Қазақша реферат: Сәбира Майқанова өмірбаяны |
Өнер адамы әрқашан да жаны нәзік, жүрегі таза, сезімтал болып келеді. Ерекше жаратылыстың да өзіндік себептері жетерлік. Қоршаған орта, әсіресе әке мен шешенің бойындағы әншілік, бишілік, күйшілік өнер немесе қарасөздің шешені деген сияқты дара қасиеттердің барлығы да сәби келешегіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Оның ішінде актерлік өнер қиын һәм күрделі. Сахнаға шығып сөйлегеннің бәрі талант емес. Тіпті табиғатыңнан тума талант болсаңдағы тәрбие, тәлім сабақтары қажет-ақ. Ананың сүтімен дарыған мүндай қасиет бірте-бірте дамып, сол баяғы аз-мұз талант шыңдала келе суреткерлік мінезге айналмақ.
Сондай табиғаты дара суреткер, Сыр өңірінің перзенті — Сәбира Майқанқызы Майқанова. Ол Қызылорда облысы, Сырдария ауданында 1914 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген. Әкесі Майқан мейірімді, байсалды, көп сөйлемейтін, орта шаруалы адам болыпты. Шешесі Дәмегүл — өр мінезді, келісті-кескінді өз заманының сүлуы атанған Қыпшақ қызы. Әкеден бір жасқа толмай, шешеден жеті жасында айырылған ол кішкентай сіңілісі Зағипа екеуі Қызылорда қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленеді. Бұл Сәбираның сәби кезі. Ата-анасы туралы естігендері болмаса толық есінде жоқ. Тек анасының ақырет алдындағы ақырғы сөзі есінде мәңгі сақталған. Оның «Жалғызым, мен енді сенің жаныңда болмаймын, ешкімнің ала жібін аттама, өсек-өтіріктен аулақ жүр. Анда-мұнда орынсыз көп жүрме» деген сөздерін ешқашан үмытпай жадында мәңгі сақтады.
Болашақ қазақ театрының хас шебері, өрімтал қыздың қарнын аштырған қатыгез заманға кінәні кім тағар? Ол кезде жетімдерді жарылқайтын заман емес. Халықтың хал-күйі әлсіз кезі. Қыстың қақаған аяздарында баспана таба алмаған, өмірдің сызатты күндерін көп көрген Сәбира апай балалық балғын жылдарын ойлана еске алады. Өмірдің осындай шырғалаң қиын кезеңдері тез есейткенде ол бірте-бірте өзінше түтін түтетіп, заман ағысына ере білді. Еті тірі азаматша жүрек жылуы арқылы маңындағылармен тіл табыса алды. Басқа балаларға үқсамаған ерекше ойлы, мүңды балалық бал дәурені артта қалып есейе түсті. Бой түзеп, өмірдің қарбалас тіршілігіне араласқан алғыр да елгезек қыз бірде сәті түсіп, Алматыға келеді. Мүнда жақсы адамдардың қамқорлығын көп көреді. Әсіресе, үйғыр халқының аялы алақаны жарқын өмірге жол ашып бергендей. Осы ортадағы қыздармен қоян-қолтық ара-ласады. Қүрбылары дала қызының оң мен солын тануына көп әсерін тигізеді. Алматы кооперативтік техникумында үйғыр до-старымен бірге студент атанды. Оқи жүріп еңбекке араласады. Сол техникумның көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, көзге түсе бастайды. Дос-қүрбыларының арасында әдемі ән айтатыны бар еді. Жастар, қүрбылар бірлесіп театрға барып, қойылымнан нәр алып қайтатын. Ойынның әсері жас Сәбираның жүрегін жау-лап алған. Өте мәнді, қызық көріністер, ғажап әншілер, сымбатты әртістер. Театр атты өзгеше әлем сезімтал қызды қүшағына тарта берді. Барлық қыздар мен жігіттер аң-таң. Бүрын театр дегеннің не екенін білмейтін жастарға Бұл сиқырлы күш сияқты.
Жаздай жайраңдап, жанары от шашып, Қүрманбек шығады, сырбаз да сәнді Қаллекей, тотыдайын таранған сүлу Күләш, әр сөзін шегелеп айтып Серағаң, ән айтып Елубай, тағысын тағы … Бәрі де ерекше күпиялы, сиқырлы әлем.
