Қазақша реферат: Шығындардың түрлері қазақша реферат |

0
76
Advertisement

Ол тауар өндірудің бір единицаға ұлғаюы үстіндегі шығындардың осуі.
Қашан қосымша табыс қосымша шығындарға теңескенде, әдетте, «мөлшерлі табыс мөлшерлі шығындарға тең келеді» делінеді.
Мөлшерлілік (шекті) сәті дегеніміз — өндірісті одан өрі дамытудың экономика тұрғысынан қажеті жоқ дегенді біддіреді. Өйткені, келесі қосымша единицасының шығындары сол единица әкелетін табыстан асып кетеді.
Атап айтқанда қосымша табыстың қосымша шығындармен теңесу сәтінде (оларға «шектілік» жеген жағдай береді) фирма жалпы пайданың шыңына шығады.
Мөлшерлі (шекті) шығындар тұжырымдамасы шығындарды анықтауға мүмкіндік тудырып, оның мөлшерін толық бақылайтындықтан да фирма үшін стратегиялық маңызды болып саналады. Фирма мөлшерлі шығындардың көмегімен өндірісті бір единицаға ұлғайтудың неге түсетіңдігін жөне өнім шығаруды бір единицаға қысқартқан жағдайда фирма қанша шығынды болдыртпайтындығын дәл анықтайды.
Тауар өндірудің шығындары негізгі жене айналым капиталының шығындарымен тікелей байланысты.
Бухгалтерлік шығындар — бұл күшіндегі заңға сәйкес өнімнің өзіндік құнына қатысты айқын шығындар.
Бухгалтерлік шығындардың баптары — өнімдердің өзіндік құндарын құрайтын шығындар баптары болып келеді.
I. Материалдық шығындарға мыналардың құндары жатады:
• кәсіпорындар алған шикізаттардың, материалдардың, олар өндірілетін өнімдердің негізгі компоненттері болып саналады;
• қалыпты технологиялық процесті қамтамасыз ету, буып-түю, сақтау үшін сатып алынатын материалдардың;
• арзан бағалы және тез тозатын заттардың (республикада оларға: аспаптар, тетіктер, мекеме жабдықтарын және басқаларын арзан бағалы және тез тозатын заттарға жатқызу үшін Үкімет олардың тұтыну мерзімін және құндарын белгілейді);
• сол кәсіпорында монтаждауға немесе одан әрі өндеуге жататын, басқа кәсіпорындардан сатып алынған жабдықтау бұйымдары және жартылай фабрикаттардың;
• басқа кәсіпорындар атқаратын жұмыстар мен қызметтердің;
• сатып алынған отынның және т.б.
II. Еңбекақыға жұмсалған шығындар:
• іс жүзінде орындалған жұмысқа еңбекақы төлеу;
• жұмысшыларға заттай төлеу түрінде берілетін өнімдердің құндары;
• әртүрлі сыйақы, жалақыға қосылған үстемақы;
• өтемдік сипаттағы телемдер (қалыптық жағдайлардан тысқары жұмыстарға, кәсіптерді қатар атқару, денсаулық үшін қауіпті жағдайлардағы жұмыстар үшін);
• демалысқа төлеу және т.б.
III. Заңнамамен белгіленген нормалар бойынша міндетті ақша
аудару — әлеуметтік қажеттілікке ақша аударуға жатады: жалпы шығын мөлшерінің еңбекақы төлеуге байланыстылығын анықтайтын әлеуметтік сақтандыру қорына, зейнетақы қорына (мемлекеттік және мемлекеттік емес, халықты жұмыспен қамту қорына). — Материалдық шығын секілді (I бөлім), еңбекақыға жұмсалатын шығындар (II) жөне өлеуметтік қажеттілікке ақша аудару да (III бөлім) кәсіпорынның меншікті капитал айналымын пайдаланумен байланысты.
Төртінші бөлімде көрсетілген шығындар кәсіпорынның негізгі капиталын пайдаланумен байланысты.
IV. Негізгі капиталдың амортизациясы — ол негізгі капиталдың
құнын оның тозуына қарай сол капиталдың көмегімен өндірілетін өнімге көшіру және осы құнды негізгі капиталды одан әрі
ұдайы өндіру үшін пайдалану процесі болып табылады.
Амортизациялық қор — ол негізгі капитал құнының орнын толтыруға арналған негізгі капиталдың тозу жиынтығы.
Амортизацияның әр жылғы нормасы салық және басқа да міндетті төлемдер туралы заңда белгіленген

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз