Қазақша реферат: Ыдырыс Ноғайбаев өмірбаяны |

0






Сахналық өнер туындысының көркемдік қадірқасиетін уақыт өткен сайын реңін түсірмей, өзіндік ерекшеліктерінің қаймағын бүзбай көз алдыңа елестету қиын қүбылыс. Белинскийдің «Сахналық өнер рақымсыз… қас қағым сәттің өнері…» деуі де осыдан. Мүндайда саған көмекке келіп, «үмытылған» дүниеңнің сипатын тануға жол ашатын бірденбір шарт сол туындыны жасаған шебердің шығармалық қүдіреті мен қайталанбас даралығы. Бұл түлға даралығы мен шығармалық, адамдық пен артистік негізі түтас, соған қоса ой мен дарынды көркемдік мақсатқа бағындыра білетін суреткерге ғана тән ерекшелік. Өмірден кеше өткен, бүгіндері алпыстың асуынан асқан Ыдырыс Ноғайбав осындай дарқан дарындылар қатарына жатады.
М.Горькийдің «Тоғышарлар» мен «Егор Булычев және басқалар» атты пьесаларының негізінде қойылған екі спектакльдегі орталық кейіпкерлер Тетерев пен Булычев рөлдерін ойнаған арықша келген, сүңғақ бойлы, аққүба жігіт Ыдырыс Ноғайбаев ерекше көзге түсті. Сахнаға лайық бітімболмысы, саңқылдаған ашық дауысы, іштен тасып шығатын қызуқандылық бәрі де жас актер шабытына қанат бітіріп, ол сонау екі дәуірдің тоғысқан түсындағы жандардың ішкі қайшылықтарын ашып, жанды бейнелерін жасады. Осы шәкірттік қойылымда әлемдік драматургиядағы күрделі кейіпкерлердің санатына қосылған Егор Булычевтың бейнесін жасау арқылы Ыдырыстың қиындығы мен қызығы мол, айналасы отыз бес жылмен жинақталған сахналық сапары басталды. Сол түстагы еліміздің әйгілі сахна шеберлері әрі білікті үстазпрофессорлар И.М.Раевский мен Н.С.Плотниковтен алған тәлімтәрбиесі мен біліміне Ыдырыстың табиғи дарыны қосылып, оны жүре келе, уақыт өткізіп барып актер болудың ұзын сонар соқпағына түсірмей, сахна шығармашылығының бірден биік белесінен бастау сәті бүйырды. Өнердегі жолын осылай ірі де кесек бейнелерді кескіндеумен бастаған ол, өмірінің соңына дейін сол белестен төмендемей, көркемдік бағытынан айнымай кетті. Оның сахнада шынығып, адамдық әрі шығармалық келбетінің қалыптасуына, көркемдік мақсатының орныға түсуіне өзінің үздіксіз ізденуімен бірге, үлттық театрдың іргесін қаласқан өнер тарландарымен серіктес болуы да көп септігін тигізді.
Актер қаншама қабілетті болғанмен, режиссердің қызметіне тәуелді екені белгілі. Бүл жағынан келгенде де, Ыдырыс жүлдызы жарқырап, жолы болғандардың қатарында. Біліміне тәжірибесі сай, режиссура тарланбоздарының бірі Моисей Исаакович Гольдблат жалғыз Ы.Ноғайбаев қана емес, талай майталмандардың шеберліктерінің ашылуына, өзіндік даралығының қалыптасуына мол еңбек сіңірген шебер режиссер болған.
Оның орындаушылық шеберлігінің шырқау биікке көтерілуі жоғарыда аталған режиссерлердің қойылымдары мен санқилы спектакльдерді сахнаға шығарған басқа да режиссерлердің Ы.Ноғайбаев өнерін жылдам танып, оны күрделі рөлдерге салуы нәтижесінде мүмкін болғаны театр жүртшылығына белгілі. Актер шеберлігінің дер кезінде қалыптасып, тынымсыз ізденіс пен еңбектің жануына демеу болған жәйттер осылар. Әрине, мүнан Ы.Ноғайбаевтың шығармалық қабілеті оңай қалыптасты деген ой тумайды. Ол өткен актерлік жолдың сайраган даңғылынан басқа, бұралаң бүлтағы мен бүдыры, талай қиындықтарға соқтырған соқпағы да жеткілікті.
Алғашқы қадамын классикалық пьесаларда ойнаудан бастаған Ы.Ноғайбаев бөгде кейіпкерлер рөлін ойнау шеберлік шыңдаудың таптырмайтын мектебі деп үқты. Көп нәрселерді оқуга, саралауға, қиялдауға, қысқасы, ізденіске амалсыз апаратын мүндай рөлдерді ойнауға ол жантәнімен кірісетін. Төл драматургия кейіпкерлерімен бірге, актер репертуарында басқа халықтардың күрделі характерлерінің жиі кездесуі осы ниеттен туған. Өзге үлт өкілінің психологиялық толғанысын, ішкі қайшылығын, әлеуметтік сипатын, өзгенің адамдық болмысын суреттеу күрделі дайындықтар арқылы актерлік шеңбер мен алымаяны, шеберлікті кеңейтетінін ол өте жақсы үқты. Оның осы бір нысаналы ойын режиссерлер де қостағандай, аударма пьесалардағы кейбір мықты рөлдер Ыдырыстың сыбағасына тиіп отырды. Март Туйск, Агабо, Горький, Дик, Отелло, Петруччио, Теодоро, Барклей… рөлдері қандай актерлердің болса да шығармалық бағын ашатын әр түрлі үлт драматургтерінің әр заманда жазған санқилы, алуан сырлы бейнелері. Осылардың бәрі де Ы.Ноғайбаевтың ойынында өзіне тән ерекшеліктерімен суреттеу тапты. Бүларды әр актердің әр түрлі ойнауы заңды күбылыс. Осыларға Ыдырыс берген ойтүсінік, сахналық сурет, ішкі әрекеттерін анықтау, бояубедерлерін табу тіпті басқаша болды. Бүлардың ішінен бүгінгі көрермен қауымға жыға таныс болмаса да, әстон жазушысы Ә.Раннеттің «Адасқан үл» спектакліндегі кезінде актер жасаған Март Туйск бейнесі түтас шыққан сахналық түлға ретінде бөліп айтуға түрарлық. Ыдырыс үшін шығармалық белестің бір асуы іспеттес болған бүл рөл, оның өткір де оқыс әрекетке күрылған бейнесін жинақты пайымдауға, ішкі тасқын мен қызулықты көркемдік өлшеммен қолдануға баулыды.
