Қазақша реферат: Судың адам өміріндегі маңызы |

0






Судың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Қазақ халқы «Сулы жер — нулы жер» — дейді. Су -табиғи байлық. Ғаламшарымызда алғашқы тіршілік суда дамыған, сусыз тіршілік жоқ. Ол қан мен өсімдік, жануар құрамына кіреді, зат алмасу процесінің жүруін қамтамасыз етеді. Адам денесінде 63% су бар. Су болмаса тірі ағза өледі. Су санитарлық және шаруашылық тұрмысқа да керек. «Тазалық — денсаулық кепілі» дейміз. Су болмаса тазалық та болмайды. Су денсаулық жақсарту мен дене шынықтыру шараларына пайдаланылады. Судың емдік қасиеті өте зор. Мысалы, белгілі Есентуки суы құрамында сода және ас түзы тағы да басқа минералдық элементтер бар. Ақжайық суында гидрокарбонат: хлоридті, магнилік, кальцилық, натрилік элементтер бар.

Су еріткіш. Егер минерал тұздарды ерітетін су болмаса өсімдік тамыры, өсімдік тіршілігіне соншама қажет заттарды өз бойына сіңіре алмас еді. Қазіргі кезде адам өндірістің бірде-бір саласы сусыз жұмыс істеп және дами алмайды. Мысалы, 1 кг қағаз өндіруге 100 л, 1 т цемент өндіруге 4500 кг су ңажет. Электр энергиясын өндіруге, ауыл шаруашылығында жайылымдарды суландыруға да су қажет. Суды саяхат шегуге, әр түрлі жүк тасылымдауға, ағаш ағызуға пайдаланады.








Су — иіссіз, дәмсіз, түссіз сұйықтық. Ол мөлдір, аққыш. Оның өз пішіні болмайды. Су — еріткіш. Су табиғатта сұйық күйде, сондай-ақ қар және мұз, бу түрінде кездеседі. Қазақстанның өзен-көл аз жерлерінде еспе суы мен терең қабат аралық жер асты суының үлкен маңызы бар. Халық еспе суын көне заманнан-ақ пайдаланып келеді. Далалық аймаңтарда негізінен қүдық суын пайдаланады, ал шөл мен шөлейтті жерлерде құдық бірден-бір ауыз су көзі. Бұл жерлерде құдық болса ғана мал шараушылығымен шуғылдануға болады. Бірақ халың шаруашылығының суға деген өскелең қажеттілігін еспе суы қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан судың жаңа мол көзін табу керек болады. Мүндай су көздері де табылды, бұл — терең қабат аралың жер асты суы.





.





.

Республика аумағында жетпістен аса артезиан алаптары табылды. Мысалы, Мойынқұмда 300-500 м тереңдікте 50 мың шаршы км жерді алып жатқан тұтас жер асты «теңізінің» бар екені анықталды. Оның суы ішуге де, егін суаруға да жарамды. Қызылқұмда 80-300 м тереңдікте жатқан орасан зор жер асты су алабы табылды. Жер асты суы республиканың басқа да аудандарынан табылды.Алматы қаласы, облыстардың орталығы аудан орталықтары, өнеркәсіп және ауылшаруашылық кәсіпорындары мен елді мекендері казірдің өзінде жер асты суымен қамтамасыз етілді. 100 млн. гектардай жайылымдарды суландыруға, 50 мың гектардай егістік суаруға мүмкіндік алды. Таяу жылдар ішінде жер асты суы бүдан да кең пайдаланылатын болады.

Қазақстанда жер астынан ыссы (термальды) су табу үшін үлкен барлау жұмыстары жүргізіліп отыр. Термальды жер асты суы өнеркәсіпті, сондай-ақ үйлерді, жылыжайды, фермаларды және моншаларды жылыту үшін пайдаланылады. Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары кездеседі. Олар температурасы және қүрамындағы газдар мен түздардың түрі жағынан (хлорлы, калийлі, натрийлі, темір және т.б.) әр түрлі болып келеді. Алмаарасын, Капаларасын, Сарыағаш, Жаркен-тарасында адам организміне шипалық әсері бар демалыс орындары, емханалар салынған. Бұрыннан белгілі минерал бұлақтар әсіресе, шөлді аудандарда көп кездеседі, жергілікті адам бұларды ем үшін пайдаланғаны болмаса, олар әлі игерілмеген. Ғаламшарымызда су мүлде кездеспейтін жер жоқ. Жер ңабаттарының бәрі судан түзілген. Жердің су қабығы гидросфера деп аталады.

Гидросфераның көп бөлігін — 96,5% -ын дүниежүзілік мұхиттың тұзды суы, аз бөлігін құрылықтағы және атмосферадағы су құрайды. Бұлар — өзендер, көлдер, мұздықтар, жер қыртысында — жер асты суы. Атмосферада су тамшылары мен мүз түйіршіктері болады. Жердің біртүтас су қабығы — Дүниежүзілік мұхит, құрлықтағы су, атмосферадағы су -гидросфераның үш бөлігі. Гидросфераның барлық бөліктері өзара байланысты. Мұхитта құрлықтың орасан зор бөліктері — материктер: Еуразия, Африка, Австралия, Антарктида, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка және аралдар кездеседі. Греландия — ең үлкен арал. Өзара жаңын орналасқан араладар тобын архипелог деп атайды. Мысалы, Гавай аралдары архипелагы. Материктер мен аралдардың мүхитқа еніп жатқан бөліктерін түбектер деп атайды. Мысалы, Камчатка, Арабия түбектері. Материктер мен аралдар біртұтас дүниежүзілік мұхитты төрт бөлікке — төрт мұхитқа бөледі.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!