Қазақша реферат: Құрманбек Жандарбеков |

0






Ұлттық өнеріміздің тарихына әнші актер, режиссер, ұстаз, кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі болып енген ҚР халық артисі Құрманбек Жандарбековтың орны бөлек. Ол жастайынан өнерге бейім, ерекше талантымен көпшілік қауымның көзіне түсіп қалыптасты. Оның шығармалық жолы ташкент қаласында басталып, 1920-жылдары осында ұйымдастырылған «Шығыс кешінің» мерекелік концертінде 15 жасар әнші бірінші орынды жеңіп алады. Оның оқып білім алуына өнерінің дамуына кезінде Шығыс жастарының жетекшісі болған Ғани Мұратбаевтың мол көмегі тиеді. Сахналық өнердің алғашқы қадамын осылай бастаған оның әншілік атағы жалпақ елге жайылып, өнер сүйер қауымның сүйіктісіне айналады. 1925 жылы Қызылорда қаласында тұңғыш мемлекеттік театрды ұйымдастыруға кіріскенде ол бірден шақыру алып, қазақ елінің әр тұсынан жиналған тума таланттармен сахна өнерінің көшін тартады. Үкімет қаулысына сәйкес мемлекеттік театрды ұйымдастыруға С.Қожамкұлов, И.Байзақов, Ә.Қашаубаев бастаған алғашқы шақырылғандар тобына келіп қосылады. Оның табиғи таланты, әншілік өнері өзінің бар ерекше болмысымен ашылып, сахнада қайталанбас көркем бейнелер галереясын жасады. Театрда актерлікпен бірге режиссурамен де айналысып, бірнеше қойылымдарды жарыққа шығарады. Оның театрдағы алғашқы ролі М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясындағы Сырым. Бұл — оның бұрында театрға дейінгі көркем үйірме сахнасында жасаған бейнесі. Қ.Жандарбековтың өзінің аузынан шыққан сөзіне қарағанда Сырым оң жамбасына келген, әрі шабытпен ойнаған ролі. Ол сонау бозбалалық өмірінің өзінде сал-серілікке жақын, сұлу мүсін мен кескін-келбеті, тамаша әншілігі, әзіл-оспақ, сөзге шешендігі, тұтас болмыс-бітімі бәрі-бәрі де Сырымның әлеміне сай келіп тұрған ерекшеліктер. Асан салдың аузымен айтылатын «ол жаланған ер, жалындаған ақын, салтанатты сал Сырым»… деген тамаша авторлық суреттемені дарынды актер өзінің ойынында осы үш қасиетке баса көңіл аударыпты. Спектакльге қатысқандардың бірі: «Сырым сахнаға жалт етіп шыққанда жүрттың көңілін бір-ден өзіне аударып алатын лаулаған жалын сияқты, қимылы ширақ, сөйлеген сөзі ақынша төгіліп тұратын», — дейді. Ауызекі айтыла салған осы бағада актерлік үлкен өнерге тән шығармалық шабыт көзі көрініп түр. Орындаушы ең алдымен Сырымды ақын, өмірге құштар, еркіндік аңсаған, төңірегіндегі әлем мен құбылысты өз жүрегімен, өз сезімімен қабылдайтын ерекше жан деп түсінген. Ол бейнелеген Сырым сүйсе құлап түсетін, күйсе оттай жанатын, сөйлесе ақынша толғанатын кесек тұлға болып қүйылған. Алғашқы көріністе сәнді киініп, баяу әндетіп сахнаға шыққан топтың ортасындағы салтанатты сал Сырымның жүзінде толқу бар сияқты. Міне алыстағы арманы, асыл махаббаты — Қаракөзді күшағына алып: «Қара түндей қасірет ортасында жалғыз жырақ-жарығым, маңдайдағы жүлдызым! Торға түскен ақ тотым… келші күнім!», деген сөздер актер аузынан махаббаттың гимні, ыстық жүректің лүпіліндей. Ұлы махаббаттың өртіне өзі жалынумен бі-ге Қаракөзді де айықпастай шарпып өтеді. Қаракөзге айтылатын мол мағыналы монологтар, уытты өлең жолдары сахнада небір терең астар тауып, Қ.