Қазақша реферат: Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай театры

0






Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай музыкалық драма театры Оңтүстік Қазақстанның Мырзашөл деп аталатын өңіріне орналасқан. Жетісай театры 1969-шы жылдың 18 -ші қаңтарында өз шымылдығын қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлиннің «Жалбыр» атты музыкалық драмасымен ашқан еді. Бұл Өзбекстанмен шекаралас аудан өмірінде ғана емес, бүкіл Оңтүстік Қазақстан өміріндегі елеулі мәдени оқиға болғаны республика тұрғындарына түгелдей мәлім. Зымырап өтіп жатқан уақытқа тоқтау жоқ. Жетісай театрының іргесі қаланғанына да қырық жылдан асып барады. Бәрі де кешегідей көрінгенімен қырық жыл бір театр үшін шығармашылық зор белес. Осы уақыттар аралығында театр ұжымы екі жүзге жуық қойылымдарды сахналандырып, миллиондаған көрермендермен жүздесіп, сан жүректерге жол тауып, олардың ыстық ілтипаттарына бөленді. Жетісай театры өзіндік шығармашылық қолтаңбаға ие болған, көркемдік дэрежесі айтуға тұрарлық өнер шаңырағы десек, оған қазақ руханиятының аса көрнекті қайраткері, Қазақстан Республикасының халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Құрманбек Жандарбековтың есімі берілуі де өте орынды болды. Сондай құрметті сенімге ие болған шалғайдағы театр халқымызды әсемдік элеміне, көркемдік кеңістікке, азаматтық дэстүрлерге баулып, рухани жетістіктер жолында аянбай тер төгіп, бар мүмкіндіктерін тынымсыз жүмсап келеді. Театр ұжымы азды-көпті қол жеткізген табыстарын осынау өнер отауының жүріп өткен бүралаң жолдарымен етене байланыстырғанды жөн санайды. Қасымхан Шанин, Мүхтар Өтебаев сынды біртуар өнер саңлақтары кезінде Жетісай театрының іргетасын қалады. Олардың үлағатты істері мэңгі есте. Бар болмысы музыкалық театр үшін жаралған дарынды артистер А.Ысырайылов, Х.Саурықов, Ш.Қожамүратова, А.Кулішевтер де аталған театрдың алғашқы артистері болды. Олардың осы күндерге ясете алмауы ғана жүректі сыздатады. Сондай-ақ, М.Омарбаева, Ш. Хакімжанов, Т.Қыстаубаев, З.Меңлібаев, З.Оспанова, Бейсенкүл жэне Жеңіс Қарғабаевтар, Сэния жэне Тасболат Бэйімбетовтер, Ә.Омарова, Қ.Бекмүратова, Ә.Жэбішев, Р.Асхатов, Қ.Молдэулетовтер бірі арнайы жоғары оқу орынын драма студияларынан, бірі көркемөнерпаздар үйірмелері мен халық театрларынан қосыла кетіп, жаңа драма отауының озіндік шығармашылық-көркемдік ұжымға айналуына аянбай атсалысқан ардақты сахна шеберлері болатын. Әсіресе, актер, режиссер көркем сөз оқудың хас шебері марқұм ТҚыстаубаевтың есімі осы түстарда елімізге кеңінен танылған-ды. Соңғы жылдары заңгерлік жолға түсіп, онерден қол үзіп кеткен халық артисінің сахналық еңбектерінің үмытыла бастауы окінішті-ақ. Сот кәп те, өнер саңлағы сирек болған ғой, қашанда. Театр өмірінде эжептеуір рухани із қалдырған Виктор Мингалев басқарған бишілер тобын көрермеН қауым кезінде эрқалай мақтан түтқан. Жетісай театрының музыкалы театр болып қалыптасуына ерен еңбек сіңірген бас дирижер, айтулы домбырашы Борі Исаның да есімі ел-жұртқа әбден белгілі. Тағы да дирижерлік таяқшаның сиқырлы сырларын әрқалай меңгерген В.Тен, Б.Айдыновтардың еңбектері еске түседі. Әр кезеңдері театрдың бас суретшілік міндеттерін мойындарына алған Д.Роот, А.Қойшыбаев, Т.Байдарбеков, Б.Сраиловтар сахна суреттерін салуда оздерінің бедерлі бояу нақыштарын тарихқа әрқалай таңбалады деуге болады.












.

