Қазақша реферат: Үй құстарының көбею ерекшеліктері |
Үй құстарының көбею ерекшеліктері. Қалыпты жағдайда мекиендерде тек сол жақ аналық без бен сол жүмыртқалық жол дамиды. Эмбриондық даму кезеңінде оң жақ без бен жұмыртқалық жол да қалыптасады, бірақ олар жетілмей қалады. Аналық без әртүрлі даму сатысындағы фолликулалар жиынтығы болып табылады да, сырт жағынан жүзім шоғырына ұқсайды. Мысалы, тауықтың аналық безінде 500-ден 3500-ге фолликулалар кездеседі.
Аналық без екі қабат қабықпен (эпителийлік және дәнекер ұлпалық) қапталады. Фолликулалар дэнекер үлпалық түлғада орналасады да, эпителийлік торшалармен қоршалған ооциттерден тұрадьі. Жыныстық жетілу кезінде және жәмыртқалар алдында аналық безде сарыуыз пайда болады. Фолликулалық эпителий әртүрлі химиялық құрамды липопротеид массасын түзеді, осымен байланысты жұмыртқаның сарыуызында ақшыл және сары қабаттар пайда болады. Жетілген сарыуыз пішіні жағынан шарға ұқсас. Оның сәл қысыңқы беткейінде диаметрі 1-2 мм шамасында ақ дақ — ұрық табақшасы (шын мәнісіндегі аналық торша) орналасады.
Аналық безде жетілу үстіндегі сарыуыз екі қабықпен қапталады. Оның ішкісі — сарыуыздық қабық. Ол сарыуызды толық қоршай орналасқан, өте жұқа, бір қабат торшалардан тұратын құрылым. Екінші сыртқы қабық — көп қабатты, тығызырақ құрылым. Ол ерекше байлам арқылы аналық без ұлпасын сарыуызбен байланыстырады. Қабықтың сырт жағында жетілген сарыуыз үзіліп түскенде пайда болатын сопақша бозғылт түсті жолақ түрінде тыртық — стигма болады. Сарыуыз жетілгеннен соң фолликула қабығы стигма түсында үзіледі де, сарыуыз жүмыртқалық жолдың шанағына түседі. Сарыуыз толығымен 14 күн ішінде пайда болады. Аналық бездің фолликулалық қабығы сарыуыз бөлінгеннен соң солады да, соңынан толығымен сорылып кетеді. Құстарға тән ерекшеліктің бірі — жарылған фолликулалар орнында сары дененің пайда болмауы. Құстың жұмыртқалық жолы шажырқайға ілініп тұрған түтікше түрінде болады. Ол шанақ, белоктық бөлік, мойнақ, жатыр және қынап бөлімдеріне бөлінеді. Оның алдыңғы бөлігі аналық бездің астында шанақ бейнесінде ашылады да, арт жағы саңғуырға (клоакоға) жалғасады. Жыныстық жетілуден соң жұмыртқалық жол кеңиді. Оның жалпы массасы тауықтарда 50 г, ұзындығы 15-60 см, ал диаметрі 6 см шамасында.
Жұмыртқаның пайда болуы. Жетілген сарыуыз фолликуладан шығып, жұмыртқалық жолға түскеннен соң, жұмыртқа белогы түзіліп, жинақталады, жұмыртқа қабықтары мен қауыз жасалады, жұмыртқа (тұқым) пайда болады. Аналық безде ұрықтанып үлгермеген сарыуыз жүмыртқалық жол шанағына түскеннен соң осы жерде үрықтанады. Шанақтан аналық торшалы сарыуыз 15-20 минут ішінде өтеді. Егер аналық торша аналық безде немесе жұмыртқалық жол шанағында ұрықтанып үлгермесе, ол жыныс, жолдарының басқа бөліктерінде ұрықтанбайды. Мұндай жұмыртқа ұрықтанбаған күйінде қалады. Қоразбен бір рет шағылысқан мекиендер ұзақ мерзім бойына (тауық 20-25 күн) ұрықтанған жүмыртқа жұмыртқалайды. Дегенмен, шағылысудан 8-12 күннен кейін жұмыртқаның ұрықтануы күрт төмендейді.
