Қазақша реферат: Қазақстанның орманды зоналары |
Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте орманды дала, дала шөлейт және шөл зоналары ауысып отырады. Сонымен бірге бұл зоналарда топырақ және өсімдік жамылғысы батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Оның себебі осы бағытта климаттың континенттігінің артуына байланысты. Республиканың биік таулы аудандарында зоналары биіктікке байланысты (биіктік зоналар немесе белдеулер) ауысып отырады.
Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек оңтүстік шеткі сүйірленіп кіреді. Жазың далада шоқ-шоң болып ормандар өседі. Қазақстанда орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт ңыратының аз ғана бөлігін (2,5% -дан жуық) алып жатыр. Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын ойпаңдар кездеседі, олардың кейбіреулерін көл алып жатыр. Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға қарағанда біршама қолайлы. Жауын-шашын көбірек түседі (370-430 мм), оның көбі жазда жауады. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орта температурасы +18 +20°. Қысы едәуір суың, кей күндері қатты аяз болып, ауаның температурасы -51-53°-қа дейін төмендейді. қаңтардың орташа температурасы -17-19°.
Өзендері түгелдей дерлік қар суымен толығады. Ертістің, Еділдің, Тобылдың басқа бірңатар ірі өзендердің суы халықтың тұрмыс қажеті үшін ғана емес, өнеркәсіп мақсаты үшін де пайдаланылады. Ормандарда орманның сұр топырағы, ал түрлі шөп өсетін далаларда қара топыраң болады. Зонаның солтүстік бөлігінде қаратопырақты қабаттың қалыңдығы 75 см-ге жетеді. Оның қүрамында 9%-ға жуық шірінді болады. Зонаның оңтүстігіне таман топырақтың қалыңдығы кеми түседі, шіріндінің мөлшері де 6%-ға дейін азаяды. Қазақстан орманды даласының Шығыс Еуропа жазығындағы орманды дала зонасының топырағынан айырмасы ойпаң жерлерде тұзды-шақат жөне сортаң топырақтар кездеседі. Зонада көбінесе дала және шалғынды дала өсімдіктері өседі. Солтүстігінде, солтүстік-батысында шоқ-шоқ ормандар бар. Өсімдік жамылғысы жыртылмаған учаскелерді жауып тұратын қалың және әр түрлі шөптер мен дәнді-дақылды өсімдіктерден тұрады. Мұнда ең көп өсетіні: қызғылт сабақты боз, шоқ түпті бетеге, бұралған жер бидайық. Біраз жерді қарабас шалғын мен қылқансыз арпабас алып жатыр. Астық тұқымдас өсімдіктердің арасында сәбізшөптің кішкене ақ-жасыл шатырша гүлдері мен қызыл бояудың жұпар иісті алтын түстес гүлдері өседі. Бұршақ тұқымдастардан-сары гүлді беде, көк түсті бұршақ бар. Батыс Сібір жазығының ормандары шоқ-шоқ қайың мен көктеректен қүралады. Жалпы Сырт қыраты ормандарында жалпақ жапырақты ағаштар — емен, жөке, қандыағаш басым болады.
Шоқ-шоқ болып біткен қайыңды, көктеректі ормандар арасында бүталар даөседі. Бүлар: тал, долана, итмұрын, қарақарат. Сабағы жіңішке, шырынды, қызыл күрең түсті жемісі бар тас бүлдірген жиі кездеседі. Орманның шетінде аңқыған иісі бар, қызыл күрең түсті құлпынай көп. Ағаш тұқымдастарының қүрамы жағынан батыстың орманды даласы Шығыс Еуропа орманды даласына, Солтүстік Қазақстанның орманды даласы Батыс Сібір орманды даласына үқсайды. Орман өсімдіктері өзен аңғарларын бойлай оңтүстікке де таралады. Мәселен, дала зонасындағы Жайық өзенінің аңғарында шоқ ормандар телімдері, Ертіс жағасын бойлай жіңішке алқапта қарағай ормандар Сарыарқаның Көкшетау, Қарқаралы және т.б. тауларының гранитті массивтерінде де таралған. Олар тау шоқтары мен беткейлеріндегі көлдерді қоршап жатқан далада ерекше көркем табиғат көріністерін бейнелейді. Бұл әдемі табиғатты аудандарда санаторийлер, демалыс үйлері бар. Мұнда еңбекшілер демалады. Орман байлықтары — шоқ қайыңдар мен шоқ қарағайлар және бұталар 10 млн гектардан астам ауданды алып жатар. Дуброва, Мамлют қорықшаларындағы ормандар мемлекет тарапынан қорғауға альінған. Орманды далаға тән ерекше жануарлары болмайды. Мұнда да көршілес зоналардың жануарларындай: саршұнақтар, сұртышқандар, қосаяқтар, ақ тышқандар, қояндар, сусар, түлкі, қасқыр, шоқ қарағай ормандарында тиіндер бар. Соңғы жылдарда мұнда солтүстік ормандардан бұландар мен сібір еліктері мекен ауыстырған. Басқа жақтан адамдар алып келген, кәсіптік маңызы бар ондатр кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кесірткенің екі түрі, сары бас және улы сұр жыландар кездеседі.
Орманды далада қүстар өте көп және әр түрлі. Қайыңды шоқ ормандарда ақ құр, аң тұмсық, қарға, сауысқан, тоқылдақ, көкек, сұңқар, күйкентай ұялайды. Ашық жерлер мен орман шеттерінде бұлдырық, бөдене, бозторғай, шәуілдек жүреді. Көл жағасындағы қамыс нулары мен қамыс құрағы, қоғалар және басқа да өсімдіктер арасында суда жүзетін қүстар. Мүнда көптеген қаздар мен үйректер, сондай-ақ шағалалар кездеседі.Үлкен көлдерде — аққулар, ал түмпешікті және қияқты батпақтарда кезқұйрыққа ұқсас сұр тырналар мен қамыс құладыны болады. Орманды дала зонасы — Қазақстанның ең жақсы игерілген табиғат зоналарының бірі. Онда дала телімдерінің көп жері жыртылған. Бұл жерлерде дәнді дақылдардан — бидай, жүгері және басңа да даңылдар егіледі. Зонаның егістікке жыртылмаған бөлігі шүйгін шабындық, көк балаусалы жайылым, сондықтан да мұнда сүтті-етті ірі қара шаруашылығы жақсы дамыған.