Қазақша реферат: Салима Саттарова өмірбаяны |

0






Алматы қаласында туып өскен ұйғыр қызы Салима Ескендірқызы Саттарова он төрт жасында 1934 жылы ашылған ұйғыр музыкалық драма театрында алғаш үйренуші болады. Әкеден ерте айырылған зерек қыз анасы мен бауырларына көмек жасауды сол кезден ақ ойлайтын. Алғашқы ролі Д.Асимов пен А.Садыровтың «Анархан» музыкалық драмасындағы басты кейіпкер Анарханнан кейін драмалық, лирикалық, романтикалық кейіпкерлер тізбегі уақыт ағысында өз орындарымен жалғасын тауып жатты. Сахнада өнер көрсете жүріп, театрдың қоғамдық жүмыстарына да белсене ат салысқан ол 1937 жылы он жеті жасында Республика Жоғарғы кеңесінің депутаты болып, сол жылы Қазақстанның еңбек сіңірген артисі атағына ие болады. Бұл өмірге ерте араласқан жас қыз үшін үлкен шығармашылық белес еді.
Елімізде Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш   Баян сүлу» трагедиясын тұңғыш жарыққа шығарған ұйғыр театры болса (1938 ж.), ең алғаш Баян ролін сомдаған актриса   Салима Саттарова. 1934 40 жылдар аралығында өнер көрсеткен ұйғыр музыкалық драма театрындағы (қазіргі ұйғыр музыкалық комедия театры) рольдерін, әсіресе осы Баян және У.Гаджибековтың «Аршын   мал алан» музыкалық комедиясындағы Гүлшаһраның бейнелерін нанымды сомдаған ол 1941 жылы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына арнайы шақырылып, 1949 жылға дейінгі уақыт аралығында Ақтоқты (Г.Мүсірепов «Ақан сері   Ақтоқты»), Қарлыға (М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды»), Мария Антоновна (Гоголь «Ревизор»), Мирандалина (К.Гольдони «Қонақ үйдің қо жасы»), Настя (М.Горький «Шыңырау түбі»), т.б. кейіпкерлердің көркем бейнесін сахналауда асқан шеберлігін көрсете білді.
Сол кездегі екінші дүниежүзілік соғыс өртінің лаулап түрған шағында одақтас халықтардың барлығының басына түскен ауыр күндерді Қазақстан да бастан кешті. Майдан даласында, оқ пен өрттің астында өнер көрсету қазақ артистерінің міндетіне айнал ды. Жасынан зерек, алғыр да батыл С.Саттарова қазақтың белгілі ақыны Ғали Ормановтың бригадасымен Калинин майданының даласында өзінің әндерімен, әдемі даусымен, жалпы өнерімен жа уынгерлерге патриоттық рух беруде көп тер төкті. Мүндай қиын күндер бүгінде айтуға ғана оңай, оның арғы жағында қаншама қажырлы еңбек пен психологиялық күйзелістердің жатқанын се зінудің өзі парасатты адамның ғана қолынан келер.
Ұлы Отан соғысы аяқталғанмен елдің ес жиюі қиынға соққан түста халық үшін әлеуметтік қүлдыраудан гөрі рухани күйреу әлдеқайда ауыр еді. Соны сезінген мәдени қайраткерлер театр саласына көп мән береді. Сол көппен бірге С.Саттарова да қызу шығармашылық еңбектің ортасында пісіп жетілді. Ол 1949 жыл дан бастап өмірінің соңына дейін Г.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етіп, жас көрермендерін өзінің шынайы кейіпкерлерімен баурап әкетті. Мүнда Әйгерім (М.Ақынжанов пен Қ.Бадыров «Алтын сақа»), Наташа Логино ва (Б.Горбатов «Әкелердің жастық шағы»), Нарбота (С.Мүқанов «Мөлдір махаббат»), Леди Мильфорд (Шиллер «Зүлымдық мен махаббат»), Салима (Д.Фурманов «Бұліншілік»), Салиха, Гүлнәпіс және Халима (Ш.Хүсайынов «Күн шуақта», «Есірткен ерке», «Алғашқы ұшқындар»), Лу Ши Пин (Цао Юй «Тайфун»), Сильвия (Шекспир «Вероналық екі бозбала»), Әлима (Қ.Мүхамеджанов «Қуырдақ дайын»), Станислава (Ж.Жүмаханов пен Б.Тәжібаев «Қаракөз, қарындасым»), Айғаныс (М.Ақынжанов «Ыбырай Ал тынсарин»), Ашура (Р.Гамзатов «Тау қызы»), ана (Ә.Тәжібаев «Монологтар»), Базаркүл (С.Шаймерденов «Дөкей келе жатыр»), Әйдік апай (Б.Брехт «Әйдік апай және оның балалары»), Оңалхан (Б.Жәкиев «Әке тағдыры»), Раушан (М.Хасенов «Махаббат неге оянбады?»), Таңқабике (М.Кәрім «Ай түтылған түн»), ана (Т.Ахтанов «Махаббат мұңы»), Бескез (В.Абызов «Ғашықтар ай ласы»), т.б. кейіпкерлерді сомдады. Әрбір жанрдың өзіндік ерек шелігін тани білетін С.Саттарованың сахналық диапазоны кең болатын. Өзі сомдаған кейіпкерлерді өзіндік ішкі түйсік түсінікпен, режиссер трактовкасына өзіндік үн қоса отырып орындайды. Әсіресе, «Әйдік апай және оның балалары» спектаклінде табиғи зор даусымен, сахнадағы үтымды қимыл әрекетімен Әйдік апайдың қайталанбас бейнесін жасап шықты. Сахнадағы даусы залдың соңғы қатарына дейін анық жететін актриса партнерлерін де таза өнерге баули білетін.
