Қазақша реферат: Ресей мəдениеті туралы |
Ресей — мəдениетi адамзат баламына баға жетпес мол мəдени мұралар қалдырған дүниежүзiлiк мəдениеттiң ажырамас бөлiгi. Ресей мəдениетi- өзiндiк ерекшелiктерi бар қайталанбайтын мəдениет, ерекше оның əлемдiк мəдениет қазынасына қосқан үлесiне де баға жетпейдi. Орыс мəдениетiнiң қалыптасу ерекшелiктерi, негiзiнен төмендегi факторларға тығыз байланысты болды: Көптеген этникалық топтар мен халықтар мекендеген оразсан зор территорияны; игеру христиан дiнiнiң ерекше тармағы-аравославиенi руханиалық пен дəстүрлi салт-дəстүрлерге негiздей отырып орнықтыру; уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс еуропалық өркениеттiк процестерде оқшау дамуға байланысты туған “тұйықтыққа” бұдан əрi жол бермеу; жеке адамдардың мүддесiне бағындыру.
Осы айтылған ойларымыз дəлелдi болу үшiн, орыс мəдениетiнiң қалыптасу кезеңдерiн толығырақ қарастырып көрелiк. Бүгiнгi таңда. Көп ғасырлық тарихы бар Ресей мəдениетiнiң жалпы көрiнiсi бұрынғыданда айқындалып келе жатқан сияқты. Ұлттық топырақта пайда болып, өзiндiк бет- бейнесiмен ерекшеленсе де, əлемдiк мəдени өркендеудiң жалпы арнасына келiп құйылатын Ресей мəдениетi, византиялық көркем жүйемен жəне тағы да басқа мəдениеттермен тығыз алмасып жатады. Атап айтқанда, Ресей мəдениетi Византиямен қатар, көршiлес жатқан болгария, Сербия, Армения, Грузия сияқтя елдедiң мəдениетiмен үндестiк тапты. Ежелгi Русь мəдениетi-шекарасы Тамань түбегiне, сондай-ақ солтүстiк Двинаның жоғарғы аңғарына дейiн, ал батысында Висланың жоғарғы арнасына дейiн созылған Киев державасының мəдениетi ғана емес, сонымен қатар қуатты Владимир Суздаль князьдiгiнiң, Новгород боярлар республикасының, одан қалды сындарлы кезеңнiң қатал сынағынан мүдiрмей өтiп, елдi бiрiктiру күресiне басшылық жасап, сол күрестiң бел ортасында болған Москва князьдiгiнеiң өнерi. Ежелгi славяндардың мəдениетi- орыс мəдениетiнiң қайнар бұлағы болып саналады.. Оның басты мəдени құндылықтары-қасиеттi жырлар, мифология, аңыз-ертегiлер жəне т.б. Ғалымдардың пiкiрiнше, олардың көпшiлiгiнiң текстерi христиан дiнiн қабылдағаннан кейiн құрып кеткен. Ежелгi славяндар пұтқа табынушылықты бастарынан кешiрген, сондықтан да болар Ресей топырағында пұтқа табынушылық мəдениеттiң дамуы жоғары болды.
Ежелгi славяндардың дүниетанымы табиғатты пiр тұтумен тығыз байланысты болды. Олар əр орманды,бұлақты, құдықты, тiптi жекелеген ағаштарды да жанды нəрсе деп түсiнген. Оларға жапрағы жайқалған ескi емендердiң көрiнiсi ерекше əсер еткен. Ағыны қатты асау, өзендердi қасиеттi деп санаған, сондықтан да болар кейiнiректегi аңыздарды өзендер кейiпкерлермен адам тiлiнде сөйлеседi. Ежелгi славяндықтар таулар мен орасан зор тастарды киелi деп санап, оларға құдайдан табынған. Орыс батырларының тағдырының тау-тастардың құпияларына байланысты болуы да осындай түсiнiкке тiкелей байланысты болса керек. Табиғатқа, жер-анаға бауыр басып, етене жақын болған аңғыртславяндардың табынған құдайлары да табиғаттың құпияларына байланысты болып келедi. Мысалы: Перун-қатерлi найзағай құдайы, құдайлардың iшiндегi ең құдыреттiсi.
