Қазақша реферат: Құдыс Қожамияров атындағы театр |

0






Қазақстандағы ұйғыр музыкалық драма театрының тарихы XX ғасырдың 20-жылдары Алматы қаласының Шелек, Қаратұрық, Құрам аудандарында ұйымдаса бастаған драма үйірмелерінен басталады. Ұйғыр музыкалық драма театры алғаш шымылдығын 1934 жылы 24-ші қыркүйекте Ж.Әсімов пен А.Садыровтың «Анархан» атты музыкалы драмасымен ашты. Жас театр сахнасында Д.Әсімов, А.Садыров, Х.Илиев, Х.Илиева, Г.Жалилова сынды актерлер ойнады. 1941-ші жылы И. Саттаров пен В.Дьяковтың «Ғарип пен Сәнәм» музыкалы драмасы қойылды. Театр репертуарынан орыс жазушысы М.Горькийдің «Зыковтары» сонымен қатар шетел классиктерінің шығармалары: К.Гольдонидің «Қонақ үйдің қожасы», Ж.Б.Мольердің «Ерік емшісі», У.Шекспирдің «Отеллосы» орын алды. Театр репертуары негізінен үйғырдың үлттық драматургиясына кұрылды. Оның ішінде А. Махпыровтың «Садыр палуаны», М.Зұлпүхаров пен С.Хасановтың «Дэрігер қажет пе екен?», М.Кабиров пен А.Мутапиловтің «Ұмытылмас күндері», С.Башоян мен Қ.Хасановтың «Назугумы», Ж.Босақовтың «Иірімі», А.Әшіровтың «Өмірге келген өлмейдісі», «Идихуты» бар. Театр сахнасында қазақ драматургиясының туындылары жиі қойылды. Солардың ішінде, М.Әуезовтің «Айман-Шолпан», Ғ.Мүсіреповің «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», С.Мұқановтың «Қашқар қызы», Ш.Құсайыновтың «Қайран, Гәкку», Қ.Мүхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астын-да», Ә.Таразидің «Махамбет», Ы.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» пьесалары үлкен табысқа ие болды. Театр спектакльдеріне белгілі ұйғыр композиторлары Қ. Қожамияров, Ғ.Зайнаутдинов, И.Масимов, И.Исаев музыка жазды. Көп жылдардан бері театрдың хореографиялық бөлімін өнертану ғылымының кандидаты, белгілі би маманы Г. Саитова басқарып келеді. Театрдың көркемдік жетекшісі, театр сыншысы — А. Қадыров.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!