Қазақша реферат: Туристік қызметтерді сату және сатып алу

0






Туристің туристік фирмамен қарым-қатынасы туристік жолдаманы алумен аяқталады туристік өнімді алуды нақтылайтын құжат — туриске берілуі тиіс турға құқықтың болуы. Туристік жолдама — қызмет бағдарламасының төлемін, трасса мен жол бағытын, жарамдылық мерзімін, бағасын жэне т.б. туристік өнімді беру фактісін растайтын құжат. Туристік фирма туристермен келесі жүмысты атқарады:
— туристерге үсыныс немесе туристік-экскурсиялық қыз-меттің туристік топтарға арналған нақты жиынтығы;
— жолдама алу үшін клиенттерден ақша қаражаттарын алу;
— тиісті ұйымдарға орналастыру, экскурсиялық қызмет үшін ақша қаражаттарының аударымы.
Туристің жэне туристік фирманың келісімдік қатынасы са-тушы (орындаушы) мен сатып алушының (тапсырыс беруші) қатынасы ретінде. Сонымен қатар туристік фирмадан алынатын «өнімнің» ерекше сипаттамасын бөліп көрсетуге болады. Онымен келісімдік қатынас орната отырып турист өзіне қажет қызметтердің жиынтығына қол жеткізе алады.
Фирма эдетте туриспен тікелей келісімдік қатынаста емес, бірақ бағыттаушы туристік фирмамен келісімдік қатынастағы басқа да фирмалармен іске асырылатын нақты жерде нақты уақытта алу қүқығын қамтитын қызметтерді ұсынады.
Бағыттаушы фирманың өзінен турист нақты көрсетілетін қызметтер үшін кепілдік алады. Осындай қүқықтардың жиынтығы туристік фирма қызметінің «соңғы» өнімін қамтитын, сәйкесінше оның сату құралы болып табылатын жолдамада көрсетіледі. Соңғы уақыгга нормативтік құжаттар туристке сатуға арналған туристік өнімнің турға қүқығын анықтайды.
Туристік қызмет — туроператорлық, турагенттік және басқа да саяхаттау ұйымдары қызметінің түрлері.
Турды ұйымдастырушы — бүл қызметінің негізгі бағытын, бағыттарды жасау және жоспарлау, жеке немесе топтық туристер үшін қызметтер пакетін өңдейтін фирма.
Туризмді үйымдастырушылаға туризм саласында кәсіп-орынның екі түрін жатқызуымызға болды: туроператор және туристік агенттік, негізінен олар туристік қызмет көрсетпейді, тек қызметті өндіруші мен түтынушы арасындағы делдалдық қызметті атқарады. Өз кезегінде олардың қызметі де — қызмет көрсету.
Туроператорлық қызмет — жаппай туристік саяхаттар үшін жаппай турларды өндеуге бағытталған, ал коммерциялық сатылымда бұл көтерме сатылым болып жіктеледі. Туроператорлық қызмет — бұл лицензия негізінде заңды түлғамен немесе жеке кәсіпкермен (туроператорлармен) іске асырылатын туристік өнімді өткізу және жылжыту бойьшша қалыптасу қызметі.
Туристік қызмет — бұл әдетте заңды тұлғамен лицензия негізінде немесе жеке кәсіпкермен (турагенттермен) іске асырылатын туристік өнімді өткізу жэне жылжыту қызметі.
«Өткізу» термині екіжақты мағынаға ие:
а) сату,
ә) орындау.
Классикалық сызба бойынша туроператорлар қызметі ары қарай өнімді аудан жэне аймақ бойынша жергілікті туристік агенттіктер арқылы сататын туристік агент-көтере сатушыларға туристік өнімді көтерме бағамен сатуды жүзеге асырады. Тұтынушы-турист меншігіндегі турларды бөлшек бағамен сатуды туристік агенттіктер жүзеге асырады, туроператорлар турдың бөлшек сатылымын іске асыратын, туристерге қызмет көрсетумен айналысып қана қоймай, агенттіктің барлықжүмысын үйлестіретін болып табылады.
Туристік агенттік (турагент, туристік агент) турды тұтынушыларға — турист немесе корпоративтік клиенттерге және жеке-дара туристік қызметтерді бөлшектеп сатуды іске асырады. Тура-гент — турұйымдастырушылармен жасалған келісімшарт негізінде туристік қызметті сатушы фирма. Оны туроператорлармен немесе көтере сатушы туристік агенттікпен қаржы саласындағы өзара эрекет ету мен есеп айырысудың түрлі формаларын, тіпті жауапкершілікті қандай да бір деңгейде қайта бөлуді қарастыруы мүмкін агент қызметін көрсету шарты байланыстырады. Сатушы ретінде, егер тек оның қызметі агент қызметін көрсету шартымен жасалса, турагенттің туристік өнім үшін жауапкершілігі шектеулі болады. Сататын агенттіктер де бар:
а) жеке қызметтер;
э) туроператорлар алған туристік пакеттер;
б) тек пакетте көрсетілмеген, мысалы жеке туристер үшін. Туристік қызмет тәжірибесінде туристерді қабылдау немесе
қайтару жөнінде жүмысты атқаратындар туроператорлар және турагенттер болып бөлінеді. Қабылдау жэне қайтару ішкі және халықаралық туристерге қатысты іске асырылады. Саяхатты жа-сау және экскурсия барысында топты басқаратын жетекшінің, экскурсовод жэне гид-аудармашылардың қызметіне қажеттілік туындайды (турменеджерлер). Олардың қызметі ретінде саяхатгы жасау барысында, келу еліндегі туристік ресурстарға экскурсия-лау бойынша туристерге таныстыру негізінде кэсіби дайындалған жеке түлғаның қызметі түсініледі. Туристік ресурстарға жататындар: табиғи, тарихи, әлеуметтік-мәдени объектілер (табиғи саябақтар, қорықтар, архитектуралық ғимараттар, ансамбльдер, тарихи және мәдени ескерткіііітер, театрлар, мүражайлар, спорттық ғимараттар жэне т.б), яғни туристердің рухани қажеттілігін қанағаттандыратын, физикалық күшін нығайтуға жэне қайта қалпына келтіруге септігін тигізетін ресурстар.
Осылайша туристік қызметті көрсету және тұтынуға келесі субъектілер қатысады: турист (сатып алушы); бөлшек сатушы-турагент; көтерме сатушы және турды дайындаушы (ұйымдастырушы) — туроператор; сонымен қатар туроператорлар конт-рагенттеріне — орналастыру, тамақтандыру, экскурсиялық, сақтандыру қызметтері, виза мен шетелдік төлқүжаттарды жасаумен байланысты, билетті сатып алу немесе брондау жэне басқадай тур қүрамына кіретін жеке қызметті орындайтын жэне ұсынатын кәсіпорындар жэне компанияларды жатқызмыз. Туристік қызметті эзірлеп, орындап және ұсынып жүрген бір субъектінің жоғарыда аталған қызметтердің бірнешеуін қатар атқаруына рұқсат етіледі. Сатушы мен контрагенттер ұсынылатын туристік қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы бойынша турист алдында жауапкершілікте болады.
Турөнімді өткізудің көтерме және бөлшек түрі ажыратыла-ды. Көтерме өткізу делдалдық келісімшартпен іске асырылады, тапсырыс — келісімшарт немесе агенттік келісімдер түрінде бо-лады. Туроператор келісімшарт түрі бойынша сенімді түлға болып саналады. Соңғы түтынушы — туристке турөнімнің бөлшек сатылымы — сату-сатып алу келісімшарты бойынша іске асырылады.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!