Қазақша реферат: Қазақтардағы отбасы мен неке құрудың ерекшеліктері
Қазақ халқының өмірінде сақталып келген көптеген салтдәст үрлер — қазақ отбасы мен некесінің б үкіл д үние ж үзі халықтарының отбасы тарихына тән көне кезеңдерді басынан өткізгендігін дәлелдейді. Осы жағдайларды ескере отырып, біз бұл еңбекте қазақи отбасы мен неке формаларын, әрт үрлі отбасылық, некелік қарым-қатынастарды жан-жақты сипаттаймыз. Қазақстанның ұшы-қиыры жоқ байтақ жерінде мекендеген қазақ халқының неке құру т үрлері мен үйлену тойын ұйымдастыру тәртібі және оған байланысты қалыптасқан сан алуан әдет-ғұрыптары жайында толып жатқан деректер бар. Жастай некелестіру ежелден келе жатқан дәст ү р. Кей уақытта қыздарды 13—14 жасында ұзатса, ер балаларды 15—16 жасында үйлендіре берген. Халық т үсінігі бойынша неғұрлым жастарды ерте үйлендірсе, олар әрбір жағымсыз қылықтардан аулақ болып, ұрпақтары мықты болады деген сенімде болған. Неке құрудың негізгі жолы құда т үсіп, қалыңмал төлеп, жасаумен тұрмысқа шығу. Ал, малы жоқ шаруаларға, әсіресе, кедейлерге 27, 17 бас мал төлеп, келін т үсіру оңайға т үспейтін. Сондықтан, кедей балалары 20—30 жасқа дейін үйленбей ж үрген. Тіпті тақыр кедейдің балалары әуелі бірнеше жыл жалда ж үріп, қалыңмалға беретін мал жиятын немесе оңт үстікте қалыңдық үшін қыз әкесіне қызмет ету әдеті де болған. Әкешешеден жастай айырылып, кедей туысының қолына қараған қыздар мен жесір қалған кедей әйелінің қыздарына құда т үсіп, азын-аулақ малын беріп, к үйеу әкесінің қалыңдықты 9—10 жасқа толысымен өз қолына алып, бағатын әдет те бар. Мұны қазақ “қол бала етіп алу” дейді. Қол бала болып ж үрген қыз бала болашақ к үйеуімен бірге өскенмен, балиғатқа толғанша ерлі-зайыптылық тұрмыс құрмайды.
Қыздарын 12—13 жасқа толысымен к үйеуге беру, әрине, кедей-жарлылардың ісі. Өйткені, көп баланы асырап, бағуға олардың қолы қысқа және құдасы ауқаттырақ болса, қалыңмалын төлесімен қызды жас болса да өз қолына алып, ү й шаруасына үйретіп, қолқанатқа жарау жағын қарастырған. Қалыңмалын алып қойған жарлының қызын бермеске амалы 63 болмайтын. Мұндай мүмкіндіктен аулақ болған ата-ана — тек малды шаруалар, байлар. Олар қыздарын 17—18-ге келмей ұзатпаған. Осы уақытта бай қыздары әбден бой жетіп, оң-солын айырып, болашақ өмірге дайындалатын. Барлық әдет-ғұрыптарын айтарлықтай етіп өткізіп, ырғап-жырғап ұзатуға байлар бір-бірімен бәсекелес болатын. Әсіресе, еркекшора болып өскен жалғыз қызды немесе көп ағаның ортасындағы кенже қызды өте әлпештеп кемеліне келгенше ұзатпай, оң жақта ойнап-күлсін деп, күйеу таңдауға да өзіне ерік берген. Елден асқан сұлу, өнерлі қыздар әрқашан күйеу таңдап, көп уақыт оң жақта (әкесінің үйінде) отыра береді. Қазақ әдетінде қыз бен күйеудің жас шамаластығына көбіне қарамаған. Өйткені, барлыққа масаттанған, егде тартқан байлар жоқшылық зардабынан қысылған жарлылардың жас қызын төсек жаңғырту ниетімен әйел үстіне немесе әйелі өлгеннен соң малға жығып алатын. Мұндай жағдайда 13—15 жасар қыздарды 50—60 жастағы шалдар айттырып алатын әділетсіздіктер жиі кездесіп тұратын. Осындай жас қыздардың тіпті әкесінен үлкен қарттарға тұрмысқа шығуының негізгі себебі, қыз әкесінің кедейлігі, өгейлігі не жетім қыздың жалғыздығы екендігін көптеген мұрағат деректері де дәлелдейді. Айттыру арқылы қосылған ерлі-зайыптылардың жас ерекшелігі, кейде керісінше болады, яғни әйелі ерінен әжептеуір үлкен болады.