Жұмыртқалық жол қабырғасы еттерінің әрекетімен сарыуыз шанақтан жұмыртқалық жолдың белоктық бөлігіне өтеді де, оның бойымен өз осінде айнала жылжиды. Оған осы құрылым қабырғасындағы етті-эпителийлі қатпаршаның спираль түрінде орналасуы себепші болады. Жұмыртқалық жолдың белоктық бөлігінде жүмыртқа белогының негізгі бөлігі түзіледі. Алдымен сарыуыз бетіне жүмыртқалық жол бездерінен бөлінген белоктың тығыз жіптері жабысады да, олардың бұралуы нәтижесінде сарыуыздың қарама-қарсы өрістерінде өрімдер пайда болады. Олар соңынан сарыуызды жұмыртқаның ортасында ұстауға мүмкіндік береді. Сарыуыз айналасында белоктың тығыз қабаты орналасады. Одан сыртқары белоктың қоймалжың және сүйық қабаттары жатады. Жүмыртқалық жол мойнағында қауыз астарлық және белоктық қабықтар мен сүйық белоктың біраз мөлшері пайда болады. Жатырда жұмыртқа белогы ісініп, қауыз түзіледі.
Жұмыртқалық жолдың белоктық бөлігімен жүмыртқа 3 сағат жылжиды, мойнақтан 1 сағатта өтеді, ал жатырда 19 сағат аялдайды. Жалпы жұмыртқа 23-27 сағат ішінде пайда болады. Тауық кейде тэулігіне екі рет те жүмыртқалайды, бірақ мүндай жағдай сирек кездеседі. Көбінесе, тауық тәулігіне немесе екі тәулікте бір рет жұмыртқалайды. Құсты дұрыс азықтандырмаса, онда ол 5-6 тәулікте бір рет жұмыртқалауы мүмкін. Құс жұмыртқалағанда жұмыртқалық жол байламдары босап, қынап тесігі саңғуырға қарай томпая шығып, айналшыққа (анусқа) жақындайды да, жұмыртқа саңғуырға түспей, сыртқа шығады. Үй құстары белгілі айналыммен жүмыртқалайды. Бір маусымда немесе бір жылда бірнеше лек (серия) мен интервал кездеседі. Лек деп құс үзбей жұмыртқалаған күн санын айтады. Одан кейін 1-2 күн үзіліс (интервал) байқалады да, серия қайта басталады. Серия мен интервалды жұмыртқалау айналымы деп атайды. Аталық құс жыныс органдары аталық безден (ен), ен қосалқысынан, шәует шығару өзектерінен және жыныстық қатынас мүшесінен тұрады. Ен — бұршақ пішіндес, құрсақ қуысында, бүйректің алдыңғы бөлігінің маңында орналасатын орган. Оның мөлшері кұстың жасына, азықтандыру деңгейіне, жыл мерзіміне, т.б. факторларға байланысты өзгеріп отырады. Сперматогенез күшейген кезде орыстың ақ тұқымының қораздарында еннің массасы 17-19 г жетсе, тыныштық маусымдарында 3-5 г шамасында боладъқАта қаз енінің салмағы маусым айында 39 г болса, желтоқсанда 2,5 г дейін төмендейді.
Аталық жыныс торшалары мен аталық жыныс гормондары еннің иірімді түтікшелерінде түзіледі. Одан жетілген спермийлер нашар дамыған ен қосалқысына, содан соң ш2уеттік жолға түседі. Шэуеттік жол омыртқаға параллель несеп түтігімен қатар жатады. Жыныстық қатынас кезінде аталық мүшенің болмауына байланысты (ол тек кежек пен ата қазда болады) ұрғашы құс қынабы қимылының арқасында шәует тікелей жұмыртқалық жол жатырына түседі. Құстарда сперматогенез көктем мен жаз мезгілдерінде күшейеді. Шағылысқаннан соң спермийлер жыныстық жолдың әртүрлі бөлімдерінде 10-12 күн бойына ұрықтандырғыш қабілетін сақтайды. Екі гамета қосылғаннан кейін хромосомалардың толық жиынтығымен сипатталатын ұрықтанған торша (зигота) пайда болады. Жаңа шыққан жүмыртқада үрық гаструланың (ұрықтың қосқабатты даму сатысы) алғашқы сатысында сақталады. Сыртқы орта температурасының төмендігімен байланысты жұмыртқадағы ұрықтың дамуы уақытша тоқтайды. Егер жүмыртқа қолайлы жылылық пен дымқылдыққа тап болса, үрықтың дамуы эрі қарай жалғасады.