Әйтсе де, Мәскеу мәдениет институтының түлегі, бас режиссер Алтынбек Оңалбаев ширек ғасыр Жетісай театрыкың жетістіктеріне желпініп, кемшіліктеріне күйініп, қызығы мен қиындығы қатар жүретін театр өнерінің бар машақатгарын бастан кешірген еді. Жоғарыда біз айтып өткен білгір мамандардың басын қосын, солардың сүйемелдеуімеи талай-талай толағай табыстарға жеткен режиссер Алтынбек Оңалбаевтың адал еңбегін ешкім де, ешуақытта да жоққа шығара қоймас. Бір театрда таижылмай талай жыл бас режиссерлік қызмет атқарған А.Оңалбаев қиялынан туындаған «Айман-Шолпан», «Амангелді», «Еңлік-Кебек», «Малиновкадағы той», «Аршын-Мал-Алан», «Алдар көсе» қойылымдары сахнада соңғы кездерге дейін жүріп келеді. Дәстүр-тағылым, салт-сананы эр елдің өз мінез-қүлқынан іздейтін режиссер сезімталдығы айрықша еді. Бас режиссердің әрбір бастамасына дем беріп, оны шабыттандырып отыруда ұзақ жылдар бойы директорлық қызмет атқарған Тасболат Бәйімбетовтің де үлкен ықпалы , болған. Өзі әнші, әзі сазгер, өзі музыкант директордың тікелей көмегін сезінбеген ұжым мүшелері кемде-кем болған шығар деуге эбден болады. Әдетте, директор мен бас режиссердің тіл табысуы сирек көріністер екендігі мәлім. Ал, бүл ретте, марқұм Алтьшбек пен Тасболат кейінгілерге мол өнеге қалдырды. Міне, сол ұжым баяғы бағытынан еш айнымай, ардагерлер салып кеткен сара соқпақпен алга қарай жылжып келеді. Әлбетте, кедір-бүдырлы сын сәттер болды. Режиссура әлсіздігі, актерлік құрамның селдіреуі, қаржы-қаражаттан қысылу жағдайлары деген секілді… Ол қай театрда болмасын үшырасатын жағдайлар. Көтерілу, күлдырау сәттері болмай түрмайды. Онер жолы ылғи да даңғыл емес. Ондай қысылтаяң кезеңдерде театр басшылығы сырттан режиссерлер шақырып, шығармашылық ұжымның өнерпаздық беделін сақтап қалуға барын салды. Театр сахнасында Қ.Жандарбеков, Б.Досымжанов, Б.Нүрпейісов, Р.Сейтмет, Қ.Жетпісбаев, Ә.Қүлданов, Е.Оразымбетов, Ғ.Арынов сынды режиссер сан жанрлы қойылымдар түзді. Ол әрине, кезінде артистер қауымына үлкен сабақ, зор өнеге болғаны сөзсіз. Тіпті, өзбекстандық режиссерлер де тартылды. Суретшілермен, сазгерлерімен бірге дегендей. Соңғы жылдарғы театр табысы «Алпамыс» драмасы ынтымақ нәтижелерінен туған. Сондай-ақ, Жетісай театры сахнасында режиссуралық өзіндік қолтаңбасын қалдырған Түрғанбек Әшімовтің де есімін еске түсіре кету артық емес. Толыққанды жақсы дүниелердің жарыққа келуіне аталған режиссердің көп күш салғанын да айта кеткен абзал. «Бүлбүлдар түні», «Ана дауысы», «Қаладан келген қылжақбас», «Махаббатқа табынған фараон» атты қойылымдар уақтысында әрқайсысы өзіндік бағаларын алған дүниелер санатында. Алматы театр институтын тәмамдаған Сәлима Тасеменова да өзінің сәтті деген дүниелерін осы театр сахнасында жарыққа келтірді. Көркем өнердегі жолы айқын, өмірден көрген-түйгені мол, сегіз қырлы, бір сырлы актер, режиссер, ақын, драматург, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, театр тарланы Ысқақ Иманқүловтың орны ерекше болды. Қырық жылдан астам халыққа қалтқысыз еңбек етудің ғажап үлгісін көрсеткен ардагер артист, әсіресе күлкілі рольдердің хас шебері атанды. «Малиновкадағы той», «Сүймегенге сүйкенбе» қойылымдары көрермендерді күлкіге көмген, тапқыр да қуақы актердің комедиялық қырларын айқара ашқан нағыз көңілді сәттердің шын үлгісі еді. Ысқақ ағамыздың комедиялық рухын беріге жалғастырған Ә.Енімбаев шеберлігі де осал емес-ті. Рабиға Бейсебаева, Ұлбосын Базарбаева, Кәрімбек Сейтметов, Райгүл Маңжігітова, Нышан Тілеубергенов, Айғанша Серікбаева, Бәтима Сүлейменова, Мәрияш Жүмаділдаева, Айгүл Раметова, Әлімбек Сапаров, Ұлжалғас Дәрменшина, Құрбан Жолшыбеков, Жақсылық Тастеміров, Бекен Балабаев, Орынкүл Қалыбековалар әр кезеңдерде театрдың ауыр жүгін арқалаған бейнетқор жандар. Марқүм Ә.Жәбішев, Р.Қошпанқүловтардың сахналық кескіндері де қалың ел-жүрттың жадынан шыға қоймағаны анық. Ендігі басты назар, сенім — театр жастарында. Жетісай театры негізінен Мырзашөл өңірін жайлаған жұртшылыққа өнер көрсетеді. Театр ұжымы еңбек адамдарымен жиі жүздесіп, Қазақстан шеңберінен тыс Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Ресей аумақтарында сан рет гастрольдік сапарларда болған. Бірер рет Алматы шаһарының да тұрғындарымен қауышқаны мәлім. Театр тізгінін ұзақ уақыт бойы қолына ұстап келген нағыз өнер жанашыры, әнші-сазгер, сырнай аспабын сан қүбылта сызылтатын Сапарэлі Серікбаев театр жөнінде толғана келіп: — Шіркін, өнер адамдарының арманы таусылған ба? Алғашқы жылдарында Жетісай өңірі өзбектердің қарамағында болды емес пе? Сол кездері өзбек ағайындар берген құрметті екі-үш атақты элі күнге дейін артистеріміз алданыш етіп келеді әзірге. Өз республикамыздың мәдениет басшылары бұл жөнінде әзірге тіс жарар емес, — деп наз айтады. Орынды өкпе. Қалай болғанда да, төл өнеріміздің дамуы жолында қисапсыз тер төккен ақпейіл өнер адамдарының кінәсі қайсы? Өнер адамдары қолдау, қошемет, шабытқа зәру қашанда…









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!