Ендігі Сәбираның бар арманы театр өнері болды. Өнерге деген қүштарлығы болашаққа жетелей берді. Ақыры тәуекелге бел буып, 1932 жылдың 23 ақпанында театр директоры Орынбек Бековтың қабылдауында болып, сол күні Серәлі Қожамқүловқа жүрексіне өнерін көрсетіп, әтюд жасап, «Қараторғай» әнін шырқап берген. Сол күні мерейі үстем болып, труппа қатарына қабылданды. Бұл жас актрисаның өмірінде үмытылмас бақытты шағы еді. Кейіндеп өнердегі топ жарған дарабоздардың өміріне араласып, сахнадан өзінің орнын тапты. Қадамы қүтты болып, алғашқы рольдері сахнадан орын алды. Өнер баспалдағына біртіндеп қадам баса берді. Аға буын актерлер мен жас таланттар тату түрды. Алдыңғы ағалар ырыс-ты інілерден мол үміт күту арқылы жастарға қамқорлық көрсетіп, өнер үйретуден жалықпайтын. Жастар үлкендерді күрметтеу арқылы өнердің қыры мен сырын үғына білді. Театр ауызбіршілік пен татулықтың және адамгершіліктің бас қосқан жері болды.
С.Қожамқүлов тәрбиелеген жас актрисаның өнер жолындағы түңғыш қадамы — Б.Майлинның «Майдан» пьесасындағы Алтынай атты комсомол қыздың ролі. Театр Қарағанды қаласына гострольдік сапар шекқенде темір жол үстінде осы рольге дайындық жүргізілді. Сол арада өнер майталмандары, асыл ағалар кейіпкерді сахнада қалай ойнау керектігі жайлы мағлүматтар берді. Жас актриса таланты көрермендерді үзақ уақыт қол соғуға мәжбүр етті. «Мен толқып, жүрексініп ойнап шықтым. Серке ағайымның қуанғанына қарағанда ролім жаман шықпаған сияқты. Бұл үстаз үшін де, шәкірт үшін де оңынан туған күн болды. Серке ағай маңдайымнан сүйіп арқамнан қақты. Мен де өте ризамын, қолдау көргеніме қуанып, жүрегім лүпілдеп түрды», — дейді актриса өзі жазып қалдырған қолжазба естелігінде. Сол кезде театрдағы ең жас актриса болғандықтан С.Майқановаға үлкендер тарапынан қолғабыс көрсетіліп түратын. Бала кездің Бұлыңғыр естеліктері үмытылып, енді жаны жайсаң жандардың арасында жаңа күннің күлімдеген көңілді күндерін кешіп жатты. Ең бастысы труппа әртістерінің бір-біріне деген сүйіспеншіліктері зор. Театр мәселесі жөнінде сөзге келіп қалғанмен, артынша жайраңдасып, күлісіп кетіп бара жататын. Түнық өнердің хас шеберлерінің асыл қасиеттерін осыдан аңғаруға болар.
Ол кезде театр тарландары бір орталыққа шоғырланып, республиканың әр жерінен келіп, тоғысып жатқан кез. Тума таланттар Қ.Қуанышбаев, Қ.Байсейітов, Қ.Жандарбеков, Қ.Бадыров, К.Қармысов, И.Байзақов, С.Телғараев сынды өнер майталмандарының тәжірибелері толысып, өзіндік қолтаңбалары қалыптаса бастаған болатын. Сәбира апай осы кісілердің есімін ерекше қүрметтейді. Өйткені алғашқы күннен бастап өнердегі өнегелерімен, жеке бастарының азаматтық, адамгершілік қасиеттерімен үлгі көрсеткен, жақсылық атаулыны жанымен сүюге, жамандықтан жиренуге баулыған солар еді. Оларды өнер жолындағы, өмір са-парындағы темірқазығы, болашағына бағыт беріп, бағдар нүсқаған ақылшы ағалары санайды. Сондай парасат иесі — алғашқы қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушы, үлттық өнеріміздің нағыз жанашыры, жанкүйер досы Мүхтар Әуезов. Ол театрға жиі келіп, ондағы жетістіктер мен кемшіліктерді қырағылықпен байқап, өз ойларын пікір-ұсыныстарын бүкпесіз айтатын. Әйелдер образдарын сомдау туралы айтқан ақыл-кеңестері актрисаның көңіл көкжиегін кеңейтіп, жаңа жағалаулар, асу биіктерге жетелейтін.
