Қазақша реферат: Шәкен Айманов өмірбаяны |

0






Шәкен Айманов мектепті бітіре сала, 1928 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына түседі. Жас таланттардың намысын қайрауда үлкен жүк көтерген Семей тәрбиесі Шәкен табиғатына да едәуір өзгеріс әкелді, балаң дарынға леп берді. Өнерін ұштап, көзге түсіп қалған түбіт мұрт бозбаланы 1932 жылы ашаршылықтан зардап шеккен елдің хал-күйімен танысып жүрген үлы Ғабит Мүсірепов байқап қалып еді. Жас жүректің өзгеше лүпілін зердесімен үққан атақты жазушы болашақ актер бағытын астанаға бұрған. 1932-33 жылғы маусымнан бастап, қазақ драма театрына алынған Шәкеннің алғашқы рольдері: Грамофонов (Н.Погодин «Менің досым»), Қодар, Керім (М.Әуезов «Абай»), Алдар көсе (Ш.Хұсайынов «Алдар көсе»), Исатай (І.Жансүгіров «Исатай — Махамбет»), У.Шекспирдің 1939 жылғы «Отелло» қойылымында Кассио және тағы басқалары. Қазақ, орыс және шетел драматургтерінің таңдаулы шығармалары актер репертуарының негізін кұрады.
Тихон, Великанов (А.Н.Островский «Таланттар мен табынушылар», «Найзағай»), Шадрин (Н.Погодин «Мылтықты адам»), Кидд (Лавренев «Америка даусы»), Бретт (Дж.Гоу мен А.Дюссо «Терең тамырлар»), Хлестаков (Гоголь «Ревизор»), Кривенко (Чирсков «Жеңімпаздар»), Казанцев (М.Әуезов «Түнгі сарын»), доктор Гельпак (Ф.Вольф «Профессор Мамлок») бейнелері ұлттық сахнамыздың сүбелі табыстарына жатады. Ш.Аймановтың актерлік нұсқасы, тұлғалы, іргелі, келелі кейіпкерлерді кескіндеуге жақын тұратын. Ол — қазақ топырағында романтикалық театр мектебін қалыптастырған актер. Ақ өлеңмен есіліп-төгіліп жататын эпостық, эпикалық сом дүниелердегі халықтық колориті мол соқталы кейіпкерлердің хас шебері атанды.
Сахна көркі — тіл. Олай болса, сол арнасынан аса, таудан қүлаған селдей тасыған сөз қүдіретін бүкіл болмысымен түсініп, драма, трагедия, комедия демей, күрделі де қиыннан қиыстырылған салалас, қүрмалас келетін мақал-мәтелді, үрымтал үйқастарға қүрылған салмақты сөйлемдердің жік-жігіне түгелдей сіңіп кету өнері тағы да сол Шәкен шығармашылығына тән үлағатты шеберлік еді. Айманов интонациясы сахнада сөз саптау өнерінің озық үлгісіне айналған. Атышулы актердің шығармашылыққа толы жиырма жылы М.Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театры сахнасында өтті. Төл және классикалық драматургияларда, шығыс-батыс демей, кесек бейнелерді жарыққа келтірген адуын артист қабілеті өз жанкүйерлерін әстетикалық ләззатқа бөледі.
Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччио, Отелло бейнелерін ақындық шабытпен, аса зор актерлік машықпен зерлеген суреткер есімі театр тарихымызға алтын әріппен жазылды. Сахнаға Ақан немесе Петруччио болып шыға келгеңде дауыл түрып өткендей сезім билеуші еді көрермендер залын. Зал мен сахна арасында көзге көрінбес нәзік те сырлы бір өзгеше байланыс белең алар еді. «Жалмүқан, уә Жалмүқан!» деп жалт еткен жанары найзағай отындай шоқ шарып, сахнаға атып шыққан Шәкен екпіні, Шәкен үні төбеден төніп келген қыранның шаңқылын еске түсіретін. Бұл -дүшпанына көрсетер Ақан — Шәкеннің айла-айбаты, ашу-ызасы, кегі. Ал, достарын сүйер ақын Ақанның махаббатын, Ләйлісін, Ақтоқтысын, ару, ардақтысын қорғар түстағы, дидарын көрсеңіз шіркін! Жаны жайылып, жүрегі егілген, көкірегі қарс айрылып, ақ өлеңі төгілген жас баладай сенгіш, дүние төңірекке жаңа туған момын ботақанның мөп-мөлдір бейкүнә көзімен қараған адал махаббат иесін танып білер едіңіз. Айналасындағыларды өзіне магниттей тартып алар актерлік асқан тартымдылығы, тебіреніске толы монологы, кісінің мейірімін тасытар жанды диалогы, жылы көзқарасы, жарқын жүзі, жинақы сөзі өз жүптастарының да, көрерменнің де көңіл-күйлерін ғажап сәттерге жетелейтін. Кейінірек біржола киностуцияға ауысқан ол театрға ілуде бір соғып «Асауға — түсауды» ойнап жүрді. Соңғы ойнағаны есімізде. Қоштасу ойыны екен ғой. Оның театрға әр келуі үлан асыр той деңгейінде, мереке ретінде есте қалар еді. Өмірде де, өнерде де Ақан мен Петруччио мінез-құлқына сай серілік күрып өткен Шәкен Айманов қазақ жүртының сүйкімді перзенттерінің бірі һәм бірегейі болды. Ш.Айманов шабыты режиссура саласында да байқалды. «Мылтықты адам», «Таланттар мен табынушылар», «Намыс соты» атты аударма пьесаларды қою арқылы театр режиссурасының қыр-сырына қанықты. Осылайша қазақ, орыс, еуропалық классикалық драматургия негізінде тәрбиеленген талантты актер, режиссер Айманов 1947-1951 жылдары театрдың бас режиссерлік міндетін атқарды. Өзінің режиссерлік стилінде ол шығарманың көркемдік-идеялық мазмүнын тереңірек ашуды, үлттық бояуды әрлеңкіреуді, сахналық айшықты түр табуды басты мақсат етті. 1952 жылы ол қойған «Абай» спектакліне КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бүрын Абай ролін мүсіндеген өзінің жаныңдай жақсы көретін әріптес ағасы Қ.Қуанышбаев кейінгі инсценировкалық нүсқада Қүнанбай кескінін әсерлі кейіптеді. Арнайы жүргізушілердің қатысуымен баяндалатын қойылым қүрылымы өзіндік түрлік жаңалығымен қүнды көрінді. «Ақан сері — Ақтоқты» трагедиясындағы толассыз ақындық шабыт, әншілік асқақ толғаныс, таңғы шықтай таза махаббат, мөп-мөлдір сүйіспеншілік сезім, философиялық терең ой-лар, үлттық тұрмыс-салт, әдет-ғұрып дәстүрлері Айманов режис-сурасынан, ансамбль түтастығына қүрылған актерлік ойындардан жүрек тебірентерлік көркемдік шешімдер тапты.
Абай дүниесіне, ақын әлеміне бала кезінен іңкәр болып өскен Шәкен осынау қымбат та, қиын тақырыпқа бүкіл тұла бойымен қыз-мет етті. Ақын туралы фильмге қатысты, спектакль қойды. Демек, едәуір даярлықтан өтті. Сол даярлығының нәтижесінде алпысыншы жылдардың аяғына таяу өз инсценировкасы бойынша жастар театры сахнасына «Жас Абай» атты спектакльді шығарды. Ұзақ жылдар ізденісі «Жас Абай» қойылымы арқылы ақын жөніңдегі төрт сериялы көркем фильмнің жобасына өткел салар түстағы Айманов арманының ең биік шыңы болса керек.
Айналасын үлы дүбірге бөлеп, шахмат ойнаса да, биллиард ойнаса да оның сонғы жағын дастарханға үластырып, кіші-гірім той-домалақ жасап жүретін Шәкеннің жомарт мінезі қазақ арасында аңызға айналған. Қалтасындағысын уыстап шашатын сері жанның кей кездері тиын-тебеннен жүрдай боп жүрген күндері жасы-рын емес. Оны да дос-жараңдары жыр ғып айтады. Шет жағасын өзіміз де көріп қалдық. Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мүстафин сынды әйгілі ағаларына әдемі еркелей білген Шәкен мі-незі, Шәкен тапқырлығы өзінен кейінгілерге үлгі-өнеге.
