Қазақша реферат: Төлдеу және оның реттелуі |
Төлдеу немесе туу, деп іштөл мен оның жолдасының аналық жыныс ағзаларынан қуылып шығуын қамтамасыз ететін күрделі физиологиялық процесті айтады. Қалыпты туу процесі іштөл толық жетіліп, сыртқы орта жағдайларында тіршілік етуге дайын болған кезде басталады. Туу процесі кенеттен бастала салмайды, организм оған алдын ала дайындалады. Туар алдында жатыр мойнын қоршап тұрған ұлпалар, қынап, жыныстық ернеулер ісіне бастайды, мал желіндейді, желінде уыз түзіледі — мал уызданады. Жыныс жолдарының байлам аппараттары босаңсып, құйымшақ түбінде ойыстар пайда болады. Байлам аппараттардың босаңсуы буаздық соңында сары денеден бөлінетін релаксин гормонының әсерімен жүреді.
Сары дене мен жолдастан бөлінген прогестерон гормоны буаздық кезінде жатыр еттерінің қозғыштығын төмендетіп, төлдің өсуімен байланысты оның керіліп, үлкейіп отыруына мүмкіндік тудырады. Буаздық соңында бүл гормонның бөлінуі тоқтайды. Жолдастың эндокриндік қызметі толастап, аналық бездің қызметі жанданады да, ол бөлген эстрогендердің эсерімен жатыр еттерінің ацетилхолинге, окситоцинге сезімталдығы артады. Прогестеронның тежеуші ықпалының жойылуы және ацетилхолин мен окситоциннің қоздырғыш әсерінің күшеюі салдарынан жатыр туу процесіне дайындала бастайды. Организмде гормондар балансының өзгеруі салдарынан туу процесін қамтамасыз ететін жатыр қимылдары туындап, толгац басталады. Өсіп-жетілген төл қимылдарының жатыр интерорецепторларына қоздырушы әсері бұл процесті күшейте түседі. Туу процесін: жыныс жолының ашылуы, төлді шығару, шудың бөлінуі деп үш кезеңге бөледі. Бірінші кезецде бірнеше сағат бойына мал толғатады да, жатыр мойыны ашылып, жатыр ішіндегі қысымның жоғарылауына байланысты одан шыққан қағанақ жыныс жолдарын кеңейтеді. Қағанақ жарылған кезде одан бөлінген сүйық жыныс жолда-рын шайып, оны тегістейді, оған жылпылдақтық қасиет береді. Бұл кезде жолдас пен жатыр байланысы үзілмейді де, төл кіндік арқылы оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз етіледі. Туудың екінші — төлді куу кезеңі, әлдеқайда қысқа келеді. Сиырда ол 20 минуттан 1-2 сағатқа, биеде 5-20 минутқа, қой-ешкіде 2 сағатқа, шошқада 4-5 сағатқа созылады. Жатыр мой-нынан өткен төл жатыр мен қүрсақ еттерінің үйлесімді жиыры-луы нэтижесінде қынап арқылы аналық жыныс жолынан сыртқа шығады да, кіндікбау үзіліп, жолдас жатырда қалады. Осы кезден бастап төлдің аналық организмімен байланысы тиылып, ол дара даму сатысына көшеді.
Үшінші — шудың бөліну кезеңі, мал туғаннан соң 10-25 минуттан кейін басталады. Жатырдың топтасқан жиырылуларының салдарынан жатыр қуысынан төл жолдасы, қағанақ пен кіндікбау қалдықтары (шу) бөлінеді. Сиырда шу төлдегеннен соң 8-10 сағаттан кейін, қой мен ешкіде одан ертерек, биеде 0,5-1 сагаттан кейін түседі. Мегежін шуды әр торай туылған соң бөліп отырады. Мал көбінесе, түнде төлдейді. Айқай-шу, тым күшті жарық туу процесін тежейді. Мал төлдегеннен соң жатырда инволюция (кері даму) процесі жүреді де, жатыр еттерінің серпімділік қасиетінің арқасында бірнеше сағат ішінде жатырдың мөлшері айтарлықтай кішірейеді. Мысалы, бұзаулаған кезде сиыр жатырының массасы орта есеп-пен 6-9 кг құраса, толық инволюциядан кейін ол бар болғаны 0,5-1 кг шамасында болады. Дегенмен, жатыр бастапқы қалпына төлдегеннен соң бірнеше күннен кейін ғана келеді. Сиыр-да ол 21-30, қой мен ешкіде 20-25, шошқада 14-21, биеде 8-15 күнге тең. Инволюция процесін окситоцин гормонының бөлінуі шапшаңдатады.