Қазақша реферат: Шәріпбай Сәкиев өмірбаяны |

0






Театр — көркемдік-идеялық бағыты бір, ойы сабақтас, мақсаты тұтас ұжымның синтездік өнері. Театрда қызмет істейтін әртүрлі өнер иелерінің ішінде актердің орны бөлек. Қайсыбір театрды алсақ та, актер труппасының кұрамына өзінің шығармалық белсенділігімен, талантымен жалпы сахнадағы алатын орнымен дараланып, жеке спектакльдермен бірге ұжымның тұтас көркемдік бағытына ықпал жасап отыратын актерлер болады. Олар рольді терең меңгеріп, күрделі сахналық бейне жасаумен қатар театрдың жалпы шығармалық әрі әлеуметтік өмірінде өзгеше үлгі боларлық істерімен көрінеді. Мұндай актерлер сирек болса да бар. Әсіресе, труппа қүрамы шағын облыстық театрларда олардың көтеретін сахналық жүгі де, өзіндік келбеті де айқынырақ сезіледі. Міне, осындай актерлердің бірі — Жамбыл облыстық Абай атындағы қазақ драма театрының сахнагері, ҚКСР-нің халық артисі, «Құрмет Белгісі» орденінің және көптеген медальдардың иегері Шәріпбай Сәкиев.
Шәріпбай Қашқынбайүлы Сәкиев Жамбьш облысы, Байзақ ауданы, Ровное селосында дүниеге келген. Ташкенттің театр-көркем-сурет институтының режиссерлік факультетін бітіргеннен кейін шығармалық жолын 1936 жылы бастаған Ш.Сәкиев — Жамбыл облыстық қазақ драма театрының іргетасын қалаған тұңғыштардың бірі. Ол — өзінің 40 жылға жуық шығармалық сапарында жүзден астам роль ойнап, қайталанбас сахналық бейнелер жасаған актер. Олардың қатарында осы театрдағы алғашқы ролі К.Қырқымбаевтың «Келіншек» комедиясындағы Ақаннан бастап Кебек, Есен, Еспембет, Жантас, Тәнеке, Қобыланды, Жабай, Арыстан (М.Әуезов «Еңлік — Кебек», «Түнгі сарын», «Қарақыпшақ Қобыланды», «Қаракөз», «Айман — Шолпан»), Қодар, Қозы, Ақан, Аманкелді (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш — Баян сүлу», «Ақан сері -Ақтоқты», «Аманкелді»), Алдар көсе (Ш.Қүсайынов «Алдар көсе»), Жәңгір хан (М.Ақынжанов «Исатай — Махамбет»), Қасболат (Т.Ахтанов «Боран»), Абай (М.Әуезов пен Л.Соболев «Абай»), Қадырқүл (Х.Хамза «Бай мен кедей»), Ақылбек (Б.Жәкиев «Әке тағдыры», Ипполит, Дудукин (А.Островский «Мысыққа күнде той бола бермес», «Жазықсыз жапа шеккендер»), Фердинанд (Шиллер «Зүлымдық пен махаббат»), Скапен (Мольер «Скапеннің айласы»), Туффальдино (К.Гольдони «Екі мырзаға бір қызметші»), т.б. бар. Сан жағынан қарағанда Бұл көп емес. Бірақ көркемдік сапа, әстетикалық мағына түрғысынан алғанда Бұлардың әрқайсысында актердің ізденіс жолдары, шығармалық ерекшеліктері жатыр. 1930 жылдары театр сахнасында сол кездегі көруші қауымға таныс «Талтаңбайдың тәртібі», «Көзілдірік», «Болат», «Зәуре», «Малқамбай» сияқты шығармалармен қатар ауыл өмірінің күлкілі құбылыстарын бейнелейтін шағын пьесалар қойылған. Осылардағы кейіпкерлердің барлығы да — Шәріпбай ойнаған тілге жүйрік, іске епті, кедей жігіттерінің бейнелері. Осы типтес рольдерді ойнау түсында Ш.Сәкиев комедиялық қүбылысты жіті барлап, адам характерін кескіндеуге қажетті бейнелеу тәсілдерін екшей білу қабілетін дамытады. Орындаған кейіпкерлерінің мінез ерекшеліктеріне қарай сахнада өзін сан қырынан көрсеткен актердің еңбекқорлығы мен ізденгіштігін, өткір мінезі мен қажырлылығын байқамау мүмкін емес еді.
Жасынан сауыққой, өнерқүмар Шәріпбай театрға дейінгі алғашқы қадамын мектеп, клуб сахналарынан бастады. Сонда жылт етіп көрінген талант көзі театрда ерте ашылып, өнердің биік сатысына, оның күрделі сырларын меңгеруге жетеледі. Сахналық өнердің басты құралы — сөзге ерекше мән беруге, оның ішкі мағынасына үңілуге, екпін ерекшелігіне көңіл бөлуге Ш.Сәкиев театрға келген шағында-ақ айрықша мән беріп, зердесінде мықтап үстады. Ұстанған осы бір бағыт келе-келе оның сахналық шеберлігінің қалыптасуына, талантының мол қырынан ашылуына үлкен ықпал жасады. Актер бір жағынан режиссердің көмегімен, екінші жағынан оқып, біліктілігін көтерумен сахналық өнердің ерекшелігін тануга, театрлық білімін, жалпы мәдениетін көтеруге күш салады. Осылай ерінбей жасаган еңбек, мол ізденіс үзамай өзінің қомақты нәтижесін бере бастайды. Маусым сайын ірі рольдер ойнап, көп үзамай труппаның жетекші актері дәрежесіне көтеріледі. Енді ол алғашқы жылдары ойнаган комедиялық рольдермен шектелмей, біріне-бірі кереғар, психологиялық, қаһармандық бағытта жазылған кейіпкерлер бейнесін жасайды. Бұл жағдай Шәріпбай өнерінің жан-жақты дамуына, шеберлігінің әр қырынан көрінуіне мүмкіндік туғызады.
