Қазақша реферат: Роза Жаманова туралы |

0






Ұлттық опера өнері жайлы сөз болғанда алдымен қазақ сахнасының зор мақтанышы болған «қазақтың бұлбұлы» Күләш Байсейітованың есімі ерекше аталады. Отызыншы жылдардың басынан музыкалық театр сахнасына салып кеткен әншілік шығармашылық жолы даңғыл болып халықының есінде сайрап жатыр. Талай ұрпақ ерекше мақтанышпен еске алар құрметті есімдердің бірегейі. Қырықыншы жылдары опера сахнасына арнайы әншілік білімі бар жастардан Күләштің өкшесін басып Шабал Бейсекова келді. Елуінші жылдары осы эстафетаны жалғастырған талантты өнерпаздар легіндегі шығармашыл жастар ішінен Роза Үмбетқызы Жаманованың есімі ерекше аталады. Күләш апамыз есімі республиканың өнерсүйер қауымына отызыншы жылдар басында драма театрдағы, кейінірек музыкалық театр сахналарында жасаған өзіндік рөлдерімен жақсы таныс. 1936 жылғы ағашқы Мәскеу декадасы әншінің өзінің бойындаға табиғи талантымен бар қырынан жарқырай көрінген жүлдызды сәті болды. Салыстыра қарап отырсақ әнші Р.Жаманованың шығармашылық жолы да Күләш апасының жолына ұқсап шарықтай шыққан асулар мен екпіндей енген елеулі оқиғалар легі кезектесіп келіп отырды екен. Ол консерваторияның соңғы курсынан қара шаңырақ — Академиялық опера театрының әншілері қатарына қабылданды. Театрға келген алғашқы қадамынан бастап толық-қанды шығармашылық жұмыспен айналысып, қайнаған еңбек ортасынан табылды. Әр алуан партияларда орындаушылық шеберлігін үштап өнердегі өзіндік сара жолын іздеді. Және екінші декадада көрсетілген А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» және М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операларының сопрана дауысына арнап жазылған күрделі Ажар және Сара партияларын Үлкен театр сахнасына үлкен табыспен атқарып шықты. Алғашқы шығармашылық қадамынан ел аузына ілініп, жоғары табысқа қол жеткізу төркінінде зор еңбекқорлық, өз ісіне берілген жаны жайсаң жанның тынымсыз ізденісі жатты. Сахнаның хас шебері, өзгелерді тамаша әншілік шеберлігі және кәсіби біліктілік қырларымен мойындатқан жас әнші өзінің өмірін сахнамен, сахнаны өмірімен астастырған өнерпаз. Әртіс, қоғам қайраткері, шәкірт тәрбиелеген үстаздың қызық та қауырт ғүмырына қозғау болған себептер әріде, қиындыққа толы балалық шақтан басталса керек.
Әнші 1928 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келді. Әкесі Үмбет, шешесі Зібирадан ерте жетім қалған Роза Орал қаласындағы ба-лалар үйінде тәрбиеленеді. Кейін қаладағы музыкалық мектеп интернатқа ауысып фортепиано класынан сабақ алады. Қаладағы театрға немесе ойын-сауық ордасына барғанда түлымшағы жел-біреген әсершіл, ойлы да зерек жастың көңілі небір арман-қиял-дарға берілетін. Республикада тарихы әріден басталатын Орал қа-ласындағы орыс драма театрының репрертуарындағы сан алуан спектаклдер жас Розаның сахнаға, орындаушылық өнерге, жалпы көркемдік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал еткен секілді. Танымал сахна шебері, әнші-актер һәм режиссер Кәукен Кенжетаев әріптес әншінің шығармашылығына өзінің пікірін білдіре келіп: «Розаның театрға деген көңілі өзгеше. Театр фанатиктерінің бірі десе болады. Театр — оның өмірі, театр — оның арман-мақсаты» деген ой айтады [1,134 б.]. Осындай пікірден, әншідегі сахна мен өнерге деген өлермен қүштарлық қайдан пайда болды? деген сұрақ туындауы заңдылық. Біздің ойымызша бұл сөздің астарын-да сахнаны пір тұтқан әнші Розада өзінің сүйікті ісіне қалтықсыз, шынайы берілген жанның бойындағы баға жетпес зор қасиеті жа-тыр. Бұл қасиет сонау жастық шақтағы театрдан алған алғашқы әсерлерімен тікелей байланысып, қанға сіңіп қалыптасып, өмірлік ұстанымына айналған суреткерлік сезім болуы әбден мүмкін.
Кейінірек өзінің бойында әнші болуға қажетті алғы шарт -табиғи дауысының барлығы анықталғанда шәкірт Роза осы кә-сіптің ізіне түбегейлі түседі. 1949 жылы сол жерде музыкалық учи-лищені ән класынан табысты бітіріп ұстаздарының айтқан ақыл-кеңестерімен астанаға, Қүрманғазы атындағы Алматы мемлекет-тік консерваториясына оқуға түседі.
