Қазақша реферат: Тұлғалық педагогиканың негізгі категориялары |

0






Категориялар — бұл ғылым мәні мен оның тұрақты әрі жалпы қасиеттерін танытушы аса ауқымды да қомақты түсініктер қоры. Қай ғылымда да категориялар жетекші роль атқарып, бүкіл ғылыми білімнің өзегі ретінде оны бір тұтастыкқа келтіруші жүйе қызметін атқарады. Педагогикада мұндай жүйелік қызметтерді атқарушы категориялар қатарында тәрбие, даму, тәлім, білім және оқу-үйретім ұғымдары аса маңыздыларынан.

Тәрбие – жаңа әулетті қоғамдық өмір мен өндірістік еңбекке дайындауға қажет қоғамдық-тарихи тәжірибені игеруге арналған әлеуметтік мақсатты шарттарды (заттасқан, рухани, ұйымдастырушылық) жасау іс-әрекеті.

Тәрбие – педагогиканың негізгі категорияларының бірі. Бұл түсінікті сипаттауда кең  әлеуметтік мағынадағы тәрбиені бөле қарастырып, оның құрамында коғамның жеке тұлғаға болған жалпылай ықпалын алсақ, ал тар мағынадағы тәрбиені жеке тұлғалық сапалар, көзқарастар мен наным-сенімдер жүйесін   қалыптастыруға  бағытталған   мақсат   бағдарлары   іс-әрекет   деп түсінуміз тиіс.





.

Тәрбие күнделікті іс, тәжірибеде, көбіне қандай да нақты тәрбиелік міндетті шешуге арналған шағын мағынада да қарастырылады (мысалы, кейбір мінез бітістері, танымдық белсенділік және с.с. тәрбиелеу). Сонымен, тәрбие – 1) қоршаған дүние заттары мен құбылыстарынан болған нақты қатынастар; 2) дүнетаным; 3) мінез-құлық (қарым-қатынастар мен жан дүние көрсеткіші ретінде) орнықтыруға орай тұлғаның мақсатты бағытта қалыптастыруына жағдай жасап, кемелге жеткізу ісі.

Тәрбие — нақты-тарихи құбылыс. Ол қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-эканомикалық, саяси және мәдени деңгейімен тығыз байланысты келеді. Адамзат қоғамы тәрбие арқылы өз тәжірибесі мен өткен әулеттер тәжіриебесін өткізу арқасында әр адамның дамуын қамтамасыз етіп барады.








Даму — бұл адамның тәндік және рухани күштерінің іштей, бірізді шынайы сандық, сапалық өзгерістерге келу үдерісі. Мұндай өзгерістер тәндік және психикалық дамумен байланысты іске асып барады. Тұлға дамуы ішкі және сыртқы, әлеуметтік және табиғи, басқарымды және кездейсоқ ықпалдарға тәуелді.

Тәрбие үдерісінде адам даму желісіне түсіп, кейін даму деңгейі тәрбиеге ықпал жасай отырып, оны өзгеріске келтіреді.

Тәлімдену – адам дамуы үшін қоғамда арнайы ұйымдастырлатын жүйе: бұл оқу-тәрбие мекемелері, мамандардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау оқу орындары. Бұл жүйеде белгілі мақсатқа, бағдарламаларға, құрлымдарға орай өткен әулеттердің ақыл-ес және дағдылық тәжірибесі арнайы дайындалған педагогтар тарапынан ұсынылады және оны шәкірттер қажеттеріне орай қабылданбайды. Мемлекет қарамағындағы барша тәлім– тәрбие мекемелері тәлімдену  жүйесіне біріктіріліп,солар арқылы адамның біртұтас тұлғалық дамуын басқару ісі орындалып жатады.

Тәлім – бұл білім, ептіліктер, дағдылар, қарым-қатынастар жүйесіне келтірілген әулеттер тәжірибесінің әрбір адам,қоғам мүшесі тарапынан игерілу үдерісі және үдерістің нәтижесі.