Славяндар күнге табынғандықтан оған да неше түрлi ат қойған (Даждь бог, яғни рақымы күштi құдай қасиеттердi адам еместерге телiп, оларды адамның сана-сезiмiнiне жақындату дүние жүзiнiң басқа да халықтарындағыдай славяндарға да тəн қасиет болды.Сондықтан да құдыреттi “тəңiр ананың”-бейнесiн жасау осының айқын айғағы. Тек славяндар ғана емемс, басқа да көптеген халықтар құрмет тұтқан жер мен молшылықтың, дүниенiң барлық нəрсенiң құдайы-тəңiр ананы ежелгi славяндар Берегина( жер, тiршiлiк анасы, дүниеге əкелушi деген ұғымдарды бiлдiредi) деп атаған. Қолын көкке көтерген осы бiр əйел бейнесi, шығыс христиандар мəдениетiнде, оның iшiнде, ежелгi орыс өнерiнде ерекше орын алады. “Жер-ана” қолын-жоғары көтерген əйел бейнесiндегi “тəңiр ананы” слвяндар ерекше қасиет тұтып, табынып өткен. Ежелгi славяндар жайында өз кезiнде де аз жазылған жоқ. Солардың бiрi У1 ғасырдағы византиялық тарихшы Прокопий Кесарийский былай деп баяндайды: “Славяндар мен антыларды бiр адам басқармайды, сонау ежелден-ақ халықтық басқарумен өмiр сүрiп келедi, сондықтан да олардың бақытты жəне бақытсыздық iстерi ақылдасу арқылы шешiлген. Ал славяндардың əдет- ғұрпымен етене таныс византиялық жазушы Маврикий кесiмдi түрде былай деп жазды Славяндар мен антылар тайпалары бiрдей өмiр сүрдi, олардың əдет ғұрпы бiр, бостандық сүйгiш, əсiресе өз жерлерiн қорғауға батыл, шыдамды, суық пен ыстыққа төзiмдi, киiм мен тамаққа мойымайды”. (Л.Любимов.Ежелгi орыс өнерi. Алматы,1989.67б).
Ежелгi славяндардың дүниетанымы мен əдет-ғұрыптары да жан-жақты болып келедi.Олар əрбiр үй рухтың жебеуiнде деп ойлаған. Рух мал-жанға қамқорлық жасап, ошақ басының отын сөндiрмей, түн сайын пештiң астынан шығып, үй иесi қамқорлықпен қалдырған сыбағасын жейдi екен. Адамға жұғысатын əрбiр жəндiкке ерекше белгiлер қойған. Уақытты кереметтей дəлдiкпен анықтай бiлген , əтештердi ежелгi славяндар ерекше қастерлеген. Орыс халқының ертегiлерiнде əтешке байланысты жəйттердiң жиi кездесетiнi сондықтан болар, егiстiктi жыртатаын өгiз молшылықтың белгiсi деп танылса, ал Тур (жабайы бұқа) құдайдың құрметiне жастардың көктемгi мерекелерi өткiзiлiп тұратынболған. Сонымен бiрге ежелгi славяндар көсемдерiн жерлегенде олардың əйелдерiн қоса көметiн скифтерден қабылдаған тағылық əдет-ғұрыпты қолданғанын атап өткен жөн сияқты.
