Қазақша реферат: Қазіргі заманғы дүниедегі алғашқы қауымдық құрылыстың қалдықтары

0

Алғашқы қауымның қалдықтары алғашқы қауымдық  құрылымның жойылуына байланысты таптық пайда болған қоғамдарда, яғни ертедегі шығыс және феодалдық қоғамдарда көбірек сақталып қалғаны түсінікті. Антикалық қоғамдарда алғашқы қауым қалдықтары оларға қарағанда төмендеу дәрежеде сақтана, капиталистік қоғамда ешқандай белгісі қалған жоқ. Осыған сәйкес, алғашқы қауымның қалдықтары дамудың капиталистік жолын өтпеген халықтарға тән болды. Алғашқы қауымның қалдықтары таптар түзілу кезеңдерінің құрылымы, нормалары мен түсініктері болып саналады. Осылардың көбі одан әрі трансформацияланды.

Қалдық құрылымдар мен жалпылықтар. Ең ірі қалдық құрылымдар мен жалпылықтар тайпалар мен олардың бірлестіктерінің реликтілері. Мұндай тайпалар мен тайпа аралық жалпылықтар таптық қоғамдарда олардың қалдық не реликтілік сипатына байланысты “екінші реттік” деп аталады.  Олар көптеген өте ертедегі, орта ғасырлық және қазіргі заманғы  елдер құрамында, яғни ертедегі антикалық элиндер мен  италияндықтардан бастап бүгінгі күнгі қазақ не түркмендерге дейінгі халықтардың құрамында болды.

Кейбір жағдайларда бұндай құрылымдар мен жалпылықтар тайпа не тайпаға дейінгі ерекшеліктердің әлеуметтенуі нәтижесінде касталық жүйелер негізінде бірігуі арқылы сақталып қалды, бұндай жағдай, мысалы, ндістан не Оңтүстік Арабстанда орын алды. Алайда олардың бұдан да ұзағырақ сақталуы таулы аймақтың егінші, малшылары немесе таптар мен мемлекеттер баяу қалыптасқан аридтік аймақтардағы көшпенді не жартылай көшпенді малшылардың шаруашылық — мәдени түрлеріне жататын халықтарға тән болды.

Қарастырылып отырған қалдық құбылыстар екі түрлі формада сақталды: бірінші түрі  курд, пуштун, афган тайпалары мен халықтарына, араб бедуиндеріне тән болып, осыған сәйкес этникалық тайпалардың жалпылықтары билік және әлеуметтік-экономикалық өмірдің құрылымы сақталады. Екінші түрі бұдан әлдеқайда көп халықтарға тән (тек қана бұрынғы Кеңестер Одағындағы – оңтүстік сібір халықтары, қазақ, қырғыз, түркмен, ноғай, адыгейлер) болып, этникалық тайпалық жалпылықтардың қалдықтары атауларында ғана сақталды.

Бірінші түрде қоғамда қалыптасқан таптар түзілу кезеңінің салт-дәстүрлері сақталғаны байқалады. Ал екінші түр біріншіден сәл ғана өзгерген модификациясы болып, қоғамның таптарға бөлініп, мемлекеттің пайда болуының аз ғана уақыт ішінде қалыптасқанын көрсетеді.

Нормалар қалдықтары мен түсініктер. Көптеген нормалардың сарқыншақтары неке және отбасылық өмірде сақталып қалды. Әсіресе әйелдердің ролін  патриархалдық кеміту және қалыңмалға сату сияқты нормалар. Әйелдерді қалыңмалға сату арқылы неке ертедегі және орта ғасырдағы қоғамдарда пайда болып, кейінгі кезеңдерге дейін сақталып келді (қытайлықтар, Индияның төменгі касталары). Дегенмен, кейбір қоғамдарда, әсіресе исламдық қоғамдарда бұл рәсімді қалындықты жай ғана алып-сату түрінде емес белгілі бір тәртіппен реттеуге тырысты. Қалыңдықтың туыстарына төленетін ақы жесір қалуы немесе ажырасуы мүмкін болған жағдайда әйелдің күнкөруі үшін оның өзіне берілді. Бұдан басқа да қалыңдықтың туыстарына да “ана сүті үшін”, “тәрбиелегені үшін”, т.с.с. түрлі ақылар төленді.

