Қазақша реферат: Қазақстанның пайдалы қазбалары |

0






Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйәгілі, оның байлығы аумағының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу кезінде, магмалық жыныстар енгенде және шөгінді жыныстар метаморфталғанда, кен, түрлі минералдар пайда болады.
Қазақстан қазір хром, рений, висмут, фтор қоры жағынан дүниежүзінде бірінші орын алады. Ал темір, хромит, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, фосфорит, мыс, калий және кальций қорынан еліміз алдыңғы орындардың бірінде.
Пайдалы ңазбалар кен орындары үш топқа бөлінеді: жанатын, кенді және кенсіз.
Жанатын пайдалы қазбалар
Мұнай мен газ. Мұнай мен газдың қоры Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында шоғырланған. Мұнай фонтаны бірінші рет 1899 жылы Жайық — Жем бассейніндегі Доссор жерінде атқылады. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңғыстау түбегінде Өзен және Жетібай қосылды. Кейін олардан асазор Қаражанбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау), Кеңқияқ пен Жаңа-жол (Ақтөбе) және Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) кен орындары ашылды. Көмір. Қазақстанда көмір қорымол. Мұндатас көмір-дің 10 бассейіні, 155 кен орыны бар. Қазақстанның жалпы көмір қоры 160 млн т-ға жетеді. Республикада жы-лына 131 млн. т. көмір өдіріледі. Көмір кен орындарының басым көбі Орталық Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары жерінде орналасқан.
Қазіргі кезде Қарағанды бассейні 3000 км2 жерді алып жатыр. Бұл — Қазақстанның негізгі көмір базасы.
Екінші орын алатын — Екібастұз көмір бассейні, Сарыарқа мен Ертіс маңы жазығы аралығында орналасқан. Ауданы 160 км2, қазылатын көмір қабатының қалыңдығы 160-200 м. Ашық әдіспен өндірілетін болғандықтан, еліміздегі көмірдің ең арзаны. Дүниежүзіндегі ең ірі «Алып« кенішінде жылына 52 млн т көмір өндіріледі.
Соңғы кезде Майкүбі және Торғай көмір бассейіндерін игеру басталды, сондай-ақ, Екібастұз көмір бассейнінің «Алып», «Солтүстік» және «Шығыс» кеніштерінде қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
Кенді пайдалы қазбалар
Темір. Қазақстан темір кені қоры жөнінен елімізде Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады. Темірдің кен орындары көбінесе Солтүстік Қазақстанда, мұнда барланған темір кені қорының 85% -ы шоғырланған. Әсіресе, Қашар, Соколов, Сарыбай кен орындарының маңызы зор.
Сарыбай темір кен орнын 1948 жылы ұшқыш М. Сургутанов ашты . Ұшақ кен үстінен ұшқанда, компастың тілі темір аномалиясының әсеріне ауытқығанына үш-қыш көңіл аударды. Көп үзамай, өте сирек кездесетін темір кені ашылды. Мұндағы кен жоғары сапалы және оның құрамында 50-60% таза темір бар.
Марганец. Марганецтің ең ірі кен орындарына Орталық Қазақстандағы Атасу және Жезді жатады. Мұндағы кендерде 27% -ға жуық марганец болады. Марганец кендері Ұлытауда, Сарыарқада, Қаратауда, Маңғыстауда табылды. Хром. Хромит кен орындары Мұғалжар тауларында кездеседі. Қазақстан хромит кенінің барланған қоры мен жылдық өнім мөлшерінен дүниежүзінде бірінші орынға шықты, ол 40 елге шығарылады. Хромит кендері Қос-танай, Шығыс Қазақстан облыстарында да ашылды.
Никель. Никельдің қоры Мұғалжар таулы ауданында жыныстардың үгілу қыртысында қалыптасқан. Никельдің 30-дан аса ірі кені Ақтөбе облысындағы Кемпірсай кенішінің үгілу қыртысында пайда болып, Бұрақтал кен орнында шоғырланған.
Алюминий. Қазақстанда алюминийдің негізгі шикізаты — боксит. Негізгі кен орындары — Сарыарқаның солтүстік — шығысында Ақмола және Торғай маңында.