Мұндай жағдай, көбінесе әмеңгерлік әдетпен үйлендіру тәртібіне байланысты болатын. Жасы келген уақытта жеңгесін алғандықтан, олардың арасындағы жас ерекшелік онша көзге түспейді. Ал, ағасы өліп жесір қалған жеңгені ержеткен әмеңгері болмағандықтан, жас балаға қосып, некесін қиғандағы жас ерекшелігі кейде тіпті алшақ жатады. Мәселен, 17—40 жастағы әйелдерді 13—15 жасар балаларға қосу туралы деректерді тағы да мұрағат қазынасынан және ел арасынан жинаған деректерден кездестіреміз. Кейде үй шаруасына қарайтын кісісі жоқ байлар жас баласына бой жеткен кедей қызын айттырып, алып беретін. Мұндайда 16—17-ге келген қыздың күйеуі 12—13 жастағы бала болатын. Әрине, ерлі-зайыпты адамдардың жас ерекшеліктерінің тым алшақтығын көпшілік халық қолдай бермейтін. Байлықпен жас қыз айттырып алған шалға да, балалықпен өзінен көп үлкен 64 келіншекке сырттан иемденіп жүрген жасқа да көлденең адам күле қарап, мысқыл ететін. Құр мысқылдан басқа, әділетсіз некеден жапа шегіп жүрген жас келіншектерге қалыңмалы толық берілген соң, пақырдың өзінен басқа ешбір ара түсуші болмайды. Сондықтан, жалпы халық қыз айттыру кезіндегі күйеу мен қалыңдықтың жасы көбінесе тең, ең болмағанда күйеу 5—10 жасқа дейін ғана үлкен болуын ұнататын. Құда түсіп, қыз алысудағы бүкіл қазақ қауымына ортақ тәртіптің бірі — туыстық жақындығы жеті атаға толмай, қыз алыспау. Мұндай тәртіпті этнография ғылымында экзогамия дейді. Қазақ халқындағы экзогамиялық тәртіптің мән-жайы туралы көптеген авторлардың еңбегінен деректер келтіруге болады.
Мәселен, А. Левшин экзогамиялық тәртіптің қазақ арасында қатал сақталғандығы сондай, кей уақытта туыстық жақындығы тым әріге кететін жұртшылықтың арасында ғана некелесуге болатындығын айта келіп, тіпті бір рудың адамдары бір-бірімен қосылмайтындығына мысал ретінде Жағалбайлы руына жататын жігіттің қалыңдықты өз ішінен емес, басқа рулардан, ең болмағанда жеті рудың басқасынан іздейтіндігін келтірген. Қазақ арасында ежелден бері жеті атаға толмай қыз алыспау себебі туыстық қарым-қатынас, алыс-беріс, өзара көмек мәселесі жеті атаға дейін сиыр құйымшақтанып барып аяқталатындықтан. Сондықтан, жеті атадан ары қарай туыстық жақындықтан гөрі құдандалық жақындық басым болады. Ал, туыстық қарым-қатынас үзілмей тұрып, аталар арасында құдандалық жақындықтың іс жүзінде керегі де болмайды.
Тіпті, қыз алысқан күннің өзінде құдалық жақындықтан гөрі, туыстық қатынас басым болады. Осы себептерден туыстық қатынас әбден жойылғанша қыз алысудан бой тартатын. Қазақстан жері ұланғайыр болғандықтан, оның әр түкпірінде мекендейтін қазақ жұртшылығына сырттан тиетін экономикалық әсер мен ислам дінінің ықпалы әртүрлі болғандығы даусыз. Айталық, Ресей шекарасына жақын жатқан солтүстік, солтүстік-шығыс, батыс аудандарда және оңтүстікте ежелден отырықшы, қала мәдениетінің әсерінде болған Ташкент, Шымкент, Түркістан маңын мекендейтін қазақ жұртшылығының шаруашылығына тауар ақша айналымының әсері мен 65 ислам дінінің ықпалы тиіп, олардың арасындағы туыстық қарым-қатынастың бұрынғыдан әлдеқайда әлсірей түскені анық. Осыған орай, Қазақстанның әр ауданына байланысты әр уақытта жазылған әдеби деректерге тоқталайық. Мәселен, Ы. Алтынсариннің айтуынша, Қазақстанның солтүстік-батысын мекендейтін қазақ жұртшылығы ХІХ ғасырдың екінші жартысында сегіз атаға толғанша қыз алыспаған. П. Е. Маковецкийдің айтуынша, Қазақстанның солтүстік-шығысында бұрын жеті атаға дейін қыз алыспайтын болса, өткен ХІХ ғасырдың 80жылдарында үш атаға толысымен қыз алысқан. Ел арасындағы деректерге қарағанда, П. Е. Маковецкийдің үш ата арасындағы қыз алысу тәртібі жалпы қазақтар арасындағы қалыптасқан әдет емес, тек төрелер мен қожалар арасындағы қатынас екендігін дәлелдейді. Сырдария облысын мекендейтін қазақтар арасында жеті атаға толғанша қыз алыспау тәртібі негізінен ХІХ ғасырдың соңына дейін сақталмағанмен, үш-төрт атадан да қыз алыса беру әдетінің орын алғандығын көптеген авторлар өз еңбектерінде көрсеткен болатын.
