Қазақша реферат: Қонақүй индустриясы және қоғамдық тамақтану

0






Қонақүй индустриясы жүйесінің мәні қонақжайлылықта. Ол ежелгі дәстүрден келе жатқан, әрбір қоғамға тән адам тарихында — қонақты құрметтеу, қабылдау және қызмет көрсету рәсімі бойынша жүргізіледі. Халықаралық тәжірибеде Әлемдік туристер үйымының сарапшылары әзірлеген туристерді орналастыру құралының стандартты жіктемесі қабылданған. Осы бойынша барлық қүралдар екі негізгі жіктемеге бөлінеді: ұжымдық және жеке.
Орналастырудың үжымдық қүралдары ретінде туристерді бөлмелерге түнетуге немесе мекемелерде орналастыруда, яғни ондағы номерлер саны нақты минимумнан асып, әрбір ел бойынша еркін таңдалады (мысалы Қазақстанда — он номер, Италияда -жеті номер). Кэсіпорындағы әрбір номер бір басшылыққа бағынуы тиіс (егер ол табыс табуды көздемесе де), ұсынылатын қызмет және қолда бар табыстар бойынша кластарға және жіктемелерге топтастырылуы мүмкін. Туристерді орналастырудың ұжымдық құралына кіретіндер: қонақүйлер және орналастырудың ұқсас құралдары, арнайы меке-мелер және басқадай орналыстыру кәсіпорындары.
Қонақүйлер келесі белгілермен ерекшеленеді: номерлерден түрады және осы номерлері нақты минимумнан асады, бірыңғай жетекшіліктен, түрлі қонақүй қызметінен түрады, олардың қызметі күнделікті санузл мен номерді тазалаудан түрмайды, елдегі стандарттар жэне қүрал-жабдықтар негізінен үсынылатын қызметке сэйкес жіктемелері бойынша топтастырылады жэне ар-найы мамандандырылған мекемелер жіктемесіне кірмейді.
Үқсас мекемелерге номерлерден түратын және қонақүйдің шектелген қызметін көрсететін күнделікті номерлерді, санузлдерді тазалау, пансионаттар жэне жабдықталған бөлмелер, туристік жатақхана жэне басқадай орналастыру қүралдары кіреді.
Арнайы кәсіпорындар орналастыру қызметімен қатар арнайы қызметтерді орындайды. Осындай кэсіпорындардың түрлеріне сауықтыру мекемелері, еңбек жэне демалыс лагерьлері, конгресс-орталықтар жатады. Басқадай ұжымдық орналастыру қүралдарына шектелген қызметтер — күнделікті төсек жинау және тұратын жерлерін тазалау кіреді. Ол номерлерден емес «түрғын үй», «кемпинг үшін аландар» немесе «ұжымдық төсектік мекемелер» сияқты түрлерден түрады. Барлық орналастыру қүралдары жеке топтар бойынша жіктелген.
«Қонақүй және ұқсас кәсіпорындар» топтарына қонақүйлер, пэтер түріндегі қонақүйлер, мотельдер, жол бойындағы және жағажайлық қонақүйлер, түратын орнымен бірге клубтар, панси-онаттар, жабдықталған бөлмелер, туристік жатақханалар жатады.
«Арнайы кәсіпорындар» топтары шипажайлардан, демалыс және еңбек лагерьлері, көлік қүралдарында үжымдық орналастыру (теңіз және өзендік қайықтар және кемелер, поездар), сонымен қатар конгресс-орталықтардан түрады.
«Орналастырудың басқадай үжымдық қүралдары» топтары түрғын үй ретінде үйымдастырылған, оған демалуға арналған үйлер кешені, көлік тіркемелері мен шатырларға арналған арнайы алаңцар, дөңгелегі бар үйлер, кіші кемелерге арналған бухталар, сонымен қатар жастар жатақханасы жатады.
Жеке орналастыру қүралдарына жеке меншік түрғын үйлер -пэтерлер, виллалар, оңаша үйлер, коттедждер, бөлмелер, агенттік-тер мен жеке түлғалардан жалға алынатын, туыстар жэне таныстар арқылы тегін үсынылатын мекен-жайлар.
Сол немесе басқадай орналастыру қүралдарға кіретін эрбір елдің заң актілерімен жэне нормативтіктік қүжаттарымен анық-талады.
Мысалы Италияда «Туризмді жетілдіру жэне дамыту бой-ынша негізгі заңға» сэйкес қонақүй шарауашығында туристерді қабылдауға келесі кэсіпорындар: қонақүйлер, мотельдер, жер-гілікті туркешендер жэне пансионаттар, жастарға арналған дема-лу лагерьлері жэне базалары, туристік ауылдар, ауылдық үйлер, үйлер жэне жабдықталған пэтерлер, демалыс үйлері, жастар үйі, альпілік приюттер жатады.
Даниядағы орналастыру кэсіпорындарына қонақүйлер, мо-тельдер, кемпингтер, турбазалар, келушілерге арналган үйлер, ин-тернаттар, көне тарихы бар үйлер жатады.
