Қазақша реферат: Рецепторлар дегеніміз не? |
Рецепторлар дегеніміз- тітіркенулерді қабылдап, сыртқы тітіркендірулер энергиясын жүйкелік қозу кұбылысына тасымалдайтын сезімділік жүйкелердің арнаулы (спецификалық) және соңғы бөліктері. Олар жануарлардың миына ішкі және сыртқы орта жағдайлары мен өзгерістері жөнінде хабар беріп тұрады. Оларды қабылдайтындарға барлық сезім мүшелерінің рецепторлары жөне мүшелер мен ұлпалардағы арнаулы рецепторлық құрылымдар жатады. Барлық рецепторларға төн қасиет — өте аз мөлшерде болсада тітіркенгіштердің белгілі бір түрін ғана қабылдайтындығы. Рецепторларға әсер ететін тітіркенгіштердің әр түрлілігі осы биологиялық құрылымдар құрылысын күрделендіріп, сезімді мүшелердің көптеген жаңа түрлерінің дамуына әкеп сокты. Рецепторлардың мынандай түрлері бар: тітіркенгіштерді сыртқы ортадан қабылдайтындар (экстерорецепторлар), ішкі мүшелерден қабылдайтындар (интерорецепторлар) және қаңқа бұлшық еттерімен сіңірлерден қабылдайтындар (проприорецепторлар). Тітіркенгіштердің ерекшеліктеріне байланысты олар механорецепторалар, хеморецепторлар, терморецепторлар, сонымен бірге ауру сезімін, дыбысты, дәмді, иісті және басқаларды қабылдайтын рецепторлар деп бөлінеді. Анализаторлардың жоғарғы сезімталдығы тітіркендіргіш энергиясын қозу құбылысына тасымаддауды қамтамасыз ететін рецепторларға байланысты. Анализаторлардың дөрілік заттарға реакциясы, олардың концентрациясы көп болған сайын және ұлпалармен жанасу көлемі ұлғайған сайын жоғары болады. Рецепторлардың қозуы қабынулар кезінде, сонымен бірге орталық жүйке жүйесі мен адренергиялық иннервацияның әртүрлі жағдайларына байланысты әрқалай өзгеріп отырады. Экстререцепторларға фармакологиялық заттармен әсер еткенде көп жағдайларда ауырсыну тактильді және температура сезгіштік өзгереді. Ал интерорецепторларға өсер еткеңде ішкі мүшелер, қан тамырлары жөне басқалары өзгеріске ұшырайды (ащылар, тәттілер, ароматтты заттар, жергілікті ауырсыну сезімділігін әлсірететіңцер, кілегейлі, тұтқыр заттар, іш өткізгіштер жөне тағы баскалар).