Қазақша реферат: Жамбыл облыстық театры |

0






«Жамбыл қаласындағы қазақ драма театры ұлы Абайдың есімімен аталады. 1937-ші жылы колхоз-совхоз театры болып ұйымдасқан бұл коллектив өзінің ширек ғасырлық творчестволық жолын мерекелеп өтті» — деп жазады 1965-ші жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Облыстық қазақ театрлары» атты кітапта аталмыш тараудың авторы, белгілі театр сыншысы, марқұм Қажықұмар Қуандықов.Өкінішке қарай, аталған театрдың Абай есімін иемденуі жайында ел аузында екіұдай сөз жүр. Жергілікті зиялы қауымның да нақтылай айтар дэлелдері дәрменсіздеу сыңайлы. Біреулері ұлы шайыр есімінің театрға берілуін құптаса, екінші жағы ол жөніндегі ресми құжаттың жоқтығын алға көлденең тартады. Біз оған төрелік ете алмаспыз. Әйтсе де, бірыңғай шешімге келгеніміз өзімізге жақсы. Қайтсек те, Жамбыл облыстық драма театрының руханиятымыздағы қомақты орнын елеп-ескермей өте алмаймыз. Бір дерек көздерінде театрдың өмірге келу мезгілі 1936-шы жылдың қаңтарымен бедерленген. Десек-тағы, марқұм Қажықұмар ағамыз айтқан 1937-ші жылғы колхоз-совхоз театрының репертуарына көз салмай өте алмайды екенбіз. Орта оқу орындарының жанынан жасақталған драма үйірмелерінің театрлық дэрежеге иек артып, «Арқалық батыр», «Талтаңбайдың тәртібі», «Зәуре» сынды т.б. пьесалардың үзінділерін тамашалау — сол кездегі көрермен жүртшылық үшін едәуір мэдени қуаныш болғаны даусыз. Концерттік бағдарламалар да назардан тыс қалмаған. Қазақстанның облыстық драма театрларының көбінің өсу, ілгерілеу жолдары соғысқа дейінгі, соғыс кезеңіндегі, соғыстан кейінгі болып ылғи да бір-бірлерімен өзара үдсастық тауып жатады. Жамбыл театры да осы өмірбаяндар үрдісінен алыс емес. Әрине, шығармашылық-көркемдік деңгейлері түрғысынан әрқайсысы өз сапа-салмақтарымен, бояу-нақыштарымен өзгеше дараланады.

Әдетте, театрлардың кескін-келбеті, көркемдік бейнесі актерлік-режиссерлік мазмүнмен өрнектеліп, сәтті репертуардың арқасында ғана өз болашағын айқындай алмақ. Алғашқыда, шығармашылық түрғыда, осындай өз «сүрлеулерін салу сапарында Жамбыл театрының да аласапыран хал-күй кешкені мәлім. Мәселен, 1937-40-шы жылдар аралығында Р. Әбдрахманов, Ж. Арғынбаев секілді режиссерлердің басқаруында, актерлік құрамы жөнінде элі де болса әлжуаздау театр едәуір қиындықтарды бастан кешкен. Ж.Арғынбаевтың режиссерлік қолтаңбасы (өзінің дэрежесінде) актерлік ортаны біршама табыс биігіне көтергені байқалады. Театр өміріне енген осындай өзгерістер көп перделі драмалық және музыкалық қойылымдардың жарық көруіне мүрындық болған («Еңлік-Кебек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Шекарада», т.б.).Реалистік бағыттан ауытқып, натуралистік көріністерге де үрыну жағдайлары ұшырасқан. Режиссурада үсақ-түйек түрмыс-салттық белгілердің қүрсауында қальш қоюшылық белең алған. Соған қарамастан, актер шеберлігіндегі шынайылық, нанымдылық жолдарын қатаң талап ету мұқият жолға қойылған. Сол санаулы жылдарда өздерінің актерлік шеберліктерімен шындық әлеміне жақындай түскен Ш.Сәкиев, К.Сәкиева, М.Табанов, М.Жұмағұловтардың жастық жалындары барынша лаулай түскен еді.