Әр отбасында баланың ерке шолжаң болып өсуіне бірден бір себепші өз анасы. Баласының теріс істерін, үрлығын көре түра көрмегендей түр танытатын ол бала болашағына, адамдығына кері әсерін тигізетінін аңғармай да жатады. Ш.Хүсайыновтың «Есірт кен ерке» пьесасының сюжеті осындай отбасылық тақырыпқа негізделген. Спектакльде ана бейнесіндегі С.Саттарова шығарма ның драмалық бояуын қоюлатып, тартысты тереңнен іздеген. Гүлнәпіс   Саттарова баласының өтірігі мен үрлығын жасыруда небір қитүрқы әрекеттерге бара отырып, көпшіліктің жиіркеніш сезімін тудырады. Актриса ойыны осындай анадан тәрбие алған үрпақтың қоғамдағы орны қандай болмақ деген сүрақ төңірегінде өрбіген. Туған баласының теріс істерін «көрмейтін» Гүлнәпіс  Саттарованың өгей қызы Әйкенге деген қыспағы кейіпкер ха рактерін мүлдем қоюлата түскен. Актриса баласының Әйкенге жапқан жаласының ақ қарасын ажыратып жатпайтын әйелдің адуын мінезін екпінді даусымен, долылық әрекеттерімен береді. Ол айтылған әрбір мәнсіз сөздерімен мұндай тәрбиенің бала бо лашағына жасалған тосқауыл кедергі екенін аңғартып отырады.
Актриса тарихи шығармаларда өз кейіпкерінің өмірдегі шы найы болмысына мән береді. Соның бірі М.Ақынжановтьщ «Ыбырай Алтынсарин» пьесасындағы ағартушы педагог Ыбырайдың жары Айғаныс   С.Саттароваға ерекше қуат берген кейіпкер. Қазақ әйелінің ақылдылығы мен мейірімділігі, инабаттылығы мен пара саты С.Саттарова ойынында анық көрінген. Қатыгез бай Мықы байдың тоқалдыққа Хадишаны алмақшы болған көрінісінде ак триса жас қызға арашашы болып, кейіпкерінің батылдық қырын ашады. Айғаныс   Саттарова қараңғы қазақты оқу білімге үндеу әрекетіне асыл жары Ыбыраймен қатар ат салысады. Актрисаның сахнадағы әрбір айтылған нық сөзі мен екпінді іс әрекеті қазақ халқының жарқын болашағын, биікке өрлеудегі асқақтығын аң ғартқандай. С.Саттарова осы ролі үшін 1958 жылы Мәскеуде өт кен Жастар театрының Бүкілодақтық фестивалінде лауреат ата нады. Бұл тек актриса үшін емес, қазақ мәдениеті үшін де үлкен мәртебе болды.
«Әке тағдыры» спектакліндегі соғыстан оралмаған жалғыз үлынан қалған немерелерін алып кетуге келген ақсақалдың ішкі дүниесін, жарым көңілін түсінбеген күдағи Оңалханның бар мі незі С.Саттарованың отты жанарында анық көрінеді. Келіні өз шешесінің үйіне кетіп, жалғыз қалған шалға аярлық жасау тек шайпау, ішкі дүниесі қуыс әйелдің ғана қолынан келер. Қатулы қабағы кімді де болса сескендірерлік Оңалхан   Саттаровада адам жанын түсінуден гөрі ақсақалды айыптау басым түскен. Актриса сахнадағы адуынды іс қимылымен осы бір әпизодтық бейненің көркемдік деңгейін биіктете білді.
С.Саттарова башқүрт драматургы М.Кәрімнің «Ай түтылған түн» пьесасында Таңқабикенің шарасыздығын, тығырықтан шыға алмай қиналуын нанымды береді. Жас кезінде жасаған теріс қадам уақыт өте келе алдынан қасірет болып шығарын болжамаған Таң қабикенің бүгінгі ахуалы қиын еді. Бар сырын білетін дәруішпен қарым қатынасында өрістейтін кейіпкер іс әрекетінің драмалық, динамикалық қуатын актриса сезіне білген. Ішкі арпалыс пен сыртқы қаталдық актриса шеберлігімен өзара үндескен. Дәруіш жағадан алғанда өз күнәсін түсінгендей не істерін білмеген Таң қабике   Салима жерде отырған күйінде аспанға қарап Тәңірге жалбарынғандай отырып қалады. Актриса өткен өмірдің ізін жа сыра алмаған кейіпкер психологиясының қат қатпарын ашып көрсетеді.
Актерлік өнері өзінің шынайы, өмірлік шындығымен ерекше ленетін актриса   қай кейіпкерінің болмасын түрмыстық бояуын қоюлата көрсететін шебер. Драматургия жанрын талғамай ерекше талантымен танылған актрисаға 1958 жылы Қазақстанның Халық артисі атағы берілді. Ол   «Қүрмет белгісі» орденінің, көптеген медальдардың иегері. Жасөспірімдер театрының кәсіподақ үйы мын үзақ жылдар басқарган Салима Саттарова әділдігімен, зор адамгершілік қасиетімен әріптестері арасында қүрметке бөленіп, аяулы анаға айналды.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!