Қазақша реферат: Серәлі Қожамқұлов атындағы театр |

0






Серке (Серәлі) Қожамқұлов атындағы Жезқазған қалалық сазды драма театры республикамызға танымал өзіндік тарихы, шыңдалу мектебі, қалыптасу кезеңі бар өнер ордаларының бірі. Бұл түста, кемелденіп, толысып, белгілі мәдениет ошағына айналып үлгерген театр ұжымы 1972-ші жылы қасиетті Торғай топырағында дүниеге келген еді. Кезінде Торғай облыстық қазақ сазды драма театры болып шаңырақ көтерген аталмыш ұжымның негізін салып, қабырғасын қалаған алғашқы өнер қарлығаштары Мәскеудің Кіші театры жанындағы М.С.Щепкин атындағы жоғарғы театр училищесін тәмамдаған он жеті жас түлек болатын. Ресейдің атышулы кэсіби театрлары артистерінің айшықты шеберліктерін көріп, орыс сахна өнері ірі тұлғаларының ғажайып ойын-өрнектеріне көздері қанығып өскен олар жүптарын жазбаған қалпы шалғайда шаңырақ көтерген жас облыс орталығында яғни тыңнан туған театрда өз еңбек жолдарын бастап кетті. Дәл осы кезеңдерде, театр ұжымына Алматыдағы М.Әуезов атындағы театр жанындағы екі жылдық студияны бітірген М.Қожақов, жергілікті халық театрынан О.Мұқашов келіп қосылды. Сондай-ақ, Құрманғазы атындағы консерваторияның актерлік бөлімін жаңа ғана бітірген А. Смағұлов пен Т. Қуанышевтың ұжым құрамына қабылдануы да өте құлтарлық іс болды. Өнер өлкесінің ұлкен де жауапты мектебінен өткен Қазақстанның халық артисі З. Сүлейменова мен байырғы сахна шебері Ә. Теңелбаев өздерінің бай тәжірибелерін жас актерлерге ерінбей-жалықпай үйрете жүріп, олармен бірге іргесі қаланған театрдың оркен жаюына зор үлес қосты. Алыс Арқалықта, түкпірдегі Торғайда кәсіби театр ашуға, оның қаз-қаз түрып қалыптасуына қазақ халқының біртуар азаматы, үлттық өнеріміздің шын жанашыры, сол кездегі Торғай облыстық партия комитетінің хатшысы Өзбекэлі Жәнібеков, Мәдениет министрі М.Базарбаев оның театр, музыка жөніндегі орынбасары Ж. Еркінбеков сынды қайраткерлер айтарлықтай еңбек сіңірді.

1972-ші жылдың 24-ші желтоқсан күні Торғай театры өз шымылдығын ұлы М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясымен ашты. Қүрылғанына бір жарым жыл ғана болған жас театр 1974-ші жылы Алматыда өзінің аагашқы шығармашылық есебін берді. Талғампаз да зиялы қауым назарына театр режиссері Ж.Есенбеков қойған М.Әуезовтің «Аймаи-Шолпан» комедиясынан өзге «Қарақыпшақ Қобы-лаиды» секілді халқымыздың ұлттық, эпостық, батырлық дәстүрлерін көрсететін спектакльдермен бірге, Ф.Эрвенің «Түлкі бикеш», М.Кәрімнің «Ай тұтылған түн» туындылары ұсынылды. Алматы көрермендері жас театр артистерініц орындаушылық өнеріне аса жоғары баға берді. Театр ұжымының алдағы биік межелерден сэтті көріне беруіне даңғыл жол ашылғандай болды. Алғаш ұйымдасқан кезден бастап-ақ, осынау өнер ұжымыида бірқатар режиссерлер тобы жемісті еңбек етіп, театр тарихында өз қолтаңбаларын қалдырды. Олар: Жамбылбек Есенбеков, Қадыр Жетпісбаев, Ерсайын Дүйсенбенов, Төлеш Тұңғышбаев, Ерсайын Тэпенов, Жаиат Хажиев, Мұрат Бекхожин жәнс т, б. болды. 1981-ші жылдың көктемінде Қазақстан үкіметінің шешімімен театрға ұлттық сахна өнеріміздің аса көрнекті қайраткері, айтулы өнер саңлағы, Социалистік Еңбек Ері Серэлі Қожамкұловтың есімі берілді.Театр қызметкерлері бұл атақты үлкен абыроймен және зор жауапкершілікпен алып келеді, әлі де алып жүре бермек.