1938-ші жылы Мэскеудің театр өнері институтын тэмамдап, Алматыдағы академиялық драматеатрында екі-үш жылдай актерлік тэжірибе арттырған Әубэкір Ордабаевтың режиссура саласында ширақтық танытуы жамбылдықтар үшін әжептәуір ғанибет болды. Ресей астанасында арнайы білім алған жас режиссердің классикалық шығармаларға деген көзқарасы оңды болды. А.Островскийдің «Мысыққа күнде той бола бермес» атты шығармасының сахнада жарық көруі осының айғағы. Қазақы қалыптан арылып, классикалық кейіпкерлердің пішініне ену актерлер үшін таптырмас мектеп болды. Аударма арқылы өзге жұрт өкілдерінің психологиясын, олардың эдет-ғүрпын, тыныс-тіршілігін барлау табиғи тұрғыдағы өсу, алға басу ізденістеріне айқын жол ашты. Соғыс басталған түстарда театрға Б.Лурье бас режиссерлікке бекітіліп, кезекші режиссерлік міндетін Ә.Ордабаев атқарды. Қан майданда қайсарлық танытқан хас батырлардың ерліктері мен өрліктерін баса көрсетер шығармалар ауадай қажет болды. Лурье мен Ордабаев ынтымағынан туған эпостық, тарихи төл пьесалармен қатар Батыс Еуропа қаламгерлерінің классикалық туындылары да назардан шет қалмады («Қобыланды», «Алдар көсе», «Жеңіс жыры», «Зұлымдық пен махаббат», «Екі мырзаға бір қызметші», т.б.). Әсіресе, «Қобыланды», «Зүлымдық пен махаббат» қойылымдары көрермен сүйіспеншілігіне бөленіп, режиссер Б.Лурьенің беделі көтеріліп, бас кейіпкерлерді нүсқалаушы Сэкиев, Нүрымова, Жүмағүлов, Табанов, Сэкиевалардың актерлік мүмкіндіктері эр қырларынан жарқырай түсті. Айта кетерлік бір жэйт, алғашқы спектакльге ұлы жазушы-драматург М.Әуезовтің өзі көрермен ретінде қатысқан.





.

Орындаушылардың актерлік техникасы олардың табиғи шеберліктерімен эдемі астасып, ансамбльдік түрғыда түтас бір өзара үйлесімділік көріністері пайда болған. Көп ұзамай, аталған екі режиссер де театрдан кетіп, олардың орнына Ғайни Хайруллина көркемдік жетекшілік қызметіне келді. Соғыстан кейінгі жылдар шығармашылық жағынан едәуір сүреңсіздеу болды. Көркемдік дэрежелері солғын қойылымдардың белең алғаны тарихи шындық. Театр қанша жерден Ә.Тэжібаев, Ш.Хүсайынов, А.Островский, Н.Гоголь, К.Симонов, Ә.Әбішев, Л.Леонов сияқты аттары белгілі авторлардың еңбектеріне қол созғандарымен , де пьесалардың сахналық шешімдері көп көңілінен тұрақты орындарын таба алмай жатты. Олардың репертуардан тиянақты орын еншілей алмағаны анық. Тек, өткен ғасырдың елуінші жылдарына қарай театр ұжымының өмірінде елеулі серпілістер болғанын аңдаймыз. Театр осы заман тақырыбынан басқа классикалық мүраға айналып үлгерген «Ер Тарғын», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» сияқты музыкалық дүниелерді жүртшылық назарына үсынғаны белгілі. Сөз реті келіп түрғанда, осы кезең суреттерін қалпында беру үшін сарабдал театр сыншысы, марқұм Қажықүмар Қуандықовтың мынадай пікірін еске ала кетейік: «Жалпы, облыстық театрлар сахнасында қойылып жүрген музыкалы спектакльдерге талдау жасау мүмкін емес. Біріншіден, жоғарыда аталған шығармаларды нағыз музыкалық спектакль етіп қоярлық театрдың мүмкіншіліктері жоқ. Мүнда даусы бар актерлер «арияларды» айтады да, даусы жоқтары тақпақтап өте шығады. Үш кісіден құралған оркестр, бір дауысты хор, төрт-бес адамнан би ансамблін күрайды. Бұл нағыз эуесқойлардың ісі. Шынын айту керек, бұл көркемөнердің қадыр-қасиетін түсіретін, халықтың көңілін қалдыратын шалағайлықтар. Дәрменсіздік хал. Бұл жай облыстық театрлардың көбінен-ақ байқалып отыр. Абай атындағы драма театрының музыкалы спектакльдерді қоятын мүмкіншіліктері жоқ». Міне, элеуетті сыншы осылай депті. Кесікті сөз. Уәжі шындыққа жанасады.

