Қазақша реферат: Қысқарған мақал-мәтелдер |
Мақал-мәтелдердің тұлғалық-құрамдық дамуының бір көрінісіне олардың ықшамдалу, нақтылану процесіндегі құрамдық бөлшектерінің кысқарып, қолданысқа ыңғайлануы жатады. Бұл — MM құрылымының күрделенуіне қарама-қарсы бағыттағы олардың «әрі қысқа, әрі нұсқаға» айналуына байланысты дамуының негізгі үрдісі.
Сондықтан да болу керек, даналық қорындағы ММ-дердің басым көпшілігі (шамамен 70-80 пайызы) бір тағандылар. Бірақ, бір тағанды ММ-дердің бәрі бірдей ықшамдалу, қысқару нәтижесінде пайда болған аталы сөздер деп қарауға болмайды, әрине. Дегенмен, олардың ішінде ұзақ даму барысында о бастағы номинативті құрамының еленіп-екшеліп, артық-кем жерлері реттеліп, мұрты басылып, құйрық-жалы күзеліп, тіл қолданысына ыңғайланған турлері де аз емес. Оларды тұлғасынан тануға да болады. Оның бір белгісі — етістік, үстеу, есім т.б. компоненттерін түсіріп айту. Мысалдар:
Ақыл — бастан, асыл — тастан < >
Ақсақ қызга — таз күйеу < >
Қыз — қонақ < >
Еруліге — қарулы < >
Сүлуынан — жылуы < >
Дүние — кезек, өлім — ортақ < > т.б.
Бұл келтірілген ММ-дердің осы көрсетілген тұлғада қолданысын етістік т.б. компоненттерінің түсіріліп, демек айтуға оңтайлы да жеңіл, есте сақтауға ыңғайлы ықшамдалған тұлғаға көшудің нәтижесі деп қараған жөн. Ал, бүл ММ-дердің о бастағы толык түріне: «ақыл бастан шығады, асыл тастан шығады; ақсақ қызға лайықтысы таз күйеу; қыз ата-ана уйіндегі қонақ; еруліге қайтарар қарулы болу керек; сұлуынан гөрі жыяуы бар киім артық; дуние (барлык) елдің бәріне кезекпен ауысып келеді, ал өлім елдің барлығына ортақ» деген құрамдар жатқан деп жорамалдауға болады.
Қазақ ММ-дері қорындағы бұл тәрізді эллипсиске ұшырағандардың ерекше көзге түсетіні құрамындағы екі рет қайталануға тиіс қос тағандылар. Мысалы:
Елу жылда ел жаңа,
Жүз жылда — қазан < >
Қоғамдық өмірдің өзгеріп отыратын зандылығын аңғартып тұрған бұл мақалдың о бастағы құрамынан ықшамдалып даму барысында түсіп қалған және солай тұрақталған компонентке «жаңа» сөзі жатады. Ол тәртіп (яғни эвфония талабы) бойынша екі рет қайталанып айтылуға тиісті еді. Бірақ, бұл жерде эвфония талабынан ықшамдап, қысқартып айту талабы басымырақ болғандығы көрініп тұр.
Бұл тәрізді тұлғасы қысқарған ММ-дерге, мысалы, мыналарды жатқызуға болады:
Сөз — шынга, су — шымга, пышақ қынга тоқтайды < > — бұл мысалда «тоқтайды» сөзін үш рет кдйталаудан қашу нәтижесі байқалады.
Сөз — суйектен, таяқ еттен өтвді <>- бұл мысалда да «өтеді компонентін екі рет қайталап айтудан қашу бар.
Көрген — көргенін, көсеу турткенін істер < > — бұл да сондай. Қорыта келгенде айтарымыз: ММ-дер тұрақты сөз тіркестеріне жатса да, сан түрлі қүбылатын қолданысын айтпағанның өзінде, әдеби тіл нормасына сәйкес номитативтік қолданысында да әр түрлі (күрделену, қосарлану және қысқару сияқты) тұлғалық өзгерістерге үшырайтынын көріп отырмыз. Соған қарағанда ММ-дердің тұрақтылығын сақтайтын ұйытқы оның құрамдық құрылымы емес, мағына, әсіресе ауыс мағынаның түрақтылығы болып саналады. Тұлға түрақтылығы көп жағдайда шарттылық сипатқа ие.