Қазақша реферат: Тұлғалық педагогика және демократиялық қоғам

0






Қазіргі заман жағдайында педагогика ғылмының, оның ішінде тәрбие педагогикасының қоғамды, мектепті, отбасыны демократияластыру мен гуманизациялаудағы рөлі аса жоғары. АҚШ-тың әлеуметтік зерттеулері бойынша ұлттык кеңесте жұмыс жасайтын ғалымдар шәкірттерді дмократиялық қоғамға қатыстыру үдерісіне ендіруге қажет бірнеше тұғырлы құндылықтарды атап көрсетеді. Өзінің коғамдық өмірін демократияластырудың қиын жолын басынан кешіріп жатқан Қазақстан Республикасының оқу-үйретім, тәлім жүйесі үшін мұндай тұғырлы құндылықтар, әрине, өте қызықты.

Қатысу.

Димократиялық қоғам сипатына сай қызмет атқаруы үшін оның барша мүшелері сол коғамның көп тарапты өміріне барынша араласа, белсенділікпен қатысуы міндетті. Бұның мәні-азаматтар қоғам мәселелерімен таныс, осы мәселелерге орай олар өз көзқарас, танымдарын қорғауға ниетті. Өзінің дауыс бере алу құқығын пайдалану аса жоғары маңызға ие іс, сонымен бірге демократиялық қоғам өміріне қатысудың аса айқын да жарқын көрінісі.





.

Қызметтестік.

Демократиялық қоғамда қызметтес мүшелер мен өз даралығының сақталуына мүдделілер арасындағы қажетті теңдестік қолдау-қуаттауға ие болуы тиіс. Осы теңдестіктен әлеуметтік топтар жан-жақты үйлесімді жасау  мүмкіндігін алады, сонымен бірге, қоғамның барша жеке мүшелері өз бойынлағы табиғи мүмкіндіктерін жете іске асыруына көмекші кұрылымдармен қамсыздандырылады. Қызметтестікті қолдау мақсатында мұғалімдер балалардың бірлікті істеріне жәрдемдесетін жағдайлар жасайды, әлеуметтік пәндер бойынша арнайы дәрістер өткізеді, балаларды рольдік ойындарға тартады.








Даралық.

Шәкірттер, әсіресе, кіші жастағы балалар, даралықты дамуды қажетсінеді. Демократия өрісінде даралық қоғам алдындағы жауапкершілік сезімімен ұштасқаны жөн. Бұл ұғымға баламалы «дербестік» түсінігі тұлғаның өз әрекет-қылығына жауапкер екенін білдіреді. Жеке іс жобалары, есеп берулер, өнер туындылары, ән-күй, шағын сахналық қойылымдар, би- сынып жұмыстары қатарында көпшілік назарына ұсынылуымен тәрбиеленушіге өз мүмкіндіктерін, өзінің шығармашыл «Мен» мазмұнын көрсетуге жол ашьш, оның өзінше дамуына көмектеседі.

Өзіндік тәртіп.

Демократиялық қоғамда азаматтар өзіндік тәртіп, әрекет қылығын ретке келтіруімен айналысуы тиіс екені жобаланған. Алғашқы қадамдарында да, есейген шақта да адамға жауапкершілік сезім баулуда жәрдем беру-мұғалімнің аса маңызды міндеттерінің бірі. Шынайы тәртіптілік әрбір баланың да, ересектің де ішкі жан дүниесімен сабақтас. Шәкірттерге өз қалауымен әрекет жасауға мүмкіндік бере отырып, мұғалім көп жағдайда олардың өзіндік бақылау қоюға деген ыкылас-ниет әрекеттеріне қолдау-қуаттау береді. Ұстаз өз өнегесімен шәкіртіне қол жеткен табыстарын өз бетінше қалай қадағалаудың жолдарын (бақылау парақшалары мен кестелерде) көрсетеді.

Өзге пікірлеріне шыдамдылық.

Еркін қоғамда пікірлер мен наным-сенімдер айырмашылықтарына болған шыдамдылық пен түсіністік дамыту қажет. Бұл оңай емес, солай да болса, демократия мұраттарының бірі- осы шыдамдылықпен орайлас. Өзгелерді түсіне білу, олар бойындағы ізгілік-инабаттылықты сезе, көре алу қабілеті-шыдамдылық дамытуға қажет басты шарт. Шыдамдылық өзгелерге деген шынайы қайырымдылық және адал қарым-қатынаспен байланысты.Балалар өзгелер тарапынан болатын мейірлі қатынасты сыныпта, мектеп қабырғасында сезіне бастауы тиіс, осыдан мұндай ізгілікті байланыс балалардың өзара қатынасында орнығады, ал бұл өз кезегінде тұлға бойында көңіл-күйге сай әрекет жасап, шыдамды болуға баулиды.

Бедел.

Қайырымдылық және сыйластықпен тығыз байланысты тұлғалық қасиет-бұл бедел. Мұндай адами сапа кіші жастағы балаларға да тән. Бірақ бұл сезім оларда өте нәзік келеді, осыдан оны бала бойынан оңай аластау мүмкін. Бала өз беделін ұстана отырып, өзгелерге болған кішіпейілдік және сыйластықты қатынастарының орнығуына әрекеттенеді. Мұндайда ол өнеге-үлгіні көркем әдебиеттен, ересектер өмірінен алады, өнер үйірмелеріне қатыса жүріп, дәрістік ойындарда рольге еніп, пікір-таластарға араласумен үйренеді.

Еркіндік.

Демократиялық қоғамның жасауы мен дамуы оның мүшелерінің еркіндік дәрежесіне тәуелді. Демократияны сақтау және одан әрі өрістету үшін оған даралықты да, ұжымдық та деңгейде дем беріп, қолдап отыру қажет. Тіпті жас балалардың өзі қалауымен қандай да бір іс-қызметті, әрекет-қылықты таңдастыру сәтінде еркіндіктің қаншалықты «тәтгі» екенін сезіне бастайды.Сыныпта бақылау жұмысына байланысты мұғалім дәстүрге енген екі қатар партада отырғандарға екі нұсқа жұмыс тақырыбын бере саламыз. Олай болмағанын қалар едік. Одан гөрі бүкіл сыныпқа 5-6 тақырып ұсыныңыз, балалар қалаған тақырыбын алсын. Балаларға сеніңіз! Олардың еркіндігін ардақтаңыз!

Шынайылық.






.

Шынайылық – бұл адам бойындағы мызғымас адалдық, баршаға бірдей құрметті қарым-қатынастан көрнетін тұлғалық қасиет. Демократиялық қоғам мүшелері әр қадамын осы шынайылықпен байланыстыра  алғаны ләзім. Балаларға күн сайын осы қасиет-сапалар төңірегінде ересектермен бірге сөз талқы жүргізуге мүмкіндіктер жасау қажет, өмірден және өнерден үлгі алуға жағдайлар түзіп барған жөн.

Қанағат-қуаныш.

Мектеп, сынып, әсіресе, бастауыш сынып қанағат-қуаныштың кәусар бұлағы болуы тиіс. Жаңа тақырып өту балалар үшін үлкен шаттық, себебі дүниеге енді көзін ашып жатқан бала жаңа идеяларға құштар келеді. Жаңа материалға қанағаттанып, шаттанудан болашақ тұлға қоғамды демократиялық жаңа өзгерістерге келтіру істеріне белсенділікпен құштарлана араласуға бағыт алады.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!