1962-ші жылы театр үжымының жиырма бес жылдығына орай қойылған К.Гольдони, В.Маяковский, Н.Гоголь, М.Хасенов, Д.Хиямов сынды авторлардың таңдаулы пьесалары сахнада жарық көрді. Бұл пьесалар негізінде қойылған сахналық дүниелерде талай бір актерлердің орындаушылық шеберліктері жарқырай танылды. Әсіресе, режиссерлер Б.Лурье мен Ә.Мэмбетов әр кезеңдерде (1943, 1957) қойған «Екі мырзаға бір қызметщі» комедиясында Труфальдино бейнесін кемеліне келтіре кескіндеген Ш.Сәкиевтің жасындай жарқылдағаны театр тарихынан мәлім. Қобыланды, Бекежан, Ақылбек секілді т.б. қазақы болмыстың нұрынан эрленген ірі кейіпкерлерді тамаша кейіптеп, аталған театрдың дамуына өлшеусіз үлес қосқан алып актер Ш.Сәкиев фрухының алдында эркез бас иеміз. Ғажап актердің өмірі мен өнері жайлы жазылған қарт театртанушы Я.Шынәсілов ағамыздың зерттеу кітабын жас ұрпақ өкілдері әманда зор күрметпен қолдарына алады. Шэріпбай ағаның көзін көріп, қолын алғанымызды ылғи да мақтан, түтамыз. Арқалы, әлеуетті сахнагер еді. Абыз актер-тін. Сахна шындығын жанымен түсінген хас шебер еді.






.

Осы жылдарда Шәріпбай Сәкиев сынды сахна тарланымен тізе түйістіре серіктес болған М.Табанов, Қ.Қайсабаев, А.Ниязбекова, Қ.Ыбыраева, Ж.Шүленбаев, М.Салықов жэне т.б. актерлердің еңбектері аса зор еді. В.Маяковскийдің қаламынан туған «Қандала» пьесасы (қазақ тіліне аударған Е.Бөкетов) да қазақ көрермендеріне үғынықты дүние болып шықты. Өйткені, проблема ортақ. Қойылым режиссері Мен-Дон-Ук қиялының үшқырлығы көрермен жан-дүниесін түгелдей баурап алған еді десек, театр тарихы алдында өтірік айтпағандығымыз. Нағыз сахна сатирасын қүлай түсінген қазақ көрермендері тоғышарлық тұрмысқа лағнет айтқандай болды. Топас та өзімшіл бас кейіпкер Присыпкиннің ролін актер М.Салықов асқан шеберлікпен ойнап шыққан. Режиссер Мен-Дон-Ук аталмыш сатиралық комедияны Атыраудың М.Өтемісов атындағы театр сахнасына да ғажап қоя білді. Бас ролді табиғи қалпында келістіре нұсқалаған Шапай Зүлхаштың да актерлік күй-қүдіреті элі күнге дейін жадымызда.

