Қазақша реферат: Софы Сматаев туралы |

0






Өткен ХХ-шы ғасырдың алпысыншы жылдарында әдебиет әлеміне ентелей еңген, «э» дегеннен-ақ, кезге окшау түскені қаламгер — Софы Қалыбекұлы Сматаев еді. Үш бағытта кезек қалам тербеп, ұлттық әдебиетіміз бен мэдениетіміздің жоғын іздесіп, кем-кетігін толтырысуда барын сала бейнеттеніп келе жатқан танымал суреткердің шығармашылық жолы эралуан. Қара сөзге дес бермей, күрделі прозаны меңгергені өз алдына, сахналық мехнаттың азабы дерліктей, пьеса, либретто жазудың нэзік сырлары мен күпиялы машақаттарына беріле машыктанды. Қиялын безеп, өлең толғап, жүрегінен жыр төкті. Тумысынан бойын кернеп, ішкі әлемін барынша баурап алған осынау проза, поэзия, драма деп аталатын үш жанрдың бас көтертпес қиындықтары жазушы жанына титтей де тыным берген емес. Сол баяғы сабылыс! Сол баяғы ізденісі Сол баяғы арпалыс! Бір сәт те тыным таппас, тыныштық атаулыдан көрген тапшылығы жүз түйеге жүк боларлық дамылсыз жан иесіне не айтарсыз?! Не деп тоқтау айтарсыз оның үнемі жоқ іздеуден танбаған әлем тапырық көңіл-күйіне, жүрдек те тым жүйрік қиял екпініне. Қолынан қаламы түскені — дәп бір жан айғайының әбден-ақ әлсірегеніндей… Лапылдаған жүрек жалынының сөнгеніндей…Арман, тілек, жоба-жоспарларының өшкенін-дей. Енжарлықтан зәре-құты қалмайтын ежелгі әдеті. Тіпті, жасының ересек тартқан шағында (бертінде) әлденеше рет жүрек талмасы дертіне үшырап, әупірім тәңіріммен, әйтеуір, аман қалды. Асқазаны сыр беріп, оның аяғы күрделі операцияға үласып, үзаққа созылған сырқат азабын әлі күнге дейін тартып-ақ келеді. Бәрібір қаламсабы, қара сиясы қашанда таяныш-тірегі, ақ қағазы сырласы, мұңдасы. Төсекке таңылып қалған күндерінің өзінде елінің, жерінің көкейкесті мәселелерін тереңінен копара қозғаған публицистикалық өткір мақалалары күнделікті баспасөз беттерінен бір сәт те түскен жоқ. «Софиян» деген эдеби лақап атымен толассыз жарық көріп жатар батылдыққа толы өлең жолдары, отты жырлары замана, қоғам жөнінде жазылған оның жүрекжарды толғаныстары. Сергек шайырдың жан айғайымен астасқан жүрек толғаулары. Өткір де өтімді ойлары тас кеседі, кісінің сай сүйегін сырқыратарлықтай кесімді де кесікті.
Жэ, тәйірі, ақынжанды болмыс бүйығы қалыпқа көндіге алар ма? Бүлқынады ол, жүлқынады. Тілінің үшына оралған ойларын іркіп қалудан сақтанады. Бүгежектеп, бүқпантайламайды. Әрідегісін эркез ашып айтқысы келеді, ашық айтқысы келеді. Өкінішке қарай, онысын эркім эрқалай түсінеді. Бүқпалап, бүгіп айтуды біржола мансүқ еткен қарымды қаламгер, нэтижесінде, өзіне тиесілі сый-қүрметтерден де қағылып келеді. Ол түсінікті де. Ел жүрегінде, халық көкейінде қордаланған өмір шындықтарын қазбалап айтуды қоғам түтқасын қатып үстаған қайсыбіреулер үната да бермейді. Ол өзіне деген кейіс қабақ белгілерін эрдайым сезінбей де жүрген жоқ. Бірақ, ар-ожданының, азаматтығының алдында өз жауапкершілігін жығып бергісі келмейді. Халқына деген іңкэр көңілін кірлетіп алмауға жанын салады. Бүл ретте, ақын жүрек өз мақамынан қалай айнымақ? Сонау алпысыншы жылдардың аяқ кезінде тасқа басылған алғашқы ақындық жинағы өлеңдер мен балладалардан құралған «Астана оттары» еді. Қаламға деген қүлшынысын ақын ретінде бастаған Сәкеңнің жүрдек қаламынан (жоғарыда айтып өткендей) туған сан жанрлы еңбектері қалың оқырман көңілін үздіксіз эстетикалық лэззатқа бөлеп келеді. Әлбетте, оның бэрін тэптіштей талдау — көлемді зерттеулердің міндетіне жатпақ. Әйтсе де, қалай айтсаңыз да, ауыз толатын прозалық негізгі шығармаларын санамалап, әрқалай айтып өтсек, оның оқасы бола қоймас.








Жазушының бас кітабы — «Елім-ай» роман-трилогиясы -халқымыздың басынан кешірген (1698-1725ж.ж.) қитүрқы да қанқүйлы кезеңдерін ауқымды суреткерлік шеберлікпен дэл бере білген жүйрік қиял мен кең көзқарастар нәтижесінен туған алып тынысты соқталы дүние. Қазақ даласын жаншып тастауға жанталасқан жау басқыншылығына касқая қарсы түрған ел-жұртымыздың ерен ерлігін шынайы суреттеген сезімтал қаламгердің асқан қайсарлығын атап өтпеу — әділетсіздік. Алғашқы кітабының жарық көруі қиынға соқты. Әйтсе де, түтас бір дэуірдің шыңғырған шындығын еш қоспасыз жырлаған жазушының жан айғайы қандай қамал-қүрсауды болмасын, талқандап өтерліктей еді. Сол дүлей екпін, дауылды пәрмен екінші кітаптың да жұртшылық қолына жедел тиюіне жәрдем етті. Үшінші кітаптың өмірге енбеуіне тіпті де мүмкіндік қалмаған еді. Жүқарған жүйке мен ащы тер, ақыры, салтанат қүрды. Кеңестік кең заманда «елім-айлап» еңіреген бүл қай бейбақ? — деп, қабақ шытып, жүдырық түйген партиялық цензура өкілдерінің амал-айласы күрыды. Қазақ халқының аса ауыр жылдарын тілге тиек еткен жанкешті жазушының осынау көлемді еңбегін оқырман қауым қуана қабылдады. Рухани-мәдени орта дүр сілкінгендей болды. Қаламгер ғұмырының басым бөлігін қамтыған «Елім-ай» роман-трилогиясы — шындық пен ақиқатқа толы шын мэніндегі күрделі де көлемді, мазмүнды да мағыналы, салиқалы да сапалы, үлкен тарихи шығарма. Әлеуметтік арқалар жүгі ауқымды, мақтанып айтарлықтай аталмыш туынды қазақ эдебиетінің алтын қорынан ойып түрып орын алғаны көпшілікке түгелдей аян. Өзінің бас кітабы «Елім-айдан» өзге де жазушының еңбектері кісі көңілін көніштерліктей. Тізім тым салмақты. Жоғарыда айтқанымыздай, көп жанрларда тер төккен еңбекқор жазушы тынымсыз түртінектеген. Көсілте көп жазып, аянбай сілтеп, жиі қалам тербеген.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!