Әлемдік өнер тенденциясының бара жатқан бағыты, оның көрнекті қайраткерлері жөнінде көп мағлүматтарға Ш.Айманов арқылы қанықтық. Жан Марә, Радж Капур, Лоуренс Оливье, Жан Габен, Сергей Бондарчук, Софи Лорендермен талай бір ки-но фестивальдерде үзеңгі қағыса жүргені өз алдына, олардың бә-рімен сыр бөлісіп, қоян-қолтық араласқаны оның сөз саптауынан айқын аңгарылар еді. Жан Марә демекші, 1993 жылы сексенге толган француздың әлемге әйгілі артисі журналистерге берген бір сүхбатында: «Сексен жас дегенің не тәйірі, жас санап жүруге уақытым жоқ, қарттығыңа түкіргенім бар. Тек қатарыңның сирей бастаганы жанға батады. Жан Коктоны (француздың аты мәшһүр драматургі — Ә.С.) сағындым, өмірден кетуі өкінішті-ақ», — деп-ті. Денсаулығының мықтылығы, денесінің тіктігі, талантының деңгейі жөнінде Жан Марәден кем түспеген сүйегі асыл жанның демі күтпеген жерден таусылғаны біз үшін үлкен өкініш болды.
Соның өзінде күрмеуі қысқа осынау опасыз келте өміріңде көшкен елдей дүбірлетіп өткен азамат ізі қазақ халқының рухани тарихында айқын сайрап жатыр. Елуінші жылдың ерте басынан кен-же дамып, қатарға қосыла алмай келе жатқан үлттық киномыздың мәртебесін кетеруге біржола ниет қойған Шәкен Айманов таланты Бұл саладан да жарқырай көрінді. Соғыс кезінде Алматыға ауып келген орыс кинорежиссерлерімен, актерлерімен жиі араласуы оның суреткерлік жаңа қырын өткірлей түсті. Тәжірибе жинақтап, тәлім таныды. Өзі де актер ретіңде «Абай әндері», «Жамбыл» фильмдеріне түсу үстіңде кинорежиссураның қыры-сырына молынан қаныға түсті. Г.Рошель, Е.Дзиган сынды танымал киноқайраткерлердің тәжірибе шеберханасынан өткен, табиғатынан аса зерек Шәкен Айманов көп ұзамай төл көркемсуретті фильмдерімізді әкранға шығара бастады. Киноактер әрі әртүрлі көркем фильмдердің режиссері Шәкеннің бірден-бір баса көрсететін ең басты қыры — ол дегеннен қазақ өнері аға буын ақсақалдарының бастарын сәні-мен қоса білді. «Махаббат туралы аңыз» (1953) атты режиссерлік тырнақалды туындысынан басталған осындай шығармашылық одақ, өзара мызғымас ынтымақ «Аддар көсе» (1965), «Найзатас баурайында» (1968), «Атамекен» (1967) атты кинотаспаларда барынша шынайы жарасымын тапқан. Қ.Қуанышбаев, Қ.Байсейітов, Қ.Жаңдарбеков, С.Қожамқүлов, Е.Өмірзақов, Қ.Қармысов, Р.Қойшыбаева, Р.Сәлменов, С.Телғараев, Қ.Бадыров, С.Майқанова, Х.Бөкеева, Ш.Мусин, Б.Римова, Ш.Жандарбекова, Ә.Өмірзақова, З.Шә-ріпова, М.Сүртібаев, А.Жолымбетов сынды үлкенді-кішілі бір туар таланттардың әкран алдындағы шеберліктерін шыңдауда Шәкен бейнетінің мәні зор. Аталмыш фильмдерде туған өлкеміздің әсем сүлулығы, табиғи таза көкмайса көрінісі, саналуан сырларды қойнына тыққан сүсты тау-тастары, өзен, көлдері, сыңсыған орман-тоғайлары, есепсіз жайлау жазықтары кино тілінде барынша жомарт суреттеледі. Әдет-ғұрпымыз, салт-санамыз, қысқасы өзімізге тән түрмыс-тіршілігіміз, қыраттай соғатын әнімізбен, бе-реке сәнімізбен бүтіңдей дерлік кино таспасына түсірілді.