Өнегелі өрісі кең мектептің өкілі режиссер Жүмат Шанин де өнер шаңырағындағы үжым мүшелерінің бәрін кем көрмей тең бағалайтын. Рольдерді бөлгенде әркімнің қабілетіне көз жүгіртіп, олқылықтарына ескерту айтып отыратын. Осындай ортадан тәлім алған С.Майқанова кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында коллективтендіру дәуірі, жаңа өмір орнату кезеңдерінде қажыр-қайратын аямаған қыздардың бейнелерін мүсіндеп, аз уақыттың ішінде тәжірибелі тарлан әртістердің қатарына қосылды. Актрисаның тырнақ алды рольдерінің бірі — татар жазушысы Рахманқүловтың «Документ» пьесасындағы Роза есімді пионер қыздың ролі. Содан кейінгі В.Киршонның «Астық» пьесасындағы комсомол ұйымының хатшысы Зотованы С.Майқанова тақылдақ, шаш ал десе бас алатын шолақ белсенді, жарамсақ етіп көрсеткен. Бұл рольдің кө-рерменге үнағаны сондай, тіпті көшеде кездескен көрермен «Сәлеметсіз бе Зотова!» деп өтетін. Ал, М.Әуезовтің «Алма бағында» пьесасындағы агроном Рая, Б.Майлиннің «Малқамбайында» бай-дың қызы Өзипа жас актрисаның көпшілік жүрегіне жол тауып, келешегінен мол үміт күттіретін кейіпкерлер еді.
Алғашқы бейнелері уақыт өте келе, рольдердің ұзақ-сонар ке-руеніне айналды. Олар М.Әуезов пен Л.Соболевтың «Абай» тра-гедиясында Ұлжан, «Қарагөзінде» Мөржан, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сүлуында» Мақпал, С.Мүқановтың «Шоқан Уәлихановында» Зейнеп. Аударма пьесалардан Ш.Айтматовтың «Ана — Жер анасында» Толғанай, К.С.Треневтың «Любовь Яровая-сында» Любов Яровая, А.Н.Островскийдің «Найзағайында» Каба-ниха, Ә.Раннеттің «Адасқан үлында» Әлена Туиск, В.Дельмардың «Өкінішті өмірінде» Купер Люси т.б.
Иә, қатал тағдыр оны аяған жоқ. Қаһарын төккен үстіне төпей берді. Алдымен әкені, одан әже, шепіе, тіпті жас бауырын алды. Түлдыр жетім қалған аяулы актрисамыздың көрер күні бар екен. Тәңірдің шапағаты мен өнерге деген махаббаты бір арнаға түйісіп, халқының қалаулы азаматы болуына жол ашып берді. Қиыншылыққа мойымай, жігерлене түсті. Бертін келе жүрегі жүмсақ, мейірімді өнер адамдарының үйіріне қосылып, театр атты өнер керуеніне ілесіп, небір майталман көшбасшылардың соңынан ере берді. Қазақ сахнасындағы түңғыш еңбек ері С.Қожамқүлов өз өмірінің соңына дейін С.Майқанованы туған қарындасындай сыйлап, қамқоршы болды. Сол ілтипат Толғанайды сомдағанда да толастаған жоқ. Ол әділ сыншы, дем беруші, сүйеніш болды. Сондықтан да С.Қожамқүлов С.Майқанова үшін «¥лы үстаз». Әрбір әріптесінің жетістігіне сүйеніп, кемшілігін дер кезінде түзу жолға салып отыратын жайсаң жанды шебер актердің жақсылығы ешқашан үмытылмайды. Ал, соңында қалған біздер, келешек үрпақ Сәбира Майқановадай дара таланттың өмірі мен шығармашылығын жыр етіп айтып, мақтан түтамыз.