Қазақша реферат: Тауарлардың мәні және негізгі түсінігі

0

Тауар – мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық обьект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін. Тауарды жасарда оны дайындаушы үш деңгейлі идеяны қабылдауы керек. Нарықты жинақты зерттеу ереже бойынша, тауарды зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы осыған тікелей байланысты. Сондықтан зетртеудің негізгі мақсаты – нарықтағы тауардың шынайы сұранысын анықтау, оны ұтымды өлшемде шығару үшін не қажеттігі, оның техникалық сипаттамасы, экономикалық негізделген баға саясаты.

Қазіргі өмірді жаңа тауар түрін ойлап табу мен өндіру кәсіпорынның өркендеуіне шешуші болып саналады. Сонымен бірге, шетел баспасы былай деп көрсетіп отыр, коммерциялық табыстар тауарды ойлап табу үшін (мысалы, барлық шығынды өтейтін және нарыққа шығаратын) 60 шақты жаңа идеяны зерттеп білуді және соның ішінен нарықтың болашақ талабына жауап бере алатынын дұрыс таңдап алу қажеттігін түсіндіреді.

Басқа сөзбен айтқанда, жаңа тауар нарыққа шыққанда жоғары қажеттілікке жауап бере алуы керек. Бұдан келіп екі талап шығады: біріншіден: жаңа қажеттілікті болжау және жинақтау; екіншіден: шетелдік көсіпкерлердің тәжірибесі көрсеткендей, нарыққа шығарылған 10 өнімнің 8-і олардың артқан үмітін ақтамайды десек, онда жаңа тауарды коммерциялық құлдырауға әкеліп соқтыратын себеп қандай? Сөйтсек “жер асты су тастары” тізімінде бірінші болып сұраныс көлемін қате анықтау (45%) одан кейін тауардың кемшіліктерін (29%) жарнаманың жеткіліксіздігі және тауарды өткізуге аз жұмсалуы (25%), жоғары баға (19%), бәсекелестердің жауаптары (17%), нарыққа шығатын уақыттың тиімсіздігі (14%), кәсіпорынның шешілмеген проблемалары (12%) көрсетілген. Сондықтан, ең бастысы, жаңа тауарды таңдау кезінде кәсіпорын проблемасына басты көңіл аудару қажет. Сол себепті құрастыру кезінде жаңа техникалық және технико-экономикалық өрлеуге емес, “жаңа нарықтық тауардың” пайда болуына молырақ көңіл бөліну керек. Жаңа идея қабылданғаннан кейін фирма жетекшілері келесі хабарламаларды зерттеуді жалғастырады:

1. Конструкциялық және технологиялық табыстың мүмкіндігі.

2. Эксперименталдық жұмысқа жіберілген шығын.

3. Жаңа өндіріске ақша бөлу немесе ескіні модернизациялау.

4. Жұмыс кезеңін аяқтау уақыты.

5. Ғылыми- зерттеу және тәжірибелі- конструкторлық жұмыс өткізуге қосымша қаржы тартудың қажеттілігі.

6. Тауардың нарыққа шыққан кездегі және одан кейінгі уақыттағы нарықтағы өтуін барлау.

7. Бәсекелесушінің мінез-құлығы.

8. Тауарды қажет етуші, нарық секторы.

9. Болжауды баға және оның өту көлеміне қатысы мен бәсекелестер қызметі.

10. Қарсыластардағы бәсекелес тауардың пайда болу мүмкіндігі (уақыты, тауардың сапасы).

