Қазақша реферат: Тұлғаның кәсіби қалыптасуы |

0

Тұлғаның кәсіби қалыптасуы – әрбір адамның балалық шағынан бастап тұлғалық кезеңге дейінгі алған білімі мен тәрбиесінің негізінде, жалпы қоғам мойындаған қағидалар мен заңдылықтарға сай қалыптасуы. Ендеше, тұлғаның қалыптасуы әр адамда әртүрлі жолдармен және ықпалдардың әсерінен жүзеге асады деген сөз. Демек, толық әрі нақты тұлғаның кәсіби қалыптасуының формуласы жоқ. Солай болған күннің өзінде барлық адамды байланыстыратын, олардың тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін ортақ факторлардың бар екенін естен шығармауымыз керек.

Психологтардың мәліметтеріне сүйенсек, тұлғаның кәсіби қалыптасуының бастау алуы оның жас өспірімділік кезеңінен бастау алады. Бұл аралық баршамызға «ауыспалы кезең» (переходной возраст) деген атаумен танымал.  Бұл аралық – адамның жас өспірімдік санамен қоғамды, айналасындағы ортаны қабылдау, өзінше бағалау уақыты. Ой өрісі мен көзқарасының қалыптасу кезеңі. Осы тұрғыдан барлық адамдардың қалыптасуында бұл кезеңде ортақ ерекшеліктер мен қағидалар бар.

Жасөспірімдік жас – адам өміріндегі жеткіншектік пен ересектіктің арасындағы кезең. Жастың биохимиялық, физиологиялық және морфологиялық мәселелері бойынша жұмыс жасайтын мамандардың қабылдауымен жасөспірімдік жас ұл балалар үшін 17-21 жас, қыз балалар үщін 16-20 жас аралығы белгіленді [3].

Жасөспірімдік жастың шекараларын анықтауда психологтардың пікірі бір жерден шықпайды. Мысалы, Батыс психологиясында бірден жасөспірімдікті жеткіншектік кезеңмен бір жас периодына қосу тән, ол батыста ересектену (adolescence) периоды деп аталады. Оның мәні балалық шақтан ересектікке өту дегенді білдіріп, жас шекаралары 12-14 жастан 25 жасқа дейін созыла беруі мүмкін. Отандық психологияда жасөспірімдік кезеңді адамның, тұлғаның және индивидуалдылықтың дамуындағы дербес кезең ретінде қарастыру қабылданған. И.С.Конның анықтауы бойынша жасөспірімдік жастың шекаралары 14-18 жас аралығында орналасады. Дегенмен бұл кезеңді көбінесе 15-17 аралығымен шектеу кейде кездесіп жатады, сонда жасөспірімдік факт түрінде жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушыларының жас периодымен сәйкес келеді. Бұл дегеніміз, тұлғаның кәсіби қалыптасуы осы жас аралығында бастау алады.

Жасөспірімдік жаста негізінен ағзаның физикалық дамуы, жыныстық толысуы аяқталады, дененің өсу темпі баяулайды, жұмысқа қабілеттілік және бұлшықет күштері айтарлықтай өсе түседі, тканьдардың және мүшелердің функционалды дамуы және қалыптасуы аяқтала бастайды.

Жасөспірімдік жас тарихи тұрғыдан алғанда өте кеш қалыптасатын кезең; оның қажет екендігі күрделенумен айтылып отырады, жекелеп айтқанда технологиялық, әлеуметтік өмірдің және қазіргі заманғы қоғамның жасөспірімдерге қоятын талаптарымен байланысты күрделенулер. Осының салдарынан жасөспірімдік жас толығымен тұрақтанған болып табылмайды, 15-17 жастағы адамдар бір елдің тұрғындары болса да, әрқайсысында дамудың әлеуметтік жағдайы әр түрліше өтуі мүмкін. Сонымен қатар физикалық, физиологиялық, психикалық және әлеуметтік толысулардың барлық адамда бір ағынмен жүрмейтінін ескерсек, адамдардың дамуындағы бұл маңызды этапты сипаттау және зерттеу қиынға түседі.

Жасөспірімдік жасты зерттеу XIX-ғасырдың аяғынан басталған, ол кезде алғашында қоғамның жоғарғы қабатындағы жасөспірімдер өкілдері зерттелген. Нәтижесінде XIX-ғасырдың аяғы мен XX-ғасырдың басында ішкі кризистің периоды болып табылатын жасөспірімділіктің романтикалық моделі алға шықты, оған сезімдердің оянуын да жатқызуымызға болады. XX-ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап жағдай бірден өзгерді: Э. Шпрангердің, М.М.Рубинштейннің, М. Мидтің, Л.С. Выготскийдің еңбектерінен кейін, ал кейіннен Б. Заззо мен басқаларынан кейін этномәдениеттік және әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды тіркемей, жасөспірімдік жасты талдау мүмкін болмай кетті.

Жасөспірімдік жастағы дамудың әлеуметтік жағдайы туралы атап айтатын мәселе: осы кезеңдегі жасөспірімдер дербес өмірге кірудің алғашқы кезеңдерін басынан өткізе бастайды. Жеткіншектік жастан жасөспірімдік жасқа өту ішкі позициялардың бірден өзгеруімен байланысты, болашаққа деген ұмтылыс тұлғаның басты бағыты болғанда, мамандық, өмірлік жол таңдау мәселелері «аффективті орталыққа» айналады (Л.И. Божович) (Э.Эриксон), содан кейін жеткіншектің барлық іс-әрекеті мен қызығушылықтары осының айналасында болмақ.

Жасөспірімдік жаста психиканың дамуы дегеніміздің өзі индивидуалды психиканың ұлттық форманың осы дәуірдегі обьективті және нормативті рухқа дейін көтерілуі (Э.Шпрангер), осының арқасында индивид тарихи күнге бұрынға қарағанда жақындай түседі (Э.Эриксон) және өзін белгілі бір кезеңнің өкілі ретінде таныстыруға мүмкіндік алады (А.В. Толстых).

Осы тұрғыдан, бұл рефератта тұлғаның кәсіби қалыптасуының бастауы болып табылатын жасөспірімдік жас кезеңіне психологиялық талдау жасауға тарыстым. Ол үшін, отандық және сонымен қатар шетел психологтарының осы жас кезеңіне арналған теорияларын салыстыра қарастырдым. Психологиялық теорияларды қолдана отырып, жасөспірімдік кезеңнің психологиялық дамуына сипаттама жасауға тарыстым.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!