Шәкен көрегендігін, Айманов байқампаздығын, абыройлы су-реткер алғырлығын айтқаңда, үлттық киноөнеріміздің көсегесін көтеру жолында оның әр халықтың озық ойлы, тамаша талантты артистерін ортақ жүмысқа бір кісідей жүмылдыра білгендігін есте үстаған ләзім. Е.Я.Диордиев, Ю.Б.Померанцев, Е.В.Попов, Қ.Абдрасулов, И.Сетеков, А.Ли сынды республикамыздың байырғы орыс, үйғыр, кәріс өнерпаздарымен бірге Стржельчик, Иванов, Любшин тақілеттес ресейлік шеберлердің орындаушылық тәжірибелерін өз шығармашылық жүмысына әдемі пайдалана білді. Бұл сайып келгеңде — қазақ өнерінің игілігі, халқымыздың рухани ырысы. Бүған «Біздің сүйікті дәрігер» (1958), «Тақиялы періште» (1969), «Атаманның ақыры» (1970) фильмдерінің дәлел болары сөзсіз.
Дарынды, жезтаңдай әншілеріміз Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Ришат Абдуллин, Суат Әбусейітовтердің драмалық қырларын ашып, олар орындаған әуендерді әкранға көшірудегі Айманов еңбегі үшан-теңіз. Қазақ әкранына қаншама таланттар шықты. Өнер тілімен айтсақ, типаж артистер легін, яғни кино көрінісіне лайық табиғи түлғаларды табуда және тануға Шәкен ағаның тамыршыдай тап басатын білгірлігі үзақ әңгіменің өзегі.
Кез келген театр артисі киноға түсіп кете бермейтінін өте жақсы білетін сезімтал актер әрі режиссер Шәкен роль бөлуде барынша мұқияттылығымен дараланды. Режиссерлік қиял үшқырлығы кең байтақ сайын даласын жырлауға арналды. Халқына деген ғашықтығы ғаламат болатын. Туған еліне, жеріне деген іңкәр сүйіспеншілігі әрбір жүмысында айғайлап, атой салып жатады. Ауыл романтикасын қала мәдениетімен байланыстыруға деген нақтылы талпыныс үлкен суреткердің басты арманына айналғанға үқсайды. Бар қымбатын сонау шалғайдағы ел арасынан іздеген, қажымас-талмас тынымсыз да, тыңғылықты, үдайы із кескен жиһанкез көзге елестейді. Өзінің о баста шыққан жері, сол ауылға деген сүйіспеншілігі жалындай маздаған асыл ағаның қадау таланттарды халық ортасынан іздеуі — оның туған жүртына, төл өнеріне деген кереметтей патриоттығы. Шәкен Айманов — қазақ өнерінің қамқоршысы, қызметшісі ғана емес, оның айбыны да еді. Өмірде, түрмыста әзілге, юморға, күлкіге қүмар Шәкен мінезін түстастары көп айтатын. Оның ол қасиеті шығармашылық жүмыстарына да әсерін тигізбей қойган жоқ. Мәселен, «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште» фильмдері қыран күлкі мен көңілді әуеннің толық көрінісі емес пе?
«Атаманның ақыры» — ұлы режиссердің соңғы да соқталы жұмысы. Заманымыздың біртуар үлы, атақты Дінмүхамед Қонаевтың идеясымен түсірілген аталмыш туыңды — Шәкен Аймановтың шығармашылық талантының ең шарықтау шегі. Шытырман оқи-ғалы осынау өткір сюжетті көркем фильмнің таза іріктелген ак-терлік қүрамы, режиссерлік сапасы, жалпы орыңдалу деңгейі сын биігінің қай түсынан қарасаңыз да халықаралық талапқа сай шыққан ғажайып кинотуын-ды.
Алты алашқа өміршең де жасампаз, өшпес рух шашып, өнерімен оптимистік күрескерлік жойқын күшке толы мүра қалдырып кеткен халқының адал перзенті, КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері Шәкен Аймановтың көксеген еркіндігі, аңсаған азаттығы келіп жетті. Қызыл империяның әмірі асқақтап түрған сол кездің өзінде ақыл-айласымен әдісін асырып, Алдар көсенің адалдығын жырлаған ақынжанды ақиық ағамыздың асыл есімін үмытпау үрпақ міндеті. Сан қырлы таланттың мәңгі бітпес әңгімесін әр үрпақ өзінше жырлар. Тек бітпесе екен сол бір мәңгіліктің шынайы рухани жыры…

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!