Қазақстандық стандарт бойынша қонақүй кем дегенде он но-мерден түратын уақытша үй ретінде жіктеледі. Қонақүй жіктемелері «*» (жұлдыз) символымен белгіленеді. Жұлдыз саны көбейген сайын қонақүйдің жабдықталуы жэне қызмет көрсету сапасы да артады. Қонақүйлер үшін бір жүлдыздан бес жүлдызга дейінгі, ал мотельдер үшін бір жүлдыздан төрт жүлдызға дейін бекітіледі. Қазақстанның нормативтік қүжаттары мен Еуростат пен НОНВТО-да қабылданган туризмдегі қызметтер түрін халықаралық жіктеу стандартында көрсетілген орналасу қызметінің жіктелуі мен тер-минологиясы айтарлықтай ерекшеленеді.
Көптеген элем елдерінде қонақүйдің жэне басқадай орналас-тыру қүралдарының санатын белгілеу үшін эр түрлі символ-дар — Францияда жүлдыздан бастап, Англияда коронаға дейін қолданылады. Қонақүйлерге бірыңғай халықаралық жіктемені ен-гізу осы уақытқа дейін жетістікпен аяқталған жоқ.
1989 жылы Әлемдік туристер үйымы Секретариаты аймақтық комиссия қабылдаған стандарттар негізінде қонақүй жіктемеле-рінің шарттарын аймақаралық келістіру үшін үсыныстар жасады.
¥сыныстар номерге жэне қонақүйдің жабдықтар сапасына, энергия жэне сумен қамтамасыз етуге, байланыс және санитарлық қамтамасыз етуге, конақүй қызметтері мен көмекші персоналдарга қойылатын негізгі талаптарды анықтайды. Кез келген қонақүй са-натына тәулік бой суық жэне ыстық суы ағып түратын кем дегенде он номерден түратын ғимаратты жатқызуға болады. Қонақүйдің жоғарғы жіктемесі — «бес жүлдызды жіктеме». Орналастыру қү-ралдары бойынша қонақүйдің бір жүлдызды болуы санаттығы жоқ қонақүйлерге жатады. Көптеген елдерде қонақүйлердің жіктелуі қонақүйге лицензйя алуда қажетті жағдай болып табылады. Мүнда айта кететін жат, көптеген қонақүйлер үлттық стандарттарға қарағанда талаптарды жоғары қояды.
Қонақүй кэсіпорындарының орналасуы — түратын орын саны жэне ондағы номерлер саны бойынша ерекшеленеді. Әлемдік туризм үйымдарының анықтамасы бойынша — бүл нақты но-мерлер санынан, бірыңғай басшылықтан түратын, көрсететін қызметтер жиынтығын үсынатын (төсектерді жөндеу, санузлдар мен номерлерді тазалау), көрсетілетін қызметке жэне номерлердің жабдықталуына сәйкес кластар мен санаттарға топтастырылатын ұжымдық орналастыру құралдары. Туристер орналасатын қонақүйлердің санаттары туристік жолдама ТУР-қағазында көрсетіледі, сонымен қатар орналасу түрі, бір орындық номер -БОН; екі орындық номер — ЕОН; үш орындық номер — ҮОН және т.б көрсетіледі.
Орналыстыру кәсіпорныныңқызметі келесі көрсеткіштермен си-патталады: номерлер саны (орындар саны), кластылығы (санаттығы), жүктеме коэффициенті, қызмет жиынтығы және оның қүны.
Үлкен жэне кіші қонақүйлер. Әлемдік туристік үйымдар но-мерлер саны отызға жететін қонақүйлерді кіші қонақүйлер деп айту үсынады. Екінші жағынан кіші қонақүйлер деп — бір жанүяның мүшелері қызмет көрсететін және басқаратын қонақүйлерді айта-мыз. Тәртіп бойынша көптеген кіші қонақүй тэуелсіз жэне қонақүй тізбектемелеріне кірмейді.
Әлемдік тэжірибелердің негізінде жалпылама түрғыда қонақ-үйлердің бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады: жоғарғы класс, орташа класс, апарт-отельдер жэне экономикалық кластағы қонақүйлер.
Жоғарғы кластағы қалалық қонақүйі — персоналдардың жоғары санымен және қызмет көрсетудің жоғары деңгейімен сипат-талды. Қонақүйдің типтік сипаттамаларына: көлемі (кішігірімнен орташа номерлерге дейін), қала орталыгында орналасуы, біліктілігі жоғары персонал, мекен-жайдың қымбат материалдармен жөнделуі, жоғары сапалы техника жэне қүрал-жабдықтар кіреді. Қонақүй қызметін түтынушыларға — ірі бизнесмеңцерді, симпозиумдер мен конференцияға қатысушыларды, жеке туристерді жатқызамыз.
Қонацүйдің басцадай түрі — қызметтердің кең ауқымы жэне аймақтағы орташа баға деңгейіндегі тарифтерге негізделген орта-ша кластағы қонақүйлер.
Апарт-отельдер деп номерлік пәтер түріндегі қонақүйді айтамыз жэне оған асханалық қүрал-жабдықтар, ыдыстар, күнделікті қолданыстағы техникалар кіреді. Мүндай қонақүйлер демалыс жүйесін (таймшер) жүргізуде кең қолданыс тапты.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!