ХХ ғасырдың басында өзіне дейінгі әдеби мұраны зерттей келіп, қазақ арасында жеті атаға толмай қыз алыспау тәртібінің мықты сақталуымен бірге, үш-төрт атадан қыз алысатындардың кездесетіндігін Н. Малышев та атап көрсеткен. Жеті атаға толмай қыз алыспау себебін халық өзінше топшылайды. Біріншіден, қандастық жақындық ұрпақтың болмауына, яғни аз болуына, оның азып, тәуір қасиеттерден айрылуына әсер етуі мүмкін десе; екіншіден, туыстық қатынас ыдырап, олардың арасында әдепсіздіктер көбейген болар еді; үшіншіден, жеті атадан бергі ұрпақтардың өзара туыстық қатынасы созыла берсе, жеті атадан асқан аталастармен қыз алысу арқылы жақындасып, құдандалық қарым-қатынас бірлікті ұлғайта береді деп қарайды. Шынында да халықтың түсінігінде жаңсақтық жоқ сияқты. Неке мәселесі жөнінде шариғат қағидасы бойынша баласының енесіне әкесі үйленуге болмайды. Өгей шешеге, сондай-ақ өгей шешесінің артынан еріп келген қызға, яғни тумаған қарындасына үйленуге қақысы жоқ. Бірге туған апалы-сіңлілі қыздардың бірге туған ағалы-інілі адамдарға тұрмысқа шығуға 66 болмайтындығын бірнеше авторлар өз еңбектерінде атап өткен. Ал, ел ішіндегі деректерге қарағанда, халық арасында мұндай некелесуге тыйым болмаған. Өйткені, апалы-сіңлілер абысынды-ажынды болып тұрмысқа шықса, күйеулерінің арасындағы туыстық байланысты үзбей, қайта біріктіре түсуге көмектеседі. Апалы-сіңлілерді ағалы-інілілердің алғандығына қазақ ауыз әдебиетінен көптеген мысал келтіруге болады.
Мысалы, “Ер Төстік” ертегісіндегі Ерназар байдың тоғыз ұлына екінші бір байдың тоғыз қызын айттырып, алып бергені. Қазақ отбасындағы некелесудің тағы бір ерекшелігі туған балдызына әйелінің тірі кезінде үйленуге болмағанымен, әйелі өлсе, үйленуге рұқсат етілген. Ал, туған қайынбикесіне еш уақытта үйленуге болмайды. Күйеуі өліп, жесір қалған әйелдің қайын атасына және туған қайнысының балаларына тұрмысқа шығуына болмайды. Ал, қайын атасының інісіне, қайнағаларына, олардың балаларына шығуға қақы бар. Қыз бала анасының бірге туған аға, інісіне тұрмысқа шықпайды, бірақ олардың балаларына шығуға болады. Сол сияқты, жиен балалардың нағашы апаларын алуына рұқсат жоқ, бірақ олардың және нағашы ағаларының қыздарына үйлене береді. Мұны қазақ халқы бөлелер арасындағы және жиендер мен нағашы жұрт арасындағы неке десе, этнография ғылымында кузендік (кузенный) неке дейді. Бұл некенің екі түрі болады: 1) кроскузендік неке (анасының аға-інілерінің қыздарына не әкесінің апа-қарындастарының қыздарына үйлену, яғни нағашы мен жиен арасындағы неке). Мұның осы көрсетілген екі түрі де қазақи неке арасында кездеседі. Бірақ, қазақ дәстүрінде жиен алғаннан гөрі, нағашы алғанды дұрыс көреді. Сондықтан да қазақтың арасында “Жиен алған молықпас, нағашы алған тарықпас” дейді. Жиендердің нағашы ағасының қыздарына үйленуі өте көне замандағы жиендердің тек қана аналары шыққан топтан, рудан әйел алатын тәртібімен байланысты нәрсе; 2) ортокузендік неке (әкесінің аға-інілерінің қыздарына үйлену, яғни немерелер арасындағы неке не шешесінің апасіңлілерінің қыздарына үйлену немесе бөлелер арасындағы неке).