Эмбрионның даму кезеңі (инкубация кезеңі) құстарда әртүрлі: тауықта ол 21 күн, үйректе, күрке тауықта — 28 күн, қазда — 31 күн. Күрке тауықта аналық торша ұрықтанбай-ақ партеногенездік бөліну нәтижесінде дамуы мүмкін. Құстардың жыныс бездерінің қызметі нейрогуморальдық бақылауда болады. Көбею мүшелері симпатикалық жэне парасимпатикалық жүйкелермен жүйкеленеді, демек оларға орталық жүйке жүйесі осы вегетативтік жүйкелер арқылы әсер етеді. Жұмыртқалау процесін реттеуде гуморальдық факторлар маңызды рөл атқарады. Ол гипофиздің, аналық бездің, қалқанша бездің және басқа ішкі секреция бездерінің қатынасуымен жүреді. Аналық без қызметін реттеуде гипофиздің гонадотроптық гормондарының маңызы зор. Фолликуланы жандандырушы гормон аналық торшаның дамып жетілуін, ал лютеиндеуші гормон овуляция процесін реттейді. Өз кезегінде бүл гормондардың бөліну қарқыны жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Реттеу тетіктерінің үйлесімді эрекеттерінің арқасында сарыуыз жұмыртқалық жолдың белоктық бөлігінде болған кезеңде келесі овуляция процесі жүрмейді. Жүмыртқа жүмыртқалық жол мойнағынан өткенде пайда болған тітіркеністің орталық жүйке жүйесіне, гиоталамуске жэне гипофизге еткен эсерінің салдарынан келесі овуляция басталады. Аналық безде жұмыртқалық жол қызметін реттейтін стероидты гормондар түзіледі. Аналық без гормондары сонымен қатар жұмыртқалық жолдың кілегейлі қабығының эпителийлік торшаларының қызметін реттеп, оның бездерінің дамуын жақсартады. Бұл процестерде андрогендер де маңызды рөл атқарады.
Құстың жұмыртқалағыш қабілетіне күннің үзақтығы күшті ықпал етеді. Жарық көру органы арқылы эпифиз бен гипоталамус-гипофиздік жүйе қызметі күшейеді де, гипофизден бөлінген гонадотроптық гормондар жыныс бездерінің эрекетін жандандырады. Құстың жұмыртқалағыштығын арттыруда оларды дұрыс және тиімді азықтандырудың да маңызы зор. Жұмыртқалау кезеңінде құстарда зат алмасу процесінің қарқыны жоғарылайды, организм шығыны артады. Химиялық талдауларға қарағанда, жұмыртқаның кұрамы өте күрделі. Онда 65,5% су, 11,9% белок, 9,3% липидтер, 0,9% көмірсулар, 0,9% минеральды заттар (қауызда — 11,5) болады. Егер салмағы 1,8 кг тауық жылына орташа массасы 56 г. 240 жұмыртқа жұмыртқаласа, онда ол жалпы алғанда 13,4 кг жұмыртқа массасын, оның ішінде 1600 г кұнарлы белок, 1250 г май, 125 г көмірсу өндіреді. Бір жылда қауыз құрамымен тауық 600 г немесе өз салмағының 1/3 шамасында кальций жоғалтады. Жалпы алғанда, тауық жыл бойына жүмыртқамен өз салмағынан 8 есе артық әртүрлі құнарлы заттар бөледі және өз массасымен шамалас жұмыртқа белогын өндіреді. Массасының эр өлшеміне шаққанда тауық жыл бойына 0,9 бөлік жұмыртқа белогын өндірсе, сиыр — 0,23 бөлік сүт белогын өндіреді. Жұмыртқа құрамында барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары, әртүрлі макро-жэне микроэлементтер болады. Жоғарыда баяндалған жайлар кұстарды дұрыс азықтандыру мэселелеріне баса көңіл бөлуді қажет етеді. Құстар азық құрамында қажетті мөлшерде қоректік заттар қабылдау керек. Сонымен қатар олар қабылдаған қоректік заттар жеңіл қорытылып, оңай сіңетін күйде болғаны жөн. Жыл маусымының кейбір кездерінде құс организмінде зат алмасу процесі күрт өзгереді. Мысалы, жыныстық белсенділік артқан маусымдарда қораздарда газ алмасу күшейеді. Мекиенмен салыстырғанда, қоразда зат алмасу 20-30 пайызға жоғары болады. Жұмыртқалау маусымы алдында мекиендер бауыры үлкейіп, оның белок түзу қабілеті артады.