Дiн мəдениеттiң қай түрi болмасын басты элементi болып саналады. Дiн құдыретке жəй ғана табыну немесе дiни салт-жоралардың жүйесi ғана емеc, ол адамның өзiн қоршаған орта жайындағы қалыптасқан идеяларының, дiни наным-сенiмдерiнiң белгiлi бiр жүйесi жəне адамның тiршiлiк бейнесi. Олай болса Рустiң Византиядан христиан дiнiнiң қабылдауы орыс мəдениетiнiң тарихындағы бетбұрыс кезең болды. Орыстардың христиан дiнiнiң шығыс тармағы православиенi қабылдауы орыс елiнiң iшкi жəне сыртқы жағдайларына тiкелей байланысты болатын. Христиан дiнi орыс мемлекетiнiң қоғамдық саяси, мəдени өмiрiнiң барлық салаларына ықпал еттi. Жаңа дiннiң қабылдауына байланысты Киев Русiнiң христиан дүниесi елдермен сауда, саяси, мəдени байланыстары тұрақтанып, жаңа арнаға түстi. Христиан дiнi 988 жылы Князь Владимирдiң басшылығымен қабылданады. Славян халықтарының тарихындағы жаңа тарихи кезең-Киев Русьi дəуiрiнде жүзеге асырылған бұл шараның нəтижесiнде орыс мəдениетi жаңа сатыға көтерiлдi. Шiркеулер Русьте таңғажайып ғимараттардың көптеген салынуына жан-жақты өркендеуiне, алғашқы мектептердiң ашылуына, тарихи шежiрелердiң жазыла бастауына айрықша ықпал еттi. Осы орайда, христиан дiнiн Руське дейiн қабылдаған оңтүстiк славяндар, армяндар мен грузиндер византиялық мəдениет мəнерiн олардан бұрын сезiнгенiн атап өтпеске болмайды.
Шығыс славяндарды бiрiктiрудiң нəтижесiнде пайда болған, өзiнiң көлемi мен маңызы жағынан сол кездегi Еуропада алдыңғы орындардың бiрiнде болған Киев Русi мəдениетiнiң дамуына дүниежүзiнiң алдыңғы қатарлы мəдениеттерiнiң ықпалы орасан зор болды. Олай болса, мұндай ерекше мəдени құблысты ортағасырлық əлемнiң басқа елдерiнен кездестiре қою қиын деген атақты ғалым Л.Любимовтың орынды пiкiрiне қосылмасқа болмайтын сияқты. Шындығында да, географиялық жағынан Русьтi Византия, Шығыс пен Кавказ халықтары, Батыс Еуропа мен Скандинавия айнала қоршап жатты, ал өз кезегiнде, бұл елдердiң орыс елiне мəдени əсерi орасан зор болды. Мiне, сондықтан да болар Византиялық шiркеулердiң iшiндегi ең атақтысы “Əулие Софияның” Киев князi Владимирдiң елшiлерiне əсер еткен соншалық, олар өздерiн шынымен-ақ о дүниеде жүр екенбiз деп сезiнген.
Христиан дiнiн қабылданғаннан кейiнгi аз уақыттың iшiнде, əсiресе князь Ярослав кезiнде ежелгi Русьтiң мəдениетi өзiнiң шарықтау шегiне жеттi. Киев Еуропаның ең iрi қалаларының бiрiне айналды. Шетелдiк саяхатшылар Киевтi “екiншi патша қала” деп атаса, Х1 ғасырдағы батыс жазушысы Адам Беременский Киевтi “Грекияның арайлы ажары болған Константинопльдiң бақталасы” деп өте жоғары бағалады.Бiзге жеткен деректер бойынша Х1-ХП ғасырлардаерекше даңққа бөленiп, “Орыс қалаларының анасы” атанған Киевте төрт жүзге жуық щiркеу мен сегiз базар болған, князь Ярославтың (Х ғ.) кезiнде тұрғызылған таңғажайып ескерткiш-София соборын көргенде белгiлi саяхатшы Павел Алепский қатты таңданып, “оның бар ғажайыбын қамтуға адам ойы жетпейдi” деп мойындаған. Шындығында да, Киев Русiнiң ең құдыреттi сəулет өнерiнiң бұл тамаша ескерткiштерiнiң он үш мұнарасына ұқсас үлгi, сəулетшiлердiң пiкiрiне қарағанда, Византия ғана емес, басқа да бiрде-бiр христиандық елден табылмаған.