Мұның алғашқы түрі, яғни немерелер арасындағы некелесу қазақ тәртібіне жат, өйткені ол экзологиялық тәртіпті бұзғандық болар еді. Ал, екінші түрі, яғни бөлелер арасындағы 67 неке кездесіп отырады. Ата-енеге екі жағынан да қайырымдылық мол болғандықтан, бөлелер некесі қазақ ұғымында өте берік болады. “Төрт аяқтыда бота, екі аяқтыда бөле тату” деген мақал да осыдан қалыптасқан. Мұндай некенің адамгершілік және тәрбиелік мәні өте зор. Сонымен, ағайынды ұл мен қыздың балалары, яғни нағашы мен жиендер бір-бірімен қыз алыса береді. Екі елге ұзатылған ағайынды апалы-сіңлілердің балалары (бөлелер) да бір-бірімен қосыла береді. Өйткені, ана тарапынан болған туыстық қатынас қазақ әдет-ғұрпында экзогамиялық тосқауылды бұзғандық болып есептелмейді. ХХ ғасырдың басында бүкіл қазақ халқына тән болған некелесудің ең негізгі түрі қалыңдықты қалыңмал төлеп сатып алуға негізделген құдалық арқылы неке құру болды. Мұнымен бірге алғашқы қауымдық қоғамда үстемдік еткен топтық некенің қалдығы ретінде қазақ арасында әмеңгерлік (левират) және балдыз алу (сорорат) ғұрыптары бойынша неке құру әдеті де өте жақсы сақталып келді. Әртүрлі жағдайларға байланысты қыз-келіншектерді алып қашып некелесу әдеті де болды. Некелесудің осы түрі әлі күнге дейін ел арасында сақталып келеді. Бірақ, бұл әдет ХХ ғасырдың құдалық арқылы неке құру ғұрпымен тығыз байланысты болды.
Олай дейтініміз, кей уақытта құдалық арқылы некелесу тәртібі алып қашумен аяқталса, енді бірде алып қашу арқылы некелесу міндетті түрде құдалық ғұрпымен қалыңмал төлеу арқылы бітісетін. Қазақ арасында сирек болса да ХХ ғасырдың басында кездесіп тұратын некелесу түрінің бірі туған-туысы жоқ, қалыңмал төлеуге шамасы келмейтін жалғызбасты кедей жігіттер қыз әкесінен қалыңмал орнына күшін сатып, белгілі мөлшерде қызмет істеу немесе қыз әкесінің ер балалары болмаған жағдайда қолына күшік күйеу болып кіру арқылы неке құру еді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейін әртүрлі жаугершілік оқиғаларға байланысты тұтқын болып қолға түскен қызкеліншектерді жауынгерлер өзара бөлісіп немесе сауға ретінде сұрап алатын некелесу түрі болған. Патриархалды құлдықтың жойылмай тұрған кезінде қарауындағы күңге үйлену әдеті де кездескен. Көбінесе алғашқы уақытта күңге ресми түрде үйленбей, тек көңілдес болып 68 жүретін. Мұны қазақта күңге “аяқ салу” деп атаған. Аяқ салудың нәтижесінде күң балалы болса, ауқатты адамдар оны бөлек үй етіп, тоқалы ретінде заңдастырған. Осындай күңнен туып, өз алдына терезесі тең ел болған ата ұрпақтары, тіпті үлкен рулар да аз емес. Қалыңдықты қалыңмал төлеп сатып алуға байланысты құдалық арқылы некелесуді жан-жақты қарап, сан алуан сипаттарын еске ала отырып, оның мәнін толық талдауды қажет етеді. “Құдалық” деген сөздің өзі некелесудің бұл түрін тек ата, әке, аға не басқа туыстар еркіне байланысты, тіпті күйеу өз тізгінін өзі алған адам болған күннің өзінде, оның атынан сөйлейтін кісі тарапынан жүргізілетіндігін көрсетеді. Әр әке өзінің шама-шарқына қарай, мүмкіндігінше өзіне теңдес адамды таңдайтын.
