Қазақша реферат: Тәрбиеші ұжымды дамытудың ерекшеліктері |

0






Ұжымды тәрбиелеудің негізгі құралдары мен әдістері маңызды екі бағытта анықталады: біріншіден, барлық оқушыларды біріккен мазмұнды іс-әрекетке тарту кажет; екіншіден, оқушыларды іс-әрекетке тарту, жұмыс істеуге қабілетті етіп біріктіретіндей жұмыс жасауға ынталандыру. Демек, оқушылар ұжымын тәрбиелеудегі маңызды кұралдар — оқу, тәрбие, еңбек, саяси және мәдени іс-әрекеттер ұйымдастыру болып табылады.

Тәрбиеші ұжымды қалыптастыру әдістемесі мына негіздерден тұрады:
— оқушыларға дұрыс талап коя білу;
— оқушылар активін тәрбиелеу;
— оқу, еңбек, қоғамдық саяси іс-әрекет болашағын ұйымдастыру;
— оң қоғамдык пікір калыптастыру;
— оң салт-дәстүрлерді дамыту.
Ұжымның дамуына педагогикалық жетекшілік етуде оған әсерлерді интеграциялау мүмкіндіктерін ескеру қажет. Мұндай ықпалдастыққа қол жеткізудің жолдары: 1) ұжымға кешенді педагогикалық әсер ұйымдастыру; 2) ұжым мүшелерінің күнделікті өмірде бір-біріне Кез келген мектептегі тәрбиелік жүйе ғылыми тұрғыдан негізделген мақсаттар жиынтығын анықтап алудан басталады.

Мақсатты мектеп ұжымы оқушылар және ата-аналармен бірлесе отырып, талқылап қабылдайды, яғни ол жалпы мақсатқа айналады. Мунан соң жүйе қураушы іс-әрекет таңдалып алынады. Бұл іс-әрекет екі блоктан турады: дидактикалық блок және тәрбие жұмысы блогы. Ол танымдық, еңбек, сурет салу, оқу, көркемөнер, жасампаздық, спорттық, коғамдық-пайдалы іс-әрекеттер болуы мүмкін. Іс-әрекет барысында оқушылардың оқуға, өзіне, басқаларға, ұжымға, ата-аналарға, ересектерге қатынастары қалыптасады. Осы қатынастар тәрбие жүйесінің тиімділігін анықтайды. Тәрбиелік жүйе мектеп тұрған ортаны да камтиды. Тәрбиелік жүйе калыптасуы бірнеше кезеңдерден өтеді. Олар: мақсат қойып, басты бағдарларды анықтау кезеңі, ұжымның іс-әрекет жүйесін, мазмунын, формалары мен әдістерін таңдап алып, жұмыс жүргізу кезеңі, тәрбиелік жүйенің толық қалыптасу кезеңі.












.

Тәрбиелік жүйенің қалыптасу деңгейін анықтау өлшемдері фактілік және сапалық болып бөлінеді. Фактілік өлшемдер тәрбиелік жүйенің бар немесе жок екендігін анықтауға мүмкіндік берсе, сапалық өлшемдер тәрбиелік жүйенің қалыптасуын көрсетеді. Фактілік өлшемдер көрсеткіштері:
• мектептің өмір сүру іс-әрекетінің реттілігі;
• біртұтас мектеп ұжымының болуы;
• педагогикалық әсерлер концентрациясы. Сапалық өлшемдер көрсеткіштері:
• қойылган мақсаттарға жақындау дәрежесі;
• қатынастар стилі, оқушылардың жай-күйі, оның әлеуметтік қорғалуы;
• оқушылардың тәрбиелілігі деңгейі.






.

