Қазақша реферат: XVIII ғасырдың бірінші жартысы мен XIX ғасырдағы әскери-педагогикалық ой-пікірлер

0






XVIII ғасырда әскери-педагогикалық ой-пікірлердің дамуы үшін қолайлы жағдай пайда болды. Бұл үрдістің басталуы орыс армиясында жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеудің тұрақты жүйесінің үлгісі болған «үлгілеу» полкына қойылды.
Ресейдің өзбетінділігі мен мемлекеттілігін нығайту, байырғы жерлерін қайтару мен теңізге шығуды қамтамасыз ету мақсатында I Петр тұрақты армия мен флот құрды. Оларды жинақтау үшін сол уақыттағы жаңа, алдыңғы қатарлы рекруттық жүйе енгізілді. Батыс Еуропа мемлекеттеріндегі армияның жалдамалылармен салыстырғанда, ол орыс армиясы мен флотын ұлттық-бірыңғай солдаттар мен матростар құрамымен қамтамасыз етіп, оларды мақсатты түрде оқыту мен тәрбиелеуге мүмкіндік берді.
Солтүстік соғыстың басталуымен ұрыстық қимылдың қоры-тындылары жауынгерлерді оқытудың тәсілдері мен ретін, оларда патриоттық рухты тәрбиелеуге қолұшын берді. Орыс армиясының далалық ұрысқа психологиялық дайын еместігің жауынгерлерді тәрбиелеу мен тактикалық оқытудың кемшіліктерін ашып көрсеткен Нарвтағы жеңілістен кейің тәжірибелік оқыту мен оның қолданбалы бағытын жетілдіру жоспары бойынша әскерді дайындау үрдісі түбегейлі өзгерді. Сол кездегі бұйрық бойынша қайта жасақталған орыс полктарына соғысқа кіруге, тек олар жауларынан көп болса іана рұқсат етілді. Әскерлер шайқас барысында тәжірибеде ұрыстық қимылдарды жүргізуге үйретілді, ал олардың жеңісі жауынгерлердің рухын көтерді. Солтүстік соғыс жылдарында әскери-педагогикалық машықтану өзінің дамуында бірталай алға жылжыды: далалық тактикалық оқыту мазмұны жасалды; бағыныштыларын оқыту мен тәрбиелеу бойынша командирлердің міндеттері нақтыланды; жас рекруттар мен кәрі солдаттарды дифференциалды оқытудың қажеттілігі көрсетілді; ұрыстық дайындықтың үздіксіздігі негізделді; оның басты мақсаты — «ұрыста қалай қимыл жасауға» оқыту жасалды.
Армия мен флотты ұйымдастыру, ондағы тәртіп, оқыту мен тәрбиелеудің бірыңғай жүйесімен қамтамасыз ету үшін әскери жарғы мен нұсқаулар жасалды және өмірге енгізілді. Бұның барлығы 1716 жылы әскери Жарғы және 1720 жылы теңіз Жарғысын жасаумен аяқталды.
Әскери оқытудың барлық жүйесі әскерді соғыста жеңуге дайын-дауға бағытталған. «Ұрысқа құрылым» нұсқаулығында солдатты «ұрыста қандай қимыл жасау оқытуға жататыны» белгіленген. Оқытудың негізін саптық, ұрыстық және тактикалық дайындық құрайды. Жарғылар мен нұсқаулар солдаттарды «дәл және тез атуға», «адал көздеуге», найзаласу тәсілдеріне, қоян-қолтық ұрысқа, шабуылдау шеберлігіне, қорғаныста ұрыс жүргізуге, маневр жасауға оқытуды талап етті.
Оқытуға бірізділік пен жүйелілік енгізілді. Ол жеке және біріккен дайындыққа бөлінді. Жарғылар үлкен солдаттарды кіші солдаттардан бөлек оқытуды талап етті. Бұл кезеңде алғаш рет ұрыстағы сияқты жағдай тудыратын далалық тактикалық машықтану, екі жақты маневр өткізіле бастады.
