Қазақша реферат: Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері |
Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиетті парыздары болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Қорқыт Ата, Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Иссауи, Ахмет Иүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.
Әбу Насыр әл –Фараби (IX ғасыр) ертедегі Қазақстан жерінен шыққан, қазақ топырағында дүниеге келген, ғұлама ғалым, Шығыстың ұлы ойшылы, әрі ағартушысы, математик, философ, музыка зерттеушісі, тарихшы болған. Туған жері – Отырат (Фараб) қаласы. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз», ұлы ғұлама ғалым.
Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінде алған. Өмірін араб елдерінде өткізген. Ол Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған түсініктеме берген. Әл-Фараби логика, саз, астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазды. «Кемеңгерлік меруеті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Бақытқа жету» сияқты көптеген еңбектер қалдырған. Фараби өзінің «Қайрымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы» трактатында қала адамдарының жеке2 топтарына сипаттама берді. Ғұлама қайырымды, қайырымсыз қала тұрғындарына талдау жасап, тұрмыс салтын, өмір сүру ерекшеліктерін, оларға тиісті құндылықтарды көрсетпекші болды. Адамдар2 бақытты болуы үшін бір-біріне көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала ізгі қала болды; — дейді Фараби ізгілік бақыт туралы надан қала тұрғындарының білетіні байлыққа рахаттану, құмарлыққа ерік беру, мансап, сый-құрметке еліру болып табылады дейді. Ал «Азаматтық саясатта» ұжым туралы қайырымды қаламен қатар бұзылған қайырымсыз қала болатындығын ескертеді. Мұндай болмас үшін бірлесіп әрекет ету қажет дейді. Педагогикалық тұрғыдан адамдар арасындағы достық, қастық туралы ой-пікірлерінің маңызы ерекше:
- Оның 1-і адал дос
- айнымалы дос
Қастардың да 2 түрі болады
1.Өшпендігі мол, жаулығы басынан асқан адамдар;
2.Көре алмаушылықтан жауласқан адамдар.
Бұлардың бірінен сақтану керек екіншісі мен байыпты қарым-қатынас жасалған дұрыс. Ал бейтарап адамдардың адалдығына көз жеткенше оларға дос адамдай беріліп кетуге болмайды. Фараби нағыз ғалым принципшіл, құлық-сұмдықпен, өсек-аянмен ісі жоқ, жұртты алдап-арбуды білмейтін, ілтипатпен қарайтын, білімділігі өнегелі мінез-құлқымен безендеріліп тұрмаса болмайды, — дейді.
Мұғалімдік еткен адамның өлшеуі (әдісі) тым өктем немесе тым босаң болмауы керек. Мінезділік бақытты болудың шарты. Сондықтанда жанымен тәнін тәрбиелеуді бесігіннен бастаған абзал, — дейді. Фарабидің ұғымында шәкірттерді тәрбиелеу үшін жете түсінетін, көреген-естігенін нәрселерін жадында сақтайтын, алғыр, аңғарынпаз, өткір сөз иесі, ойын анық жеткізе алатын, ішімдікке, құмарлыққа қанағатшыл, жаны асқақ ақшаға, жалған дүниеге жаны қас, әділетті жақтайтын болуы шарт –дейді. Сонымен қатар, тәрбие мен білім беру, педагогика мен психология, этика ғылымдарының салаларына құнды пікірлер мен қағидалар айтқан. Әсіресе, жақсы мінез құлықты қалыптастыру және дағды мен әдетке ерекше мән берген. Әл-Фараби тәрбиенің әдіс және тәсілдеріне сипаттама береді. Тәрбие әдістері мадақтау, бетіне басып ұялту, көзін жеткізу, көндіру және т,б, тәлімгерлерден ерекше имандылық пен ізеттілікті талап етеді. Оқыту – баланың тілін дамыту, білім беру, үйрету арқылы асатын болса, тәрбиелеуге-шәкірттердің бойындағы жағымды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратындығына тоқтала келіп, ғылым мен білімді және тәрбиені меңгерумен қатар, өзін өзі тәрбиелеу, ерік қайратты тәрбиелеуге мән береді. әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары тураы айтқанда әртүрлі психологиялық тақырыптардағы, мысалы «Жан туралы», «Ақыл ой туралы», «Темперамент туралы», «Түс көру туралы», «Жанның мәні туралы», «Ақыл ой және ұғым» тағы басқа еңбектері күні бүгінге дейін өз маңызын жоғатқан жоқ.