Тәрбиелік жүйелердің түрлері. Қазіргі кезде педагогика ғылымына белгілі әр түрлі тәрбиелік жүйелер бар. Бұл жүйелердің барлығына тән ортақ белгілер: 1. Әрбір тәрбиелік жүйе негізіне белгілі бір ғылыми тұжырымдалған идея алынады. Бірақ ол идеялар әр түрлі болады. 2. Әрбір мектеп бала тулғасын дамытуға бағытталады, бірақ мақсат, мазмүны, оған кол жеткізу жолдары мен қүралдары әр түрлі. 3. Тәрбиелік жүйенің өз ерекшелігіне тән жүйе құраушы іс-әрекеттері бар. 4. Әрбір мектептегі тәрбиелік жүйенің өзіне ғана тән қоршаған ортамен байланысы бар. 5. Әрбір тәрбиелік жүйеге тән балалар мен ересектер арасындағы ынтымақтастық бар.

Мұндай тәрбиелік жүйелер түрлеріне Лакин мектебі, Гузик мектебі, әлемдік деңгейдегі Вальдорф мектебі, «Мәдениеттер диалогі мектебі» т.с.с. авторлық мектептер жүйесі жатады. Лакин мектебіндегі негізгі идея — балалардың ізгілік қатынастарын дамытуды қарастырады. Ғылыми негізі — үш даму факторын (тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие) қамтитын тұлғаның даму теориясы болып табылады. Бұл жүйеде ортаның рөлі тәрбиеде басымдау деп есептеледі. Гузик мектебінің тәрбиелік жүйесіндегі басты идея — оқушының табиғи нышандарын дамыту деп тұжырымдалады. Бұл жерде тұлғаны дамыту теориясы негізге алынады, бірақ тұқым қуалаушылық жетекші компонент болып есептеледі. Вальдорф мектебі — ерікті тәрбиелеу мектебі ретінде XX ғасырдың басында пайда болды. Басты мақсаты — тұлғаның дамуын оның денелік және психикалық дамуымен, табиғи және қоршаған ортамен үйлесімді жүзеге асыру деп тұжырымдалады. Осы идеяны ғылыми тұжырымдаған Рудольф Штайнер адам жайлы антропософиялық ілімге сүйенеді. Бұл ілімге сай адам — денелік, рухани және жан әлемі бірлігі деп қарастырылады. Мектеп мұғалімдері білім берудегі басты мақсат — адамның сезімдік шығармашылык қабілеттіліктерін, табиғат жайлы білімдерін, көркемдік талғамын дамыту деп есептейді. Вальдорф мектебі оқушыларды шығармашыл индивидуум, өздерімен үйлесімді дамыған тұлға деп санайды.

«Мәдениеттер диалогі мектебі» жүйесінде диалог оқыту мен тәрбиелеу мазмұнындағы, оқу-тәрбие үрдісі әдістері деңгейіндегі негізгі элемент болып табылады. Бұл жүйе негізіне алынған идеялар: М.Бахтиннің диалогты мәдениет ретінде тұжырымдаған «Кез келген мәдениет — тірі қарым-қатынас байланыстары» деген идеясы, Л.Выготскийдің дамыған интеллектінің ішкі диалогқа ұмтылуы идеясы, В.Библердің мәдениеттің философиялық логикасы. Бұл жүйе мектеп пен білім беруді мәдени үйлесімді дамыту жағдайында өзекті тәрбиелік іс-әрекет нәтижесі — тұлғаның базалық мәдениетінің калыптасуын негіздейді. Мәдениеттегі басты нәрсе — пәндер мен білімдер емес, құндылықтар мен нормалар, шығармашылық ойлау тәсілдері. Мектепте оқушылар механикалық жаттаумен емес, ізденіспен, зерттеумен айналысуы қажет. Оқушы мұғаліммен диалогқа түсе отырып, әлемге деген өз көзқарасын, өз ұстанымын, өз «Менін» қалыптастырады және бұрынғы мәдениеттер негізінде казіргі мәдениетті меңгереді. Демек, мәдениеттер диалогі басты рөл атқарады деп қарастырылады.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!