Қазақша реферат: Шетелдік әріптестермен келісімшарттық қарым-қатынас |
Халықаралық туристік операцияларды жүзеге асыру туристер — туристік қызмет тұтынушылары және туристік фирмалар — туристік қызмет өндірушілері мен өткізушілері арасындағы белгілі қарым-қатынастардың болуын білдіреді, сонымен бірге соңғыларының халықаралық қызметтің осы түрін орындауын қамтамасыз ететін әр түрлі үйымдармен (банктермен, көлік және сақтандыру компанияларымен, т.б.) қарым-қатынастың болуын меңзейді.
Туристік фирма — өзінің негізгі қызмет сипаты бойынша туристік қызмет тұтынушылары мен орындаушылары арасындағы делдал ретінде қызмет көрсететін фирма. Халықаралық тэжірибеде инициативті және рецептивті туристік фирмаларды ажыратады. Рецептивті туристік фирма — туристік индустрия кәсіпорындарымен — туристік қызмет орындаушыларымен орнатылған байланыстар жүйесінің арқасында өз елінде шетелдік туристерге қызмет көрсетуге мамандандырылған фирма.
Инициативті туристік фирма — турқызметтерді шетелдік орындаушылармен іскерлік байланыстары есебінен өз елінің азаматтарына турлар ұйымдастыруға мамандандырылған фирма.
Халықаралық туризм операцияларының негізгі субъектілері арасындағы қарым-қатынастар жүйесі заңды түрде түрлі өзара шарттармен (контракттармен) анықталады. Нарық субъектілерінің келісімшарттық қарым-қатынастары нормативтік-қүқықтық акті-лермен реттелетін міндетті қарым-қатынастардың бөлігі болып табылады. ҚР АК 378-бабы бойынша келісімшарт азаматтық құқық-тар мен міндеттерді бекіту, өзгерту немесе тоқтату туралы екі немесе бірнеше түлғалардың келісімі ретінде анықталады. ҚР АК 383-бабына сәйкес, келісімшарт қатысушы тараптар үшін келісім бекітілген мезетте іске асатын ережелерге сэйкес болуы тиіс.
Өзара шартты жасау барысында қатысушы тараптардың қарым-қатьшасы тек өзара шарт талаптарымен ғана емес, сондай-ақ, қолданыстағы қүқық нормаларымен анықталады. Өзара шарт-тың немесе қандай да бір шартгың заңнамаға қайшы келуі өзара шартты мүлдем жарамсыз немесе оның сэйкес шартын жарамсыз деп мойындауға әкелуі мүмкін. Егер өзара шартта қандай да бір мэселе бойынша шарт болмаса, ол қолданыстағы қүқық нормала-ры көмегімен толтырылады.
Әр түрлі мемлекеттердің қүқықтарында бірдей мәселені шешу айтарлықтар айырмашылықтар бар, сондықтан өзара шарт жасау барысында нақты өзара шарт бойынша қарым-қатынастар қай мемлекеттің қүқығымен реттелетіндігін білу қажет.
Өзара шарттың жобасын туроператордың өзі жасаған дүрыс, егер оны контрагенттен алатын болса, бүл жағдайда фирманың мүдделері түгелдей ескерілмеуі мүмкін. Одан басқа, бүл фирмаға оған тиімсіз шарттардың болмауына мүмкіндік береді.
Өзара шартты бекітер алдында контрагент өкілінің қол қоюға заңды қүқығы мен өкілеттілігі бар екендігіне көз жеткізу қажет. Өзара шартқа қол қоюға сәйкес өкілеттілігінің болмауы көрсетілген қызметтер үшін төлемақы алуға немесе қызметтер үшін алдын ала төленген соманы қайтарып алуға мүмкіндік бермеуі мүмкін. Тіпті, езара шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындағысы келмеген жэне жауапкершілікті мойнына алғысы келмеген контрагент өзара шартқа қол қойған адамның оған өкілеттілігінің жоқ екендігін жа-риялауы мүмкін.
Осылайша, туристік қызметке өзара шарттың қайсысында болмасын, оларсыз өзара шарт жарамсыз деп табылатын келесі атрибуттардан түруы тиіс:
— Қүжаттыц атауы, оныц тіркеу номері Әрбір қүжаттың өз атауы болуы тиіс. Бүл одан шығатын қатынастарға қолданылатын материалдық қүқықты эжептеуір деңгейде анықтайды. Өзара шарттың номерленуі екі реттік болуы тиіс: эр тараптың тіркеу номері бойынша. — Бекіні оры мен уақыты. Өзара шарттың жарамдылығын бағалауда қолданылатын қүқық оның бекіту уақытымен де анықталады. Ол үшін міндетті түрде қол қоюдың орнын, қаласын, елін, сондай-ақ уақытын көрсету қажет.