“Бай бастас, батыр білектес, би құлақтас” деген халық даналығы тегін айтылмаған. Алайда, құда болудың бірнеше жолы, яғни тәртібі бар. Кейде дағдылары ұштасып, достасқан екі адамның әйелдері жүкті болса, олар босанбай тұрып, кімде ұл, кімде қыз боларын білмей-ақ ниет қосып, құда болатын. Мұны “бел құда” дейді. Әдетте бел құдалар қалыңмал алыспайтын. Қазақ арасында кең тараған аңыз — “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырындағы Қарабай мен Сарыбайдың тумаған балаларын атастырып серттесуі осы бел құдалықтың анық дәлелі. Онда: “Алланың әміріне көніселік, Көздің қыры түскенін көріселік, Ұл туар да, қыз туар заман болса, Уағдамен қалыңсыз беріселік”,— деп уәделескен. Мұндай құдалықтың шарты — әйелдері босанған уақытта бірі ұл, екіншісі қыз туса, екеуін қалыңмалсыз үйлендіру, ал екеуі де бір жыныстан болса, екеуін дос етіп, әкелерінің достығын әрі жалғастыруды тапсыру. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырындағы Қарабайдың опасыздығына, Қозы мен Баянның ғажайып махаббатына қарап, мұндай құдалық тағдыры ылғи осылай аяқталады деп қарауға болмайды. Уәдеге екі жақ та берік болса, көбінесе, мұндай серттер орындала беретін. Дегенмен, іштегі балалар туылып, олар ержетіп, үйленгенше талай өзгерістер де болуы ықтимал. Соған қарамастан, іштегі балаларын атастырып, алдын ала құда болу қазақ арасында 69 онша жиі болмайтын. Бел құдалық жалғыз қазақ емес, сонымен бірге, қырғыз және түркімен халқының арасында болатындығын И. Д. Старынкевич атап өтеді. Ол құдалықтың бұл түрі көпке созылып, талай жағдайға душар болатындығын ескертумен бірге, ұл әкесі баласы туысымен уәдеге беріктігін дәлелдеу үшін қыз әкесіне бір жылқы беріп, асықпай қалыңмалын да төлей беретіндігін көрсеткен. Қазақ арасында ежелден келе жатқан құдалық түрінің бірі — бесікте жатқан екі нәрестені атастырып қою.
Мұндай құдалықты “бесік құда” дейді. Балалары шыр етіп дүниеге келісімен айттыру — негізінен ерекше бір мақсатты діттеген әкелердің ісі. Кейбіреулер келешекте ісі түсетін адаммен жақындасуды көздесе, енді біреулері (әсіресе, дәулеті шағын орта шаруалар) бесіктегі балалары ержеткенше қысылып-қымтырылмай қалыңмалды біртіндеп төлеуді көксейді. Қыз әкесінің де өз есебі өзінде болады. Біреулері қызы үшін ерте алынатын қалыңмалдың өсімін пайдалану мен ол малды керегіне ұстауды, тіпті ер баласына айттырған қыз үшін қалыңға беруді ойласа, енді біреулер шағын дәулетін төгіп-шашпай, асықпай жасау жинап, уақыты келгенде баласын дұрыстап ұзату қамын ойлайды. Ежелгі қазақ жұртшылығында балаларын жастай айттыру жиі кездескен. Қалыңмалды қай уақытта болсын онша қысылмай өтеуге мүмкіндігі бар ауқатты адамдар, әсіресе белгілі байлар төтенше жағдайға байланысты болмаса, бесіктегі балаларын атастырып, құда болуды құптамайтын. Өйткені, байлар құда болу мәселесінде ел арасындағы рулық талас-тартыс, билік, ықпал, сәнсалтанат жайларын негізгі мақсатына сай пайдаланатын. Демек, олардың негізгі ойластыратыны — болашақ қалыңдық пен күйеудің шаруашылық жағдайы. Қалыптасқан шаруашылық олардың тұрмыс жағдайына, өміріне айтарлықтай әсер етеді. Ендеше, мұның өзі әркімнің сана-сезімін оның тұрмыс-жағдайы, болмысы билейді деген материалистік қиғаданың қазақ арасындағы тікелей көрінісі секілді. Бесік құда тек қазақ халқына ғана тән нәрсе емес.