Иә, режиссерлердің жиі ауысуы, театрдың жас артистер-мен толығу процесінің самарқаулығы қай театрларға да тән кемістіктер. Бүл олқылықтардан Жамбыл театрының да шет қалмағанын байқаймыз. «Театрмен бірге жасасып келе жатқан Ш.Сэкиев, Е.Ыбыраев, Г.Батырғалиева, М.Ерғалиев, А.Ружевалар шын талант, өнер иелері. Осылардың өкшесін басып, серіктесіп жүрген А.Ниязбекова, Қ.Қайсабаев, М.Салықов, О.Әбділмановтар театрдың бүгінгі күші, жетекші артистері. Бірақ, осы аталған актерлер күшімен театрды бүгінгі талапқа сай биікке көтеру мүмкін емес. Театрда талантты жастар жоқтың қасы. Театр үжымы өзінің актерлік қүрамын толықтырып, режиссерлік жұмысты жақсартулары керек. Басты осы екі мақсат орындалмайынша, театр үлкен өнер жасай алмайды» («Облыстық қазақ театрлары», 1965-ші жыл, «Ғылым баспасы», 347-бет), — деп мазасызданыпты сезімтал да сергек сыншы Қ.Қуандықов сонау өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында. Сарабдал сыншының осынау пікіріне уақтылы жауап бергісі келгендей-ақ, театр ұжымының шығармашылық деңгейін көтеруге А.Оңалбаев, РШарафутдинова, А.Тоқпанов, М.Байсеркенов, Ж.Омаров, А.Сэлімбаев, Е.Оразымбетов, Ә.Құлданов, О.Кенебаев, Қ.Қасымов сынды бас режиссерлер эр жылдарда зор үлес қосып, өздерінің» шығармашылық қарымдылықтарын көрсетті. Осылардың арасында 1972-76-шы жылдарда театрдың көркемдік жағын жемісті басқарған қазіргі Қазақстанның халық артисі, профессор Маман Байсеркеновтың шығармашылық ізденістері ерекше болды. М.Шолоховтың «Тынық Дон» атты екі бөлімді психологиялық драмасын аса сапалы етіп, эпопеялық нұсқада сахнаға сәтті қоя білген ізденгіш режиссер қолтаңбасы қазақ көрермендерін эстетикалық қуанышқа бөледі. «Түлен түрткен тіленші», «Қазақ солдаты», «Қайдасың, Зәрина?», «Көктөбедегі кездесу», «Аңсаған менің әнімсің» атты пьесаларды әсерлі сахналап, зор шабыт биігінен көрінген М.Байсеркеновтың ойлы, мазмұнды, мағыналы қиял-толғаулары қазақ театр тарихының шежірелі шоқтығын белгілі бір биікке көтере түсті. Оннан астам көркем қойылымдардың кестелі галереясын жасап үлгерген режиссер тындырымдылығы оның Алматы театрларының сахналарынан көрінуіне даңғыл жол ашты. Ол бір тегеурінді кілкін жас актерлер тобын тэрбиелеп өсірді. Ә.Әмзеев, Г.Өскенбаева, Ә. Дүйсекенова, М. Рахымжанова, М. Бақытжанов, Ш. Жәменкеева, марқұмдар М.Сатқанбаев, Ү. Нұржанов сынды т.б. сахна иелерінің есімдері, бұл күнде республикамызға кеңінен таныс.





.

Қазақстанның халық артисі, профессор Ерғали Оразымбетов те, кезінде «Буэнос-Айрестегі кездесу», «Гамлет», «Арбаң аман болсын» (1980-87-ші жылдарда) секілді көптеген қойылымдардың бағын ашып, театр ұжымы республикалық эр түрлі байқаулардың жүлдегерлері атанды. Сондай-ақ, М. Әлімбетова, Ж. Әйтпенбетов, С. Мұқышев, Г. Қыпшақова, Ж. Әбдіқадыров, Ж. Әлімбетова іспетті талантты актерлер легі де табысты еңбектенуде. Бас режиссер Оразхан Кенебаев қойған «Қобыланды» спектаклі де М.Әуезовтің жүз жылдығына арналған Алматы шэһарында өткен республикалық фестивальде бас жүлдені қанжығасына байлаған-тын. Театр үжымы сан рет сол кезгі астанамыз — Алматыда гастрольдік сапармен болып, республика өңірін түгелдей дерлік аралап шықты. Көршілес елдер көрермендерін де өз табыстарымен әрқалай қуантып келді. Өзінің шығармашылық ғұмырында төрт жүзге тарта қойылымдар түзіп, ел-жұрттың сүранысын қанағаттандырып келе жатқан байырғы ұжымның көп жылдарғы шығармашылық тізгіні талантты, ойлы режиссер Қуандық Қасымовтың уысында болып келді. Өкінішке қарай, Қ.Қасымов соңғы уақыттарда еркін шығармашылық жұмыстарымен айналысуда. Еңбекқор режиссердің жетекшілігімен Қазақстанның, Қырғызстанның театр фестивальдерінде көзге оқшау түсіп жүрген аталмыш театрдың шығармашылық ахуалы қашанда айтуға тұрарлық.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!