Қазақтың талай майталман әншілерін тәрбиелеп шығарған осы бір үстаздың Ұлы Отан соғыс басталған жылы Алматыға келуі қазақ ән-орындаушылық өнері үшін қандай олжа болған десеңізші. Алек-сандр Матвеевич Кургановтың тәрбиелеп шығарған қай шәкіртін алмаңыз сахнаның сәні болған жүлдыздар шоғырын қүрайды. Ке-зінде атақты театрлардың сахнасында сүбелі рөлдерімен аттары жер жарған әншілер Ф.Шаляпин, А.Нежданова, Л.Собиновтардың т.б. әріптесі болып дүниенің төрт бүрышында өнер көрсеткен әнші Абай атындағы опера және балет театрына өзінің 15 жыл-дай уақытын берді. Ол осы жылдары Алматы консерваториясының үстазы болып еңбек етуі өзінің жемісін берді. Қазақ сахнасына бірінің артынан екіншісі ілесіп үлттық опера жүлдыздары болған жеке жеке түлғалар КСРО Халық әртісі Е.Серкебаев, ҚКСР Ха-лық әртістері: Б.Жылысбаев, К.Кенжетаев, Ә.Үмбетбаев, Қ.Мүр-забеков т.б. сынды тамаша әншілер легі келді. КСРО Халық әртісі Роза Үмбетқызы Жаманова да осы өнерпаз таланттар шоғыры қатарында 1954 жылы Қүрманғазы атындағы Алматы консерва-ториясын А.Кургановтың жеке ән салу класы бойынша бітіріп шыққан болатын.
Әнші-үстаз А.Курганов кәсіби опера әншілік өнердің қыр сы-рын итальяндық бель канто мектебінен, профессор А.Мазинидің жетекшілігімен 1925-1927 жылдары арнайы барып үйренген. Және сахнадағы танымал әріптестерінен, өзінің сахналық іс-тә-жірибесінен жинақтаған орындаушылық шеберлігінің жөні бөлек еді. Ән-орындаушылық өнерінің қыр сырын бүге-шүгесіне дейін шәкірттерімен емен жарқын бөлісіп оларды бойындағы өзіндік әншілік ерекшеліктерін дөп басып аша білген маәстро қазақтың талантты жастарына берері көп болды. Жастарды батыстық үл-гідегі классикалық операларды қиналмай еркін орындауга, вокалдық орындаушылыққа кәсіби жогары деңгейде баулыған өз ісінің бесаспап шебері. Роза секілді талантымен қоса еңбекқор, іздеетіш жастарға берері мол үстаз балатын. Осындай үстаз-маәс-тродан дәріс ала жүріп бойындағы табиғат берген өзіндік дауыс мүмкіндігін, талантын толық ашқан Роза, опера сахнасына кәсіби түрғыдан дайындалған маман болып шықты.
1953 жьглдан бастап Роза Абай атындағы Қазақтың мемелекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі болып үлкен өнердегі жемісті жолын бастады. К.Кенжетаев жас әншінің осы кезін былай еске алады. «Алматы консерваториясын бітіріп театрға келісімен, Роза өз жолын тапты. Музыкалық қабілеті мол, еңбек сүйгіштігінің арқасында тез көзге түсіп, тез көтерілді. Өзінің әдемі дауысы (сопрано) мен актерлік талантының арқасында, сүйікті артистеріміздің бірі болды» [1,134 б.] дейді. Әрине, Роза әу дегеннен басты рөлдерге бекітілген жоқ. Бүл кезде барлық орындаушылық қырымен сахнада жарқырай көрініп салтанат құрған Күләш Байсейітова, оның соңынан дәл сол сопрано дауысына жазылған партияларды орындап жүргетін танымал әнші Шабал Бейсекова бола-тын. Алайда талантты жас әнші театр өзінің қүрамына жатырқамай қабылдады. Аға буын сахна шеберлері жастарға үлкен үміт артып, олардың сахнадағы тәй-тәй басқан алғашқы қадамдарына дем беріп, қолдан келген көмектерін аяған жоқ. Сахнада әнші әрі ре-жиссер болып жүмыс істеген Қүрманбек Жандарбеков, Қанабек Байсейітов театрға келген жастарды тәрбиеуге ерекше ат салыс-ты. Розаның өзі пір түтқан Күләш Байсейітова тағы басқа өнер саңлақтарымен күнделікті араласып бір театрда жүмыс істеудің, олардан оқып үйренудің жолы түседі. Журналист О.Сағынаевтың еңбегінде танымал сахна шебері жайлы Розаның: «Мен Күләш апаймен өнер жолында аз да болса еңбектес болғанымды үлкен бақыт санаймын. Ондай дарынды, даңқты актрисамен бірге еңбек ету — тамаша тәлім.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!