Ежелгi Руське христиан дiнiнiң келуiне байланысты шiркеулер мен монастрьлер салу, яғни дiни құбылыстар кең етек алады. Сондай мəдени ескерткiштердiң қатарына Х1 ғасырдың ортасында Антоний ( 983-1073) жəне Федосий Печерскийлер (?-1074) негiзiн қалаған Киев-Печерск монастры, ежелгi тас ғибадатхана-Киевтiң Десяти шiркеуi жəне т.б. жатады. Бiр жүйеге келтiрiлген жазудың енгiзiлуi-орыс мəдениетiнiң аса үлкен жетiстiгi болады, өйəткенi тiл қай мəдениеттiң болсын басты элементi болып табылады. Славян əлiппесiн жасаушылар- ағайынды гректер Кирилл (827-869) мен Мифодий (815-885) болды. ДДəл осы бiр мəдени бетбұрыс кезеңiнде орыс жазуы мен əдебиетi өзiнiң шарықтау шегiне жеттi. Киев Русьiнiң ең алғашқы жазба ескерткiштерiнiң бiрi- “Орыс шындығы” қаарпайым əрi түсiнiктi халықтық тiлмен жазылса, орыс халқының аса үздiк əдеби мұрасы — “Игорь жасағы туралы жырдың” тiлi де дəуiр тынысын жан-жақты бейнеледi. Византия елiмен тығыз болған қарым-қатынастардың арқасында Киев Русiнде ағартушылық iсi де жолға қойыла бастады. Қала халқы негiзiнен, сауватты болды,сондықтан да болар Киев Русьiн “Кiтаптар елi” деп атаған. Монастрлардың жанынан мектептер, кiтапханалар, архивтер ашылып, шетел əдебиетi аударылып, түрлi шежiрелер жазылды. Киев Русьi өздерi басып шығарған кiтаптарын мақтаныш еткен.Олардың бiрқатарының бағасы қымбат болғаны соншалық, өрт шыққан жағдайда, ең алдымен құнды кiтаптарды сақтап қалуға тырысқан. Византиядағы сияқты мұнда да кiтаптар “Құдайдың жаңалығы мен даналық қоймасы” болып саналған. Кiтапты безендiру үшiн ештеңенi де аямаған. Кiтаптың бүкiл өрнегiн алтындаушы суретшiлер жасаған, ал оның күмiспен, əсем ою-өрнектермен өрнектелiп, қымбат бағалы тастардан жəне финифттен(эмальды осылай атаған) жасалған бейнелерi бар, алтын қабыршақтармен көмкерiлген мұқабаларын дайындау iсiн алтындаушы ұста мен эмальшыға тапсырған. Орыс кiтаптарының ең үздiк ежелгi үлгiлерiнiң бiрi- ұлы князь Изяслаытың жақын серiгi Остромирдiң тапсырысы бойынша дьякон Григорий (1056-1057 жылдары) жазған “Iнжiлдiк дүниетаным” кiтабы. Демек өз заманының деңгейi тұрғысынаналып қарағанда Киев Русiнiң мəдениетiнiң жоғарғы болғандығын аңғаруға боладыц. ХIII-ХIV ғасырларда орыс мəдениетiнiң орталығы Новгород қаласы болды. Кескiндемелiк жəне саулетшiлiк ескерткiштерiмен өзiн “Ұлы мəртебелеi Новгород” деп атаған бұл тархи қаланы шетелдiк бiр автор “байлығы жағынан тек Риммен ғана теңесе алады” деп бағалауы тегiннен-тегiн емес сияқты. Мұндағы орыс халқының рухы сiңген өнер туындылары: Новгород Кремiлiндегi қасиеттi София соборы, Юрий монастрының Георгиев соборы жəне т.б. Дүниенi табындырған əсемдiктiң ұлы ескерткiштерiнiң қатарына жататын Киев соборының тiкелей ықпалымен салынған Новгород Софиясы өзiне ғана тəн ерекшелiктерi бар құдыреттi де,сымбатты сəндi құрылыс.
