Қазақша реферат: Ұздаздық әдеп |

0






Осы жоғарыда келтірілген мақсаттарды орындау үшін ұстаз, соның ішінде бастауыш сынып мұғалімдері жан-жақты, білімді, әдепті болуы керек.
Ұстаздың ерекшеліктері, қасиеттері де біртұтастықты құрайды да жалпы педагогикалық процестің бір құрамды бөлігі болып табылады. Әдеп — ұстаздың бір ерекше қасиеті. Әсіресе бастауыш сынып мұғалімі өте өдепті болуы керек. Себебі жас бұлдіршіндердің жаны таза, пәк, сенгіш келеді. Әдептің орысшасы «такт», латыншасы «тактус». Ол арабтың сыпайылық, ізеттілік деген сөзіне келеді. Біз мұны қазір әдептілік деп алып жүрміз.
Сонымен «Әдептілік — белгілі моральдық нормалар мен принциптерді бүлжытпай орындау. Егер моральдық қормалар мен принциптер кісінің бойына сіңсе, ол адамдардың әдептілік қасиеті, не әдептілік сезімі болып саналады. Әдептілік — өте қажетті қасиет, сезім мүшелерінің негізгі белгісі» (Қазақ Совет энциклопедиясы. — Алматы, 1973. — 2 т. 22 6.).








Көптеген оқулықтарда педагогикалық әдеп әр түрлі мағынада беріледі. Мысалы, Т.А. Ильина «Педагогикалық әдеп (Біз ұстаздық әдеп деп алып отырмыз) — мұғалімнің аса бағалы педагогтік қасиеті, бүл қасиет оған педагогикалық әсер ету қүралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын білдіру шамасын корсетеді, ең алдымен оқушылардың психологиясын терең біліп, түсінуге негізделеді», — дейді (Педагогика. — Алматы: Мектеп, 1977. -194 6.).
Айтмамбетова Б. Р. Бейсенбаева А.А.: «Педагогтік өдеп, кең мағынасында педагогикалық процесте әрбір оқу-тәрбие мәселесін шешуде, жеке адамдармен не коллективпен қарым-қатынас жасауда көрінетін көсіптік сапа», — дейді (Совет мектебінің мұғалімі. — Алматы, 1991.). Синица И.Е. «Педагогтік әдеп және ұстаздың шеберлік» деген еңбегінде: «Педагогтік әдеп — мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі. Қай-қай мамандықтың да белгілі бір айрықша белгісі болатынын өздеріңіз де білесіздер. Ол белгілі адамның үйреншікті өдісінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байңалуы мүмкін. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен, оның педагогтік әдісіне жатады. Әнші үшін үн, ал мүғалім үшін педагогтік өдеп сондай қажет», — дейді (- Алматы, 1987. — 10 б.).

Ұстаздың әдеп жай ғана сыпайылың білдіру емес, ол шығармашылық ақыл-ой әрекеті, мәдени мінез-құлықтың, саналы іс-әрекеттің, білімділік пен іскерліктің жиынтығы. Ұстаздың әрбір қадамында, баламен арақатынасында сезгіштік, байқампаздық, салмаңтылың, ұстамдылық, ілтипаттылың, кешірімділік, талап қоя білу, адамға сенім арту, ынталы-ықыласты болу, талас-тартыс туған жағдайда әділдік, адалдық көрсету, бала жүрегіне жол таба білу, оны тыңдай білу, түсіне білу ұстаздық әдептілік белгілеріне жатады. Бүгінгі күні үстаздарға қойылатын талаптың бірі -оның өзі тарапынан оқушымен, ата-аналармен, әріптестерімен демократиялық, гуманитарлық тұрғысында қарым-қатынас жасау арқылы ұстаздың ынтымақтастықты жүзеге асыра білу. Мүның бәрі үстаздың өдепті сақтауды талап етеді.

Сонымен әдеп — адамдардың өзара жаңсы қарым-қатынас жасауына қажетті жағдай жасау. Әдепті адамдарға басқаларға барынша жақсылық жасауды, қуаныш әкелуді тілеп түруы тән. Басқа адамдармен қарым-қатынаста әдепті адам, өзін сақ жөне сергек сезінуі керек. Ол ұжымда артық сөзімен, жеңілтек мінезімен ешкімнің көңіл-күйін бұзбауы тиіс. Әдепсіз адамдар біреуге жақсылық жасай отырып та, оның жанын жараңаттауы мүмкін. Әдептен алыс ұстаздар шәкірттеріне де, қызметтес әріптестеріне де, ата-аналарға да аз күйініш әкелмейді. Әдепсіздік үстаз бен шөкірттердің арасында кикілжің туғызып, өсек-аяңға апарып, ұжымның берекесін алып, моральдық-психологиялық ахуалды бұзады. «Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді» дейді қазақ мүндай жағдайда.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!