Жандарбековтің шеберлігімен бірде зарлаған зарындай, енді бірде асқақ бойына ыза мен кек үялатып, алдағы тағдыр тартысын елестеткендей болады. Трагедия оқиғасының қаурыт басталатын ерекшелігіне қарай актер осы алғашқы актының өзінде-ақ Сырымның көңіл-күй тебіреністерін терең ашады. Оның ақын-серісі кіршіксіз махаббаттың ләззатына бөленіп, бөтен дүниені үмытқандай болады, бір сәт сол шынайы махаббатқа жасалатын қисынды сезгендей батырларша дүр сілкініп, жігері жалын атқандай, тағы бірде сүйгенімен айырылысуға қимайтын жанның трагедиялық кескін-келбетін елестетеді. Мүнан кейінгі сахналардағы Сырым мүлде өзгерген, жүзі жүдеу, көңілі жадау Жаланған ер, жалындаған ақын «оқ тиген жаралы жыртқышқа» үқсайды. Жаралы жан азалы болмақ, оның үстіне ол ақын болғандықтан, ешкімді аямайтын, жасқанбайтын қайсар болмақ. Сондықтан Сырым — Жандарбековтің шымылдық ішіндегі «жар-жары» жалын атып, от шашады, Мөржанмен арадағы диологтардан ащы мысқыл, ызалы леп еседі. Актер орындаушы Сырымның осы жаралы жанын әр көрініс сайын тереңдетіп, қайнаған кек тасып төгіліп, ақыры Қаракөздің үзатылып бара жатқан жерінде өзінің шарықтау шегіне жетеді. Дулаттың асыл арман, ізгі мақсатқа жету тілеуі біте бере қоршауға түскен Сырым сахнаның бір шетінен екінші шетіне жолбарысша атылып, қанжармен қарсыластарын тежеп тү_ра қалғанда көзі от шашып, әр сөзі оқша атылады. Төңірегіндегілерді баудай түсіріп, сахнадан ата жөнелген Сырым нағыз жау жүрек батырлардың қимылын елестетеді.
Қаракөздің жынданғанын естіп сахнаға шыққан Сырым дел-сал болып өзін-өзі әзер ұстайды. «Сәулем, сэулешім Қаракөз» деген сөздер көзден аққан ыстық жаспен үласып, өзін тежей алмаған Сырым қайта күңіренгенде залдағы көрермендердің көзіне еріксіз жас үйірілген. Актердің осы бір трагедиялық сәтін жоғарыдағы рецензияда «Қүрманбек қайғы-қасірет жолына түсіп, тілегі бір ғана Қаракөз болып кеткендігін көрсете алды» дейді
Актер Сырым тартқан азапты, басынан кешкен ауыр қасіретті ғана көрсетумен шектелмейді. Ол белді бекем буып Қаракөз үшін кек алуға, намысын, еркіндігін қорғауға, мүнан басқа жолдың қалмағанын да шынайы суреттейді. Пьеса оқиғасының дамуына Сырым бойындағы күрескерлік сипаттар трагедиялық сарынмен алма кезек ауысып, сахналық бейненің көркемдік түтастығын күрайды.
Үшінші аптаның аяғындағы Сырымның үзақ монологі: — «Жә, жә кетістік те кешпеске! Кешпес кекке кеттім мен де келмеске! Білем сенің де шымбайыңа батады. Алам, шашам, өсер, сенің қал-тырай қүшқан малыңды!… Судай төгем, өзгені зорлау-қорлау үшін қүрал еткен барыңды!… Айрандай төгем «ақты-бозды» дейтүғын, таңбалы қүтыңды! Қүртам мен де, аузы қанды бөрің болам! Шайқаймын, қарғыс атқыр мүлкіңді. Кегім…кегім… Қаракөзім! Аяулы ару, ардақтарым! Арнадым, саған сол ашу-кегімді!…», де-ген соңғы жолдары актер аузынан жалын болып шарпып, жайдың оғындай тіліп өтеді. Мүнда Сырымның ендігі өмірінің мағынасы, махаббат пен еркіндік жолында күрбан болар ер мінезді өжет ақынның батырға айналып найза үстағандағы қанды серті жатыр. Сондықтан мүнан кейінгі көріністердегі Сырым тобында баяғы салтанатты салдық белгілер көрінбейді. Бәрінің түстері суық, жүрістері суыт, сақал-мүрты өскен, киімдері жүпыны, қолдарында айбалта, найза, өліспей беріспейтін күрескерлер кескіні басым.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!