Қазақша реферат: Зейнетақымен қамсыздандыру, оның құқықтық негіздері туралы қазақша реферат

0

Әлеуметтік қамтамасыз етуде зейнетақымен қамсыздандыру ерекше орын алады. Бір жағынан зейнетақы кедейлікті азайтуға және кедкйшілікті болдырмауға, яғни кірісітің ең төменгі кепілдік берілген деңгейін қамтамсыз етуге бағытталуға тиіс. Екінші жағынан зейнетақы жоғалған жалақыны өтеуге және зейнетақыны ауыстырудың барабар жеке коэфициентін қамтамасыз етуге арналған.
Елдегі реформалау нәтижесінде аралас зейнетақы жүйесі құрылды. Жарты миллионнан астам зейнеткерлер зейнетақы төлемдерімен ортақ негізде қамтамасыз етілуде.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматына жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшеріне, жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. Қазақстан Республикасындағы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтік негізі «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Респубилкасы Заңымен (бұдан әрі – Заң) анықталған.
Заңға сәйкес Конституцияға сай Республика азаматтарына мемлекеттік базалық зейнетақы төлемi Орталықтан және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемі, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуына қарамастан жүзеге асырылады. Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа жеткен кезде асыраушысынан айырылу жағдайына және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақылар азаматтардың тiлегi бойынша Қазақстан Республикасы заѕнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiмен ауыстырылуы мүмкiн. Азаматтарға осы Заңда белгiленген жағдайлар туған ретте Орталықтан зейнетақы төлемдерiн алу құқығына кепiлдiк берiлгені Заңмен анықталған. Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдерi толық көлемiнде Заңда белгiленген жасқа толғанда:
1. еркектерге — 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 25 жыл еңбек стажы болғанда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан еркектерге қызметiнен босатылған кезiнен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi қызметi осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледi;
2. әйелдерге — 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 20 жыл еңбек стажы болғанда және Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан әйелдерге қызметiнен босатылған кезiнен бастап тағайындалады. Бұл ретте Заңның 60-бабының 2) тармағында аталған адамдар үшiн еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi қызметi осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледi.
Жасына байланысты зейнетақының толық емес көлемдегi төлемдерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтарда болған еңбек стажына бара-бар үлес ретiнде есептеледi.
Мемлекет алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының алушының зейнетақы төлемдерiн алу құқығы кезiндегi инфляция деңгейiн ecкepe отырып, iс жүзiнде енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.
Орталықтан зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және қайтыс болған айына қоса төленедi.
Заңда Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын есептеу, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу тәртібі, Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау мен жүзеге асыру және олардан ұстау тәртібі, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі, олардың есебі мен есептілігі, зейнетақы жинақтарының құпиялары белгіленген.
Жыл сайын зейнетақы көтерілуде және соңғы жылдары зейнетақы төлемдерінің нақты өсімі тұтынушылар бағасының индексінің өсуіне өзып түсті. Индексациялаудан басқа, 2003 жылы зейнетақыны саралап өсіру жүзеге асырылады. Бірінші маусымнан бастап 1055,0 мың адамның зейнетақысы өсіріліп, ең төменгі зейнетақы мөлшерін алатын зейнеткерлер саны қысқарды, ал 450 мыңнан астам адам ең жоғары зейнетақы мөлшерін ала бастады. Нәтижесінде 2004 жылғы қаңтарда ең төменгі зейнетақы мөлшері 5800 теңгені, ал орташа зейнетақы мөлшері 8335 теңгені құрады.
Алайда, зейнетақыны саралап өсіруді барынша оң өзгерту барлық мәселелерді шешкен жоқ. Ең бастысы – зейнетақымен қамсыздандыру деңгейі салыстырмалы төмен деңгейде қалып отыр.
1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақы жалпы ауруы салдарынан мүгедектігі бойынша мүгедектігі болған уақытқа дейін еңбек стажы болғанда, еңбекақысы ескеріле отырып; ал еңбекте мертігуінен немесе кәсіби ауруынан еңбек стажына қарамастан, бірақ еңбекақысы ескеріле отырып тағайындалады.