Новгородтың князьдiк ғибадатханалардың iшiндегi ең мəртебелiсi – Юрий монастырын орта ғасыр дəiрiнiң даңқты ғимараттарының қатарына əбден жатқызуға болады. Христиан мəдениетiнiң ажырамас бөлiгi икона (“бейне” деген мағынаны бiлдiретiн грек сөзiнен шыққан) жасау iсiнде дəл Ресейдегiдей соншалықты ғажайып туындылар жасалмаған жəне ғасырлар бойы бүкiл бiр халықтың бейнелеу өнерiнiң дəл осындай сүйiктi түрi болмаған. Икона сюжеттерi-дiни-христиандық негiзге құрылды. Ал сол новгородттық иконалардың бүгiнге дейiн сақталғандардың iшiнде əлемдiк маңызы бар ғажайып дүниелер баршылық . Солардың бiрi – шамамен, ХII ғасырдың соңында жасалған “Алтын шашты перiште”. Осы бiр таңғажайып естеп кетпес бейнеде қаншалық биiк, таза сұлулық бар десеңiзшi. ХV ғасырда новгородттық өенрдiң тарихы аяқталады деуге болады, өйткенi бұл құбылыс-өнердiк үздiк табыстарының тоқырауынан кейiнгi орыс мəдениетiнiң гүлденген дəуiрi – ХVI-ХII ғасырлар, яғни мəскеулiк кезең мəденитiмен жалғасты. ХV ғасырдың аяғына қарай Мəскеу Шығыс Еуропада саяси жағынан да, мəдени жағынан да айрықша жағдайға ие болды. Дүниенi дүр сiлкiндiрген құдыреттi Византия мемлекетi құрып бара жатты, оңтүстiк славяндардың мəдениетi ыдырай бастады, моонғол-татар езгiсi əлi де жойыла қоймаса да Дмитрий Донскойдың тарихи жеңiсi мəскеу державасының мерейiн көтере түстi.Ендiгi жерде тек Русьтен ғана емес, əр елдерден Мəскеу ұлы князьдiгiне өнер адамдары ағылып келе бастады, сөйтiп Мəскеу қаласы ең iрi мəдени ортьалықтардың бiрiне айналды. 1454 жылы Константинопльдiң құлдырауына байланысты орыстың православиелiк шiркеуi бiртiндеп тəуелсiздiк алды жəне батыстық христиандық дүниеден бөлiне бастады. Ендiгi жерде христиан дiнiнiң басты қамқоршысына айналған Русь елi православиенi жандандыру жəне дүние жүзiне тарату мiндетiн өз қолына алды, сөйтiп мəскеулiк Русь өзiн қасиеттi Русь деп танып, ал Мəскеу үшiншi Римге айналды.
1547 жылдан, яғни IУ Иванның патшалық таққа отырған кезiнен бастап Русь-Ресей, ал орыс елi Ресей емлекетi деп р ресми түрде атала бастады. 1482 жылы Мəскеудiң Алтын Ордадағы тəуелдiлiгi жойылды, бiрақ орыс елiне шығыс мəдениетiнiң əсерi толастай қойған жоқ. ХIУ-ХУ ғасырларда орыс кескiндемесiнiң мəскеулiк мектебiнiң шоқтығы биык болды. 1390 жылы шамасындаМəскеуге Новгородта асқан өннерiмен даңққа бөленген Феофан Гректiң шақырылуы қаланың көркiн одан əрi түрлендiре түстi. Ол ХIУ-ХУ ғасырларда Мəскеудiң көркемдiк өмiрiнiң басты тұлғасына айналды. Феофанның Мəскеуде жасаған туындыларынан салтанаттылықты, өмiрге деген құштарлықты айқын аңғаруға болады. Орыс өнерiнiң ұлы шығармасы деп танылған- Москва Кремiлiндегi Благовещщенск соборының иконотасын (1405ж) жасау Феофан Гректiң басшылығымен кейiннен өнер дүниесiнде аты аңызға айналған Андрей Рублевтiң (1360-1430ж.ж. шамасы) қатысуымен жүзеге асырылды. Андрей Рублев көзiнiң тiрiсiнде аса көрнектi шебер болып саналғанымен, шынайы даңққа өлгеннен кейiн көп жылдар өткен соң ғана бөлендi. Оның есесiне бұл талас тудырмайтын дүниежүзiлiк даңқ болатын. Рублевтiң ең таңдаулы шегiне жете айқындалған шығармасы- “Қасиеттi үштiк” Суретшi Византиялық композицияларды ой елегiнен өткiзе отырып, басты назарды үш перiштенiң бейнесiне аударған.