Қазақша реферат: Жамилә Шашкина өмірбаяны |
Жамилә Нұрмағанбетқызы Шашкина — С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ музыкалық драма театрының алғашқы актрисасы. Ол Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында 1914 жылы 2 қазанда дүниеге келген. Өзі туып-өскен Қарқаралы өңірінің сұлу табиғатынан, әнші-күйшілердің басы көп қосылатын жайлаудың ауасы мен суынан нәр алған Ж.Шашкинаға күйші әкесі мен әнші анасының өнері дарыған екен. Ата-анадан ерте айырылған ол орта мектептің 6 сыныбын бітірісімен 1932 жылы өндірісті қала Қарағандыдағы Тау-кен институтының даярлық курсына түседі. Бірақ әнші болуды армандаған жас қыз жастар арасында өткен байқауға қатысып, арнайы жүлдеге ие болады. Сол 1932 жылы Мәскеу қаласына жолдама алған ол Үлкен сахнада халық әні «Жалғыз аршаны» орындап, өзінің әншілік өнерімен тыңдаушысын тамсандырады. Осы Мәскеуге барған сапары оның жүрек түкпірінде тұншығып жатқан өнерді жарыққа шығаруға басты себеп болып еді. Жас қыздың талантын байқаған комсомол комитетінің хатшысы сол жылы өздерінің ықпалымен ұйымдасқан драма үйірмесіне өнер көрсетуге шакьірады. Осы театрда ол ең алғаш театр шымылдығын ашқан А.Шанин мен Қ.Байсейітовтің «Зәуре» пьесасындағы Зәуреден бастап Еңлік, Қаракөз бен Мөржан, Айман мен Шолпан, Қарлыға, Әйгерім, Назым, Жүзтайлақ, (М.Әуезов «Еңлік — Кебек», «Қаракөз», «Айман — Шолпан», «Қарақыпшақ Қобыланды», «Абай», «Сын сағатта», «Түнгі сарын»), Жібек, Баян (Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш — Баян сүлу»), Қүртқа (С.Камалов пен Е.Брусиловский «Ер Тарғын»), Бәтес (С.Мүқанов «Мөлдір махаббат»), Шәрбан (З.Шашкин «Ақын жүрегі»), ана (Б.Тәжібаев «Ана жүрегі»), Салиқа (Д.Исабеков «Мүрагерлер»), т.б. 400-ден аса әйел-аналармен бірге өмір сүрді. Төрт жүз образ -төрт жүз тағдырмен бетпе-бет келсе де сахнада мойымаған актриса ғасырға жуық ғұмырын тек үлттық өнерге ғана арнады.
Ж.Шашкина 1936 жылы Мәскеуге қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігіне барған сапарында «Жалбыр», «Қыз Жібек» қойылым-дарына қатысып, ән шырқайды. Сол жерде үлт зиялылары Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Шара Жиенқұлова, Күләш Бай-сейітовалардың өнерге қүштарлығы мен парасатын көріп, сахна өнеріне деген ықыласы одан әрі артқан ол сол жылы ГИТИС-тің вокалдық факультетіне қабылданады. Студияда оқып жүрген ке-зінде де Қыз Жібектің ариясын орындап, көпшілікті өзгеше даусымен таң қалдырған Ж.Шашкинаның Кіші театрдың белгілі ак-трисалары А.Тарасова, Степановалардың қайталанбас өнері өмір бойы көз алдында қалады.
1932 жылы әуесқой театр үйірмесі негізінде қаланып, 1937 жыл-дардан бастап кәсіби түрғыда дамыған музыкалық театр сахнасындағы спектакльдерде ариялар, партиялар, оркестр сүйемелдеуімен кейде жеке дауыста ән айту, опералық шығармаларды орындау көбінде Ж.Шашкинаға жүктелетін. Ол өзінің жағымды сопрано даусымен кейіпкерін ән арқылы, музыканың қүдіреті арқылы одан әрі жандандырып жіберетін. 1937 жылы Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына солист бо-лып орналасқан Ж.Шашкина 1938 жылы Қарағанды қаласындағы өзі іргетасын қаласып кеткен өнер ордасына қайта оралады. Содан бері 60 жылдан аса уақыт сахна өнерінің ыстығы мен суығына, қызығы мен қиындығына төтеп берген Жәмила Шашкинаның қазақ театры тарихында алар орны ерекше.
Ол лирикалық және драмалық кейіпкерлерінің жарқын өмір мен адал махаббаты үшін күресін бейнелеуде олардың ішкі дүниесін қатыгездікпен, зұлымдықпен салыстырып отырады. М.Әуезовтің «Еңлік — Кебек» трагедиясыңда Еңліктің бейнесін сомдаған Ж.Шаш-кина кейіпкерінің ең алдымен Кебекке деген махаббатын алға қойған. Сахнада нәзіктік пен батырлықты, ақыл мен қайратты қатар алып жүретін актриса «Барлық дүниені әйел махаббаты билейді» деген қағиданы негіз ете отырып, Еңлікті ұлы махаббаттың биігіне көтерген. Жүректен шыққан ән, шынайы сезімнен туындаған сүйіспеншілік Кеңгірбай, Есен, Еспембеттердің алдында Еңлік -Шашкинаны иілдірмейді, керісінше актриса қайраттана, рухтана түседі.