Офицерлер мен солдаттарды тәрбиелеу Отанды қорғау мен мемлекеттің мүддесі идеясына, әскери міндет пен абырой идеясына, туға адалдыққа негізделді. Бұл бірқатар құжаттарда, сондай-ақ, әскери ант пен Полтава шайқасының алдындағы әскерге I Петрдің жолдауынан өз орнын тапты. Офицерлер мен солдаттар тудың алдында «барлығында адал, шың тілалғыш, батыр солдатқа сай әрекет жасауға» салтанатты түрде уәде берді.
Әскерде рет пен тәртіпті ұстап тұруға баса назар аударылды. Солдаттардан тілалғыш, орындаушы, өз бөлімінен өз бетімен ажырамау, қаруын үнемі дайын қалыпта ұстау талап етілді. Жарғы талаптарың мінез-құлық ережесін және жауапкершілігін игеру мақсатында апта сайынғы рет, кейде жиі-жиі әскери артикул полктың барлық жеке құрамының алдында оқылды.
Армия мен флотта тәрбиелік мақсатта мадақтау қолданылды: атағы мен қызметін жоғарылату, төс белгілермен, медальдармен марапаттау, ақшалай сыйлық беру кеңінен қолданылды.
Жарғылар офицерлерді талап қоюшылыққа, әскери тәртіп пен ретті бұзушыларды қатаң жазалауға міндеттеді. Жиі қатал жазалар қолданылды: өлім жазасы мен ұрып-соғу жазасы қолданылды. Мысалы, матростар үшін басы түйінделген төрт өрімді қамшы қолданылса, солдаттар шыбыртқы, дүремен жазаланды. Жас солдаттар мен матростар кінәлары үшін жазаны үлкен солдаттарға қарағанда аз тартты, өйткені олар қызметті аз біледі.
Әскери жарғылар бастықтарды бағыныштыларына жоғары талап қоюға және оларға қамқор болуға міндеттеді.
Жеке қүрамды оқыту мен тәрбиелеу жүйесін тәжірибеге ендіруді қамтамасыз ететін әскердің жоғары дайындығы мен басқа да шаралар орыс армиясы мен флотына Оолтүстік соғыста өздерінен күшті жауын жеңуге мүмкіндік берді.
Бүл кезде тәрбиенің адамгершілік (құдайдан қорқуға сену) және әскери (басшы мен Отанға берілу) аспектілерінің өзіндік дамуы орын алды. I Петрлік армияның тәжірибелік және тәрбиелік әрекетінің өзіндік қағидалық айырмашылығы болды. Егер еуропалық әскерде «таяқтық» тәртіп болса, Ресейде адамгершілікке мән берілді. Әскери-оқу мекемелерін құра отырып және ұлттық офицер мамандарды дайындаудың негізінде, I Петр армиядағы офицердің рөлі мәселелерің солдаттарды оқыту мен тәрбиелеу бойынша негізгі қүрылымды енгізе отырып, жаңадан қойды.
I Петрлік кезеңде Ресейдегі әскери-педагогикалық ой-пікірлердің төмендегідей жағымды беталыстары пайда болды:
оқытудың мазмұны, ұйымдастырушылығы және әдістемесі тарихи дәстүрге, орыс халқының ұлттық және психологиялық ерекшеліктеріне және олардың тиісті құжаттарға құқықтық бекітілуі негізінде жасалды;
орыс әскерлерінің тарихи дәстүрлері мен ұлттық ерекшелік-терін ескере отырып шетелдік әскери пікірлерді белсенді қолданды;
әскерді оқытуда ұрыстық қимылдың қорытындысын машықтандыруда ескерді;
әскердің ерекшелігін ескере отырып офицерлік құрамды дайындауда жекелік қатынасты игерді;
әскери-педагогикалық бағыттың категориялық аппаратын қалыптастырды және оны әскери басшылар жауынгерлерді оқытуда белсенді қолданды, т. б.
I Петр қайтыс болғаннан кейің XVIII ғасырдың 30-40 жылдарында орыс армиясын дайындаудағы ілгерілеушілікті жағымсыз бағыт басып кетті. Уақытша басшылармен (Остерманмең Минихпең Биронмен және т. б.) дайындалған жаңа жарғылар мен нұсқаулар I Петрлік талаппен салыстырғанда солдаттардың дайындығын төмендетті. Ол жеке тұлғалық, ұлттық сипатын жоғалтты. Жауынгерлерді қызметке дайындау бағытында, олардың бастамашылық көрсетуін болдырмайтын тік бағыт басталды.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!