Қазақша реферат: Тұлғалық педагогика ғылымы және педагогикалық тәжірибе

0






1867 ж. жарық көрген өзінің «Адам – тәрбие өнімі» атты кітабында К.Д. Ушинский «Педагогика ғылым тұжырымдарының жинағы емес, ол тәрбиелік іс-әрекеттер ережелерінің топтамасы» – деп қадап айтқан. Одан әрі: «Педагогика ғылым емес, барша өнер түрлері арасындағы ең ауқымды да күрделі, өте биік те аса қажетті өнер. Тәрбие өнері ғылымды сүйеніш етеді. Күрделі де ауқымды өнер ретінде ол көп санды, кең де сан қырлы ғылымдарға арқа сүйейді; өнер ретінде ол, біліммен қатар, қабілеттер мен тәілімділікті қажет қылады,ал өнер болса, тура мәнге ие ұмтылысты қажет ететін, бірақ еш уақытта жеткізбейтін мақсат – мұратқа-кемелді адам деңгейіне жетелейді» — деп толықтыра түседі.

Жүз жыл өте, тиісті білімдермен толыққан педагогика енді өнер қатарындағы «құрметті» орнымен келісе алмады. Әлемдегі миллиондаған мұғалімдер киял қанатын тірек қылудан емес, ғылыми негіздемелер мен сапалы дәйектелген технологияларды пайдаланудан тәрбие мәселелерін тиімді шеше бастады. Бұл педагогика анықтамасына ықпал етпей қалмады: енді педагогика — ғылым және өнер беделіне ие болды. Осылайша тұжырымдалған анықтама болмысқа сәйкес келіп, бір жағынан, педагогикалық өнер басымдылығын дәріптеушілердің көңілінен шықса, екінші жағынан, қатқыл  қисын  мен нақтылығы жоқ дерексіздіктен тазарған педагогикалық теорияны қорғаушылардың талаптарына сәйкес келді. Егер біздің заманымызда педагогикалық теория сахнасына қытымыр зерттеушілер шығып, педагогикадағы өнерлік пен ғылымдылықтың ара қатынасы қаншалықты? — деген сұрақты үзілді-кесілді, шүйдесінен коймағанда, мұндай анықтаманың жасауы қанша уақытқа созыларын бір Жаратқан білген болар еді. Егер жеңіс өнерлілер қолына түскенде, онда педагогика — қисынға түспейтін оқу-тәрбие үдерісін іске асыруға арналған, бірі біріне сабақтаспаған  кеңестер, ережелер мен ұсыныстар жинағы болып қала берері кәміл еді. Ал ғылыми педагогика өз пәнін шынайы ғылыми әдістермен танудың жүйелі бағыты мен қисынын алғы шепке тартқан заңдылықтың ғылыми теорияның барша бірліктерін қамтуы тиіс. Оның қорытынды тұжырымдары, заңдылықтары берік орныққан өзара  тәуілділікті сипатта болуы міндетті.








Бүгінгі таңда педагогиканың ғылыми беделін ешкім де жоққа шығара алмайды. Тартыс енді ғылым және педагогикалық  тәжірибе ара қатынасына бет бұрды. Тәрбиешілердің нақты жетістіктерінің себептері бір-бірінен өте алшақ болды: бір жағдайда олар терең білімдер мен педагогикалық теорияны тиімді қолданудан пайда болды, ал екіншіде – табыс мұғалімнің жоғары тұлғалық шеберлігінен, педагогикалық ықпал өнерін, сезімталдық пен көрегендікті іске қосуынан қолға түсті. Қейінгі он жылдықтарда мектеп тәжірибесі мен педагогика ғылымы арасындағы келіспеушілік көзге түсерліктей белең алды. Ғылымға қарата  айтылған сын орасан өткір болды:ол тәжірибені ілгерілі, озық ұсыныстармен қамтамасыз ете алмайды, өмірмен байланысы жоқ, жылдам ауысып жатқан қоғам үдерістері ізінен ілесуге қауқарсыз, т.с.с. Мұғалім ғылымға сенгенді қойды, тәжірибе теорияға «талақ» тастады.





.

Мәселе өте күрделі. Мұғалімнің шынайы шеберлігі, тәрбиелік асқақ өнері ғылыми білімдерге арқа сүйеуі тиіс екендігін педагогикалық қауымдағы көпшілік ұмыта бастағандай. Егер кімде — кім тәлім, тәрбиедегі жоғары табыстарға педагогикалық теориясыз жететін болса, онда ғылымның қажеті де  болмас еді. Бірақ олай болуы мүмкін емес. Қарапайым баспананы инженерлік білімдерсіз-ақ тікейтіп алуға болады, ал қазіргі заманның зәулім құрлымдарын ғылымсыз көтеру тіпті де қолдан келмейді. Педагогикада осы сынды тәрбиеші кезігетін міндеттер неғұрлым күрделі болған сайын, оның педагогикалық мәдениеті де соғырлым жоғары болғаны жөн.

Дегенмен, педагогика ғылымының дамуы тәрбие сапасын қамтамасыз ете алмайды. Теория тәжіриебелік технологиялар нәрімен сусындауы қажет.






.

Әзірше ғылым мен тәжірибенің өзара жақындасуында елеулі шабаңдық байқалады: мамандар бағамында, теория және тәжірибе арасындағы үзіліс 5-10 жылға шамалас.

Педагогика өте шапшаң ілгерлеуде, сонысымен де ол өзінің жоғары диалектикалылығын, икемшіл ауыспалылығын дәлелдеуде. Соңғы он жылдықтарда ол өзінің бірқатар салаларында елеулі табыстарға қол жеткізді, әсіресе оқу-үйретімнің жаңа технологияларын қалыптастырудағы жетістіктері мен  сапалы бағдарламалармен жабдықталған қазіргі заман компьютерлері оқу-үйретім үдерісі міндеттерін тиімді басқаруда көп көмегін тигізуде. Педагогқа  да, шәкіртке де шамалы қуат және шағын уақыт жұмсауымен келелі көп нәтижелерге жетуде жәрдемін беруде. Тәрбиенің жетілген әдістемелерін, өзіндік тәлім меңгеру мен өзіндік тәрбие технологиясын жасауда өрісті ілгерілеу бар. Ғылыми-өндірістік кешендер, авторлық мектептер, эксприменталды алаңдар -бәрі де осы ұнамды өзгерістер жолындағы елеулі айғақтар.

Нақты ұсыныстар мен ережелер арқылы педагогикалық теория тәжірибелік педагогикамен сабақтасьш жатады. Осы сабақтастықтан ғылым мен нақты іс-қызметтің ажырамас бірлігі келіп шығады. Педагогикалық ғылым қолданылған жерде әрқашан оқу-үйретім, тәрбие әрі даму жемісті келетіні даусыз.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!