Оның Орта Азия халықтарының көбінде болғандығын Н. А. Кисляков атап көрсеткен. Қай халықта болмасын бесік құда болудың мәні мен мақсаты жоғарыдағы қазақтар арасындағы бесік құдалықтың 70 мазмұнымен түгелдей үйлеседі. Н. А. Кисляковтың айтуынша, мұндай құдалар шамасынша бір-біріне сый-құрмет көрсетіп, кейде балаларының көйлектерінің етегіне ішек салып, олардың бірінің күйеу, екіншісінің қалыңдық болғанын әйгілеген. Мұндай құдалар арасында қалыңмал мөлшері де кейде шағындау болған. Сайып келгенде, бесіктегі нәрестелерді атастыру әдетінің түп тамыры өте көне замандарға, яғни аналық дәуірге кететін тәрізді. Ана үстемдігі дәуірінде бір аналық рудың ұлдары туысымен екінші аналық рудың қыздарының күйеулері болып саналса, екінші аналық рудың қыздарының күйеулері болып саналатын неке түрін “ортодоксалды неке” деп атаған. Ел қорғаны болған ер-азаматтар, ел еркесі атанған сал мен сері, ақындар қалыңдықты өздері таңдаған. Құда түсу қалыңдық таңдаудан кейін жүргізілетін. Бұдан қазақ арасында әрдайым ер азаматқа қалыңдық таңдауда ерік беріле берді деген ұғым шықпайды. Кейде қатыгез әке өз үкімін жүргізіп, дегенін істететін. Бұған “Қыз Жібек” жырындағы Базарбай сияқты феодалдың баласы Төлегенге жасаған қаталдығы айғақ бола алады. Жігітке қалыңдық таңдауда ата-ананың жанашыр жақын туыстары көмектесетін. Қыз таңдаушылар қыздың жағымдыжағымсыз жақтарымен түгелдей танысатын. Қыз таңдау ісі аяқталған соң, күйеу жағы қыздың әкесіне құда түсіп, қалыңмалын төлеп, әдет-ғұрып бойынша толып жатқан алыс-берістер, жол-жобалар орын-орнымен екі орындалғаннан кейін, қыз ауылында ұзату, күйеу ауылында келін түсіру тойы жасалып, құдалық арқылы неке құру түрі аяқталады. Некелесудің көне түрінің бірі — қызды алып қашып үйлену. Қазақ арасында қыз алып қашудың ең көп кездесетіні — өзінің айттырылған заңды қалыңдығын алып қашу. Күйеу жағын мұндай іске мәжбүр ететін әртүрлі себептер болған. Кейде қыз әкесі құдасына не күйеу баласына көңілі толмай немесе өзіне пайдалы басқа адаммен құдандалы болып, оны өз мүддесіне сай пайдаланғысы келеді. Мұндай жағдайда әртүрлі сылтаулармен алғашқы құдасына қыз ұзату ісін ұзарта береді.
Тіпті, қалыңмалдың түгелдей төленіп немесе оның негізгі бөлімінің берілгендігіне де қарамай, қызын “әлі жас” деген сүйретпемен дәйекті жауап бермей, кешіктіре береді. Бата 71 бұзуға дейін баратын қыз әкесінің мұндай жат ойын сезген жігіт жағы да бірнеше рет кісі салып, алдынан өткеннен кейін қалыңдықты алып қашу шарасын қарастырады. Мұндайда қыз әкесі де қамсыз болмайды. Сондықтан, қалыңдықты алып қашудың ең тиімді жағын ойластырады. Егер қыз әкесі алғашқы құдасының тек кедейлігін менсінбей қызын байлығына, мансабына қызығып, жасы үлкен шалға немесе “Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін” дегендей, әкесі бай кемтарға, кейде тіпті тоқалдыққа бергісі келгенде оңсолын танып қалған қыз бұған көнгісі келмейді де, шамасынша қарсылығын білдіреді. Мұндай жағдайда алғашқы атастырған қайын жұртының алып қашуына оңайырақ болады. Егер алғашқы айттырған жеріне қалыңдықтың да барғысы келмейтіндігіне көзі жеткен күйеу жағы қалыңмалы төленіп не жартылай беріліп қойса, мүмкіндігі болса зорлықпен, болмаса қапысын тауып ұрлап әкетуге дейін барады. Мұндайда күйеу жағы тегеурінді ел болса, батыл келеді. Қызды еріксіз әкеткен жағдайда күйеудің өз ауылына тікелей апармай, басқа жерге бой тасалай тұрып, оқиғаның барысына қарай іс істейді. Қыз әкесі қандай мықты болғанмен, әдет-ғұрып алдында өзінің шеттігін сезіп, аса батыл қимылға бармайды. Оған қосымша қалыңдықтың қалыңмалын төлеп, енді керек болған жағдайда тартып әкету осал ел мен дәрменсіз күйеудің қолынан келмейді.
