Қазақша реферат: Серәлі Қожамқұлов |

0






Тұңғыш ұйымдасқан ұлт театрына Серәлі Қожамқұлов отыз жасында келген екен. Сахнада жарты ғасырдан аса ойнап, шығармалық тұғырдан таймау — актерлік өнер жолында сирек кездесетін бақытты құбылыс. Сонан бері қарай С.Қожамқұлов қазақ актерлерінің барлық буын өкілдерімен сахнада әріптес болып, жүз жетпістен астам рөл ойнаған. Өз халқының төл шығармаларыннан бастап, батыс және орыс драматургиясындағы, еліміздің басқа ұлттар пьесаларындағы сан алуан кейіпкерлердің қайталанбас характерлерін жасаған С.Қожамқұлов актерлік өнердің шырқау биігіне көтерілді.
С.Қожамқұлов — шығармалық ауқымы кең актер. Ол ұлттық пьесалардан бастап, әлемдік драматургиядан көптеген күрделі сахналық характер жасады. Оның актерлік репертуарында тра-гедиялық, комедиялық, драмалық кейіпкерлер бар.
Отызыншы жылдардың ішінде С.Қожамкұлов ірі сахналық бей-нелер жасап, труппадағы жетекші актердің бірі екенін танытады. Олардың ішінде «Еңлік — Кебектегі» қыңыр Еспембет, «Арқалық батырдағы» әккі уәзір Қарашешен, «Түнгі сарындағы» тіл мен жаққа сүйенген Қыдыш, «Бәйбіше-тоқалдағы» айлакер би Бей-сембі, «Кектегі» мәймөңке Өкендау, «Перизат-Рамазандағы» әпер-бақан Ақылбай, «Қызыл сұңқарлардағы» Совдептің мүшесі Жұмаш, «Майдандағы» жатып атар Көдебай, т.б. толып жатқан сом тұлғалар. Бұл келтірілгендер актердің алғашқы он жыл ішінде жасаған күрделі сахналық бейнелері және осылардың барлығы да бір-біріне ұқсамайтын, сахнада өзіндік бояуы мен көркемдік шешімін тапқан характерлер.
Жұмат Шаниннің «Арқалық батыр» трагедиясындағы С.Қожамқұлов жасаған Қарашешен — қасындағы адамның қасы мен қабағын аңдып, соның қимылына, сөзіне қарай әрекет жасайтын, алыстан ойлайтын алымды уәзір. Ол Әжіхан әмірін бұлжытпай орындаумен бірге хан сөзін өзінше салмақтайды, оны алыстан шарлап, түйінді байлауын мүлт жібермейді. Оның шегелеп айтатын қатқыл даусы, сергек жүріс-тұрысы, хан алдында кұрдай жорғалап, шыбықша иілген жағымпаз мінезі Қарашешен бойына үйлесімді табылған.
«Қызыл сұңқарлар» спектаклінің оқиғасы мен оған қатысатын кейіпкерлердің характері С.Қожамқұловқа әбден таныс. Мұнда ол Совдептің саналы әрі белсенді мүшесі, революция ісінің салтанат құруына көзі әбден жеткен, соны ашық қолдайтын Жұмаштың бейнесін жасады. Ол ойнаған Жұмаш елгезек, өмірге құштар, қайда болса да әзіл-оспағы қалмайтын жайдары жан. Ол алдағы қауіп-қатерді іштей сезеді, бірақ мұнда күйректік жоқ, қажырлы қайрат, сабырлылық бар. Сонымен бірге қарапайым да кішіпейіл Жұматтың саяси жолының беріктігі, көздеген мақсатына жетудегі табандылығы мен революция жауына қаталдығы да актер ойынан нанымды бейнелеу тапқан.
Ілияс Жансұгіровтің «Кек» пьесасында Өкендау — кешегі ала-сапыран арпалыстың кезінде өз кұлқынының құлы болып, адам-гершілік ардан жұрдай болған талай жарамсақтың өзі. Өкендеу -С.Қожамқұловтың бейнелеуінде солай болып шыққан. Қажының мол шаруашылығын басқарып, шабарман болған Өкендауды актер сатиралық-күлдіргі бағытта ойнаған.
Өкендаудың шыққан тегі кедей, бірақ Қажыға істеген асқан жағымпаздық ісімен сеніміне еніп, байдың қазан-ошақ, от басымен етене араласып кеткен адам. Басында барып кел мен шауып кел, несие жинауды кәсіп еткен Өкендау, келе-келе шаш ал десе, бас алатын, малшы-жалшыларды аямайтын қаныпезер шабарманның өзіне айналады. Тіпті ақылгөйсіп, іс-шаруаның көзін тапқыш та, тілін білгіш те бола қалады. Спектакльдің алғашқы сахналарынан-ақ өз кейіпкерінің характеріне терең түсінген актер Өкендаудың осы бір мінез-күлықтарын айқын ашқан.
