлдi. Табиғи жəне техникалық ресурстарды толық пайдалану арқылы адамның барлық талап-мұқтаждықтарын өтейтiн дəулеттi қоғам құру осы өркениеттiң негiзгi мұраты деп жарияланды. Батыс өркениеттiң бел баласы- белсендi ,шығармашыл тұлға. “Батыс адам өзiндегi даму жəне жетiлу қуатын- дейдi А.Хамидов,- түгел дерлiк өзiнен тыс дүниеге жұмсайды… Осы материалдан ол өзiнiң нақты дүниесiн-мəдениет пен өркениет дүниесiн құрастырады. Батыс адамы дамудың кейiнгi сатыларында адмның жəне Планетаның өмiр сүруiне қауiп төндiретiн белгiлi бiр əрекет етушi монстр-Големге айнала алатын техника мен техналогияның т араған жүйесiн жасай алады”.(Шығыс жəне Батыс дүниелiк қатынас жəне дүниетаным. “Шаһар”,1993, 1,11бет).

Тауар өндiруге негiзделген индустриялық өркениет табиғат пен арпалысты. Əлем техникаландырылды…(өндiрушi жан) тек затқа ұмтылды, пайдалылық, табыс, байлық оның негiзгi ұрандарына айналды. Бiрақ еуропалық жаңа заман мəдениетi өзiнiң тар шеңберiнен шыға алмады. Əлеуметтiк жəне мемлекетаралық қатынастар шиеленiсiп кеттi. Революциялар мен қақтығыс-соғыс тар адамзатқа кесiрiн тигiздi. Индустриялық капиталистiк жүйе,-дейдi Н.А.Бердяев,-тек қана аса қуатты экономикалық даму болып қалмады, ол рухани құбылыс едi. Жаңа замандық капиталистiк өркениет Құдайды жоқ ете бастады, ол нағыз құдайсыз өркениет болып шықты” (На переломе.М.,1990,80-бет).








Жаңа заман өркениетi өз дамуында Реформация, Ағартушылық жəне Романтизм тəрiздi тарихи- мəдени сатылардан өттi. Жалпы алғанда Жаңа Заман мəдениетiнiң төмендегiдей айқын белгi бағдарларын атап өткен жөн: 1.Табиғат-субъектiнiң əрекетi бағытталған объект. Егер бұрын адам құдайға ақиқаттың абсолюттiк өлшеушi деп сенсе, ендi табиғат нағыз жоғарғы жəне ақырғы сот болды. “Табиғи адам”, “қоғамның табиғи жағдайлары” ұғымдарын ғалымдар жиi қолданды.2. Қоғамдық өмiрдiң шешушi саласы экономикаға, материалдық өндiрiске ауысты, “экономикалық адам” қалыптасты. Ғылымда алдыңғы қатарға жаратылыстану ғылымдары (механика, математика, физика, биология) шықты. Рационалдық жəне тəжiрибелiлiк тəсiлдердi дамытуға философтар үлкен көңiл бөлдi. 4.Салт-дəстүрлiк, дiни сананың орнын əлеуметтанулық жəне құқықтық принциптер ауыстырды. Азаматтық (заңға сүйенген) қоғам бiртiндеп нығая бастады. 5. Өнер, мəдениет, дiн ,əдебиетте утилитарлық бағыттар үстемдiк алды.





.





.

ХХ ғасыр мəдениетi. ХХ ғасыр адамзат тарихында өзiнiң ұлылығы мен əлеуметтiк дағдарыстары, ғылым мен техниканың керемет жетiстiктерi мен сұрапыл соғыстары, жарқын болашаққа нақтылы қадам басуымен жəне термоядорлық əзəзiл қаупiмен ерекше орын алады. Ғасырдың алғашқы жартысында адазат басынан өткiзген екi дүниежүзiлiк соғыс заманақыр жақын деген үрей туғызса, оның аяғына таман планетамызда парасаттылық пен iзгiлiк күше бастады. ХХ ғасырдың негiзгi сабағы “бiздiң бəрiмiз бiр ғарыш кемесiнiң-Жер деген планетаның жолаушылары” екенiмiздi түсiну, мұны айтқан ұлы гуманист Антуан Сент Экзюперий.

ХХ ғасырда өркениетi дамыған елдерде бүкiладамдық жаңа мəдени тип қалыптаса бастады. Ежелгi дүние мəдениетiндегi жазу-сызусыз алғашқы өркениеттерден басталған мұрагерлiк жалғаса келiп əбден толысып жетiлген өнер шыңына жеткен едi. Ал ендi экрандық мəдениет өмiрге келдi. Оған тарихилық негiз болып. Индустриялық қоғамның постиндустриялық тəртiпке, ал оның шығармашылық əлеуметтiк бiрлестiкке өтуi жүзеге асты. Постиндустриялық (яғни қазiргi) қоғам не iшемiз, не жеймiз, ненi киемiз, ненi тұтынамыз сияқты күнделiктi тауқыметтi түбегейлi шеше алды. Ендiгi мақсат биiгiне одан гөрi сапалық мiндеттер қойылып отыр. Зат өндiрудiң орнын адамдық, кəсiптiк, технологиялық қызметтер мен қатынастар мəселесi басты. ХХ ғасырда дүниетанымдық iлiмдердiң iшiнен этиканың алдыңғы қатарға шығуы бекер емес. А.Швейцер, А.Сахаров, Э.Фромм, Ж.П.Сартр т.б. ғұламалар гуманистiк шығармалары арқылы нарықтық экономикаға адамдық бейне беруге ат салысты.

Экрандық мəдениет туралы жаңсақ пiкiрдiң бiрi техникалық прогресс адамның рухани өмiрiне терiс əсер етiп, оны машинанын жай бiр тетiгiне айналдырып жiбередi деу. Бұл дұрыс емес. Мысалы Баспаханалық техника қаншама жоғары дамығанымен адам баласы жазуды ұымтқан жоқ. Экрандық мəдениеттiң ұтымды жағы оның ақпараттық берiлiстi тиiмдi етуiнде. Айталық, 6 дискiден тұратын оптикалық дискоблок 6 миллиард таңбаны есiне сақтай алады, ол 100 мың кiтаптың мазмұнымен пара-пар. Жалпы алғанда, ХХ ғасырда бүкiладамдық мəдениет болашаққа қарай батыл қадам жасады.