Барлық ұсынылған идеялар, жаңа тауарлар аталған критерийлер бойынша салыстырылады. Осыған орай тауардың белгілі бір нарықта өте қажет екендігін атап өту тиімді. Ішкі нарықта табысты тауардың сыртқы нарыққа қажет болуы тиімді емес. Американдық “ Rucer менеджементі” журналы 187 корпорацияға зерттеу жүргізіп жаңа тауарларды құрастыру кезінде қиындық тудыратын техникалық емес сипаттың себептерін мәлімдеген. Бірінші орында олар конструкторлар мен маркетингтік өткізу бөлімі (37%) арасындағы нашар қарым-қатынасты қойды. 25%-тік жағдайда ғылыми кадрлардың творчестволық жеткіліксіздігі, “ғылыми ауырлығы” 14% жағдайда ұзақ уақытқа арналған жоспарлардың, графиктердің және анық қойылған мақсаттың жоқтығы. 9% нашар қаржылау және шығындану есебінің жоғы, жобаның нашар таңдалуы ұзақ мерзімдік жоспардағы жағдайды дұрыс көре алмау, жаңа идеяға аз көңіл бөлу-осының бәрі 8% құлдырауға әкеледі. Шетелде жаңа тауарды құрастыру кезінде лидер мен бірнеше маманнан құралған “мақсатты тор ” әдісі табысты пайдаланылады, бұл басқа функционалдық бөлімдердегі мамандарды өзіне тартады. Топ жетекшісінің жақсы ұйымдастыру қабілеті және сол техника саласында ірі маман болуы керек. Тар көлемді маман өздерінің құрастырғандарын өте көңілге қонымды санайтындықтан бұл топқа өздерінше білгіш санайтын өз “адвокат дьяволдарын” сайлайды. Топ өзді-өзі болмыс үшін оларға екі-үш жоба ұсынады, ал ол қатысушылардың ой-өрісін, араласуын кеңейтеді. Мақсатты топтың құрамы 4 адамнан кем болмау керек, ал оған адам қабылдау өз еркімен емес, маман ретінде осында істегісі келетіндігін іс үстінде көрсете білген адам болуы қажет. Жобаны жасау тиімділігі-міндетті түрде кәсіптік оқу мен мамандардың білімін жетілдірумен ұштасып жатады. Өз білімін көрсетуге ынтасы жоқтар мен оқығысы келмейтін адамдарды аз мамандандырылған жұмысқа ауыстырып отыру немесе оларды жұмыстан шығаруға тиіс. Зерттеуші-мамандарды фирма 6 жылда 1 жыл немесе 3 жылдың ішінде 6 ай немесе 1 жылда 1 ай оқытып отырады. Бұл уақытта адамдар жұмыстан арнайы босатылады, немесе кешкі оқуға орналастырады. Мұнда сырттай оқу тиімді емес деп есептеледі. “Нарықтық жаңа тауардың” пайда болу процесінің технологиясын қанағаттандыру түріне, тауардың конструктивтік ерекшелігін қажеттілікке қарай көптеген идеялардың ұсынылуын жатқызуға болады.

Жапондық компаниялардың тәжірибесіне орай, кәсіпорынның барлық жұмысшыларын тауарды модернизациялаудың жаңа идеяларын және әсіресе жаңа өнім ойлауға итермелеудің қажеттігі сезіледі. Ондаған ірі жапондық компаниялар жыл сайын өз қызметшілерінің 10 миллиондаған ұсыныс енгізітін мақтаныш тұтады. Бұл фирмаларда 1 жұмысшыға 12,8 ұсыныстан келеді. Ол американдық кәсіпорынның орташа статистикалық берілгеніне қарағанда 85 есе көп.

Сатып алушы шынында не алды деген сұраққа жауап беруге негіз болатын деңгей – ойланылған тауар. Шын мәніне келетін болсақ, кез келген тауар – қайбір проблеманы шешуге арналып орауышталған қызмет. Дайындаушы ойланылған тауарды орыдалған тауарға айналдыруға тиіс. Реальды орындалған тауардың бес сипаттамасы болуы мүмкін: сапа деңгейі, қасиеттер жинағы, арнайы көркемделуі, марканың аты және арнайы орауышы. Дайындаушы тауарды нығайтушы қосымша қызметтер мен пайдаларды қарастыруы мүмкін.

Тауарлар бухгалтерлік есебінің және оны сатудың негізгі міндеті болып табылады: өніммен болатын барлық операцияларды есепте көрсету және уақытында құжаттау, өнімді өндіру, сақтау, жылжу жоспарының орындалуын бақылау; босатылған тауарларды есептеу және босатылған тауарларды сатып алушылармен уақытында есептесуі; сату мақсатында дайын өнімдердің нормативтен жоғары қорын анықтау және басқалары.