Әл-Фарабидің тағылымдық –тәлімдік ойларының ішінде ерекше назар аударарлық мәселе – шешендік өнері туралы айтқан қағидалары. Шешендік өнеріне көз жеткізу дегеніміз адамның өзіне айтылғанды көкейюіне түю, сондай ақ оған ой жіберу арқылы адамға құлақ қою болып табылады. Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық жүйесі Шығыстағы ілкі ортағасырлық мұсылмандықтың рухани мәдениет тарихында және бүкіл адамзат мәдениетінде ерекше орын алады. Әл-Фараби философиясы дүние тану мәселелерінде жан -жақты. Жүсіп Баласағұн (IX ғ.) түркі халқының көрнекті өкілдерінің бірі, рухани мәдениет тарихында өзіндік із қалдырған дарынды ақын, ойшыл. Оның өмірбаяны туралы бізге жеткен мағлұматтар жоқтың қасы. Тек Баласағұн (Жетісу) өңірінде туып өскені хақ. Жүсіп Баласағұнның қазіргі ұрпаққа жеткен «Құтты білік» атты көркем туындысын атай аламыз. Дастан-саяси және ғибрат, өсиет, ақыл ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық туынды. Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында, тәлім – тәрбиелік, ғибраттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде жазылған педагогикалық және психологиялық, философиялық тұрғыдағы көркем туынды. «Құтты білік» дастанын тек қана әдеби мұра деп қарау біржақтылық болар еді. Оның жалпы түрік тілдес халықтар тарихындағы елтану, әдебиеттану, тілтану, мәдени – тарихи қатынастар саласындағы алатын орны, маңызы мен мәні ерекше. Бұл тұрғыда, қазақ халқының да рухани кәмелеттену жолының күретамыры Жүсіп Баласағұнның эстетикалық әлемінде жатыр.
Еңбекте отбасы тәрбиесі, онда ата-ананың алатын ролі туралы, баланың мінез – құлқын, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру, отбасында ата – ананың бала тәрбиесіндегі алатын орнына ерекше мән береді. Бұл орайда көзге көрініп тұрған тағы бір жай – ақынның тәлім – тәрбиелік, ақылдылық, адамшылық пікірлері қазіргі біздің заманымыздың жағдаятына сай келуі, онда «барша адамзат қауымының ұстанатын мұраттардың» болуы. Қай заманда болмасын адамзат атаулының алдында тұрған басты міндеттердің бірі – келешек өмірді жалғастыратын салауатты, саналы, өзінің ісін жетік білетін – тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам, халық қамын ойлау екені даусыз. Педагогика ғылымында тәрбие заңдылықтарын тәрбие үрдісінде берік қайталанатын және маңызды байланыстар деп түсінсек,ендеше оларды іс жүзінде қолдану, жүзеге асыру жеке тұлғаны дамытуда, қалыптастыруда нәтижелі қорытындыларға жетелейді.
Халықтық тәлім – тәрбие дәстүрін он бірінші ғасыр шамасында түркі халықтарының қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне енгізуші, гуманистік, адамгершілік, ағартушылық идеялар мұрасын жалғастырып уағыздаған Жүсіп Баласағұнның еңбектерімен жастарымызды таныстыру, бай мұрасынан нәр алдыру – бүгінгі ұрпақ алдындағы басты міндеттеріміздің бірі. Ертедегі ойшылдар тәрбие саласында қалыптасқан бай тәжірибелерді ескере отырып, өздерінің теориялық ілімдерін, идеяларын ұсынған. Зерделей келсек, Баласағұн, Қашғари, Яссауи, Әл-Фараби идеялары мен эстетикалық құнарының түп тамырлары ежелгі ойшылдар Сократ, Платон, Аристотель сияқты әлемдік алып тұлғалардың жүрегімен қанаттасып қатар соғатындай. Түркі тілдес ойшылдардың шығармалары мен еңбектеріндегі тәлім – тәрбиелік пікірлер, ұсыныстар мен нақыл сөздер, озықтығы мен жаңашылдығына байланысты оқу-тәрбие саласында нағыз табан тірейтін негіздердің бірі бола алады. Оны ақынның ғақлия сөздерін оқығанда көзіміз жете түседі. Орта ғасыр ойшылы Жүсіп Баласағұн идеяларының сипатын төмендегідей етіп даралап көрсетуге болар еді:
1) дүниетаным, эстетикалық көзқарас, адамгершілік мұрат бірлігі;
2) қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді, заман тынысын нақты сезіну, көркемдік танымда реалистік – рационалдық қасиеттерге жүгіну;
3) тақырып тамырластығы, ой толғап отырған жайлардың ортақтығы;
4) поэтикалық табиғаттың үндестігі (ойшылдық, табиғатындағы жақындық).
Бұрынғы өткен түрік қағанатынан бастау алып, күні бүгінге дейін кәдеге жарап келе жатқан рухани мұра – халықтық педагогика. Қазіргі таңда өскелең ұрпаққа білім беру үрдісі заманымыздың талабы мен мүддесіне орай этнопедагогика ғылымының кең қанат жайып келе жатқанына сай тәрбие. Осыған байланысты біз жастарға этнопедагогикалық пікірлерді оқытып, данышпан тұлғалардың бір – бірімен жалғасып жатқан білім, ғылымдарын ұштастырып көрсеткеніміз абзал.