Сезiмдерi бiрдей, ойлары ортақ үш перiште бейнелерi өздерiнiң əсерлi көрiнiстерiмен, қасиеттi пейiлдерiмен, жан жүректi жарып шыққан мейiрiмдiлiктерiмен, пəк сезiмдерiмен тартымды. Иə, бұл мəңгiлiк ажырамас тұңғиық бiрлiк дүниесi, сондықтан да бiз бұл үш шығарманың сюжетiн адамға тəн бүкiл талпыныстардың тиянақ табуыдеп қабылдаймыз. Ұлы шебердiң осы бiр ғажайып туындысының алдында тұрғанда Леонардо да Винчидiң “Кескiндеме-өнер падишасы” деген даналық пiкiрiн ерiксiз еске аласыз. Қорыта келгенде айтарымыз, ХIV-ХV ғасырларда ұлы орыс халқының мəдениетi қалыптасу дəуiрiн бастан кешiрдi. Шындығында да, дəл ХУI ғасырдан бастап орыс халқы мəдениетiнiң нағыз тарихы басталады.
Ресейдiң ХII ғасыр мəдениетi сол кезеңдегi буырқанған саяси жағдайларға/ шетел интервенциясы мен шаруалар соғысы/ байланысты қарама-қайшы талпыныстар мен арман-мақсаттарға толы болады. Ортағасырлық дүниетаным түбегейлi өзгерiстерге ұшырап, дүниенiң бет-бейнесi өзгердi. ХVII ғасырдың адамдары өткен мəдениетттiң құлдырауын өздерiнiң ғана емес, сонымен бiрге бүкiл халықтың ұлттық трагедиясы деп қабылдады. Бұл кезең екi мəдениеттiң-“барокко” мен “мұжықтық мəдениеттiң” бақталастық кезеңi болды. Орыс мəдениетiнде идея бiрлiгi, тарихтың шексiздiгi, болашаққа бағдар алу сияқты жаңа өмiрдiң нышандары байқала бастады. ХVII ғасыр басында Борис Годунов мəдениетке, ағартушылыққа, Батыс өркениетiне ерекше мəн бере бастады. Соның нəтижесiнде Батыс елдерiмен сада қарыс-қатынастары кеңейiп, қалалар гүлденiп, iрi мəдени орталықтарға арналды, Мəскеудегi Кремльдi жаңғырту iсi қайтадан қолға алынды. Бiрақ қалаларда Ресей халқының 2 пайызы ғана тұрды, демек, халықтың басым көпшiлiгi шаруалар болды.
Қалай болған да да, ХVII ғасырда орыс мəдениетiнiң ортағасырлық дəуiорi аяқталды, сөйтiп жаңа заман мəдениетiнiң элементтерi туындап келе жатты. Мұндай жаңа өзгерiстер мəдениеттiң барлық салаларында да байқалады. Мысалы, əдебиет саласында: “ ақсүйектiк бағыт” қалыптасып, демократиялық сарын орын алса, ал ғылым саласында нақты тəжiрибеге жүгiнушiлiк, кескiндеме өнерiнде реалистiк тенденциялар орын ала бастады. Халықаралық қарым-қатынастардың кеңеюiне, мемлекеттiк аппараттың өсуiне жəне қалалық өмiрдiң жандануына байланысты ағартушылық iсi жолға қойылды. Соның нəтижесiнде ХVII ғасырда халықтыңсауаттылығы бiршама өстi. Сол кездегi мəлiметтер бойынша сауаттылық помещиктер арасында 65 пайыз, көпестерде 96 пайыз, ал шаруалар арасында небəрi 15 пайыз ғана болған (Добрынин В.И. История культуры России.М.,1993.С.87). ХУП ғасыр ортасына қарай мемлекеттiк жəне жеке мектептер ашалып, онда түрлi пəндермен қатар шет тiлдерi де оқытыла бастады. 1637 жылы Мəскеуде тұңғыш жоғары оқу орны Славян-грек-латын Академиясы ашылды. Оған Италияның Падуан университетiн бiтiрген ағайынды Лихудалар басщылық жасады. Батыстық ықпалмен алғашқы театр қойылымдары қойыла бастады. 1675 жылы Орыс театрының саханасында алғашқы рет балет қайылды.