Тауар өнімінің құрамына кіреді:

а) дайын бұйым (өнім), толық өңделген, бекітілген техникалық жағдайлар мен стандарттарға сәйкес, кәсіпорынның техникалық бақылауымен қабылданып, қоймаға тапсырылған немесе осы өнімге белгіленген қабылдау тәртібіне сай тапсырыс берушімен қабылданған;

ә) жартылай фабрикаттар, сатуға арналған және сатылған;

б) өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс, шетте жасалған.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда және өндірістік бірлестіктерде (комбинаттарда) жасалатын өндірістік процестің маңызды материалдық нәтижесі — өнім болып табылады. Оның көлемінің, технико-экономикалық сипатының және тұтынушылық қасиетін артуы экономиканың әріқарай дамуын және халық тұрмысының көтерілуін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның негізгі цехтарымен шығарылған және басқа сатып алушыларға, сонымен қатар өзінің өнеркәсіптік шаруашылығына және меншіктік капиталдық құрылысына сатуға арналған дайын бұйымдар өнеркәсіптік өнім құрамының басты элементі болып табылады.

Технологиялық процестердің барлық кезеңдерінен өткен бұйымдар дайын өнім болып саналады. Олар барлық тиісті құрал саймандар және бөлшектермен жабдықталған, уәкілетті техникалық бақылау бөлімшесімен тексерілген және қабылданған, бекітілген стандарттарға сай екендігін куәләндыратын сертификат немесе басқа да құжаттармен жабдықталған.

Әдетте, дайын өнім құрамына көрсетілген талаптарға сай болатын бұйымдар кіргізілуі мүмкін, егер оларға жүкқұжат (накладной) толтырып сату бөлімінің қоймасына тапсырылса. Жүкқұжатта: өнімнің аты, өлшем бірлігі, өнімнің саны, бағасы, соммасы жазылады. Бірақта ережеден тыс жағдайлар да болады.

Кейбір химиялық өнімдерді олардың өндірісі аяқталғасын цехтан тыс жекелеген қоймаларға апармағай, оларды сатып алушыларға босатқанға дейін цех қоймаларында сақтаған дұрыс. Өнімнің басқа да ерекшеліктері болады, осы ерекшеліктеріне байланысты оларды жеке қоймаларға босату мүмкін емес болады. Осындай жағдайларда бұйымдар дайын өнімнің құрамына техникалық бақылау бөлімі және сату бөлімі қабылдаған кезден жазылады.

Екінші жағынан, бұйымдарды қоймаға өткізгеннен кейін бұйымдарды әр қашан дайын деп есептей бермейді. Мысалы, егер стандарттар немесе техникалық жағдайлар бұйымдарды қорапта болу керек деп есептсе, онда олар қорапта болғаннан кейін ғана дайын болып есептеледі, тіпті қораптау цехта емес қоймада болсада.

Дайын бұйымдарды өнім құрамына қосу үшін оларды цехтан қоймаға босату уақытыда маңызды. Есепті айда дайын өнім құрамына тек осы айдың соңғы күнінде сағат 24 дейін босатылған бұйымдар ғана жатады. Егер екінші (немесе үшінші) смена графикка сай жұмысын сағат 24 кейін аяқтаса, онда бұйым дайын өнімнің қатарына қосылады оларды келесі күннің таңғы сағат 8 дейін қоймаға тапсырса.

Бұр мерзімдер басқа жағадайларға да қатысты, көрсетілген мерзімдерде бұйымдарды қораптаса немесе сатып алушыларға босатқанда дайын өнім құрамына жатқызылады.

Өнеркәсіптік өнім құрамының екінші элементі жартылай фабрикаттар және сатып алушыларға, өзіндік өнеркәсіптік шаруашылығына немесе меншіктік капиталдық құрылыс үшін босатылған өнеркәсіптік типтегі көмекші және қосалқы цехтардың (өндіріс) өнімдері болып табылады. Олар дайын өнім қатарына босатылған сәттен уақытына қарамастан қосыа береді.