.

1985-ші жылы Тбилисиде Ұлы Отан соғысының жеңісіне 40 жыл толуына байланысты өткізілген Бүкілодақтық театрлар фестиваліне торғайлықтар драматург Әкім Таразидің Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ерлігіне арнайы жазылған пьесасы бойынша қойылған «Қыз махаббаты» (реж. Ж.Хажиев) спектаклімен қатысып қайтты. Небәрі, он бес жылдық тәжірибе арттырған Торғай театрының Алматыда өткен екінші гастрольдері кезіндегі Жанат Хажиев қойған «Қыз-Жібек» спектаклінің тамаша табысы туралы көп айтылып, мол жазылды. Бекежан рөлін мүлдем басқа, бұрынғы қалыптасқан үрдістерден әзгеше көзқараста кескіндеген аса дарынды А.Смағұловтың актерлік шеберлігі оның бойындағы пластикалық, музыкалық, драмалық қабілеттерін айқара ашып көрсетті. Режиссер Ж.Хажиев керермендерге сахналық бейнелеу тэсілдерінің шексіз екендігін біржола мойындатқандай болды.





.




.

«Иә, 1988 жыл — Торғай театры тарихындағы ең ауыр кезең болды. Атақты мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың орнына Қазакстанды басқаруға кездейсоқ келген Г.Колбин деген біреудің (қазір аты да заты да белгісіз) тұсында Торғай облысы тарады. Бұқара халықтың көңілінен шығып, көрермен көзайымына айналып үлгерген ел мен жердің гұлденуіне, оның рухани-әлеуметтік жаңаруына -жаңғыруына олшеусіз еңбек сіңірген театр тағдыры қыл үстінде тұрды. Жас театр ұжымы жасып қалғандай бол-ды. Айрандай ұйьш отырған ынтымақ иелері үдірейісіп, үрпиісіп қалды бір сәт! Манапов, Байғабылова, Хажиев, Хажиева, Айтқожанов, Жанботаев, Рақышева, Ыбыраева, Есенғұлов, Есенғұлова сынды т.б. Мэскеу мектебінен түлеп ұшқан тегеурінді артистер құрамын селдіретіп алу қауні туды. Оның үстіне А.Смағұлов, ТҚуанышев тақілеттес Алматылық түлектер де ақырындап, көршілес жатқан театрларға көз тастай бастағаны қоспасыз шындық болатын. Едэуір уақыт үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тура келді. Соның өзінде, қалған актерлер қалды, қалғысы келмегендері басқа театрларға ауысып жатты. Нәтижесінде, сол кездегі Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша, Торғай театрының ұлы көші бүкіл сән-салтанатымен, барлық өнерпазымен қасиетті Ұлытау өңіріне бет түзеп, сайын Сарыарқа төсіндегі мыс шәһары — Жезқазғанға өнер ордасын қайта тікті. Осы ретте, С. Қожамкұлов атындағы Торғай театрын Жезқазғанға көшіру кезіндегі Қазақстан Орталық партия комитеті мәдениет бөлімінің сол кездегі меңгерушісі Камал Смайыловтың азаматтық міндеттер атқарғанын айтпай кетуге болмас. Жезқазғанда жарты айдай жатып, Торғайдан қоныс аударған жаңа театр ұжымы мүшелеріне алпысқа жуық пэтер үлестіргеніміз ойдан шығар ма? «Үлестіргеніміз» деп отырғанымның себебі, со кездері Қазақстан мэдениет министрінің орынбасарлығы қызметінде жүрген менің де бұл істерге тікелей қатысым болды. Жезқазған облыстық партия комитетінің сол түстағы бірінші хатшысы Ежиков-Бабаханов пен облыстық атқару комитетінің төрағасы Хамза Жүмабековтің қызмет бөлмелерінде қызу өткен көп мэжілістер эбден есте қалыпты. Әсіресе, Хамза Бижанүлының үлт өнеріне деген шынайы көзқарасына Қамекең де, мен де риза болыстық. Ол бірінші хатшының қайсыбір «былқылдақ» пікірлеріне пысқырған да жоқ. Театрдың тағдырына қатысты мэселелерді түбегейлі шешуге барын салды, көп қайрат жүмсады. Су жаңа пәтерлерге ие болып жатқан театр артистерінің қуанышты жүздерін көріп, сәбише қуанғанымыз элі күнге дейін жадымызда. Арқада дүниеге келіп, ержетіп қалыптасу кезеңдері Жезқазған жерінде жалғасқан театр үжымы талай өнер бэйгелерінде топ жарып келеді.