Ресейдiң ХVII ғасырдағы мəдени өмiрiнiң басты ерекшелiктерiнiң бiрi-өнер адамдарының Мəскеуге шоғырлануы болды. Сондықтан да болар,елдiң əр түкпiрiнен келген саулетшiлер, зергерлер, суретшулер, жəне т.б. орыс халқының даңқты мəдениет мұраларының бiрi Кремльдегi “Қару-жарақ палатасының” жұмыстарына белсенен араласқан. Осы орайда реалистiк өнердiң қалыптасуына айрықща үлес қосқан, өнер теоретигi, ХVII ғасырдың аса iрi суретшiсi С.Ф.Ушаковтың (1626-1686 ж.ж.) мекрейi үстем болды. Отыз жылдан астам уақыт орсы мемлекетiнiң барлық көркем творчествосын басқарған, өнер саласындағы қажымас қайраткер, əрi тамаша педагог С.Ф.Ушаковтың аса көрнектi адам болғаны даусыз. Ол сонымен қатар келесi ғасырда тамаша өркендеген орыстың портреттiк кескiндеменiң негiзiн қалаушылардың бiрi болды. ХVII ғасырлардың бiрiншi жартысында шеберлер А.Константинов, Б.Огурцов жəне т.б. салған Мəскеу Кремльiндегi атақты Терм сарайы (1635-1636ж.ж.) сол кездегi азаматтық құрлысытың iшiндегi ең iрiсi болса, ал Никитинкадағы Тройца шiркеуi (1635-1653 ж.ж.) ХVII ғасырдағы саулетшiлiк жəне кескiндемелiк iзденiстен туған сүйкiмдi əшекейлiктiң сөлi болып саналады. ХVII ғасырдағы миниатюра да. Графика да гүлдедеi, бiрақ солардың iшiнде зергерлiк жəне қолданбалы шоқтығы биiк болды.
ХVII ғасырдың басындағы Ресей топрағындағы мəдени өзгерiстер Ұлы Петрдiң реформаларымен тығыз байланысчты болды. Бұл кезеңде халық тарихынан жаңа дəуiрi басталды. Ресейдiң жаңа заман мəдениетiнiң басты сипаты-оның басқа халықтар мəдениеттерiмен тығыз байланыста дамыды. Ұлттық тұйықтықты бұзу мақсатында жүргiзiлген көрегендiк мемлекеттiк саясаттың нəтижесiнде Батыс елдермен қарым-қатынастар арнасы кеңейiп, Ресейге гуманистiк жəне рационалистiк iлiмдер бiртiндеп ене бастады, Абсолютизм идеялогиясы Еуропалық ағартушылық, рационализм идеяларымен толықтырылды. Бұл өзгерiстер мəдениет саласына өз ықпалын тигiзбей қойған жоқ.Дифференциация процесi басталып, мəдениеттiң жаңа салалары қалыптаса бастады. Ең бастысы, жаңа мəдениетте демократияға талпынушылық тенденциялары байқалады. Петрдiң реформалары қоғамдық өмiрдiң басқа салаларымен қатар мəдени өмiрдi де қамтыды. Соның нəтижесiнде, бұдан кейiнгi кезеңдермен салыстырғанда мəдени дамудың қарқыны күшейiп, өнер саласына жаңа стильдер (борокко, рококо, классицицизм) қалыптасты. Бұл ресейлiк жаңа заман мəдениетiнiң басты ерекшелiгi болды. Ерекше атап өтетiн бiр жəйт, тек қана Петрдiң кезiнде ғана мектеп, жастарға бiлiм беру мəселесi- мемлекеттiк мəселе дəрежесiне дейiн көтерiлдi.