Өнеркәсіптің кейбір салаларында дайын өнімнің құрамына осы кәсіпорынның басқа негізгі цехтарында әрі қарай өнделуіне (қайта өнделуіне) арналған өзіндік өндірістің жартылай фабрикаттары да жатады. Тоқыма өнеркәсібіндегі кәсіпорындарында жуылған жүн осы болып табылады, ол кейіннен жіп өндіруге қолданады, осы жіптен ақырғы өнім болып табылатын дайын мата жасалады.

Өнеркәсіптік өнім құрамының үшінші элементі – бұл өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс.

Өнім есебі және оны сату өнімді өндіру және өткізуді басқару үшін қажет мәліметтерді уақытылы алуды қамтамасыз ететін мақсатты процесс.

Бұл есептің мақсаты сатып алушыларына қатысты кәсіпорын өзінің келісім-шарт міндеттемелерін және өнім өндірудің өндірістік бағдарламасын орындауды бақылау болып табылады. Сонымен қатар, есептің көмегімен кәсіпорынның қоймасындағы өнімдердің қолда бары, оның қабылданған қор нормасына сәйкестігі (құралдардың айналымын жеделдету үшін қажет), сату бөліміндегі тауарлардың көлемінің жеткіліктілігі, қомадағы және сатып алушыға жөнелтілген тауарлардың сақталуы бақыланады. Босатылу және сатылу операцияларының есебі сатып алушылар төлемдерінің уақытылы түсуін және сату барысында шығындар пайда болатын өткізу сферасындағы үнемдеу тәртібін қадағалау мақсатын көздейді.

Өнімді өндіру, босату және сату бойынша дұрыс басқару шешімін қабылдау үшін кәсіпорынның басқару органдары қажетті ақпаратты уақытылы алып отыру қажет. Мысалы, өнім өндіру жөніндегі күнделікті хабар тәуіліктік тапсырманың және айлық өндірістік бағдарламаның орындалғаның тұрақты түрде бақылап отыруына және жоспардан ауытқып кеткен жағдайда қажетті шара қолдануға мүмкіндік береді. Қоймадағы өнімнің қалдығы туралы мәлімет кәсіпорынның күнделікті потенциалды мүмкіндігі туралы талдау жасауға мүмкіндік береді. Босатылған өнімнің қалдығы туралы мәлімет өнімнің сатылуын болжау үшін, кәсіпорынның пайдасына оның әсерін болжау үшін, және де осы маңызды көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалу жолын болжау үшін қажет.

Кәсіпорынның сыртқы есеп беру көрсеткіштерін қалыптастыру көзі ретінде де есеп ақпараты өте маңызды. Есеп ақпаратын алуды ұйымдастырушы және оның қалыптасу тәртібін орындаушы кәсіпорын бухгалтериясы болып табылады. Оның өнімді шығару, босату және сатуды бақылау бойынша негізгі міндеттері келесілер:

  • Өнім қозғалысын уақытылы құжатты толтыруын қамтамасыз ету – оның қоймаға түсуі (өндірістен шығуы) және сатып алушыларға жөнелтуі;
  • Материалды-жауапты тұлғамен өнімді толық және уақытылы қабылдануын және оның сақталуын, сонымен қатар бекітілген нормативтерге оның запастарының сай болуын бақылау;
  • Келісім-шарттарды орындаудың нақты тәртібін, сатып алушыларға өнімді жөнелтудің, өнімнің сапасы мен ассортименті, оның босатылу мерзімін ұйымдастыру. (Осы оперативті есепті жүргізуді негізінен сату бөліміне жүктейді);
  • Өнімді сатып алушылардан төлемнің уақытында түсуін бақылау және төлем құжаттарын толтыру;
  • Ағымдағы есеп тіркемелерінде және бухгалтерлік шот жүйелерінде өнімді өндіру, босату және сату операцияларын жазу;
  • Тауарды сатумен байланысты өндірістік шығындарды белгілеу және олардың шамасы мен құрамын бақылау;
  • Тауарды сату жоспарын орындауды бақылау;
  • Кәсіпорынның сыртқы есеп беру көрсеткіштерін дайындау немесе оларды есептеу ақпараттары;

Осы міндеттерді толық орындау үшін есеп дұрыс жүргізілу қажет.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!