Қазақша реферат: Ұлпалардағы биоэлектрлік құбылыс |

0






Қозу нәтижесінде әртүрлі энергия бөлінеді. Солардың арасында электрлік өзгерістер маңызды орын алады. Оларды зерттеу арқылы ұлпалардағы қозу процесінің құпиялары жайлы мағлұматтар жинап, қозудың дамуы жайлы теорияны негіздеуге, ұлпалар мен органдардың функционалдық жағдайын анықтау тәсілдерін жетілдіруге болады. Ұлпалардағы биоэлектрлік кұбылыстарды зерттейтін физиология ғылымының арнаулы салаларының бірі — электрофизиология негізі XVIII-ғасырдың соңғы он жылында қаланды. Осы кезеңге дейін тек қана кейбір балық түрлерінің (электрлі жайын, электрлі жыланбалық, электрлі жұпбалық — скат) арнаулы органында электр зарядтары орын алатыны белгілі болған. Бұл «жануарлар электрі» болары жайлы жалғыз ғана дэлел болатын. Ал Италия ғалымы Л. Гальвани 1791 жылы тәжірибе жүзінде кез келген жануарлар үлпасында электр тогы пайда болатынын дәлелдеді. Ол бақаның жүйке-ет препаратының жүйкесі мен бұлшық еттерін екі түрлі металдар арқылы тізбектеп жалғастырғанда бұлшық еттің жиырылатынын аңғарған. Осы құбылыстың себебін ұлпаларда туындайтын электр тоғының әсерімен түсіндіріп, 1791 жылы Гальвани «Ет әрекеті кезіндегі электрлік күш жайлы трактат» деген еңбегін жариялаған. Гальванидің бұл тәжірибесі оның отандасы физик А. Вольта тұрғысынан пікірталас туғызады. Вольта бұл құбылыстың себебін қасиеті әртүрлі екі металдан (темір мен мыстан) құралған тізбекте тұрақты токтың пайда болуымен түсіндірді. Оның пікірінше бұл тәжірибеде препарат тек өткізгіш — электролит қызметін атқарған. Бұл пікірсайыста физик жеңіп шыққан.













.

Кейінірек (1794 жылы) Гальвани тәжірибені металдарсыз қайталаған. Бұл нұсқада бұлшық еттің бір жері жарақаттанып, оған шонданай жүйкесі шыны түтікше көмегімен препараттың зақымдалмаған және зақымдалған жеріне тиетіндей етіп асыра тасталған. Жүйке етпен жанасқан кезде ет дірілдеп, жиырылып отырған. Бірақ ғалымның бұл тәжірибесіне көңіл онша бөлінбеді де, оның жануарлар электрі жайлы идеясы ұмыт қалды. Тарихи шындық бұл екі ғалымның да пікірінің дұрыстығын көрсетті. Л. Гальвани тірі ұлпаға электрлік белсенділік тән екенін дәлелдеп, биоэлектрлік құбылыс жайлы ілімнің негізін салушы ретінде танылса,, А. Вольта «метал электрін» зерттеу үстінде дүниежүзінде алғаш рет тұрақты ток көзін тауып, электротехника ғылымы дамуының жаңа дәуірін ашты. Тек 1837 жылы Л. Гальванидің шэкірті К. Матеуччи ұстазының екінші тәжірибесін сіңірсіз бүлшық етпен қайталап, физик Вольтаның қарсы пікірлерінің негізсіз екенін нақтылы түрде дэлелдеп шықты. Оның 1838 жылы қозу кезінде электр потенциалы туындайтынын дэлелдейтін екінші тәжірибесі (цайталай жырылу) тіпті, үлкен әсер тудырды. Бұл тәжірибеде екі жүйке-ет препараты дайындалады да, олардың біріншісінің жүйкесі электр тогы көзімен жалғасқан электродтар үстіне орналастырылады, ал екіншісінің жүйкесі — бірінші препарат етінің үстіне тасталынады. Бірінші препарат жүйкесін тітіркендіргенде екі бұлшық ет те жиырылады. Бұл құбылысты ғалым бірінші препаратта пайда болған әрекет тогының әсерімен түсіндірген.

Гальвани мен Матеуччи тәжірибелері электрофизиологияның негізін салды. Физиологияның бұл саласын дамытуда неміс ғалымы Дюбуа-Реймон да зор еңбек сіңірді. Тілшікті гальванометр көмегімен Гальванидің екінші, Матеуччидің бірінші тәжірибесіне талдау жасай келе, ол бұлшық еттің зақымданған және зақымданбаған учаскелері арасында потенциалдар айырмасы пайда болатынын анықтады. Дюбуа-Рейман тәжірибелерімен еттің зақымданған учаскесінде «теріс», зақымданбаған учаскесінде — «оң» заряд пайда болатыны дәлелденді. Бұл токты ол «тыныштық тогы» деп атады. Кейінірек оның шэкірті Л. Герман бұл токты «жарацат тогы» деп атауды үсынды. Бірақ соңғы зерттеулер бүл атаудың сэтті еместігін, оның үлпалардағы электрлік құбылыстың биологиялық табиғатын толық ашпайтынын көрсетті. Қазіргі кезде ұлпалардағы токтың бұл түрін тыныштық потенциалы деп атайды. Осыдан кейін Дюба-Реймон Матеуччидің екінші тәжірибесіне гальванометрлік талдама жасап, ұлпаның қозған учаскесінде «теріс» заряд пайда болып, қозбаған учаскесінде — «оң» заряд сақталатынын дәлелдеді. Токтың бүл түрін ол «әрекет тогы» деп атады. Қазіргі кезде оны әрекет потенциалы дейді.





.

XIX ғасырдың соңында және XX ғасырдың басында барлық тірі үлпаларда электр потенциалдары пайда болатыны дәлелденді және оның туындау механизмдеріне талдама жасалды. Электрофизиологияның дамуына орыс ғалымдары да зор үлес қосты. Тіпті, 1875 жылы В. Я. Данилевский ит миының әрекет тогын жазып алуға талпынған. Сәл кейінірек И. М. Сеченов гальванометр көмегімен бақа сопақша миының эрекет тогын жазды. Н. Е. Введенский телефон аппаратын қолданып, жүйке жүйесі қызметіне ырғақтық сипат тән екенін ашты. Басқа орыс физиологы А. Ф. Самойлов тілшікті гальванометр көмегімен жүрек биотогын жазып, Ресейде электрокардиография эдісінің негізін салды, ал 1912 жылы Киев физиологы В. В. Правдич-Неминский сау адам миының биотогын (ЭЭГ) жазған.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!