Капитализмге дейінгі таптық қоғамдардың барлығына тән норма – бір отбасы мүшелерінің барлығы бір ғана кісіге бағынышты болды. Мысалы, ертедегі Римде отбасыны басшысы арқылы басқаруы. Бірақ басқа қоғамдарда, реформаға дейінгі кезеңдегі Ресейде де патриархалдық қатынастар кең таралды. Отбасыдағы басқа мүшелердің арасындағы статустарына байланысты қатынастар еркектер мен әйелдер, ағалы — інілілер, апалы-сіңілілер арасында әлі де сақталып қалды. Сол сияқты патриархалды этикет сақталып, тіпті әрі қарай дами түсті.

Алғашқы қауымдық құрылымның қалдықтары қоғамдық сананың түрлерінде – құқық, мораль, дінде байқалады. Қарама-қайшылыққа толы христиан догматикасында байларды қаралау  мен кедейлерді мазақтау туралы көптеген идеялар болды. Ислам дінінде барлық адамдар құдай алдында бірдей жауаптылығы, және жарлылардың пайдасына бағытталған салық пен пайдакүнемдікті қаралаған уағыздар пайда болды.

Таптық қоғамның діндерінде алғашқы қауымдық түсініктер мен ритуалдардың тікелей қалдықтары көптеп кездеседі. Олардың ішіндегі көпшілікке ең танымалы – иудаистердегі ерлердің инициациясы мен мұсылмандардағы ер балаларды сүндетке отырғызу. Осы сияқты ертедегі Индияның ведистік дінінде жасөспірімдерге қасиетті жіп байлау. Тазарту арқылы жүргізілетін инициацияларға христиан дініндегі сумен шоқыну да жатады. Ертедегі грек, римдіктер мен басқа да халықтардың политеистік дндерінде осы кезге дейін ата — тектерінің отбасылық — туыстық әдет-ғұрпы сақталған. Ертедегі Қытайда басқа діндермен бірге кездесетін шаманизмнің сарқыншақтары осы кездегі буддизм-ламаизмде бар.

Қазіргі заманғы діндердің ең жоғары дамыған түрі — христиан дінінде – жын-шайтанды қуу, адамдарды жамандықтан сақтайтын періштелер туралы, әртүрлі жақсылық ниетке бағытталған магиялық іс-әрекеттер, т.б. сияқты шаманизмнің қалдықтары әлі де сақталған.

Алғашқы қауымдық қалдықтардың осы кездегі рөлі. Таптық қоғамдардағы алғашқы қауымның қалдықтары осы кезге дейін сақталып, түрлі даулы сұрақтарды туғызып отыр. Көптеген халықтардың тұрмысында сақталып қалған алғашқы қауымның қалыңмал, көп әйел алушылық, т.б. сияқты қалдықтары түрліше түсіндіріледі.

Дамудың капиталистік жолын өтпеген халықтарда бұл құбылыстарды этникалық мәдениеттің негізгі бөлігі болып саналатын халықтық әдет-ғұрып деп қабылдайды. Трайболизм құбылыстары – туыс-тайпалық бірлік пен айырмашылық, көсемдер мен жасырын қоғамдардың әсері, т.б. дәл осы сияқты қабылданады. Олар негізінен үшінші әлемнің жас мемлекеттеріне тән, дегенмен трайболизмнің кейбір белгілері, әсіресе территориялық-тайпалық бәсекелестік бұрынғы Кеңес Одағы халықтарында да сақталған. Трайболизмнің түп-тамырымен жойылуы қиындау, ал кейбір халықтарда ол соңғы кезде қайта жаңғыра бастады.

Сонымен, алғашқы қауымның салт-дәстүрлері халықтардың көп бөлігі үшін белгілі бір роль атқарады деуге болады.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!