1992-ші жыл театр ұжымы үшін мэңгі есте қаларлық жұлдызды шақ деуге қымсынбас едім. Сэті түсіп, сол жылы танымал режиссер, марқүм Бәйтен Уэлиханүлы Омаров екеуміздің Жезқазғанға бара қалғанымыз бар емес пе? Мақсатымыз’- үлы Ғабит Мүсіреповтің тоқсан жылдығына арналған театрлар фестиваліне қатысуға лайықты қойылымдар іріктеу. «Іздегенге сүраған» дегендей, режиссер М.Хажиев қойған «Қозы Көрпеш — Баян сүлудың» сахналық көрінісі біздерге қатты ой салды. Қашандағысындай, Жанат бүл жолы да халықтық лиро-эпостың мазмүн-мағынасын бүгінгі күндерге жақындата түскен. Кейіпкерлер тағдырына қатысты қызықты шешімдер іздестірілген. Бірден үнай кеткен көркем дүниенің фестивальге қатысуын жөн көрдік. Солай кеңес еттік те. Соның нэтижесі де болар, Алматы қаласында академик жазушы Ғ.Мүсіреповтің туғанына тоқсан жыл толу күрметіне байланысты өткен республикалық театрлар фестивалінде театр ұжымы «Қозы Көрпеш — Баян сүлу» қойылымын сэтті, шебер әрі жаңаша нақыштағаны үшін бас жүлдені қанжығаларына байлады. Театрдың көптеген артистері эртүрлі фестивальдердің лауреаттары атанды. Сондай-ақ, 1993-ші жылы Мысыр қаласында өткен халықаралық экспериментальдық театрлар фестивалі аталмыш үжымды драма өнерінің көптеген сырларынан хабардар етті. 1994-1996-шы жылдардағы Жезқазған фестивальдерінде (үлы Сәкен Сейфуллиннің жүз жылдығы да қамтылды), Абайдың 150-жылдығына (1995), Жамбылдың 150-жылдығына (1996), бағышталған айтулы фестивальдерде де аталмыш өнер отауы төмен қарап, жер шүқып қалған жоқ. 1999-шы жылы Бішкекте өткен Ш.Айтматовтың жетпіс жасқа толу қүрметіне байланысты жэне 2000-шы жылы Иса Байзақовтың кезекті мерейтойына арналған дәстүрлі республикалық театрлар фестивалінде эдеттегідей тағы да топ жаруы театр ұжымы талантының, оның кэсіби шеберлігінің ерекше танылған кезеңдері болды. Өнер өлкесінің керегесін керіп, оның ортақ шаңырағын көтерісіп, Серэлі Қожамқүлов атындағы Жезқазған қалалық сазды драма театры өзінің атағына сай, үлттық сахна өнеріміздің мерейін асқақтатып, өз ізденістерімен руханияттың жемісті жолында ертеңгі шығар биігіне нық сеніммен көтеріліп бара жатқандай.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!