Қазақша реферат: «Қыз Жібек» операсының музыкасы |
«Қыз Жібек» операсының музыкасы түгелімен фольклорлық бастауларға негізделген. Композитор тақырыбы, жанры, өзіндік ерекшеліктері әртүрлі аспаптық мәдениет үлгілерін кейіпкерлермен, сюжет драматургиясымен үйлестіре білген. Е.Г. Брусиловский алып отырған материалдың ерекшеліктерін, стильдік, жанрлық белгілерін сақтай отыра, опералық өнер жанры зандылықтарымен епті байланыстырады. Негізгі кейіпкерлер опералық кейіпкердің ішкі табиғатын айқын ашатын лейттақырыптарға ие. Мысалы, басты кейіпкер Қыз Жібек өзінің әртүрлі психологиялық күйін білдіретін өзіндік әндер қатарына ие. Бұлар — қуанышты, көтеріңкі лепті «Гәкку», нәзік үнді «Толқыма» және трагедиялық «Дүние-ай», шешімді және екпінді ән «Раушан» (ноталық мысалдар), бұлардың авторлары халык композиторлары Ы. Сандыбаев, А. Ғаббасов, М. Мералиев және баскалар. Нақты драмалық функцияларды атқару бағытында ерекше орында операның басты тақырыбы — «Гәкку» әні. Ол Жібек әндерінің тобына кіріп, ең мәнерлі күрал ретінде алдыңғы бетке шығады. Композитор оны үнемі өзгерте отырып, баяндау фактурасын-да, полифониялык және үйлесімдік трансформациясында, ладоырғақтык модификациясында, т.б. үнемі мағыналык және көркемдік жаңа акцент кіргізеді.
Операда Жібектің Бекежанға сөйлеуі халық әні «Раушанның» негізінде кұрылған. Егер де алдыңғы лейттақырыптар нәзік, сүйкімді және ғашық қызды сипаттаса, Бекежанға сөйлеуде мактаншак кейіпкерді орнына коя алатын бірбеткей хан кызы көрсетіледі. Бүны өлеңнің басындағы жоғарылайтын және кайталанатын катан интонация, «берілген» жоғарғы дыбыс және төменірек октаваның бекіту айналымдары барынша жаксы көрсетеді.
Жібектің рухына жакын Төлегеннің образына шынайы пәктік тән. Ол белсенді күрескер ретінде емес, белгілі бір идеяның иесі ретінде көрінеді. Ол өз ортасынан жоғары тұрады, дәстүр бойынша өмір сүру оны канағаттандырмайды. Ол өзіне тең кұрбы іздейді, бакыт іздеу жолында саткындыктан каза болады. Операда тек осы кейіпкерге ғана вокалдык, симфониялық және хореографиялық тәсілдер қолданылған, монолог көрінісі арналған (III акт). Төлегенді музыкалық сипаттау үшін «Қос барабан», «Алқара көк» (I акт), «Қарагөз» (III акт) әндері қолданылады, осы әндердің виртуоздық, мелодиялық кұрылымының диапазоны кең.
Оның образындағы қайғының бастамасы «Ақсақ құлан» күйі арқылы берілді. Жазмыштың өзіндік тақырыбы ретінде ол увертюрада, кейінірек I актіде, қаза болу көрінісінде (III актінің соңы) орын алады. Операда драматургиялық жағынан маңызды кейіпкер Бекежан болып саналады. Ол басты кейіпкерлердің кайғысының себепкеріне айналады. Бұл белсенді әсершіл образ. Бекежанның лейттакырыпты әндері оның көкіректігін, күшін, жанкештілігін, сонымен қатар арам ойын көрсетеді. Ол «Ақкұм», «Жиырма бес», «Көкжендет» (зұлымдық), «Мәди» және «Сарымойын» (IV акт) әндері арқылы берілді. Алғашқы опералардағы музыканың басты бөлігі күйлермен толықтырылған. Мәселен, «Қыз Жібек» операсында он екі күйдің сегізі солистер мен хордың қатысуынсыз, тек оркестрде би көріністерін сүйемелдеу үшін орындалады. Олар музыка сипаты жағынан да, өзінің музыкалық-драматургиялық қызметтері жағынан да әртүрлі болып келеді. Мәселен, «Айжан қыз» күйі Жібектің құрбыларынын биінде (I, IV к.) орын алады, ал жігіттердің жігерлі биі «Тепең көк» (III акт) күйіне негізделген. Операдағы «Былқылдақ» (атастыру көрінісіндегі куаныш, I акт), «Шалқыма», «Бестөре» (Жібектіңтүсі), «Кеңес күй» (II акт) және т.б. күйлер әдет-ғұрыпты көрсетеді.
«Алты қаз» және «Аксақ кұлан» күйлері трагедиялық көріністерді сипаттайды, образды халық арасында қалыптасқан жағымсыз белгілер арқылы тереңцете түседі (қаздардың үшып кетуі). 1934 жылы алғаш рет қойылған «Қыз Жібек операсы» 1968 жылдын 27 қаңтарында 1000-шы рет сахналанды. Бүл оқиға республика өнері мен мәдениеті тарихындағы тамаша мейрам ретінде есте қалды. Операның басты кейіпкерінің рөлін біртума дарынды әртіс К. Байсейітова орындады. Ең алғашқы КСРО халық артистерінің бірі (ол бұл атаққа 24 жасында ұлы актерлар, кеңес мәдениетінің ірі қайраткерлері Немирович-Данченко, Качалов, Станиславскийлермен бірге ие болды). Байсейітова өзінін аққу әні «Гәкку» арқылы мәңгілік есте қалды.