Қазақша реферат: Теңізде тербелген театр |

0






Күтпеген жерден мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты қызметкері коңырау соқты. «Түрік елінде оныншы Халықаралық театр фестивалі өтпекші. Соған тұрарлықтай шығармашылык қауһары бабында дерлік қай театр ұжымын атай алар едіңіз?» — дейді, әлгі коңырау соққан кісі әзеуреп. Табан астынан не дейін? Әйтсе де, біраз театрлардың атын атадым. Екінші соғылған қоңыраудан білгенім — Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театры Шерхан Мұртазаның «Домалақ ана» атты туындысын апаратын болыпты. Бұл сахналық шығарманы ілгеріректе аталмыш театр артистерінің орындауында көргенмін. Режиссері — Әлімбек Оразбектің қиялынан туындаған қойылымда А.Қырықбаев, Қ.Кемалов, Б.Мақсүтова, Б.Кемалова, Н.Жансүгірова (ұлы Ілияс ақынның ұрпағы), марқұм Р.Баймағамбетов сынды орындаушылар жақсы көрінген-тін.





.

Өзім үшін қуанарлық жағдай, қалай екені белгісіз, театр сыншыларынан фестивальге барар кісі ретінде менің аты-жөнім бекітіліпті. Оған мүрындық болған ежелгі дос, замандасым, коғам қайраткері қазіргі «Түріксой» ұйымының басшысы Дүйсен Қорабайүлы Қасейінов екенін де ішім сезе қойды. Өйткені, алдында бір жолыққанда: «Түрік топырағында өтер кезекті бір фестивальдерге қазақ театрларының бірін және сыншы ретінде өзіңді шақырамын» — деген-тін. Сол идеяны қостай кеткен Министрлік қызметкерлерінің де аталмыш фестивальге барар үжымды анықтауға белсене кірісіп кеткендері байқалады. Осының сәл-ақ алдында, Павлодардың Жүсіпбек Аймауытов атындағы сазды драма театрының да Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясымен (режиссері — Ерсайын Тәпенов) түрік көрермендерін куантып қайтқандарынан хабардар болатынбыз. Ондағы Көтібар бейнесін кескіндеген тэжірибелі артист Мұхтар Манапов: «Әкесін танытып, сахнаға атпен шықтым, түріктер қырылып қалды» — деп, желпінген телефонмен бір сөйлескенімде.






.

Міне, енді кезек бізге де келді. Әртүрлі себептермен сәуірдегі сапар мамыр айына ығыстырылған-тын. Қараған-дылықтармен (25-26 кісі) Астана эуежайында тоқайласып, Ыстамбүлға бірге үшатыным белгілі болды. Барлық істің жүйесін тауып, үйымдастыру жұмыстарына жан-тәнімен кірісіп кетер ҚР-ның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Карағанды театрының директоры Кеңес Жұмабековтің тынымсыз хабарламаларынан үққаным осы. Екі-үш күн сайын телефонға дамыл жоқ. Естіген жаңалықтарын жария етуден бір тынбайды-ау, сабазың! Қысқасы, бәріміз сол Кеңкеңнің (Кеңестің) жетегіндеміз. Ленин интонациясымен асыға-үсіге өте жылдам сөйлейтін (ол, кезінде, көсем бейнесінде сәтімен көрініп, Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған) Кеңестің аузы тыным табар емес. Әуежайды сан рет шарлап шықты. Ыстамбүлға бес сағат үшу сапарынан кейін әрі қарай фестиваль өтер екі-үш сағатты өткізіп, Трабзон шәһарына қарай тағы да үшақ қанатына жармасамыз. Автобуспен жүрсек, он сегіз сағаттық жол екен. Сонша не азап! Не де болса, эуемен зулағанға не жетсін деп танаурайды елгезек Кеңкең, тершіген жүзі оттай жанып.












.