Жас кезіндегі М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясындағы Қара-гөзді феодалдық дәстүрге қарсы шыққан қыздардың жиынтық бей-несіне көтерсе, уақыт өте келе сол ата дәстүр шеңберінен шықпай, бүкіл бір рулы елді уысында үстаган Мөржан бейнесін айбарымен, адуынды қимылымен нанымды шығарған. Қарагөз — Шашкинаның Сырымға деген махаббаты атастырылған жары Наршаға кел-генде шарасыздыққа ұласса, Мөржан — Шашкинаның сол адал сезімге қарсылығы, бірбеткейлігі бүкіл бір рулы елді ықтырып еді. М.Әуезовтің классикалық шығармаларын жанына жақын тұтқан актриса сахнада жанып кететін. Өйткені бұлар — бүкіл қазақ халқының өмірін, дәстүрін, салт-ғұрпын реалистік тұрғыда суреттей-тін туындылар. Бойында қазақ халқының қаны қайнап, ұлттық тамыры тереңге жайылған мұндай біртуар дүниелер қандай өнер адамы үшін де сынақ. Сол сынаққа Ж.Шашкина өзінің табиғи та-лантымен, қажырлы еңбегімен төтеп берді.
Белгілі жазушы-драматург Зейін Шашкин өзінің «Ана жүрегі» пьесасындағы Шәрбан бейнесі арқылы қазақ әйелдерінің ақыл-па-расатын, мейірімін ашып берген. Шәрбан — ¥лы Отан соғысының майдангері, батыр-партизан әрі ақын Жүматтың ғашығы. Бірақ қулығы мен әдемі сөздеріне сеніп қалған ол Нәбиге жар бола-ды. Қандай жағдай болғанда да ойланып әрекет ететін Шәрбан -Шашкина қызы Нәзипа үшін неге болса да даяр. Актриса ойынын-да кейіпкердің ішкі күйзелісі, әсіресе кеудесіне қадалған оқтан асқынған жарақаты сыр беріп, психологиялық күйреген Жүматтың қүлап түскен кезінде анық көрінеді. Жедел операция жасауға қар-сы болған дәрігер күйеуі Нәбиге деген жиреніш сезімі актрисаның бет-жүзінде, ашына шыққан даусында байқалады. Ақын азаматты аман алып қалу ниеті, оның алдындағы Жұмат пен Шәрбанның сырласу, мүңдасу көріністеріндегі актрисаның әрбір сөзі сезімтал әйел жүрегінен шыгып, ақын жүрегіне шынайылығымен, тазалығымен жетіп жатты.
М.Әуезовтің «Айман — Шолпан» комедиясындағы Маман бай-дың кенже қызы Шолпанның табиғаты еркін әрі батыл болып өс-кен он баланың кенжесі Жамиланың характеріне сәйкес келген. Сол сияқты М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесасын-дағы батыл мінезді хан қызы Қарлыға да — актрисаның ішкі жан дүниесімен сабақтас келген кейіпкерлерінің бірі. Қарлыға — арман-шыл жас, ешкімге бас имейтін өткір. Ештеңеден жасқанбай еркін өскен Қарлыға — Шашкина кей кездері тәккаппар да. Сахнадағы шалт қимылы, Алшағыр, Бірсімбайларға қарсы айтылған әрбір сөзіндегі екпін осыны аңғартады. Қарлығаның ешкімді көзге ілмей-тін паңдықтан Қобыландыны көргеннен кейінгі көзқарасындағы, жүріс-түрысындағы өзгеру процесін Ж.Шашкина нанымды береді. Өзінің еріксіздігін, әке үкіміне тәуелді екенін сезгенде ашу қысқан Қарлыға — Шашкина батыл әрекет көрсетіп, іштей өз шешімін қабылдайды.
Аударма шығармалардан Таңқабике (М.Кәрім «Ай түтылған түн»), Толғанай (Ш.Айтматов «Ана — Жер ана»), Кручинина (Ос-тровский «Жазықсыз айыптылар»), Луиза (Шиллер «Зұлымдық пен махаббат»), Әсмиральдо (К.Гольдони «Екі мырзаға бір қызметші»), графиня (Лопе де Вега «Шөп қорыған ит»), сүт ана (Еврипид «Медея»), Мехменә бану (Н.Хикмет «Фархад — Шырын»), Люба (К.Тренев «Любовь Яровая»), Катя (Л.Леонов «Шапқыншылық»), Екатерина Лагутина (А.Афиногенов «Ана жүрегі»), т.б. кейіпкерлерді сомдауда Ж.Шашкина батыс-шығыс халықтарының өмір-түрмысын зерттеп, өзге ұлт әйелдерінің характерін өз бойына сіңіре білді.