Мұндай істі өзіне сенген, тәуекелге көз жұмған намысқой ауыл адамдары ғана істейді. Олар әрдайым болған іске бекем болуға түйінеді. Құда түсу салты бойынша құйрық-бауыр жегізіп, ақ бата жасалып, қалыңмал түгелдей немесе жартылай төленіп қойған жағдайда өз қалыңдығын алып қашудың қандайы болсын кешірілмес күнә емес. Дегенмен, мұндай жағдайда қалыңдықты алып қашқан күйеуге әртүрлі мөлшерде айып кесіледі. Қалыңдықтың келісуімен әкетсе және де әкету алдында құда алдынан бірнеше рет өтіп, қалыңдықты беру туралы өтініш болса, айып мөлшері соншалықты көп болмайды. Ал, мұндай ескерту болмаса, оған қосымша қыз төркіні әлді жер болса, айып мөлшері бір тоғыздан үш тоғызға дейін барады. Кейде намысқой қыз әкесі қызын қайтарып алып, тез арада тойын жасап, жасауымен қолынан да береді. Көбінесе қалыңдығын 72 алып қашқан күйеу жағы айыбын мойындап, қыз әкесінің алдына келсе болды, әдет-ғұрып бойынша заңдылық келісімге келетін. Сайып келгенде, өз қалыңдығын алып қашу (әсіресе, қалыңмалы төленген соң) бата бұзғандық болып табылмайды. Енді қыз алып қашудың жоғарыда айтылғаннан басқа түріне тоқталайық. Біреудің айттырып қойған, керек десеңіз қалыңмалы төленіп қойған қалыңдығын алып қашу да қазақ арасында кездесіп тұратын. Мұндай оқиғалар мынадай жағдайларға байланысты болатын: біріншіден, ержеткен сұлу қыздардың әрқашан ел ішіндегі еті тірі өнерлі жастардың назарын аударатындығы заңды. Ал, қазақ дәстүрінде ата-аналардың балаларын жастайынан атастырып қоятындығын еске алсақ, көркімен де, өнерімен де талай жанды тамсандыратын сұлу қыздардың бой жетіп қалған кезінде басы босы некен саяқ кездесетіндігіне күмәндануға болмайды. Мұндайда ержеткен қыздар өз бойына тең санаған болашақ күйеуіне бар үмітін артып, сонымен бақыт табуды армандайтын. Ал, енді көрікті бойжеткеннің барар жері де, болашақ күйеуі де ойлаған жерден шықпаса, тек қалыңмалын жыға беріп, сұлуды құшпақ болып жүрген жасы келген бай не өнерсіз, кемтар болса, осындай жағдайда ақ батаны аттап, сүйгенімен қашып кететін.
Намысқа шыдамаған жесір иесі қыз алып қашқан жігіт ауылын шауып, жесірін тартып әкетумен бірге, мал-мүлік, тіпті сол ауылдың басқа қыздарын қоса әкету сияқты зорлық жасап, ел арасында бітпейтін барымта, шабыс басталатын. Нәтижесінде бүкіл қауым жазықсыз жапа шегіп, күйзелушілікке ұшырайтын. Кейде мұндай шапқыншылық қаупін болдырмау үшін кейбір қатыгез билер бірін-бірі сүйген екі жасты қорғай алмай, намыс кегі кернеген даугер жағына ұстап беріп, аяғы өкінішті өліммен бітетін. Бұған мысал ретінде “Еңлік—Кебек” трагедиясын атап өтсек болады. Ал, ешкімге айттырылмаған басы бос бойжеткен қызды алып қашу өз алдына назар аударарлық мәселе. Басы бос қызды алып қашу да әртүрлі жағдайларға байланысты болатын. Мұндай жағдай, көбінесе, бірін-бірі сүйген жастар арасында кездесетін. Өйткені, қалыңмалды ойдағыдай етіп төлеуге шамасы келмейтін жігіттерге өз қолынан қызын беруге қыз әкесі әрдайым қарсы болатын да, құдалықтан ат-тонын алып қашатын. Мұндайда бір73 бірін ұнатқан жастар өз беттерімен қосылуға серттесіп, қыз ешкімге білдірмей уәделі жерге баратын да, жігіт сенімді жолдастарымен келіп алып қашатын. Әке-шешесінің рұқсатынсыз қашқан қызды күйеу жігіт бірден өз ауылына апармай, басқа жақтағы сыр сақтарлықтай немесе қысылғанда пана боларлықтай тамыр-таныстары мен құдандалы елдерге апарып, келіссөз аяқталғанша бой тасалай тұратын. Кей уақытта қуғыншының келмейтіндігіне көзі жеткен іргелі ауыл өз еркімен келген келінді бірден-ақ ауылына түсіріп, тойын да жасата беретін. Қайткен күнде осындай жағдайдың көпшілігі жастардың ықыласын бұзбай, екі жақтың үйлесуімен аяқталатын. Мұндайда қыз түскен жерінде қалып, ол үшін қалыңмал, түйе бастатқан тоғыз не қалың мөлшеріне тең айып беріп, қыз әкесінің оң батасын алатын. Қызының өз еркімен кеткендігіне көзі жеткен ата-ана “Бетінен жарылқасын” деп, баласының бақытты болуына тілектерін білдіретін.
