Қазақша реферат: Стрихнин және оның препараттары |

0






Стрихнин — Қисық жалғақ (чилибуха) өсімдігінің құрамында болатын алкалоид. Негізінен стрихнин нитраты — Strychnini nitras қолданылады. Өте ащы дәмі бар, салқын судың 90, қайнаған судың 5, ал спирттің 7 бөлігінде еритін түссіз кристалдар. Стрихнин және оның тұздары «Аң тізімі бойынша сақталады. Жергілікті жерге тітіркендіріп әсер етпейді. Бірақ, ауыз қуысында әлсіз концентрацияларының өзінде-ақ (1:50000-1000000) ащы дәмі білінеді де тәбетті арттырып, кейбір ас қорыту бездерінің секрециясын күшейтеді. Оның резорбтивті әсері орталық жүйке жүйесінің рефлекторлы қызметіне негізделген. Ол препарат мөлшерінің жөне орталық жүйке жүйесінің жағдайына байланысты бірқалыпты болмайды. Төменгі мөлшерінде стрихнин өте нөтижелі әсер ететін куаттандырғыш зат болып саналады да, орталық жүйке жүйесінің қозуын күшейтеді, сезім мұшелері мен жүрек-қантамырлары жүйесінің жұмысын жақсартып, зат алмасуды белсендіреді. Жүйке жүйесінің рефлекторлы қызметінің кейбір бөліктеріңдегі сезімталдылық әлсірегенде стрихниннің өте төменгі мөлшерінің өзі-ақ оның қызметін қалпына келтіреді.

Стрихнинің орталық жүйке жүйесіне әсер етуінде өздеріне тән ерекшеліктері бар. Ол орталық жүйке жүйесі торшаларының қозуын арттырып, нейронаралық синапстардың өткізгіштігін жақсартады. Жұлынға стрихнин рефлекторлық доғаның тармақталған рецепторлы бөлігі арқылы әсер етеді. Ол аралық нейрондардың қоздырғыштығын арттырып, рефлекторлы импульстардың берілуін жақсартады. Сонымен қатар бір мезгілде тежелу құбылыстары төмендейді де, қозу моторлы торшалардың едәуір бөлігіне тарайды. Стрихниннің мөлшері көбейткенде оның әсері жұлынның орталық бөлігіндегі торшаларға дейін тарайды. Өте күрделі тежелу құбылыстары жойылып, қозу қарама-қарсы әсер ететін бұлшық еттерге ауысады да, жануарлардың тынышсыздана қозғалуы басталады. Стрихниннің мөлшерін онан әрі көбейткенде мұндай жағдай организмнің барлық бөлігінде байқалады, өйткені жұлындағы қозу толқыны барлық бағыттармен қозғалыс торшаларына жетеді. Стрихниннің үлкен миға әсері жүлынға әсер еткенге ұқсас, бір-ақ оған қарағанда әлсіздеу келеді. Сезім мүшелерінің қызметі артады, ауырсыну сезімі орталықтарының сезімталдылығы күшейіп, симпатикалық жүйке жұйесінің орталығы жанданады.













.

Стрихниннің сопақша миға әсерінде тыныс алу күшейеді, жүректің жүмысы өзгеріп, қан қысымы артады жөне кезеген жүйкенің тонусы күшейеді. Жүлынға әсер еткендей, сопақша мида да барлық орталықтардың қозуын арттырады. Стрихнин ас қорыту жүйесінің жүмысын жақсартады, әсіресе қарын мен ішектердің атониясында айқын байқалады. Ең негізгісіперистальтиканы қалпына келтіріп, секрецияны күшейтеді. Рефлекторлы реакциялардың күшеюіне жөне стрихниннің әсерінен адреналиннің көбеюіне байланысты, зат алмасу жақсарады, жылудың бөлінуі күшейеді, бауырдағы гликогеннің көлемі жоғарылап, жануарлардың әртүрлі улы заттарға төзімділігі артады. Стрихниннің куаттандырғыш әсері тек емдік мөлшерлерінде ғана болады, ал жоғарғы мөлшерінде уытты әсер етеді. Уланудың жоғарғы сатыларында жануарлардың рефлекторлы қозуы күшейеді, олар жарықган қорқып, әртурлі дыбыстардан үркіп, дірілдей бастайды. Онан әрі тоникалық’сіресулер басталып, цианоз пайда болады, жануарлардың көзі жұмылып, қабағы жабыла бастайды. Көкірек қуысы бұлшық еттерінің жиырылып қалуынан, тыныс алу тоқтап қалады.





.

Улану барлық жануарларда жалпы бірдей болғанымен, біреулерінде жылдам, екіншілерінде баяу, ал енді басқаларында әлсіз өтеді. Стрихнинмен уланған жануарларды емдегенде, ондағы улы заттарды бейтараптайды, өлсіреген орталық жүйке жүйесіне толық тыныштық береді. Стрихнинді қолданғанда оның орталық жүйке жүйесін қоздырып, көптеген мүшелердің жұмысына қолайлы жағдай жасайтындығын ескерген жөн. Ұзаққа созылатын созылмалы ауруларда оның емдік әсері бірден басталмай, препаратты үзақ уақыт, жүйелі түрде қолданғаннан кейін ғана басталады. Мал дәрігерлігі төжірибесінде стрихнин нитратын тері астына жеке өзін немесе басқа да заттармен бірге қосып егеді. Стрихнинді әртүрлі сіреспелер мен сіресулерде зат алмасуды, ас қорытуды, тыныс алуды, жүрек-қантамырлары және басқада жүйелер мен мүшелердің жұмысын жақсартатын зат ретінде, әртүрлі жұқпалы және жұқпалы емес ауруларда, организм наркоздық заттар және үйқы келтіретін заттармен уланғанда уға қарсы зат ретінде қолданады.
Тері астына еккендегі мөлшері: жылқыларға 0,02-0,1 г, сиырларға 0,03-0,15; қойлар мен шошқаларға 0,002-0,004; иттерге 0,0005-0,001; мысықтарға 0,0003-0,0005; тауықтарға 0,0002-0,0004г. Негізінен стрихнин төменгі және орта мөлшерде ғана қолданылады, ал жоғарғы мөлшерінде уға қарсы зат ретінде орталық жүйке жүйесі қатты әлсірегенде ғана қолданылады.

Ac қорыту жүйесіне әсер ету үшін стрихнин нитратынан басқа чилибуханың құрғақ экстрактысы — Extr. Strychnini siccum жөне тұнбашасы — Tinctura Strychnini қолданылады. Секуринин нитраты — Securinini nitras. Қиыр Шығыстағы сүттіген түқымдасына жататын секуринега өсімдігінің алколойды. Иіссіз, ащы дөмі бар, суда еритін ақшыл-күлгін түсті ұнтақ. «Аң тізімі бойынша сақталады. Әсері стрихнинге ұқсас, бірақ оған қарағанда әлсіздеу. Орталық жүйке жүйесінің рефлекторлы қозуын күшейтіп, шаршағанды басады және жүректің жұмысын жақсартады. Көбінесе иттерге береді. Ішке бергендегі мөлшері 0,001-0,006 г; тері астына еккендегі мөлшері 0,001-0,002 г.