Театрға келген алғашқы төрт-бес жылдың төңірегінде әр дәуірдің ірі кейіпкерлерін сомдаған Ш.Сәкиев актерлік өнердің сырына ерте енді. Махаббат пен бас бостандығы жолында көне заманның дүлей күшімен арпалысқан М.Әуезов пен Ғ.Мүсірепов трагедияларындағы Кебек, Қозы, Ақан сері — актердің жастық шағындағы ерекше шабытпен ойнаған рольдері. Бұлардың бейнелерінен Шәріпбай бостандыққа үмтылған күрескер, махаббат күдіретін қастерлей білетін сезімтал, өздері үстаған өмір идеалына, асыл арманына жетуге үмтылған абзал жандардың ішкі дүниесін көрді.
Енді бірер жылдың ішінде актер репертуары үлкен өзгерістерге түсіп, жоғарыда аталған рольдерге қарама-қарсы Қодар, Есен, Сердәлі, Қарабай, Еспембетті ойнауы Ш.Сәкиевтің шеберлік шеңберінің кеңдігін айтпай-ақ танытып отыр. Бұлардың барлығы -жақсы ойналып, сәтті шыққан рольдер ғана емес, актер талантының күдіретімен жасалған қайталанбас, оның шығармалық келбетін анықтайтын сахналық тың бейнелер.
Астана (Алматы) мен облыстық театрлардың сахнасында бір-дей жүретін қазақтың классикалық пьесаларындағы ірі рольдердің сахналық бейнелерінде үқсастықтар жиі кездеседі. Бұл әрине актер шеберлігінің тапшылығынан туатын үқсастық. Жоғарыдағы аталған кейіпкерлердің халық үғымындағы характерлік ерекшеліктерін беру ниетімен кейбір орындаушылар әбден жаттанды болып қалған сахналық штамптардан қүтыла алмай жүреді. Ал, Ш.Сәкиев өнерінен ондай қайталаулар немесе үқсастық көрмейміз. Мәселен, Еспембет роліндегі актердің ойыны ешкімге үқсамайды, әрі кейіп-кер бейнесін өзінше түсінуден, өзінше ізденуден оның характеріне лайықты бейнелеу бедерін тапқан. Оның Еспембеті Қазақ КСР-нің халық артисі Серке Қожамқүлов жасаған әйгілі сахналық кейіпкер-ден мүлдем бөлек. Бұл — өзінше қызық, автор материалын өзіндік ой-түжырыммен барлаудан туған сахналық дара бейне. Тіпті оның үстіндегі киімі де, бетіндегі гримі де, қимыл-қозғалысы да, сөз сөйлеу мәнері де басқалардан өзгеше. 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде көрсетілген «Еңлік -Кебек» спектакліндегі Еспембет ролін С.Қожамқүловпен бірге Ш.Сәкиевтің ойнауы оның осы орыңдаушылық ерекшелігінде дейміз.
Тарихи-революциялық тақырыптағы спектакльдерде де Ш.Сәкиев — үлкен шеберлік көрсеткен актер. Ол М.Әуезовтің «Түнгі сарынындағы» Жантас, Б.Майлин мен Ғ.Мүсіреповтің «Аманкел-дісіндегі» Аманкелді, З.Шашкиннің «Тоқаш Бокиніндегі» Тоқаш сияқты халқымыздың бостандығы мен бақытты өмірі жолындағы күрестің ардагер үлдарының бейнесін жасады.
Ш.Сәкиев жасаған барлық сахналық бейнелерді түтас шолып өтудің өзі мүмкін емес. Жәңгір хан, Махамбет, Қобыланды, Арыстан, Көтібар, Алдар көсе, Бекежан, Ер Таргын, Тәнеке, Абай… т.б. қазақ драматургиясының ірі туындыларындағы бас кейіпкерлерді ойнау — актер өнерінің деңгейін анықтайтын шығармалық өлшем. Мұндай күрделі рольдерді меңгеруге Ш.Сәкиев табиғи талант, өмірлік тәжірибесінің үстіне көп ізденудің, оқып білудің, мәдени шеңберін кеңейтудің нәтижесінде жетті. Актер күнделікті газет-журналдардан тыс әдебиеттің озық үлгілерін, кеңестік театр, жалпы өнер жайындағы жаңалықтарды қалт жібермей оқып отыратын. Сондықтан ол роль дайындау үстінде режиссердің бергенімен шектелмей, қайта түтас спектакльдің шешімдеріне ой жүгіртіп, пікір таластырып отырумен пьесаның сахнада дүрыс бейнеленуіне ықпал етеді.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!