— Бұл өзі үлкен фестиваль екен. Израиль, Ресей, Канада, Румыния, т.б. елдердің театрлары бақтарын сынар, жағырапиясының шеңбері жөнінде, аса ауқымды сайысқа түсу бақыты бүйырыпты. Мына біздерге, қарағандылықтарға, деп бөртініп те қояды жымыңдай сөйлеп. — Е, тәңір, Сәкен атамның әруағы қолдай көр бізді, -деп күбірлейді тағы да. Фестиваль жөнінде басқадай еш мағлұмат жоқтың қасы. Тек, әйтеуір, мамыр айларының алғашқы жартысы бірі келіп, бірі кетіп жатқан театрлар легінде есеп жоқ сияқты. Ол нендей бағыттағы өнер сайысы, ұстанған мақсаты қайсы, өткізілу тәртібі қандай деген сан сауалдарға бара жауап алармыз деген сенімдеміз. Бес жарым сағат әуені билеп-төстеген «Боингтың» дөңгелегі «э» дегеннен эуежайда зырыл қақты. Қашанда көңілді жүретін өнер иелері ананы-мынаны айтып, ойын-күлкімен отырып, түрік жеріне топ ете қалғандарын сезбей де қалғандай. Жергілікті уақыт — таңғы 6:30. Астана уақытынан үш сағат кейін. Енді Трабзон шәһарына бет алуымыз керек. Тағы да үшақпен. Әуеге көтерілу кестесі сағат 14:00-ді меңзейді. Оған дейін Ыстамбүл эуежайын мекендей түрудан өзге амал жоқ. Сыртқа шыққан сайын белбеу, телефоныңды сан рет өткізіп эуреленесің. Темекі шеккісі келген қайсыбір артистер қайта-қайта әлгі шарттарды орындаумен элек. Слэмбек пен Қайрат жарыса эңгіме соғады. Оған оқта-текте Әлімбек пен Кеңес қосылады. Қайрат домбырасын сырбаз шертіп, эндетіп те қояды. Оны қалғандарымыз да қоштап кетеміз. Кенет, онсыз да ығы-жығы әуежай ішін бір мезет өрімдей қыз-жігіттер кернеп кеткендей болды. Өңдері өзімізге тым ұқсас. Қырғыздар екен. Бас-аяғы жүз елудей… «Манас» университетінің студенттері… бес айлық тәжірибе алмасу сапарымен Анталияға бара жатқан беттері екен. Шүйіркелесіп, сөйлесіп қалдық. Ары-бері жүргіштеп, төңірегін тынымсыз шолып жүрген Кеңкең де бір жерде байыз тауып отыра алмайтын өзінің ежелгі әдетінен айныр емес.