— Кіріспе. Кіріспеде өзара шартқа қатысушылар егжей-тег-жейлі сипатталады. Онда келесі деректер көрсетіледі: эр қатысушы тараптың тіркеу құжаттарына сэйкес келетін толық атаулары; тіркеу елі мен мемлекеттік реестр бойынша номері; халықаралық туристік қызмет көрсетуге лицензияларының номерлері. Егер қатысушы тараптар тіркеу куэліктері мен лицензияларының көшірмелерін беруді өзара талап етсе, онда олар өзара шартқа тігіледі, ол туралы кіріспеде меңзеледі. Егер өзара шарт мэтінінде екі тараптың да атауын бір уақытта жиі қолдану қажеттілігі туса, онда олар қалай аталатынын (Қатысушы тараптар, Қатысушылар) нақты анықтап алу қажет. Қабылданған шартты атаулар эрқашан бір мағынада қолданылуы тиіс. Кіріспеде сонымен бірге, қатысушы тараптардың өкілдері және өзара шартқа қол қоюшы тұлғалары көрсетіледі (аты-жөні, лауазымы). Егер өзара шарт сенімгерлік жүктелген тұлғамен бекітілетін болса, онда бүл түлға туралы мэлімет кіріспеде көрсетілуі тиіс және өзара шартқа сенімгерлік қағазы тігілуі тиіс, ол өзара шарттың міндетті бөлігі болып
табылады.
— Түсініктер мен анықтамалар. Бұл бөлім арнайы термино-логия мен оның анықтамасынан тұрады. Өзара шарт баптарының эр түрлі оқылуынан арылу үшін қатысушы тараптарға түсініктер туралы келісіп алу қажет. Әдетте 10-15 түсінікке анықтама беріледі. Бұл екі тілді өзара шарт жасасуда аса маңызды. Термин мағынасының нормативтік актілерде эр түрлі түсіндірілуі орын алған жағдайда, халықаралық нормаларға сүйенген жөн.
— Өзара шарт мәні. Өзара шарт мәні мен объектісін ажыра-та білу керек. Өзара шарт мәні — әрқашан нақты эрекет, мысалы, туристерді қабылдау, жөнелту. Өзара шарт объектісі турөнімнің эр түрлі сипаттамаларын нақтылайды, жеке алғанда, экскурсия, емдеу. Одан басқа, бүл тарауға қатысушы тараптардың келісімі бойынша басқа да шарттарды енгізуге болады, мысалы, қүпиялылық шарты, міндеттемелерді үшінші тарапқа беру.
— Қатысушы тараптардың міндеттемелері. Қатысушы тараптардың міндеттемелерін ең қажетті жэне маңызды сэттеріне көңіл бөле отырып, нақты сипаттау қажет. Нормативтік қүжатқа не-месе ережеге сілтеме жасау жайттарынан басқа, міндеттемелердің ауызша түрде орындалатындығын қарастырмаған жөн.
— Маңызды шарттардың өзгеруіне аса назар аудару қажет, оларды қадағаламау өзара шарт негізінен айрылуға себеп болуы мүмкін, нәтижесінде ол жарамсыз болып қалады. Мысалы, қазақстандық заңнама бойынша, турөнімді өткізу келісімшарты-ның маңызды шарттары «Қазақстан Республикасының туристік қызметі туралы» ҚР Заңында келтірілген.
— Туристік цызмет көрсетуді бронау шарттары, Қатысушы тараптар қызмет көрсетуге тапсырыс өтініші қандай ақпараттан түруы керектігін, байланыстың қай түрін қолданатындығын шешеді. Қолданылатын терминологияны, аббревиатураны, қыс-қартулар мен басқа да түсініктерді келісіп алған жөн.
— Қызмет көрсету шарттары. Өзара шарттың негізгі мэтініне тек жалпы мәліметтерді ғана қосқан жөн. Қызмет көрсету бағасына не кіретінін көрсету қажет. Қатысушы тараптардың «ма-усым» немесе «маусым емес» түсініктерін қалай қабылдайтынын ашып айтып, келісу қажет жэне осы кезеңдерде қандай жеңілдіктер мен үстемелер болатынын нақтылау керек. Шетелдік туристер үшін жүмыс жэне мейрам күндеріндегі бағаларды көрсету ке-рек. Баға эдетте бір туркүнге бір адамға есептеліп, көрсетіледі. Туркүндердің саны түнеу санымен есептеледі. Егер турда қосымша тамақтандыру қарастырылса, онда оны ерекше келісіп алу керек. Турға жэне қызмет көрсетуге нақты бағалар қосымшада көрсетіледі жэне ағымдағы хат алмасуда келісіледі. Бұл жерде топтағы минималды адам санын көрсету қажет. Қонақүйлер мен турагенттіктер арасындағы қатынастар кодексінің 15-бабы бойын-ша, туристік топқа саны 15 адамнан кем емес, бірге келіп, бірге кететін және турагенттік пен қонақүй үшін жеке бірлік болып та-былатын туристер жатады.