Ы.Ноғайбаев алданып торыққан адамның қайшылықты жеңіп, болашағына сенген қайратты да қажырлы, батыл да тәкаппар бейнесін жасаған. Және бір қызығы актердің сахналық сапарын бастаған М.Горькийдің «Егор Булычевындағы» Булычев пен осы Март Туйск арасында іштей өзіндік бір үқсастық бар. Бүл ерекшелік актер ойынында еркін сезіледі. Шындық үшін саяси тартысқа түскен ірі түлғаларда мүндай күбылыстың кездесуі көбіне типтік жағдайдан туады.
Ы.Ноғайбаев театрға келген маусымда қойылған Назым Хикметтің «ФархадШырын» (аударған Ә.Тәжібаев) спектаклінде адам баласының биік санасына ой салатын, ірі қадамдар жасауға, кесек әрекеттерге баруға түрткі болатын күбылыстарды екшей алатын, философиялық толғанысқа түсе алатын қабілетін танытты. Ол жасаған Фархад махаббат қасиетін терең үққан, елі мен халқын сүйетін, оның тағдыры үшін күресе алатын романтикалық серпіні мол жан болып бейнеленген. Ы.Ноғайбаевтың ойтүжырымында Фархад жігері жалын атқан романтикалық қаһарманға тән кесек қимыл, еркін әрекетке бейім. Он саусағынан өнер тамған шебер, елжұртын жұттан құтқарып, тауцы тесіп, тасты қопарған Фархад бейнесінде Ы.Ноғайбаевтың суреттеуінде халықтық сипат мол. Бұл ерекшелік жалпы актер ойының желісінен, режиссер қисынын тауып қарастырған мизансценалардан айқын сезіледі.
Ы.Ноғайбаев мұнан кейінгі жылдары әлемдік және ұлттық классикалық дүниелердің негізінде қойылған, театр тарихында елеулі орын алған спектакльдерде көркемдік шоқтығы биік күрделі сахналық бейнелер жасады. Бүлар, сонымен бірге, оның актерлік өнерінің даралығын әрі қалыптасқанын анықтаған туындылар. Солардың ішінде әлемдік драматургияның биік шыңы Шекспирдің «Отеллосы» мен «Асауға түсауындағы» Отелло мен Петруччио, Лопе де Веганың «Шөп қорыған итіндегі» Теодоро рөлдерін ойнап, өзінен бүрын өткен шеберлер жолын қайталамай, басқаша жалғастыруы, өзіне ғана тән орындаушылық өнерімен келуі актер даралығының сипатын айқындай түсетін қүбылыс.
Әр актердің рөл үстіндегі жүмыс тәсілдері әр қилы. Ы.Ноғайбаев рөлдің негізгі дәнін іздейді. Әуелі бейнені талдап, бөлшектеп таратып алады да, әр бөлшектің типтік сипатын қарастырады. Пьесаның әдеби һәм сахналық ерекшелігін танып алуды актер өз жүмысының басты шарты деп санайды. «Мүнсыз ізденіске қадам басу мүмкін емес», дейді ол. Ыдырыс, рөлдің ерекшелігін бүлжытпай танытатын шартты іздейді, соған қарай қимылқозғалысын табады. Қол сермеу, жүрістүрыс, дауыс ырғағыүні, бет әлпетіндегі өзгерістер, әдет, киім т.б. кейіпкерлердің ерекшеліктерін ашатын детальдарды өз бойына шақтап, жүмыс процесінде де, бос уақытында іштей қарастырып жүреді.
¥лттық драматургияға келгенде Ы.Ноғайбаевтың шырқау биігі болып саналатын М.Әуезовтің «Еңлік Кебегіндегі» Есен, «Қарақыпшақ Қобыландыдағы» Қобыланды, «Абайындағы» Абай, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш Баян сұлуындағы» Қарабай, Ш.Айтматовтың повесі бойынша қойылған «Ана Жер анадағы» Сыбанкүл, Ә.Нүрпейісовтің «Қан мен тер» романы бойынша қойылған спектакльдегі Қален, Қ.Мүхамеджановтың «Жат еліндегі» Қүрбан және басқа толып жатқан сан алуан кейіпкерлердің қайталанбас бейнелерін сомдады. Бүлар шынайы актерлік жүмыстың, өнерге деген үлкен сүйіспеншіліктің үлгісі болумен бірге, Ы.Ноғайбаевтың өзінің рөлдеріне, қала берді түтас қойылымға бүгінгі талап биігінен, бүгінгі театр әстетикасының талабынан келуінің де анық айғағы бола алады.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!