Қазақша реферат: Шәкәрім мұрасының құндылығы |
Шәкәрім мұрасының құндылығы – оның рухани бастау көздерінің күрделілігінде. Ең алдымен ол өзі өсіп өнген қазақ жұртының халықтық мұрасын терең меңгеріп, асылын бойына жинақтаған. Сондықтан да рухани жетілу жолындағы алған өзге әсер ықпалдарының ізгі үрдісін халқының қажетіне жарата алған. Шәкәрім адамның ізгі қасиеттерін дамыту жолдарын айқындап, бұл тұрғыда адамзаттық игі дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы, барлық діндердің мәнін дұрыс бағалай отырып, қазақ жұртшылығы үшін мұсылмандық жол құран ілімі дейтін тұжырымды ұстанған. Сол арқылы «Жар», «Жаратушы» ұғымдарын жаңғыртып, оны бүкіл дүние тіршліктің түп негізі етіп көрсетуге дейін көркемдеген. Ақын поэтикасына әсер еткен орыс әдебиетінің игі әсері Пушкин шығармашылығын аударып жалпы адами құндылықтарды бағалаудағы ортақ ойларының үйлесім тапқандығынан көрінеді. Ақынның көлемді эпикалық туындыларындағы тың ізденістер мен өзгеше өрнектер көркемдік амал-тәсілдер ақынның әртүрлі поэзиялық жанрлардағы көркемдік ізденістерін айғақтайды. Жинақтай келгенде, зерттеу нәтижелері көрсеткендей Шәкәрім поэтикасы – сан-алуан суретке толы, өмір құбылыстарын көркем айшықтаған күрделі сала. Оның сырларына үңіліп, философиялық, психологиялық, тарихи себептерін ашу әлі талайіргелі зерттеулерге негіз болары анық. Біз өз мақстамыз тұрғысынан ғана ой тұжырымдар түйіндедік.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мұхаметханов Қ. Шәкәрім (өмірі мен творчествосы жайында) // Қазақ әдебиеті, 1988. 15 сәуір.
2. Әуезов М., Аймауытов Ж. Абайдан соңғы ақындар // Абай, 1993. №5. 3. Базарбаев М. Көрікті ойдан – көркем сөз. Алматы: Рауан, 1994. –
4. Орда Г. Шәкәрімтанудың негізін салушы // Шәкәрім әлемі, 2006.
5. Дуисенбаев Ы. Худайбердиев Шакарим. В кн.: Краткая литературная энциклопедия. – Москва, 1975.
6. Магауин М. Кудайбердиев Шакарим. В кн.: Поэты Казахстана. Серия Библиотека поэта. – Москва:
7. Мұхаметханов Қ. Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы // Семей таңы. – 1988. 15-16 сәуір.
8. Шәкәрім шығармалары // Семей таңы. – 1989. 21 ақпан.