Тәлім ісіне байланысты тікелей ғылыми ақпарат не тәжірибе ұсыну әрекеті және олардың шәкірттер тарапынан қабылдау үдерістері ажыратылады. Бұл тәлім жеткізу және оны қажеттілікке орай қабылдау қатынастары негізінде жүргізлетін оқу-үйретім әрекеті.

Оқу-үйретім арнайы дайындықтан өткен (педагог, мұғалім) адам тарапынан іске асырлатын үдеріс. Осы үдерісте тұлғаны тәлімдендірудің қоғамдық шартты міндеттері, оның тәрбиесі және дамуы біртұтас тығыз байланыста орындалып жатады.

Оқу — бұл педагог пен шәкірттің өзара ықпалды әрекеттестігінің арқасында әулеттер тәжірбесін тікелей ұсыну және шәкірттің ұмтылыс қажеттігіне орай қабылдауға бағытталған тәлім, тәрбиелік, яғни біртұтас педагогикалық үдеріс атамасы. Ал бұл үдерісте орындалатын нақты міндет – үйретім/үйренім.

Үдеріс ретінде оқу-үйретім екі дидактикалық іс-әрекеттің ықпалдасты қатынасынан :  1) оқу-үйретім (мұғалім әрекеті) – бұл әрекет барысында білім, ептіліктер мен дағдылар, іс-әрекеттік тәжірибелер жүйесі қабылдаушыға ұсынылады немесе бұрыннан игерілгеңдері өзгеріске келтіріледі; 2) оқу-үйренім (щәкірт) – шәкірттің өз қажетіне және қабілетіне орай қабылдауы, түсінуі, ұғуы қайта жасауы қанағат табуы мен қолдануы, пайдалануы, игеруі меңгеру арқылы ұсынылған тәжірибеден үдерісі.

Дегенмен, адам әлеумет тәжірибесін «құя» салатын құмыра емес, ол тәжірибені өзі игеретіндей қабілетке ие болуымен бірге, қандай да жаңалықты субьект болуы тиіс. Сондай-ақ, адам дамуы негізінен-бұл әр тұлғаның өзіндік таным талпынысы, өзіндік жетілуге ұмтылыс сапаларына  байланысты келеді.






.

Өзіндік тәрбие — бұл өткен әулет тәжірибесінің әрбір қоғам мүшесі тарапынан дамуға арқау болатын өзінің ішкі жан дүниелік қалыптары негізінде игерілу және өзгеріске түсу үдерісі.

Тәрбиені, тәлім мен оқу-үйретімді тұтастықта іске асыра жүріп, адамдар нақты тәрбиелік қатынастарға түседі. Тәрбиелік қатынастар дегеніміз – бұл тәрбие, тәлім, оқу-үйретім арқылы тұлға дамуына бағытталған адамаралық байланыстардың ерекше түрі. Тәрбиелік қатынастар адам дамуына ықпал жасаушы сыртқы жағдайлармен (тәрбие, тәлім, оқу-үйретім) қисынды бірігімде, біртұтастықта  өтеді. Осындай өзара ықпалдасты әрекеттер нәтижесінде адам дамиды, қалыптасады.

Білім (знание) – бұл тәрбиелік қатынастар, тәлім, тәрбие үдерісінде адам санасында жүйелі қалыптасқан табиғат, қоғам және өзі жөніндегі пайымдар жиынтығы. Тұлғалыққа ұмтылысынан оқу-үйретім үдерісіне енген адамның жалпы дүниеганымдық қорының рәміздік, пайым, термин, анықтама, түсінік, теорема ж.т.б. күйінде сана деңгейінде өрнектелу нәтижесі — осы білім. Әрбір адамның білім сипаты сол адамның табиғи ерекшеліктері мен әлеуметтік-қоғамдық, кәсібиіе-іс-әрекеттік жағдайларына тәуелді.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!