Баражатқан фестиваліміз «Қара теңіз жағалаулары-2009» деп аталады. Бүгін кешке қарай, амандық болып, үлгерсек, Түрік театрының ойынына куә боп қалармыз. Сондай-ақ, дэл бүгін молдавандықтар, кипрліктер сахнаға шығулары тиіс деген секілді соны хабарларды сол баяғы Кеңкеңнен естіп аламыз. Қайдан, кімнен ақпарат алып жүргені біздерге белгісіз. Әркімдерден (тілінің жеткенінше) ерінбей-жалықпай сүрастыратын болуы керек. Жігіттер жағы, өзара әзілдеп, оған: «Сапар сардары», «Топ көсемі», «Қолбасшы Кеңкең» деген сияқты аттар беріп қойған. Сол дәрежелерінен кем көрінгісі келмеген Кеңкең де төл ұжымының жолында қапы қалмайтындығын әбжіл де нақтылы әрекеттерімен дэлелдегісі келгендей-ақ елпең қағады. Трабзонға (көне аты — Трабзон, қазақша үғымға келтірсек, «төртбүрыш» деген ұғымға саяды) аттанар үшаққа да ендік. Сөздер де, жазулар да, бэрі де, түрікше. Әлемде олардан басқа халық жоқтай. Бесіктегі баласынан қалтыраған шал-кемпірлеріне дейін өз тілдерінде еркін сөйлейтіндері сезіледі. Қаншама жылдар бойына орыстың ойранды саясатының арқасында өз тілінен ажырап қала жаздаған қандастарымды ойлап, қабаржып кетемін. Қазақ тіліне қырсыздық танытып, оны меңгеруде ынжықтықтан арыла алмай жүрген қайсыбір жастарымыздың намыссыздығына налимын. Баяндамасының бас-аяғын там-тұмдап қазақша бастағансып, ең ортасын ойып алып, орысшаның еншісіне қалдырар ұлттық рухы пэс шалағай шенеуніктерге ренжимін. Қайтемін! Қолдан келер қайрат кем. Қойшы әйтеуір, сөйтіп отырғанда, фестивальдер мекені — Трабзон эуежайына келіп, табан тіредік. Әуежай алабы көлкіген су Қара теңізден ұрлана қашқан «жырынды» сулар қаланы біржола қамап алған десе де болғандай. ¥шақ қонуға бет алғаннан көргеніміз — сусусу!… Ғимарат біткен тауға өрмелеп кеткен секілді. Төбе біткен сығысқан үйлер… Таулы жер екені көзге ұрады. «Қыс айларында қайтер екен» — деген ойлардан да құ_р емеспіз. «Зорлы» (ірі, үлкен деген мағына) атты бес жұлдызды қонақ үйіне орналасып жатырмыз. Осында оқитын Жанна, Дариға, Әсия есімді аудармашылық қызметпен жүрген студент қазақ қыздарымен шүйіркелесе кеттік. Артист қауымының ауыздары карап қалған ба, жалма-жан жай сүрасып, хал білісіп дегендей, бір-бірлерін адасып тапқандай-ақ, бірден шүркырасты да кетті. Әсия Қызылордадан, Жанна Моңғол жерінен (Баян- Өлгей), Дариға Алматы аймағынан екен. Бірі — болашақ экономист, бірі — психолог, бірі — филолог… Қонақ үйі келісті. Қандас қыздарымыздың айтуына қарағанда, бүл шэһар, көбінше, қалталы түріктердің мекені сыңайлы. Соның да салдары болар, мүнда базар-дүкен бүйымдары Ыстамбұл, Анкарадан да қымбатырақ көрінеді. Бір қызығы, өнер жэрмеңкесі өтер жер театрларының саны екеу ғана болып шықты. Оны бізден бұрынырақ келіп, ертерек орналасқан Молдова өнерпаздарынан естіп білдік. Бэлкім, үш жүз мыңнан асар-аспас тұрғындары бар шэһар үшін екі театр аз да емес шығар, бірақ оның бірі — мэдениет орталығының ғимараты екен. Өз басымыз, халықаралық шеңберде өткен талай театр фестивальдеріне қатысып көргендіктен, бұл жолғы шэһар әрекетінің сэл бейқамдығын бірден аңғардық. Мерекелік көңіл-күй эдеттегідей емес көрінді. Тым жайбарақаттық байқалады. Әлем-жәлем жарнамалар да жоқтың қасы. Тек қонақ үй мен театр алдындағы жарты жапырақ шүберекке сүйкей салынған фестивальге қатысушы театрлар тізіміне әлсін-әлсін шұқшиюмен болдық. Мамыр айының екінші жэне он бесінші жұлдыз аралығында ойын көрсетер өнер ұжымдарының көбі, мэдени міндеттерін атқара салып, Трабзон шэһарынан кері аттанып та үлгеріпті. Мэселен, Канада, Германия, Франция, Кипр, Молдова театрларын көре алмай қалдық. Біздерге Түрік, Испан, Полыпа, Израиль, Румыния, Грузия (Батуми) театрларын көру бақыты бүйырыпты. Оған да шүкір! Не де болса, осындай Батыс, Шығыс Еуропа театрлары қатысар өнер сайысына куэ болудың өзі үлкен мэдени оқиға емес пе? Фестиваль бағдарламасында жазылғандай, өнер үжымдарының бір-бірлерімен жүздесулері театр қайраткерлерінің өзара пікір алысулары, сахналық қойылымдардан көрінер эр түрлі бағыт-ағымдарды таразылау сэттері осынау сахналық бэсекелердің басқы көрсеткіштері болып саналмақ. Ол да дұрыс. Шабылып, шағылып, ентігіп, алқынып жатқан ешкім жоқ. Бэрі де байсалдылыққа негізделгені кэдуілгі, үйреншікті көріністердей-ақ. Тіпті, қазылар алқасының қүрамы да жасақталмаған. Бас төреші — көрермен қауым. Оныншы рет өткізіліп жатқан мэдени шараға қатысар театрлар да сан жанрлы қойылымдарын әкелген. Соның ішінде, испандықтар мен поляктар, румындар үстанған бағыт — моноқойылым, яғни «жалғыз актердің театры».









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!