С.Қожамқүлов кейіпкердің психологиясы мен әлеуметтік сипа-тын ашып, кері кеткен заманның көптеген шабармандарына тән типтік бейне жасаған. Бүл қазақ сахнасында бүрын-сонды болмаған жаңа тип. Мүндайлар кешегі социалистік қүрылыс кезінде совет өкіметінің ашық жауларына айналып, тыңшылық жүргізген. «¥лы өзгеріс» жылдарындағы елеусіз, бірақ қауіпті дүшпандарды сахна-дан әшкерелеу — кезінде маңызды іс болды.
Бейімбет Майлиннің «Майдан» спектакліндегі С.Қожамқүлов ойнаған Көдебай басқа тарихи кезеңде әрекет еткен Өкендаулармен тамырлас, сыбайлас, бірін-бірі іштей толықтыратын кейіпкерлер. Бүл кешегі колхоз үйымдастырылып, ірі байларды конфискелеу түсында өзінің айлакер қулығымен, қысылтаяң жерде жол тауып кетер алғырлығымен, басқан ізін сездірмейтін зымияндығымен, таптық жауыздығымен төңірегіне әйгілі болған жымысқы. Ол орта шаруадан қорланып, бертін келе бүрынғы ірі бай Бекболатпен ауыз жаласып кеткен адам. Бай түқымынан шықпағанын бетке үстап, «еңбекшілер» қатарына қосылу — Көдебайдың түпкі мақсаты. Осы бір қиын кезеңде Көдебай байып, кулакқа, ауылдағы тап жаула-рының мықты тірегіне айналған. Міне Бекболат осы Көдебай ар-қылы, ал Көдебай басқалар арқылы жаңа үйымдасқан колхозға қарсы шабуылға шығады.
Спектакльдің басында С.Қожамқүлов Көдебайдың амалын та-уып, қайткен күнде де колхозға кіріп алу пиғылын терең аш көңіл бөлген. Автордың терең мағыналы сөздері актердің шебер айтуымен өзінің бір ішкі сыр-сипатымен, астарлы ойымен көрер-мендерді баурап алған. Орындаушы драматургтің бай материалын толық пайдаланып, кулактың типтік бейнесін кескіндеуге гро-теск әдісін орынды да батыл қолданған. 1965 жылы «Майдан» қайта қойылғанда, актер сүйікті рөлімен қайта кездесіп, образ-ды бүрынғыдан да толықтыра түсті. Сахналық әсірелеу әдісін С.Қожамқүлов драматургтің «Талтаңбайдың тәртібі» пьесасында-ғы Талтаңбай рөлін орындау үстінде де білгірлікпен пайдаланған. Ол Талтаңбайдың пасықтығын, топастығын сатираның отымен шарпиды. Орындаушы автор ойын терең түсініп, кейіпкер харак-терін барынша жинақы ашуға үмтылады. Тіпті оның үстіндегі басқалардан ерек сәнді киімі, маңғаз қимыл-қозғалысы колхоз-шыларға ерсі көрініп, Талтаңбайдың сырты жылтыр, іші бос қуыс кеуде төрешілдігін танытқандай. Актер оның орысша-қазақша сөз-ді араластырып, жоғарыдан келген өкілдің өзінше «білімділігін» танытқысы келген түрпайы мінез-күлқын, дөрекі әрекетін шынайы ашып көрсеткен.
1930-1940 жылдар аралығында сахнаға М.Әуезовтің «Түнгі сарын», «Тас түлектер», Л.Соболевпен бірігіп жазған «Абай», Б.Майлиннің «Біздің жігіттер», Ш.Хүсайыновтың «Марабай», орыс драматургиясынан М.Тригердің «Сүңгуір қайық», Б.Прут-тың «Жойқын князь Мстислав Удалой», К.Треневтің «Любовь Яровая», Н.Погодиннің «Ақ сүйектер», классикадан «Ревизор», «Отелло» сияқты күрделі пьесалардың қойылуы — қазақ театры-ның ірі көркемдік табысын дәлелдейтін қүбылыс. Осылардың барлығына да С.Қожамқүлов қатысып, сахналық шоқтығы биік бейнелер жасап, актерлік өнерінің қалыптасқанын көрсетті.
«Түнгі сарындағы» Қыдырбай (Қыдыш) шағын рөл болғанымен, оқиғаға жиі араласатын кейіпкер. С.Қожамкүлов оның екі жүзді сатқын, болыс пен патша үлықтарына қатар қызмет істейтін, ақылына айласы сай, ішіндегі сырын, түпкі мақсатын сездірмейтін, сөзге шешен, ел арасындағы партия басшысы етіп суретте-ген. Қыдыш — актердің кескіндеуінде төңірегіндегі өмір ағымына жетік, өзі араласатын ортаның сырына қанық, адамына қарай қимыл-әрекет жасайтын, сөзді де барлай отырып айтатын тәсі-лі мол болып шыққан

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!