Ал, қалың мен айыбын алған соң қызына жасауын беріп, қолынан ресми түрде ұзататын. Бұдан кейін жігіт әкесі келін түсіру тойын жасап, құдаларын шақырып, әртүрлі әдет-ғұрыптарын, ырымдарын, жол-жоралғыларын жасайтын, құдалар арасындағы алыс-беріс, қарым-қатынас әдеттегідей қалпына түсіп, өмір көші ары қарай жылжи беретін. Қыз алып қашудың бұл түрі қайсыбір уақытта керісінше аяқталады. Қыз төркіні тегеурінді ел болса, қызының өз еркімен кеткендігіне қарамай, алып қашушы елді шауып-жаншып, қыздарын тартып әкететін кездер де болып тұратын. Махаббаты үйлескен екі жастың ата-аналарының құда түсіп, қыз беріп, келін түсіруге шамалары келмейтіндей жағдайда екі жағы астыртын келісіп, жігіт жағы жасырын алып қашқан болады да, қыз төркіні білмей қалған болып қолдарынан аттандырып жібереді. Мұндай жағдайда құдалар арасында ешбір келіспеушілік қаупі болмайды. Келін түсірген ауыл өз шамасынша той жасайды. Кешікпей қыз әкесіне кісілер жіберіледі. Әдетте, одан кешірім сұралып, айып төленеді. Әртүрлі жол-жоба екі жағынан да әдеттегісінше орындала береді. Кейбір мықты ауылдың жігіттері қызбен алдын ала келіспейақ алып қашатын жағдай қазақ арасында кездесіп тұратын. Өкінішке орай, осы әдет қазіргі уақытқа дейін сақталған. Еріксіз 74 әкелінген қызды алдап-сулап, сөзге көндіріп, әкесіне беделді адамдар бастаған елшілер жіберіліп, айыбы мен қалыңмалын төлеуге әзір екендігін білдіретін. Мұның айыбы ауырлау болғандықтан, қыз төркіні айыбы мен қалыңмалын толық етіп алуға тырысатын.
“Тас түскен жеріне ауыр” дегендей, еріксіз болса да, қыз барып қалған соң, қайтып әкетуді ар көріп, көбінесе ризашылығын беретін. Ал, қыздың өзі көнбесе, екі ел арасында дау-шар басталып, билер алдына жүгінісетін де, кінәліге айып кесіп, қызды үйіне қайтаратын. Мұндай жағдай сирек кездесетін, оның өзінде қызды алмақ болған адам кемтар не тым кәрі болса немесе бірнеше әйел үстіне тоқалдыққа алмақ болса, ақыл тоқтатқан батыл қыздар ғана мұндай қорлыққа ешқашан мойынсұнбайтын. Көпшілік жағдайда бұйығы өскен жас қыздар ғана көндіге беретін. Бұдан кейінгі әңгіме тек төркінімен келісуде қалатын. Қызы көнген жағдайда төркіні теріс кетпейтін. Алда-жалда қыз төркіні мен күйеу арасында шыққан дау қалыңмалдың не жасаудың толық берілмеуі төңірегінде ғана болатын. Ал, қызды қайырып алу деген атымен күн тәртібіне қойылмайтын. “Қайыра шапқан жау жаман, қайтып келген қыз жаман” деген мақал тегін айтылмаса керек. Қазақ арасындағы неке құрудың бір түрі ертеректе көрші халықтармен жиі болып тұрған соғыстар мен шабыстарда қолға түскен тұтқын қыз, келіншектерге үйлену болып табылады. Феодалдық қоғам қатынастарының үстем болған кезінде қазақ хандары мен билерінің мүддесіне сай қалмақ, қырғыз, өзбек, түркімен, қарақалпақ және башқұрт халықтарымен болған қантөгіс шайқастардың нәтижесінде қолға түскен тұтқын қыз, келіншектерді ең алдымен соғысқа қатысқан батырлар бөлісетін де, одан қалғандарын ел шетіне кірер-кірмес алдынан сауғалап шыққан туыстары алатын. Тұтқынға түсіп батырлар үлесіне не сауғаға тиген жас қыздармен неке құратын болса, мосқал тартқандарының күні күңдікке өтетін. Жаугершілікте қолға түскен Орта Азия халықтарын былай қойғанда, діні, тілі, әдет-ғұрпы, салт-санасы бөлек қалмақ қыздарының қазаққа сіңісіп кеткендері туралы қазақ арасында аңыз-әңгімелер жиі кездеседі.