Қазақша реферат: Құқық бұзушының тұлғалық ерекшеліктері |

0






Социологиялық зерттеулер барысында заңды тыңдайтын азаматтардың құқықтық мінез-құлығының себептері мен мақсаттарын, сондай-ақ заңгерлер «құқық бұзушы» деп танитын тұлғалардың құқықтық сана сезімінің деңгейі зерттеледі, социологтар «қүқық бұзушыны» девиантты (ауытқыған) не делинквентті (қылмыстық) мінез-құлығы бар тұлға деп таниды. Девиантты мінез-құлықтың мәнін түсінудің басты шарты ретінде «норма» ұғымы енеді. Әлеуметтік норма — нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның, әлеуметтік топтың не ұйымдардың рұқсат етілген мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда, мораль мен этикетте және т.б. жатыр.

Көптеген жағдайларда ауытқыған мінез-құлық әлеуметтік санкцияға жатады. Төртіп бұзуға, адамдар арасындағы қатынасқа (өтірік, дөрекілік және т.б) байланысты девиацияның әлсіз және кездейсоқ формаларын қоғамдық пікір тіркейді жөне әрекетке қатысушылардың өз арасында жағдайға байланысты түзетулер енгізіледі. Девиацияның тұрақты формаларын жазалау әдістері мен қүралдары ауытқулардың қауіптілік деңгейіне байланысты анықталады. Мұнда девиация дегеніміз кең мағынадағы өлеуметтік қүбылыс екендігі ескеріледі (қоғамдық орын мен отбасындағы дәрекіліктен бастап, адам өлтіруге дейінгі). Сондықтан девиантты мінез-құлықты кең мағынада және шағын мағынада алып қарастырады. Тар мағынада алғанда, девиантты мінез-құлық қылмыстық жазалауға жатпайтын, яғни құқық бұзушылық болып есептелмейтін ауытққулар ретінде түсініледі.








Кең мағъшада алғаңца девиантты мінез-қүлық қүқыққа қарсы барлық формалар ретінде түсініледі. Осылайша, адамның өзін-өзі өлтіру — девиация, ал біреуді өлтіру қылмыс болып есептеледі. Құқыққа қарсы әрекеттердің жиынтығы немесе қылмыстар делинквентті мінез-құлық деген атқа ие болды. Бұл екі мөн де социологиядада, құкық социологиясында қолданылады. Маңызды қылмыстардьщ барлығы саналы түрде жасалған-жасалмағанына қарамастан, құқыққа қарсы әрекет санатына жататын болса, делйнквеюті мінез-құлыққа жатады. Мұндай мінез-құлыкқа ұрлық, алаяқтық, тонау, пара, құжаттарды қолдан жасау, өртеу, өндірістік шпионаж және т.б. жатады. Заңды социологияда халықтың девиантты мінез-құлыққа жақын санатын, яғни қатерлі тобы бөлініп көрсетіледі. Оларға, мысалы, қаңғыбастар, маргинадды топтасулар жатады. Потология — әлеуметтік ауытқулардың келеңсіз формалары болып саналады, оған: қылмыс, маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік жатады. Бұл формалар дисфункционалды, олар қоғамға бүтіңдей және нақты жеке түлғаға зиян өкеледі.





.





.

Құқық бұзу мен оның неғұрлым ауыр формасы-қылмыс өзінің әркелкілігігімен, сондай-ақ қоғамдағы келеңсіз көрінісімен, тіпті қауіптілігімен ерекшеленеді. Бұл құбылыстарға социологиялық түрғыда қарау дегеніміз олардың табиғатын, себебін және қайта өндіру мен қызмет ету механизмін, тарихи шарттасқан қоғамдық қүбылыстармен байланысын, сондай-ақ оларды жеңу жолдарын айқындау. Девиантты мінез-құлықтың себебі, негізгі көзі неде? Бұл сүракқа әр қаладағы ғалымдар, соның ішінде социологтар мен заңгерлер де басьш қатырды. Кеңестік тұжырымдамада таптық тамырдың мәнін ашуға басты назар аударылдьгтаптық (антогонистік) қоғамда қылмыс қоғамдық қатьшастардың өз құрылысынан туындап жатты. Таптық себептерге ерекше мән беру социализмде қылмыс жасауға арнайы себептер жоқ деген тұжырым жасауға итермеледі.

Идеологияның жалаң қағидаларын жеңе отырып, біздің ғалымдар аймақтық, жастық, кәсіптік, әлеуметтік-таптық т.б сияқты әр түрлі заңдылықтарды ашып берді. Бүгіңде мәселені зерттеушілердің көпшілігі әлеуметтік бастама кез келген саналы мінез-құлықта басым болатынына, оның жеке түлға қүрылымындағы биологиялық, элементтермен терең өріліп жатқаньша келіседі. Әлеуметтік терең қайшылықтар қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшілік сияқты келеңсіз қүбылыстарға әкелмеуі мүмкін емес.Мысалы, қылмыстьщ сондай әлеуметтік факторына кедейшілік жатады. БҰҰ-ның эксперттерінің 1998 жылғы есебіне қарағанда, планетада миллиардтан астам өте кедейшілікте, 1,3 миллиард адам суға жарымай, 1 миллиард адам түрғын үйсіз, 880 миллион адам тиісті медициналық көмек ала алмай, сонша адам сауатсыз өмір сүріп жатыр. Африка мен Оңтүстік Азияның көптеген елдері кедейшіліктен шыға алмай отыр. Тұтынудағы айырмашылық та өсіп келеді: ең бай деген елдерде түратын халықтың 20 проценті ең кедей деген елдегі 20 процент халық пен салыстырғанда 16 есе көп. Мысалы, Индияда халықтың 19 проценті жүмыссыз.

ТМД елдеріңде қылмысқа нарықтық қатынастарға өтуі жөне бәсекелестік, инфляция, жұмыссыздық сияқты феномендердің көрінісі әсер етеді. Статистика 1996 жылдың аяғына қарай Қазақстаңдағы ресми тіркелген еңбекке жарамды халықтың деңгейін — 4,2 процент деп белгіледі, бірақ ресми емес (жасырын) мәліметтер еңбекке жарамды халықтың 10 процентін қүрады. Қылмыс жасаған он адамның жетеуі — жұмыссыздар. Қазақстан нашамен жабдықтаушы елге айналды. Соңцықтан Интерполдың мүшесі ретіңде ерекше айып төлейді. ҚР мүшелік жарнаға үш бірлік төлейді. Әр бірлік 17 мың 100 щвейцар франкі мен нашамен жабдықтаушы ел ретінде халықаралық «қара» базарға тағы соманың 20%-н толейді. Қазақстанның басқа мұндай айыпты Ауғанстан, Пәкістан, Колумбия, Венесуэла төлейді.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!