Мыс. Қазақстанда мыс кенінің аса бай қоры бар. Мыс өндіретін кендердің негізгі типтері — мысты құмтастар (71 %), мысты профилер. Мысты құмтастардың ең ірі кен орны — Жезқазған. Жезқазған кен орны елімізде бірінші, дүниежүзінде екінші орында.
Мысты профилі кен орындарының ең ірілері — Қоңырат, Бозшакөл. Бұлардағы мыс ашық әдіспен қазылып алынады, бірақ кенде металл мөлшері аз.
Полиметаллдар. Полиметалл кенінде қорғасын, мырыш, мыс қоспалары, алтын, күміс тағы басқа металдар болады. Қорғасын мен мырыштың ең бай кен орындары -Кенді Алатайдағы Риддер, Зырян және басқа да жерлер. Мұндағы кендерде металл көп. Полиметалл кен орын-дары Жоңғар Алатауындағы Текелі және Қаратаудағы Ащысай мен Мырғалым сайдабар. Соңғы жылдарда қор-ғасынның бай кен орындары Орталық Қазақстанда (Қызылеспе, Қасқайғыр және басқа жерлерде) барланды.
Алтын. Қазақстанның бірқатар аудандарында алтын кен орны бар. Бұлар Республиканың шығысындағы Алтайда, Қалба жотасы шеңберінде. Солтүстік шет аймағында алтын шығатын кен орындары: кварцты желі, қайталама кварцит пен шашыранды алтын (Степняк, Ақсу, Майқайың) кездеседі. Қалба жотасы ауданында да кварцты желі мен шашыранды алтын кен орындары бар. Шағын кварцты — желілі кен орындары Жоңғар және Іле Алатауында да бар. Сирек кездесетін металдар. Бұл топқа вольфрам, молибден, ванадий, висмут, сурьма жөне басңалар жатады. Кенінің мөлшері және өнеркәсіптік маңызы жөнінен Орталық Қазақстан алдыңғы орында. Кейбір сирек кездесетін металдар (кадмий, индий, висмут, селен, сынап және басқалар) сондай-ақ, полиметалл кен орындары -Жоңғар Алатауы мен Алтайда кездеседі.
Кенсіз пайдалы қазбалар
Асбест. Асбестің бірнеше кен орны магмалық (өте негізгі) жыныстарға байланысты. Ең ірі кен орны — Жітіқара Жезқазған аймағында. Мүғалжардың оңтүстігіндегі Бөгеттісай және Шу-Іле тауларында, Хантау кен орындарында асбесттің едәуір қоры бар.
Фосфорит. Қазақстан фосфориттің қоры жөнінен Ре-сейден кейін екінші орын алады. Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Қаратауда фосфорит кең орындары бар.
Сапасының жоғарылығы және қабатының қалыңдығы жөнінен бұл кең орындарының бүкіл жер шарында теңдесі жоқ.
Тұз. Қазақстан аумағында тұз қоры өте көп. Әсіресе, тұзға Каспий маңы ойпаты бай. Ондағы кей жерлерде тұз-қабаттарының қалыңдығы 2 км-ден астам. Кейбір қабаттарда ас тұзына қоса калий және басқа тұздар болады.
Қазақстан әктас, мергель, бор , мәрмәр, гипс, отқатөзімді саз, кварцты қүм, минералды бояулар сияқты құрылыс материалдарына да бай.
Пайдалы қазбалардың халық шаруашылығы үшін маңызы зор. Көптеген пайдалы қазбалардың кең орындары бір-біріне жақын жатқандықтан, бұларды кешенді түрде өндіруге мүмкіндік береді. Көптеген пайдалы қазбалардың жер бетіне жақын жатуынан, оларды қазып алу ашық әдіспен жүргізіледі.
Қазақстанда минералды ресуртарының барлық түрі бар. Бірақ мұнай, көмір, темір кені және басқа минералды ресурстар шексіз емес. Олардың жалпы қоры пайдалалынған сайын азая береді. Сондықтан сарқылатын ресурстарды тиімді пайдалану қажет.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!